Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы №63жалпы орта мектеп



бет9/14
Дата07.10.2023
өлшемі80,57 Kb.
#184060
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ғылыми жоба Күзербаева Н

Анафора. Эпифора


Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас…
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас…
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас…
(“Батыр Баян” поэмасынан).


Ескерту: Анафора мен эпифораның осылай бір шумақта қатар келуінен де Мағжан шеберлігі байқалады.
2)Соңғы қайталау (Эпифора) (грекше epіphora- соңынан алып жүру). Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәрте қайталанып отырады.
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті…
...Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бұлттай төнді Баян…
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті…
(“Батыр Баян” поэмасынан).


Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бірі-ай, бірі-жұлдыз, бірі-күн боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр
(“Жатыр”).
3)Дыбыс қайталау екіге бөлінеді: дауысты дыбыстың (ассонанс),дауыссыз дыбыстың қайталануы (аллитерация)
а) дауысты дыбыстың (ассонанс) қайталануы.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас…
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас…
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас…


Екеуі жас қайғысы мол құп - қу жүзді,
Екеуі құр қарап тұр алмай көзді.


Алдияр, ел ағасы, ханым дана,
Алашқа ауыр күнде болған пана.


Алты Алаш Абылайдың арғымағын,
Алаштың аруағына пар қылатын.
(“Батыр Баян” поэмасынан).
ә)дауыссыз дыбыстың қайталануы (аллитерация)
...Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.
Барымта ,ұрыс-керіс, кісі өлтіріс -
Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр
(“Жатыр”).
Тұранның шегі шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері,
Тасыса,шөлді басқан селі қандай!
(“Түркістан”).
... Жан бауыры жас Ноянға қағып ед,
Жас Ноян құша түсті Толқыншашын.
...Құл ғана қожаны ылғи қабылдайды,
Қу қалмақ күні кеше алдамап па еді.


...Кең ойлы Абылайдай данышпанды,
Қу қалмақ кеткені мен шын - ақ алдап?
Күн кірді арайына, шапақ батты,
Қап - қара толқындарға толды жан - жақ.
(“Батыр Баян” поэмасынан).
ІІІ. Шендестіру (антитеза) (грекше antіthesіs- қарама-қарсылық)- бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән –мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың,ұғымның, нәрсенің суретін, сыр –сипатын кескі-кейпін анықтау, аңғарту, елестету.
...Жүрген жанның артында ізі қалар.
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар.
Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар,
Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар!
(“Атақты ақын...Абайға”).
Жастық, байлық қол қусырып бос жүру-
Жас өспірім үмітті ерді бұзады.
Тер ағызып, өліп-талып табылған
Ата дәулет быт-шыт болып тозады.
ІҮ. Дамыту (градация) (латынша-gradatіo- бірден-бірге күшейте беру)- алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан, соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
...Бауырынан Обағанның орғып өтіп,
Арыстан айдалада дүбір салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет