Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет141/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Бұл топтағы әдістерге: бақылау, шығарма жаздыру, сауал – сұрақ, тестілеу, әңгімелесу, іс–әрекет нәтижесін бақылау әдістер жатады.

Сонымен тәрбие әдісі – мақсатқа жетудің жолы.


13.3. Тәрбие әдістеріне сипаттама.

Тәрбие әдістерінің бірінші тобы – оқушылардың санасына, сезіміне, ерік- жігеріне жан- жақты ықпал жасауды қамтиды . Бұл әдістер оқушыларға сенімді қалыптастыруды және сана мен іс– әрекеттің бірлік принципін жүзеге асыруды көздейді. Бала жеке тұлға болып қалыптасу пройесінде тек қана сыртқы әсер арқылы ғана емес, ішкі жан дүниесінің, жеке сананың әрекетінің ықпалы арқылы да дамып жетіледі. Кейбір авторлар бұл тотағы әдістерді қалыптасқан дәстүр бойынша сендіру әдісі деп те атайды.

Жалпы адамзаттық мораль талаптарына сай қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушінің сана– сезіміне, еркіне, мінез–құлқына ықпал жасау жолдары мен тәсілдерінің жиынтығы сендіру әдісі деп аталады.

Ең көп тараған әдістің бірі–түсіндіру. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты арнайы тәрбиелік мақсат көзделіп, оқушыларға гуманизм, парыз, ар– намыс, кішіпейілділік,тәртіптілік, жауапкершілік сияқты т.б. туралы түсіндіріледі.

Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары, өткізу әдістемесі тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының ең күрделісі – этикалық әңгімелер.

Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі.

Этикалық әңгімеге қойылатын мақсат – оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан іс әрекеттерге, оқиғаларға т.б. баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым – қатынасын қалыптастыру. Әңгімелесу әртүрлі тақырыпқа арналады.

Пікірталас дегеніміз – пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Бұл көбінесе жоғары сынып оқушыларымен өткізіледі және ең тиімді әдіс. Пікірталас проблемалық жағдайларға негізделуі керек. Мысалы, «Демократия» дегеніміз не, «Адам атану оңай, ал нағыз адам болу қиын», «Өз мінезіңді өзгертуге бола ма», деген сияқты тақырыптарда өткізуге болады.

Екінші топтағы әдістің психолгиялық тұрғыдан ерекшелігі – адамның іс– әрекеті жеке басының, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші ғана емес, оның дамуының өздігімен жетілуінің шешуші белгісі екендігі.

Педагогикалық талап әдісі әртүрлі іс– әрекеттердің бір түріне тежеу, ал енді бір түрін күшейту мақсатымен тәрбиеленушінің санасына педагогикалық ықпал жасау екендігі тәрбие әдісінің теориясында айқындалған. Бұл туралы А.С.Макаренко : «Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмаса, онда коллективті де құруға, коллектив ішінде тәртіп орнатуға да болмайтындығы, әрине өзінен–өзі түсінікті нәрсе Мен түзетулер енгізілмей , келісушілік жасалмай, жүйелі түрде белгілі талаптар қойылуын жақтайтын адаммын » – деп бұл әдістің ерекшелігін атап көрсеткен. Оқушылардың өмірін ұйымдастыруда бұл әдіс шешуші роль атқарады.

Жаттығу әдісі мінез–құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әртүрлі іс– әрекетті ұйымдастару арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады.

Тәрбие әдістерінің үшінші тобы мектеп оқушыларының қылықтары мен іс– әрекеттерін қуаттау не айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.

Мадақтау–оқушылардың тәртібін, мінез құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.

Мадақтаудың түрлері өте көп, олар: мақұлдау, алғыс айту, мақтау,силық беру,марапаттау.

Жазалау дегеніміз–педагогикалық ықпал ету әдісі,ол жағымсыз әркеттердің алдын алып,оларды тежеу, өзінің жолдастары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.

Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, оқушының тәртібі жөнінде бағасын төмендету шаралары қолданылады. Сондай–ақ қосымша тапсырмалар беру, белгілі бір құқығынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу, моральдық кемшілігін таныту. Жазалаудың нәтижелі болуына белгілі бір шарттар:

1) жазаның ұжым тарапынан туындауы;

2) жазаның нақты болуы;

3) жазаның міндетті түрде орындалуы;

4) оқушының жазаны не үшін берілгенін түсінуі;

5) жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы;

6) оқушылардың дара психологиясын біліп барып жазалау;

7) жазалаудың қате қылықтарды толық түсіну негізінде орындалуы;

8) жазаның өш алу құралы болмауы және т.б.

Жарыс–адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:

1) жарыс белгілі бір мақсатқа байланысты ұйымдастырылуы тиіс;

2) жарыстың бағытын біліп, мазмұнын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет