Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы №63жалпы орта мектеп


І бөлім ҰЛЫ МҰРАТТЫ ҰЛЫ СУРЕТКЕР



бет4/14
Дата07.10.2023
өлшемі80,57 Kb.
#184060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ғылыми жоба Күзербаева Н
отчетқа, практика
І бөлім


ҰЛЫ МҰРАТТЫ ҰЛЫ СУРЕТКЕР


1.1 Мағжан - суреткер ақын

Қазақтың бағына біткен шоқжұлдызы, әдебиетіміздің нар тұлғасы, Абай поэзиясынан - “ақындықтың әбілхаят суын” (М.Әуезов) қана ішіп, қазақ поэзиясына сұлу да нәзік, сыршыл да сезімтал алтын тәж кигізген ақын М.Жұмабаевтың бар туындысы халқына арналған.
Өз заманының алғашқы қарлығаштары - ақын- Ахмет, Міржақып секілді Мағжанға да дәуір ағысы жайсыз тиді. Сол замандағы солақай саясаттың тақпаған кінәсі болған жоқ. Бірақ, бұған ақынның «елім,жерім,қазағым» деп соққан жүрегіне асқақ арманына кірбің түсірмеді. Көңілін құнықтырған кез келген құбылысқа, жүрегінің нәзік иірімдерін дір еткізген сезімге Мағжан сұлу да сырлы жыр жазды.

Мағжанның асыл қазынасын, рухани байлығын танып білу, оны талдай отырып, келешек ұрпаққа сол қалпы нәзіктігімен, сыршылдығымен жеткізу -біздің міндетіміз.


Өмірдің қанша тәшпішін басынан өткеріп, сан қилы соқпағына түссе де, бар білгенін, бар түсінгенін сол жолдың қилы кезеңін сүйікті - жырымен өрнектеген суреткер. Ақын шығармашылығымен тереңірек танысқан сайын бұған көз жеткізіп, ақындық талантын еріксіз мойындайсың. Оның өмір ағыны, замана қабағы, халық тағдыры жайлы сан алуан ойлары, толғанысы мен тебіреністері жырларының өне бойынан айқын көрінеді.
Ақынның нағыз өзіндік бағыт – бағдары мен айырым қырлары поэзиясынан көрініс береді.
“Поэзия дегеніміз- негізінен алғанда өмір, өмірдің мәні, өмірдің мөп –мөлдір сәулесі, шып – шымыр құймасы, қоп - қою тұнбасы...” – дейді Белинский. осы пікірге Мағжан поэзиясы қалай жауап қайырады?. Бұл үшін Мағжан өлеңдеріне кезек берейік. “Қысқы жолда” өлеңінде:
...Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып.
Іштен тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып.
Аңдай ұлып бір мезгіл
Біресе сақ - сақ күледі...- дейді.
Табиғат бүкіл әлем құбылысы ақынның жан- дүниесімен үндесіп, сырлы сұлу, кейде тіпті ақылға сыймас қиял ғажайып ертегілерінде суреттелген ерекше бейнелер санаңда тіріліп, еріксіз көз алдыңа келеді.
Боранды күннің қаһарлы болуы да, желдің қасқырдай ұлып, біресе асау айғырдай тарпаң осқырынып, жер тарпуы да Мағжан жаңалығы емес, бұрыннан бар нәрсе. Ал, оған жоғарыдағыдай мінездеме беріп кейіптеу, өлі табиғатқа жан бітіріп, айнала дағы әлемді динамикалы түрде қозғалысқа түсіре суреттеу, міне сол арқылы табиғаттың ғажайып сырын көз алдыңа келтіру- ақынның суреткерлік шеберлігінің дәлдігі.
Автор бойындағы дарындылық ғажайып шабытымен әженің өрмегіндей өрнектелген өлең жолдарының мағынасы сурет болып, санаңа еніп, сезіміңді еркіңе қоймай билеп алып, сүттей сапырып, айрандай ұйытады.

... Дала, дала. Сар дала!


Жапан түзде бір қара...
Шілде.Оттай ыстық күн
Дала-өлік. Жоқ бір үн.
Жер де жатыр тұншығып.
(“Жазғы жолда”,153-б.)
Ақынның бұл өлеңінде де табиғат адам жанымен ұштасып жатыр. Табиғат аясында жалғыз қалған жолаушының жан-дүниесі алай-дүлей. Белгісіз бір сергелдеңге түскен, тек қана:
...Аңсап есін жия алмай,
Көзіңнің жасын тия алмай,
Өлсем екен тұншығып!...- деп, өлім іздейді.
Адам баласы тіршіліктің рахатына бөленіп, тойып болдым деп, өлімді аңсаушы ма еді? Әрине, жоқ. Ал, Мағжан өлеңінің кейіпкері өлімді аңсайды. Себебі: тек біреу ғана, ол өмірді бар теперішін басынан өткізеді, торығуды бастан кешеді, жалғыздықтан жабығады. Мұндай адамға “ көк күл болып”, “ жер жемірілсе де” әсер етпейді. Ал, осындай әбден торыққан адам бейнесін берудегі Мағжан суреткерлігін қараңыз! Ол өз кейіпкерінің өмір жолын тәптіштеп, жасаған әрбір ісі мен көрген мехнатын тізбелеп жатпайды. Тек “ сақ - сақ неге күлмейді?”- дей келіп, “ өлсем екен тұншығып!”- деген сөздерді өз аузынан айтқызып, азап пен қорлыққа түскен адам бейнесін береді.
Бұл кездегі табиғат көрінісі қандай? Желп еткен жел де жоқ, аспанда бір шөкім бұлт та жоқ, тек оттай ыстық қана күн ғана бар әлемді күйдіріп бара жатыр. Жер де, адам да тұншығады.
Қарапайым ғана көріністер мол сырға ие болып, жол, дала, аспан, бұлт- баршасына дем беріп, адам жанымен сөйлескендеъй әсер қалдырады.
Адам мен табиғат арасы ақын өлеңінде ажырамас бірлікте, тоғысқан күйде, яғни, айнала өмір, ол осы өмірді ақынның қабылдауы сырлы сөз күшімен әсерлі сурет береді.
Ақын елдің елдігін, дарқан даланың кеңдігін жырласын, ақша қардың ақтығын, махаббаттың пәктігін жырласын, ең бірінші өз дүние түсінігі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен әлемді, бүкіл дүниені толғандырып, бірге тебірентеді.
Мағжан өлеңдеріне тереңнен көз жіберсек, оның аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы адам, адамның ойы, ішкі көңіл – күйі, арпалысқан сезімдері екенін білеміз.
Мағжан махаббат лирикасын бар жан дүниесімен беріле жырлады. Өз көңіліндегі қас - қағым сәтті қағып алып, өлең жолдарына бөлейді. Өлең тек сырт оқиғаны шертуге құрылмай, ішкі дүние әлемінің тылсым қайнауларын паш еткен:
...Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін,
Патша тағы бүкіл дүние малына...
Бұл өлең - лирикалық қаһарманның жан дауысы. Қос ғашықтың жан мен сезім сұлулығының ғажайып бір үйлесім тапқан сәтін қимаудағы ақтарылып айтқан ақтық сөзі, ішкі назы, күйдіріп, жандырған махаббатының сазы. Лирикалық қаһарман сүйген жанының таң нұрындай мөлдір, таза сұлулығын тамсана тамашалайды да, өз жүрегінің тереңінен:
...Шашың - қара, денең - ақ бұлт, жүзің - Ай,
Тісің - меруерт, көзің сәулем құралай,-
деген жыр жолдарын төгеді. Қол жетпес асыл арманын сүйгендегі ләззат, бақыт сезімдеріне тіл бітіреді. Дүниенің бар байлығын жарымен өткізген уақытының әр сәтіне айырбас жасамайтын тұрақтылығына сендіре, махаббаттың биік қасиеттерін келістіре жырлайды. Бірақ, бәрінен кереметі – сүйгенінің жан сұлулығы мен жан тазалығын суреттей отырып, өз жүрегінің дүрсілімен үн қатуы. Лирикалық қаһарманның осындай алапат сезімді сәтін беруде М.Жұмабаев керемет бейне, көркем сурет жасай білген.
“Лирикалық шығармадан оқырман бірауық өз басының жай – күйін көреді. Оның қайғысымен қайғырып, қуанышымен, шаттығымен, үмітімен тыныстайды, оның көзімен көріп, құлағымен естіп, тілімен сөйлейді”,- деп В.Белинский айтқандай, сыршыл Мағжан өзінің терең ойын, сезімтал жанын жалпы жұртқа бұрын беймәлім түкпірін кенет жарқырата ашып, бір түрлі бір нәзік дірілмен, назды сырға, сырды жырға айналдырады да, өзінің осы күйіне оқырманды ортақтастырады.
Ақынның осы күйі кең даланы тербетіп, әсем үнге бөлейді.
Ақын өлеңіндегі найзағайдай жарқ еткен сезім, алапат көңіл оқырманның жан жүйесіне қан жүгіртіп, көңілін тербейді. Оқырман енді авторға айналады. Туысы бөлек екі адам жүрек тілімен туысады, екі адам біртұтас жалқы адамға айналады.
“ Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталады”,- деп ақиық ақын – Мұқағали айтпақшы, Мағжан поэзиясында махаббат лирикасының құдіреттілігін халық мойындап, тілге тиек етіп жүр.
Лириканың жан біткенді сезім буына тұсап әкетер ғажайып күші осындай. Мысалы үшін:
...Келші, көзім, күн бетіңді көрейін,
Сүйші сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей
Жұлдыз – жүзік, айды- алқа ғып берейін...
Өлеңнен өз сүйгеніне заңғар көктегі жұлдызға дейін, айға дейін әперуге даяр адамның, мөлдір махаббат иесінің аңқылдаған кіршіксіз таза көңілінің самалы еседі. Ақын жырлауындағы шын махаббатт - азап жолы. Оның қайғысы мен қуанышы да бірге жүреді. “ ”
...Махаббат – бір тікенек
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Махаббат – бір тәтті у
Ішер жүрек, төгер жас.
Махаббат – адам сезімінің тереңнен көз тастар ең биік шыңы. Егер осы ең ұлы сезім“махаббат пен ғадауат майдандасқан”(Абай) жұдырықтай ғана жүрекке тікенек боп қадалса не болмақ?
Ақын поэтикалық бір кесте, ерекше бейне жасауда үнемі ізденіс үстінде. Ол ылғи өз жадындағы мен көргенін жырлауда образбен ойлайды. Айнала, төрткүл дүние суретке айналып кетеді. Мағжан бір-бірін ессіз сүйген жүректердің сағыныш жасын махаббаттың тәтті уына теңейді. Бұл образ Мағжанға дейін ешбір ақынның туындысында кездеспеген, қазақ әдебиетіне қосқан жаңаша түр, тың бейнелеу, соны образ.
Ал, у дегеннің өзі денеге тисе, өртеп жан дүниеңді аласұртып, адам өмірін қас - қағым сәтте қиятын, өліммен табыстыратын ажалдың от қамшысы емес пе? Ал, ақын осы уға да соны мағына, соны көзқарас береді. Бұл қолданыста ол бізге бұрынғыдай соншалық қорқынышты, үрейлі емес, бір түрлі жағымды естілетіндей.
Мағжан өлеңдерінде теңеуді болсын, айқындауларды болсын әйтеуір өлең көркі болсын деп, оңды – солды қолданбайды. Оның алдына қойған мақсаты – “тілге жеңіл, жүрекке жылы”(Абай), нысанаға дөп тиетін, көркем де бейнелі қолдану. Ал, таланты кем, өресі қысқа “шала шекспир”,“танылмаған толстойлар” (М.Әуезов) үшін бұндай сөздерді қолдану үйілген мая арасынан сынған инені іздегендей қиындық әкеледі. Мағжанды осы қасиетіне, ерекшелігіне қарап ізденіс ақыны десек те, оның тапқырлығы да жетіп жатыр.
Жігер, шіркін, желінді,
Болат жеген қайрақтай.
Мешеу болды жүйрік ой
Кететін орғып айдатпай...- деген жолдардан көз алдыңа сол мезетте- ақ, арып-ашқан, құр сүлдері қалған тұтқын бейнесі келеді. Адам жанын қасақана қорлап, өзін рухын таптап, ит өліммен өлтіруге арналған сол кездегі зорлықшылықтың шын бейнесін беру үшін, бұдан асқан қандай сурет керек ?
Сол кездегі жалған ақыл, жалбыр үгіт, лепірме сөз, жалғандық иелері ақыннның талантын тұсап, қанатын қайырмақ болды.
...Ойды улаған ақыл кезеп,
...Ашудан бұғып қалған қорқақ ақыл...
деп ақын, батырдың ашуға бой алдыртқанын шағын түсінікті жеткізеді. Баянның ұлы Абай айтқан “ашу- дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос” деген ұлағатты сөзін есінен шығарғанын аса шеберлікпен суреттейді...
...Қомағай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асығып екі жастың қанын ішті...
Осындай кейіптеу Мағжанға дейін еш ақынның қаламынан қағаз бетіне жол тартпаған. Мағжанның осылай қара жерді жалмауыз қанішер бейнесінде сомдауы, оның ақындық талантының бірден – бір дәлелі. Ақын жоғарыда жерді қанішер бейнесінде сомдаса, желді құшағы кең алып ретінде сомдап, желге жан бітіреді.
...Құшақтап ақ селеуді жел жылады...
Желге жан бітіре отырып, желді сәбиінен айырылған анаша жылатады. Желдің қайғылы анаша жылауы, шындыққа бейтаныс құбылыс. Ал Мағжан үшін табиғаттың әр құбылысы жаны бар адамнан кем емес.
...Жеңіліп қараңғылық жылжып қашты...
Жаратылыстың ерекше мақұлықтарының бойындағы ірі қасиеттерін термелей отырып, тілек айтқан ақын келер ұрпаққа –біздерге сөзін арнайды. Осы өлеңі арқылы бізге деген үлкен сенімін жеткізеді.
Мағжан қазақ поэзиясын сыршылдыққа бұрды. Адамның ішкі жан әсерлерін қызықтады. Жан әлеміндегі сиқырлы көріністерді, өзгерістерді, мың сан қылт еткен құбылыстарды суреттеу үшін, жүрекке жетер оралымды, бейнелі тіл таба білді.
Өзінің шығармашылықпен өрілген азаматтық, ақындық жолында ақын құдіретті шындық жолынан, халқына деген кіршіксіз махаббатынан айнымады. Осындай адалдығы үшін де, азаматтығы үшін де халқы оны ғасыр жаласы-”халық жауы” деген қасиетсіз атақтан ақтап алды. Ұрпағына өнеге қылып оқытуда әрі Мағжандай жыр сұңқарларының ғажайып өрнегі сурекерлік шеберлігі арқылы өз ұрпағының саналы, көзі ашық, сөз қадірін түсінерліктей болып өсуіне қамқорлық жасап келеді.
Ана тіліміздің қасиетті құндылығын, икемділігі мен нақыштылығын, сөздік қорының қисапсыз байлығы туралы білгісі келген жанға Мағжан поэзиясы таптырмас мектеп, адастырмас бағдаршамдай.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет