Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi


Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес. Халықаралық Сот



бет8/14
Дата19.11.2016
өлшемі2,52 Mb.
#2056
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

4. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес. Халықаралық Сот.

ЭКОСОС- бұл орган эконмиа мен элеуметтік-экономикалық, қайырымдылық көмек керсету мәселесін ұйымдастыруды қарастырады. Осы атлаған органның нормативтік құжаты 1966 жылы қабылданған «Әлеуметтік және экономикалық мәселесін шешу туралы» БҰҰ Резолюциясы қабылданған Пактісі бар. Бұл органның негізгі мақстаы:

-халықтарлдың әл-ахуалывг жақсарту;

-қайырымдылық көмек көрсету;

-табиғи немесе техногендік апаттан зардап шекакендергше материалдық түрде көмек көрсетуді ұйымдастыру;

-жұмыссыздарды жұмыссыздық жәрдем ақысымен көмек көрсету мәселесін шешу және оны жүзеге асыру болып табылады.

Соғыс әрекетінің тоқтатылуы дегеніміз-ол, екі жақ өздірінің әскери әрекеттерін, операцияларын жасауға белгілі бір немесе маңызды себептерге байланысты тоқтатыу мүмкіндігін айтады. Соғыстың тоқтатылуына байланысты, әдетте, соғыс әрекеті де тоқтатылады. Соғыс әрекетінің тоқтатылуының кең тараған нысандарына уақытша бітімге келу мен тізе бүгу жатады. Уақытша бітім бойынша соғыс әрекеттерінің тоқтауы жөнінде келісім жасалады, оған қарулы қақтығысқа қатысушы жақтардың өзара келісімге келуі негіз болады. Уақытша бітімге келудің жергілікті және жалпы деп аталатын екі түрі болады. Жергілікті келісім дегеніміз-ол, уақытша бітім- жеке бөлімдер мен бөлімшелердің соғыс әрекеті театрының шектелген учаскелерінде ұрысты тоқтатуды көздейді. Әдетте, ол жеке мәселелерді шешуге бағытталады. Жаралылар мен ауруларды жинап алу, өлгендерді жерлеу, парламентарийлерді жіберу т.б. орындайды. Жалпы келісімге келу дегеніміз-ол, барлық соғыс әрекетінің, әскери опреацияның түгелдей тоқтатылуын айтады. Жалпы бітімге келудің күші ерекше, ол тек соғыс әрекетін тоқтатып қоймай, сонымен қатар әскерді түгелдей таратып жібере алады. Бұл жағдайда келісімге келу соғысушы тараптармен келісімдік-құқықтық құжат түрінде, оның халықаралық-құқықтық салдарын ескере отырып жасалады. Мысал ретінде, 1953 ж.,27 шілдедегі Кореядағы Әскери бітімгершілікке келу туралы келісім және 1973 ж.,25 қаңтардағы Ветнамдағы соғысты тоқтатып, бейбітшілікті қалпына келтіру келісімін алуға болады. 1965 жылдарында Израил самлеттері Кайрды бобадамақ болып, бірақ СССР авияция полкі оларды бір опреацияда жүздеген саолетін атып түсірді. Мұны байқаған Израйл әскери басшылар ақ жалау көтеріп тізе бүкті.

Капитуляция дегеніміз-ол, соғысушы жақтардың бірі өзін жеңілді деп мойындаун және жеңген жақтың қойғын барлық талаптарына көніп қабылдаған және қол қойылған келісім-шартты айтады.

Капитуляция дегеніміз-ол, соғсқан жақтардың бірі амалсыздан тізе бүгудің нәтижесінде , жеңілгені жөнініде толық мойындағанын және ол жөнінде жазбаша келісім-шартқа қол қойғанын айтады. Капитуляция жасалған жағдайда жеңген жақ, жеңілген жақтан котрибуцияны талап етуге құқылы болады. Мысалы 1945 жылы 8 мамырда Берлинде неміс-фашист басқыншалар армиясының талқандалуы нәтижесінде, ешбір шүбәсіз капитуляцияны жасауды маршал Г.К.Жуков талап етті, соның нәтижесінде фашистк-германияға капитуляция жасалып Актіге қол қойылды. 1945 ж., 2 қыркүйкете Жапонияның астанасы Токиода Квантун аримиясының тізе бүгуінің нәтижесінде Актіге қол қойылды.

Татуласу дегеніміз-ол, екі жақтың соғыс басталып, ал кейіннен екі жақтың әр қайсысына жойқын зардап келтірудің нәтижесінде бір – бірінің кінәлі екендігін мойындап, бір біріне деген талап қоймайтындай уәде беру арқылы нақты бір бітімге келуін айтады. Бұндай жағдайда соғысатын жақтар өз еріктерімен немесе артақ делдалық мемлекеттің табыстыруы нәтижесінде жүзеге асырылуы мүмкін болады. Айтылған келісім бойынша екі жақта соғыс әрекеттерін мүлдем тоқтатып ариимия құрамы таратылып жіберуі мүмкін болады. Татуласыға туындайтын негіздеп:

1. Соғыстың әрекетінен пайда болған екі жақтан шығындар мен адам

өлімінің жойқын болуының себебі;

2.Үшініші жақтың қатысуымен бітімге келетіндей жағдайдың туындауы;

3. Бір жақтың өзінің кінәлі екендігін мойындай екініші жаққа келтірген зиянның орнын толтыру арқылы бітімге келуі.

Бейбіт келісім дегеніміз-ол, соғысушы тараптардың өздероінің көздеген мақсаттары мен міндеттерін орындау арқылы, ал бірақ тиісмті мақсатқа жетуі немесе жетпеуіне қарамастан басқа да мән-жайлдардың болуы нәтижесінде бекітілетін келісімді айтады. Бейбіт келісім соғыстың аяқталуының нәтижесінде жасалуына мүмкіншілік туындайды. Осы аталған келісім соғыстың болмауына да, басталуына да басты себеп болады.

Бейбіт келісімді бекіту дегеніміз- ол, соғыс аяталған соң немесе соғыс басталмай түрып, оны тоқтатуына маңызды себептердің нәтижесінде екі немесе бірнеше жақтардың нақты айқындалған жерде ресми түрде тараптардың келісімі бойынша, жазба түрде рәсімделетін халықаралық деңгейдегі келісім-шартты айтады. Бейбіт келісімді бекіту-ол, екі немесе бірнеше тараптардың қатысуымен байланысты және әрбір тараптардың өзіндік мүддесін қорғайтын және басқа да маңызды жағдайларға байланысты жүргшізілетін ісм-шараларды айтады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Бүкіләлемдік шеңберде бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтау үшін әлемдік деңгейде тәртіп пен заңдылықты сақтау ең басты мақсат болуды бапрлық халықтар көсеуде екені айқын.

2. БҰҰ әмбебап халықаралық орган болғандыңқтан –ол, мамандандырылған арнайы орғандардан тұрады,

3. БҰҰ жарғысына сәйкес, Қаупсiздiк Кеңестiң тұрақты, бүкiләлемдiк шеңберде қаупсiздiк, бейбiт өмiрдi сақтау үшiн жауапты мiндеттi атқарады.

4. ЭКОСОС- орган эконмиа мен элеуметтік-экономикалық, қайырымдылық көмек керсету мәселесін ұйымдастыруды қарастырады.
Бақылау сұрақтары:

1.БҰҰ Жарғысының соңғы мәтіні талықланып және мақұлданған, қол қойылған күні қалай аталады?

2.БҰҰ –ның орталық резиденциясы қай қалада орналасқан?

3. БҰҰ-ның ең жоғарғы лауазымды тұлғасы қалай аталады?

4. БҰҰ-ның ең жоғарғы органы қалай аталады?

5.Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты мүшесінде неше мүше-мемлекеттер бар?



10 тақырып. Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі
Мақсат: Халықаралық және мемлекетшілік құқықтың қатынасы және бір-бірімен өзара әрекеттесуі туралы оқып танысу болады. Білім алушылардың теориялық қабілетін одан әрі нығайту және оның тәжірибе жүзінде дәлелдей білетіндігін айқындау болады.
Жоспары:

1. Халыкаралық құқықтың тарихи даму барысына мемлекетішілік құкықтың тигізетін ықпалы.

2.Траисформация, ипкорпорация, сілтсме. Халықаралық ұйымдар шешімдерінің мемлекетішілік құқыққа тигізетін әсері.

3. Туысқан мемлекеттер достастығы (ТМД) елдсрі ынтымақтастығының құқықтық негіздерін жетілдіру.


1. Халыкаралық құқықтың тарихи даму барысына мемлекетішілік құкықтың тигізетін ықпалы

Әлемгғе белгілі 1789-1794 жылжпрдп Ұлы Француз революциясының нәтижесі шексіз феодалдық билікке соққы жасағаны айқын байқалды. Бұл революцияны нәтижесінде 26- тамыздың 1789 жылы құрылтай жиналысында революциялық бағдарлама құжаты қабылданды,ол «Адам мен азамат құқығының декларациясы» деп аталды. Осы декларацияның 1-бабында: «Адамдар туады және олар ерікті және тең құқықта болып қалады» деген.

Ал 2-бапта: «Адамның ең бөлінбес құқығы, ол: еркіндігі; меншігі; қаупсіздігі; қиындық пен тапшылыққа төтеп беру» деген. Яғни осы аталған қасиеттер адамның жеке басынан бөлінбеуі тиісті деген. Осы аталған декларацияның нәтижесі кәзәргі, біздің заманымыздың 1948 жылы 10-желтоқсанда шыққан «Жалпыға міндетті адам құқығының декларациясы» деген халықаралық маңызы бар құжаты пайда болды. Содан соң Франциядағы заңшығарушы орган «Конвент» деп аталудың нәтижесінде қазіргі кезеңде шет елдердің халықаралық маңызы бар құжаттары «Конвенция» деп аталу себебі осында.

Ежелгi дүние дәуiрiнде халықаралық құқықтың мынадай институттары пайда болды:

-соғыс әрекетiнiң заңдары мен дәстүрлерi;

-халықаралық шарттар;

-елшi өкiлдiктерi;

-шетел тұлғаларының құқықтық режимiнiң қалыптасуы;

-мемлекетаралық одақтар. Соғыстар салт-дәстүр мен дiни көзқарастарға негiзделiп жүргiзiлдi.Соғыс дау-жанжалды шешудiң бiр түрi болды.Мысалы,Ежелгi Римде соғыс жүргiзу әдiлеттi iс болды, себебi ол Римнiң пайдасына жүргiзiлдi. 1941-1945 ж Фашистiк Германияның жауалап алу шапқынышылық соғысын айтуға болады. Шарттардың орындалуы дiни әдет-ғұрыптармен қамтамасыздандырылды,мысалы басшылардың дiни ат беруiмен және мына қағидадан тұрды: “Шарттар орындалуы қажет”. Шарттарды жасаудың қажеттiлiгi мынадан тұрды:

-мемлекетаралық мәселенi шешу қажеттiлi;

-келiссөз немесе бiтiм жасау қажеттiлгi;

-халықаралық шарттарды бекiту;

-елшiлiк институтының пайда болу қажеттiлiгi. Ел араснда елшiлiктiң пайда болу қажетi зор болды. Бұл қатынасты Ежелгi Грецияда “диплома”деп аталды. Елшiлiк iсiне келген жергiлiктi мемлекет органдары қол сұқпайды. Ежелгi Грецияда басқа грек мемлекеттерiнде азаматтарын қорғайтын сенiмдi-проксиндер институты қалыптасты. Шетел тұлғаларын қорғайтын проксиндер институты қазiргi консул институтының прототипi (ұқсас) болып табылады. Шетел азаматын қорғайтын институт кейiннен Ежелгi римде көрнiс тапты, онда шетел азаматтарының iстерiн қарайтын және дау жанжалды шешетiн өкiлеттi тұлға претор болды.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1.Халықаралық құқытың таралуына батыс еуропа елдерінің қосқан үлесі маңызды болды. Онывңғ ішінде Англидағы «теңіз ордоносы» және сада-саттық мәселесін жүргізу басты міндет болды.

2. Халықаралық құқықта және әлемдік деңгейде жеке тұлғаның мәртебесін көтеру үшін 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Жалпыға міндетті адам құқығынчың декларациясы» нақты дәлел бола алады.

3. Адам құқығын сақтаудағы Адам құқығы туралы Еуропа соты-ол, Франция еліндегі Страсбург қаласында орналасқан.
2. Траисформация, инкорпорация, сілтсме. Халықаралық ұйымдар шешімдерінің мемлекетішілік құқыққа тигізетін әсері.

Трансформация дегеніміз-ол, бір мемлекеттің бұрынғы саяси-экономикалық құрлысының жаңадан саяси-экономикалық құрлысына ауысып оның қайта құру, қайта ұйымдастыру жолындағы оған тиісті және қатысты заңдарды халықаралық құқытық нормаларына сәйкес келтіру іс-шараларын айтады. Ресей заңгері Бальценровичтің айтуынша бұрынғы КСРО социалистік экономикасын қазіргі нақытық экономикаға ауысуында қандай нәтижелі өзгерістердің болғанын айтады.

Социиалистік экономика тек КСРО-да ғана емес сонымен қатар Швецияда да бар ол әлі күнге дейін сақталуда. Мысалы, фашистік Германияда да социалистік экономика болды.

Инкорпорация дегеніміз-ол, өзінің құрамына қосу немесе белгілі бір мемлекеттің заңын сол қалпында, өзгертпей, халықаралық құқық нормасына қасуды айтады.

Оған мысал ретінде 1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдыраған соң бұрынғы 15 одақтас республикалар жеке өз алдына екеменддіке ие болды, соның ішінде Қазақстан.

Бұрынғы КСРО жүйесіндегі заңдарды қазіргі заманның ағымына және нарқытық экономитканың күннен-күнге нығайуына байланысты ұлттық нормативтік-құқытық актілерді өзгертуге және оған толықтырулар енгізілуді қажет етеді. (К.Балабиев. «Анализ современного сстояние кодификации как форма правотворчества») //Поиск: Современное Гуманитарное наука. №3, 2002, 69-72С.

ҚР Президенті қазақсатан заңдары қазіргі халықаралық құқтың талабына сай келмейді сондықтанда ұлттық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар және мүлдем қайта құруды талап етеді деген.

Бұл жөнінде Қазақстан заңгер-ғалымдары: С.Зиманов, Ғ.Сапарғалиев, А.Котов, В.М.Сырых, С.Ф.Ударцев, С.А.Татанов т.б. айтқан болатын. Қазіргі кезеңде нарықтық экономиканың күннен-күнге нығаюына қарай ғылыми-техниңкалық, ғылыми-теъхнологиялы, иновациялық қатынастардың нығаюына қарай қоғамдық қатынастар жан-жақты жаіңартуды талап етеді.Қазіргі заманның ағымына қарай құқықтық қатынастар мен заңнамаларды қолдану үшін, сол заңдар халықаралық деңгейдің талабына сай болулары керек болады. Сондықтан, мемлекет арасындағы келісім-шарттар бекілген соң оны іс-жүзінде қабылдау үшін Парламент оны талқылап ратификация немесе денонсация жасауы керек. Егер халықаралық келісім-шартты Парламент ратификация жасаған болса ал бәіздің кейбір заңдар осы шарттың талабына сай келмесе онда біздің заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізулері керек болады. Бұл туралы ҚР Конституциясының 4-бап, 3-б көрсетлген. Тарихи декректер бойынша Үндiстандағы құқытық ескерткiштердегi Ману заңы бойынша дипломатиялық қызмет соғыстың алдын алу және бейбiтшiлiктi нығайтуды көздеген, олардың қызметшiлерi мен баспанасы мемлекет пен құдай өзiнiң қорғауына алады деген. Батыс Еуропа елдерiнде: Римде, Греция, Португалия, Германия дипломатиялық мәселенi шешу әр-турден тұрды.Римде арнайы ұйымдар құрылды. Олар ораторлардан және хабаршылардан тұрды. Грецияда сыртқы қатынастардың дамуы нәтижесiнде қариялардың кеңесiнде жауапты тұлғалар тағайындалған, оларды Пресбейс деп атады, оның қолына тиiстi грамота берiлдi ол “диплом” деп аталды. Грецияда елшiлерге қол сұқпаушылық ресми түрде танылды. Елшiлiктер тұрған жерлер сол келген мемлекет юрисдикциясынынң құрамынан алынатын болды. Яғни сол жер аумақтары белгiлi мемлекет елгiлiгiнiң пайдалануына берiлдi. БҰл рәсiмдер:Рим, Лиссабоан,Венеция, Генуя,Франкфурт-на-Майне, Мадридте болды. Грецияда дипломатиялық қатынас жұмысын жүргiзгенде тақтайшаға жазылатын болды оны диплом деп атады. Араб Шығыс мемлекеттерiне:Египет, Судан, Иордан,Сауд Аравиясында елшiлiк мiндеттi түрде қорғаушылыққа алдынды, яғни сол келген мемлекеттiң қорғауында болды.Елшiлер мемлекет аралық байланысшы деп анықталды. Орта Азия мен Қазақстанның елшiлiк қызметi ҚР 1991 ж. желтоқсан айынан бастап егемендiкке ие болған соң дипломатиялық қызмет байланыстары қалыптаса басталды. Орта Азия мемлекетi Өзбекстан,Тәжiкстан, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран т.б. елдерiнде елшiлiк қызметтер ең басты орын алды. Тек елшiлiк қызметтiң нәтижесiнде мемлекет аралық қарым-қатынас орнатылатын болды. ҚР елшiлiк қызмет жөнiнде “Дипломатиялық қызмет туралы” ҚР Заңы,2002 ж.,7-шi наурызда шықты.Ал келесi нормативтiк құқыққа: “ҚР елшiлiгi туралы” ережесi ҚР Президентiнiң 1992 ж.,2-шi шiлдеде шыққан№ 832 және 833 қаулысымен бекiтiлген. Аталған құжаттарда ҚР Төтенше және Өкiлеттi елшiсiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi айтылған.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Мемлекеттің бұрынғы саяси-экономикалық құрлысының жаңадан саяси-экономикалық құрлысына ауысып оның қайта құру, қайта ұйымдастыру жолындағы оған тиісті және қатысты заңдарды халықаралық құқытық нормаларына сәйкес келтіру іс-шараларын айтады.

2. Ресей заңгері Бальценровичтің айтуынша бұрынғы КСРО социалистік экономикасын қазіргі нақытық экономикаға ауысуында қандай нәтижелі өзгерістердің болғанын айтады.
3.Туысқан мемлекеттер достастығы (ТМД) елдсрі ынтымақтастығының құқықтық негіздерін жетілдіру.

Туысқан мемлекеттер достығының қалыпртасуына болған негігіздер-ол, 1991 жылдың белорусь мемлекетінің аумағындағы «Беловежское пуще» деп аталған келісімнің нәтижесінде КСРО одлағының ыдырауына ең басты негіз болды. Бұл келісімде Ресей мемлекетінен Б.Н.Ельцен, Украина мемлекетінен Л.М.Кравчук және Белоруссия мемлекетінен С.Шушкевич қатысты. Бұл кездесуге басты себебп болған сол кездегі КСРО басшылары Горбачев,Лукянов Янаев т.б. ұйымдастыруымен болған сарай төңкерісі болды, ол, 1991 жылдың 18-19 тамызда болды. Сол кезде ГКЧП ұйымдастырудың нәтижесінде КСРО-да төтенше жағджай енгізілді. Бірақ бұл төтенше жағдай КПСС тоталитарлық режимді сақтап қалу мақсатын көздеген болатын. Мұны байқаған Реседің тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцен оларға қарсы көтеріліс және әскери және құқыққорғау мен мемлеукеттік қаупсіздік органдарын ұйымдастыру арқылы төңкерісті енгізген басшыларын тұтқындауды ұйымдастырып сарай төңкерісін одан әрі жүргізуге жол бермеді.

Халықаралық-құқытық жауавпкершілік негізінен ұлттық заңдар бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 37-бабы бойынша шетьел азаматтары мен заңды тұлғалары әкімшілік құқықты бұзған жағдайда жалпы негіздер бойынша жауапқа тартылады. Ал осы баптың 3-ші бөлімінде: Дипломатиялық иммуниті бар шетел азаматтары халықаралық келісім-шарт бойынша реттелетін болады.

Сол сияқты басқа да заңнамалар бойывнша осы аталған негіз бойыншпа шешім қабылдайды. Халықаралық құқықтық көмек ретінде ҚР 1996 жылы Минск конвенциясында алты мелмекет қатысып тергеу, іздестіру және жедел іздестіру қызметін ұйымдастыру жөнінде конвенция қабылданды. Бұл конвенцияны: Қазақстан, Ресей,Украина, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан.

Кейіннен 2007 жылы, маусым айында Кишенев келісімінде тоғыз мемлекет қатысып құқытық көмек көрстету жөнінде ҚР ІІМ, Бас Прокуратура т.б. органдары қатысып «Кишенев Конвенциясына» қол қойды.

Осы аталған халықаралық қылмысқа қарсы күрес бірқалыпты жүргізілуде. Мысалы, 2008 ж., қыс айында Қарағанды облысында азамат Евлоев екі баласымен бір әйелді өлтіріп, Астана халықаралық әуежайы арқылы оп-оңай Шешенстанға тайып тұрды, бірақ ол бір аптаның ішінде Ресей Федерациясы милициясының қолына түсіп, ол дереу түрде халықаралық экстрадиция рәсімі бойынша Астанаға жеткізілді. Халықаиралық жауапкершілік материалдық және материалдық емес жауапкершiлiк балуы мүмкін.

Материалдық емес жауапкершілік дегеніміз-ол, жеке бір тұлғаның саясатқа байланысты, геноциц жасағаны үшін жауапқа тартылыуы мүмкін. Мысалы аппартейд. АҚШ ку-клкс-кланн. Жеке тұлғалар сол шетелде жүрген кезде қылмыс немесе басқа да құқыты бұзған жағдайда өз бетінше ж сол елдің заңы бойынша жауапқа тартылатын болады. Халықаралық қатынастарда материалдық емес жауапкершiлiктiң түрiне мынадай нысандарды қарастыруға болады:

А) Сатисификация- құқық бұзушы субъект тарапынан болатын бiржақты акт, онда құқығы бұзылған субъектiнiң талабын моральдық қанағаттандыруға ұмтылмас болды.Оған мысал ретiнде: кешiрiм сұрау, мұндайә бұзушылықты келешекте болдырмау жайында мәлiмдеме жасау, т.б.болуы мүмкiн;

Б) Репрессалия-бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектiге қатысты қолданылатын бiржақты актлер. Бiр мемлекеттiң екiншi бiр мемлекетке құқық бұзған үшiн жасайтын iс әрекетiн айтады. Бұл iс-әрекет реторсия деп аталады. Мысалы, 1968ж Қытай әскерi СССР шекарасын бұзғаны үшiн шекарашылырдың қарулы түрде тойтарыс беруi. Бұл жағдайда халықаралық құқық нормасы бұзылмайды. Сол секiлдi халықаралық құқық деңгейiнде авторлық құқыты қорғау. Халықаралық құқытық жауапкершiлiктiң материалдық жауапкершiлiк түрiне жататындар:

-өтемақы;оны репарация деп атайды- нгiзiнен алғанда келтiрлiлген заладың орынын ақшалай толтыру. Мысалы: Германияның екiнiш дүниежүзiлiк соғыста келтiрiлген залаына Грекия 2000 жылы қарыжылық жауапкершiлiктi талап еттi.

-реституция; келтiрiлген мүлiктiк зиянды сол қалпында кейiн қайтару.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. «Конвент» деп аталудың нәтижесінде қазіргі кезеңде шет елдердің халықаралық маңызы бар құжаттары «Конвенция» деп аталу себебі осында.

2. Социиалистік экономика тек КСРО-да ғана емес сонымен қатар Швецияда да бар ол әлі күнге дейін сақталуда. Мысалы, фашистік Германияда да социалистік экономика болды.

3. 2007 жылы, маусым айында Кишенев келісімінде тоғыз мемлекет қатысып құқытық көмек көрстету жөнінде ҚР ІІМ, Бас Прокуратура т.б. органдары қатысып «Кишенев Конвенциясына» қол қойды.
Бақылау сұрақтары:

1. Туысқан мемлекеттер достығы (ТМД) қандай жағдайда және қандай өзгерістердің нәтижесінде пайда болды?

2. Кеңес Одағының ыдырауына қандай жағдайлар себеп болды?

3. 1993 жылында Минск конвенциясында қандай шешім қабылданды?

4.1991 жылыдың желтоқсан айында Беловежское келісімінде қандай шешім қабылданды?


11 тақырып. Халықаралық – құқықтық жауапкершілік
Мақсаты: Халықаралық – құқықтық жауапкершілік туралы оқып танысу болады. Білім алушының теориялық білімін одан әрі тереңдету арқылы оның тәжірибе сабағында пайдалануына жағдай туындауын көрсет білу болады.
Жоспары:

1. Халықаралық құқықтық жауапкершілік. Оның әлеуметтік жауапкершіліктің

басқа да түрлеріиен айырмашылығы.

2. Мемлекеттің халықаралық - құқықтық жауапкершілігі.

3. Қазақстан заңдары бойынша халықаралық - құқықтық жауапкершілік

мәселелері.

4.Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі.
1. Халықаралық құқықтық жауапкершілік. Оның әлеуметтік

жауапкершіліктің басқа да түрлеріиен айырмашылығы

Халықаралық құқытық жауапкершілік дегеніміз-ол, халықаралық шеңберде және жалпы халықаралық маңызына мәлім болатын немесе жалпыға ортақ ережені бұзған жағдайда туындайтын заңды түрде жауапкершіліктің пайда болуын айтады. Оған имына мысаплдарды айтуға бролады:

-бір елдің екінші бір елге әскери арандатушылық жасауы, яғни әуе кеңістігі немесе теңіз аумағы арқылы шекараны әдейі бұзуы;

-шағын ұлтты қыспаққа алып оны қырығнға ұшыратуы;

-фашистік немесе тоталитарлық саяси режимін үнемі жүргізуінен адам құқығының мүлдем болмауы;

-әскери соғыс арқылы жаулап алып бірнеше халықты қырғынға ұшырату нәтижесінде адамзатқа қарсы қылмыс жасау мысалы 1941-1945 ж Ұлы отан соғысында неміс-фашистік басқыншылықтың әрекетінде консларегреледің болуы, газ пештеріне адамдарды қамап қыруы т.б.

Халықаралық-құқытық жауапкершiлiк дегенiмiз-ол, халықыаралық шеңберде құқытық мiндеттемелердi бұзған жағдайда халықаралық құқық субъектiлерi үшлiн туындайтын заңдылық салдарды айтады.

Ондай жағдайда тек жауапкершiлiктен босату негiздерi болмаған жағдайда ғана туындайтынын ескеру керек болады.

Жауапкешiлiк институты осы заманғы халықаралық құқықтың барлық салаларының негiзiн қалаған мына қағидалармен негiзделедi:

1.Мемлекет өзiнiң iшкi құқығына сiлтеме жасау арқылы халықаралық-құқытық жауапкершiлiктен босатылмайды.

2.Халықаралық құқытың көпшiлiк таныған нормаларына қайшы келетiн заңдарды қабылдағаны үшiн, сондай-ақ, құқық субъектiлерiнiң халықаралық-құқытық мiндеттемелердi орындауы үшiн қажеттi заңдарды қабылдамағаны үшiн мемлекеттiң жауапкершiлiк қағидасы.

3.Халықаралық құқық субъектiлерiнiң мәжбүрлеп, қол астында ұстауы немесе кез келген күш көрсеткені үшiн жауапкершiлiк қағидасы.

4.Басқыншылық актiсiн дайындағаны, жоспарлағаны және жүзеге асырғаны үшiн халықаралық бiрлестiк алдындағы жауапкершiлiк қағидасы.

5.Құқық субъектiсiне мiндеттеменi бұзғаны үшiн халықаралық-құқықытық санкцияны қолдау және келтiрiлген залалдың орнын толтыру қағидасы.

Жауапкершiлiк туындайтын мына негіхздер болады:

1.Зиян (залал) мемлекеттiң құқыққа қайшы келетiн салдары;

2.Құқық бұзушылық пен туындаған зиянды салдардың арасындағы себептiк

байланыс.

3.Кiнә- халықаралық құқық бұзушылықтың субъективтiк, элементi.

4.Кінәлі болуын ресми түрде мойындау.

ХҚЖ-тiң (халықаралық құқықтық жауапкершiлiктiң) түрлерi мен нысандары туралы мәселе дәстүрлi болып саналады.

ХҚЖ түрлерi екi негiзгi түрлерге бөлiнедi:

1.материалық;

2.материалдық емес.

Материалдық еместi кей кезде “саяси” деп атайды.

Материалдық жауапкершiлiк дегенiмiз-ол, мүлiктiк сипаты бар, талап қою арқылы iске асырылатын жауапкершiлiктi айтады.

Мысалы, мүлктiк зиян келтiргенi үшiн соның орнын толтыру.

Материалдық емес жауапкершiлiк дегенiмiз- ол, мемлекеттiк моральдық мүддеге, ар-ожданына, абыройына келекi еткенi үшiн жауапкершiлiктi айтады. Мысалы, Югославия Президентi Слободан Милошовичтiң халықаралық Гаага сотында қылмыстық жауапқа тартылуы. Оның қылмысы Албан халқын жою болды.

ХҚЖ материалдық емес жауапкершiлiктiң түрiне мынадай нысандарды қарастыруға болады:

А) Сатисификация- құқық бұзушы субъект тарапынан болатын бiржақты акт, онда құқығы бұзылған субъектiнiң талабын моральдық қанағаттандыруға ұмтылмас болды.Оған мысал ретiнде: кешiрiм сұрау, мұндайә бұзушылықты келешекте болдырмау жайында мәлiмдеме жасау, т.б.болуы мүмкiн;

Б) Репрессалия-бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектiге қатысты қолданылатын бiржақты актлер. Бiр мемлекеттiң екiншi бiр мемлекетке құқық бұзған үшiн жасайтын iс әрекетiн айтады.

Бұл iс-әрекет реторсия деп аталады. Мысалы, 1968ж Қытай әскерi СССР шекарасын бұзғаны үшiн шекарашылырдың қарулы түрде тойтарыс беруi. Бұл жағдайда халықаралық құқық нормасы бұзылмайды.

Сол секiлдi халықаралық құқық деңгейiнде авторлық құқыты қорғау.

Халықаралық құқытық жауапкершiлiктiң материалдық жауапкершiлiк түрiне жататындар:

-өтемақы; оны репарация деп атайды- нгiзiнен алғанда келтiрлiлген заладың орынын ақшалай толтыру. Мысалы: Германияның екiнiш дүниежүзiлiк соғыста келтiрiлген залалына Грекия 2000 жылы қарыжылық жауапкершiлiктi талап еттi.

-реституция; келтiрiлген мүлiктiк зиянды сол қалпында кейiн қайтару.


ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Халықаралық-құқытық жауапкершiлiк дегенiмiз-ол, халықыаралық шеңберде құқытық мiндеттемелердi бұзған жағдайда халықаралық құқық субъектiлерi үшлiн туындайтын заңдылық салдарды айтады.

2. Материалдық жауапкершiлiк дегенiмiз-ол, мүлiктiк сипаты бар, талап қою арқылы iске асырылатын жауапкершiлiктi айтады.

3. Сатисификация- құқық бұзушы субъект тарапынан болатын бiржақты акт, онда құқығы бұзылған субъектiнiң талабын моральдық қанағаттандыруға ұмтылмас болды

4. Репрессалия-бұл құқығы бұзылған субъект тарапынан бұзушы субъектiге қатысты қолданылатын бiржақты актлер. Бiр мемлекеттiң екiншi бiр мемлекетке құқық бұзған үшiн жасайтын iс әрекетiн айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет