Мектепке дейінгі білім беру бойынша SWOT-талдау: Мықты тұстары: балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу, бұрынғы ғимараттарды қайтару және қайта құру есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;
облыс бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы педагогикалық құрамның жалпы құрылымында жоғары білімі бар педагогтармен қамтамасыз ету.
Әлсіз тұстары: мектепке дейінгі балаларға ұйымдарындағы орындардың тапшылығы, оның ішінде ауылдық елді мекендерде сақталуда;
облыстың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдарымен, жүзу бассейндермен және ән сабағын жүргізуге арналған залдармен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі, тиісті жабдықтар (асханада) мен инвентарлардың тозуы, бұл – балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндіктерін төмендетеді;
еңбекақының төмендігіне және жүктеменің шамадан тыс болуына байланысты, мектепке дейінгі ұйымдардың білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі.
Қатерлер: мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салу (ашу) бөлігіндегі жекеменшік сектор бастамасының әлсіздігі, мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтудың төмен деңгейіне әкеліп, балаларды орта мектептегі оқуға тиісінше даярлау және қоғамға психологиялық-әлеуметтік бейімдеу мүмкіндіктерін шектейді;
облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін бюджет қаражатының шектеулілігі, облыстағы мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасының (қазіргі замандағы жабдықпен және инвентармен қамтамасыз етілуінің) әлсіздігіне әкеп соғады.
Мүмкіндіктер: мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатымен қазіргі заманғы мектепке дейінгі мекемелер салуды бюджет тік қаржыландыруды кеңейту және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету есебінен, жас мамандарды қолдау және мектепке дейінгі білім саласына тарту.