Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы №63жалпы орта мектеп


Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктері



бет7/14
Дата07.10.2023
өлшемі80,57 Kb.
#184060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ғылыми жоба Күзербаева Н

Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктері

Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі мен қолданылу ерекшеліктері қызықтырады. Өлеңдерінің тақырыптық және идеялық мәні, образ жасаудағы ізденістері мен ақындық мәдениетінің тереңдігі мен кеңдігі туралы келтірген дәлелдері жеткілікті. Жұмысты жүйелі түрде, өзіндік танымы тұрғысында ақын шығармаларын, көркемдік қасиеті, шеберлігін нақты мысалдармен орынды талдай алған. Жасаған талдаулары мен қорытындылары орнықты және дәлелділігімен ерекшеленеді.


М.Жұмабаев поэзиясы – қазақ поэзиясындағы ерен құбылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, сөз өнеріне қойған талаптарының биігіне шығып, толық жауап бере білген ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі айтулы ақындарымыздың бірі. Бүгінде оның поэзиясы жан-жақты зерттелуде, алайда оның ақындық ерекшелігі, қазақ поэзиясына қосқан үлесі толық ашыла қойды деуге болмайды.
Ол – қиялы жүйрік, ойы – ұшқыр, қаламы – жүрдек ғажайып қасиет иесі, ол – өз халқының ана тілінің мол байлығын қапысыз меңгерген ғажайып суреткер!
Суреткер – өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап қарамайды, оны бәрі тебірентеді. Ол осының бәрін өз жүрегінің елегінен өткізеді. Көргені мен білгенін әділетті жүректің сынына салады.
Мағжан Жұмабайұлының шығармаларына талдау жасасақ:Троп грекше tropos – иін, иірім сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп айту дегенді білдіреді. Оның түрлері көп.
Әдеби тілдегі басты құбылтулардың бірі – ауыстыру (метафора)
І. Ауыстыру, (метафора) дегеніміз екі нәрсенің бір-біріне ұқсастығына қарай бір-бірімен ауыстырып айту арқылы мазмұнынын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Арыстанмын айбатыма кім шыдар?!
Жолбарыспын қайратыма кім тұрар?!
Көкте – күнмін, жерде – желмін гулеген
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?!
(“Мен кім?”)
...Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей
Жұлдыз – жүзік, айды- алқа ғып берейін...
(Жұлдыз-жүзік...)
...Махаббат – бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар...
...Махаббат – бір тәтті у
Ішер жүрек, төгер жас
(“Махаббат не?”)
ІІ. Кейіптеу дегеніміз - көркем шығармада жансызға жан бітіріп, тірінің әрекетімен ауыстырыла суреттелуді айтады.
Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл.
Күбірлей бастады енді "Мұның не?"-деп.


Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті...
Жып-жылы адам қаны бүлкіл қағып,
Қуалап жылжи берді ойдан ойды.
Құшақтап ақ селеуді жылады жел...
Жынды жел сақ-сақ күліп сүйді беттен.
(“Батыр Баян”поэмасы).
...Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып.
Іштен тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып.
Аңдай ұлып бір мезгіл
Біресе сақ - сақ күледі...
(“Қысқы жолда”).
ІІІ. Алмастыру (Метонимия)-дегеніміз өзара шектес заттар мен құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
...Көкшеде өңшең көкжал аялдаған,
Қырандар қанаттарын жая алмаған.
Жолбарыс жортып кетті бетін түзеп...


Арыстан айдалада дүбір салды...


Қол қалды. Жүз жолбарыс майданды ойлап.


Жүз бөрі аз дамылдап алысты да.


Жүз қыран мың сан қолға араласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет