Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы №63жалпы орта мектеп



бет11/14
Дата07.10.2023
өлшемі80,57 Kb.
#184060
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ғылыми жоба Күзербаева Н

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі – Мағжан Жұмабаев. Өмірі мен өлеңі бір кезде аңызға айналған ақынның аты соңғы жарты ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті кейінгі буын бұл ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тиым салу салдарынан сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбагы болған ақын тағдыры аянышты.


Мағжан Жұмабаев кім, қандай ақын? Өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын «Мен кім?» деген өлеңінде бір аңғартып өтеді.
Жалынмын мен, келме жалын, жанарсың , Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, Надан адам өлім жоғын білмейді. Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би, Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Мағжан шығармашылығымен тереңірек, молырақ танысқан шақта оның поэзиясының қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді деген сұрақ туады. Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берерлік бүкіл ұлттық, адамзаттық мазмұн-тақырыбын, тіл құнарлығы мен ой тереңдігін, сөз қолдану шберлігін басты ерекшелігі деп айтуға болар. Өйткені ақынның нағыз өзіндік бет-бағдары мен айрым қырлары осы маңайдан табылмақ. Тәңірдей талантының, дарын табиғатының көрінісі, осы бұлақтай мөлдір поэзиясынан көрінетіні анық. Ол поэзияға шын беріліп, тәнті боласың.мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігін дәл бағалап, көпшілікке жеткізу аса қажет іс екені анық. Ой, қиял ұшқырлығы, молдығы, сөз кестесінің әрқилы, сан айшықты болып келуі мүлде еншісі бөлек жайлар. Мағжан Жұмабаев көлемді поэмалар жазуда аса өнімді еңбек еткен. Оның өте-мөте белгілі поэмасы «Батыр Баян». Сондай-ақ «Ертегі», «Қорқыт», «»Жүсіпхан, «Тоқсанның тобы» сияқты басқа да поэмалары кезінде баспа жүзін көрген. Осылардың ішіндегі күрделісі, көркемдік тұтастығы жағынан да, сюжет желісі мен сұлулығы жағынан да ерекше асып тұрғаны «Батыр Баян». Мұнда айтылған оқиға бір кездегі қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заман жайынан. Ақынның жазуы бойынша, бұл хикаяға Абылайханның кезінде екі ел арасындағы бейбітшілік, достық қарым-қатынас орнағанға дейінгі оқиға өзек болған. Ашу үстінде қол бастаушы батыр Баян өзі қамқор болып жүрген кіші бауыры Ноян мен сұлу қалмақ қызын өлтіріп салады. Жазығы – олардың көңіл қосып елден қашуы. Бұған дейін Батыр Баянның өзінің жас қалмақ қызына көңілі ауған еді, бірақ қыз ыңғай бермеген соң, оны қарындас ретінде ұстаған. Алайда екі жастың Баянның айтқанына көнбей, қашып қығуының аяғы трагедиялық жағдайға әкеп соғады.
М.Жұмабаев поэмаларының композициясы өзінше, ерекше тұтастықты, ұтымдықты танытады. Шеберлігін, әрі көркемдік талғамын байқаймыз. Еркін, тартымды оқылады. Бұған оқиғалардың айрықша құрылым, кестесі, сөз қолданыс әдісі айрықша әсер береді. Мағжанның ең соңғы ірі туындыларының бірі – «Тоқсанның тобы». Бұл поэмада ақын жаңа өмір жолына үңіле қарап, оған шын көңілімен ден қойғанын мойындайды. Бүкіл халықтың жаңа тұрмыс құруға бет алғанын, өзі де оған қосылатынын айтады.тоқсан деп көпшілікті, жүздіктің онын емес, тоқсанын қолдаймын дейді.
«Қорқыт» поэмасының мазмұны ақынның бүкіл әуре-сарсаң өміріне дәл келіп тұрғандай. Белгілі оқиғаны қайта жырлағанда, бар болмыс-қалпын, тағдыр жайын өз түсінігінен, өз ой елегінен өткізіп бергендей. Қорқыт пен өлім Мағжан үшін аса жұмбақ тақырып. Басқа да өлең-жырларында өлім жайын көп айтып, көп толғанғаны белгілі. «Ой», «Мені де, өлім, әлдиле», «Зар» тағы басқа өлеңдері осындай. Ақынның көптеген өлеңдері, поэмалары, әңгімелері, аудармалары кезінде шығып тұрған газет-журнал беттерінде, олар әлі толық жинала қойған жоқ. Мұның бәрін ыждағатпен жинап, тыңғылықты, тиянақты зерттеп М. Жұмабаев мұрасын халық қолына жеткізу алдағы күннің ісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет