Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет24/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы


3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағымен көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының

Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2002 жылғы 5 тамыздағы N 5 қаулысы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев,
Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты С. Әбдiрахмановтың,

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Н.В. Белоруковтың,

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары Е.Ж. Жұмабаев пен Р.Қ. Сәрпековтiң,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Азаматтық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы С.I. Райымбаевтың,

Республика Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары


О.И. Жұмабеков пен Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Республика Әдiлет вице-министрi Р.Ш. Шамсутдиновтың,

Республика ҰҚК Заң басқармасының бастығы
Ғ.Ж. Әбдiрахмановтың,

Республика IIM Тергеу департаментi бастығының орынбасары А.М. Череповтың,

сарапшылар: заң ғылымдарының докторы, профессор, Республика Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспондентi
Ғ. Сапарғалиевтiң, заң ғылымдарының докторы, профессор
М.Ч. Қоғамовтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының конституциялылығын тексеру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Республика Үкiметi, Бас прокуратурасы және Әдiлет министрлiгi берген ақпараттарды, сарапшылардың қорытындыларын, сондай-ақ конституциялық iс жүргiзудiң өзге де материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ә. Омархановтың хабарламасын, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi мен отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Республика Парламентi 2002 жылғы 25 маусымда қабылдаған және ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына 2002 жылғы 1 шiлдеде келiп түскен.

Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республика Парламентiнiң 24 депутаты жоғарыда аталған Заңның конституциялылығын тексеру жөнiнде Конституциялық Кеңеске өтiнiш жолдаған.

1. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрi бойынша, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының кейбiр ережелерi мына негiздер бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi:

1) Заңның 15-бабы 3) тармақшасы және 18-тармағы арқылы соттардың қылмыстық және азаматтық iстер бойынша құқықтық актiлерiн тоқтата тұруға құқығы бар прокуратура органдары лауазымды адамдарының тiзбесi кеңейтiледi. Атап айтқанда, бұл құқық Бас Прокурордың орынбасарларына берiледi, ал ол соттар актiлерiнiң мiндеттiлiгi (Конституцияның 76-бабы 3-тармағы) және судьяның тәуелсiздiгi (Конституцияның 77-бабы 1 және


2-тармақтары) туралы конституциялық принциптерге қайшы келедi;

2) сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады (Конституция 75-бабының 1-тармағы), оның дауланып отырған мәселелер бойынша шешiмдерi түпкiлiктi және орындалуы мiндеттi, соған байланысты тек оның шешiмдерi мәжбүрлеу тәртiбiмен орындалуға тиiстi (Конституцияның 76-бабы 3-тармағы). Прокурорлық шара көру актiлерiн мәжбүрлеп орындату (5-баптың 19) тармақшасы, Заңның 16-тармағы), сондай-ақ оларды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын белгiлеу (Заңның 14-тармағы және 20-тармағының


4) тармақшасы) жоғарыда аталған конституциялық ережелерге де, Конституцияның 13-бабы нормаларына да сәйкес келмейдi, өйткенi азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығы бұзылады;

3) жедел-iздестiру шаралары тек қылмыстық iс тергелген кезде ғана жүргiзiледi, құқықтық қатынастардың басқа салаларында оған жол берiлмейдi. Сондықтан прокуратураға жедел-iздестiру шараларын қылмыстық-процессуалдық қатынастар шеңберiнен тыс жүргiзуге бастамашылық жасау құқығын беру, прокуратураның жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын конституциялық өкiлеттiгiмен үйлеспейдi (Конституцияның 83-бабы 1-тармағы).

4) Республика Үкiметi ұсынған, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы 17 заң актiсiн түзетудi көздеген болатын. Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары талқылау барысында тағы үш заң актiсiне: Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы К010155_ кодекске тұжырымдамалық жағынан өзгерiстер мен толықтырулар енгiздi, ал бұл заң шығару бастамасы субъектiлерiнiң Конституциямен белгiленген заң жобасына бастамашылық жасау рәсiмдерiне
қайшы келедi.

Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi мәнiндегi өтiнiшiн қарай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


мынаны ескердi.

Конституцияның 76-бабы 3-тармағына сәйкес соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Бұл конституциялық принцип сот анықтаған мән-жайларға, олардың құқықтық бағасына және сот актiлерiнде көрсетiлген нұсқамаларға қатысты мiндеттiлiктi де, соттардың құқықтық актiлерiн барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттi түрде орындауын да бiлдiредi.

Сонымен бiрге, соттардың шешiмдерi, үкiмдерi және өзге де қаулылары түпкiлiктi сипатқа ие емес.

Соттың құқықтық актiсiнiң түпкiлiктiлiгi, Конституцияның әркiмнiң сот арқылы қорғалу құқығын белгiлейтiн 13-бабы


2-тармағының талабына қайшы келедi. Бұл конституциялық құқық адамның, азаматтың құқықтары мен бостандығын кез келген озбырлықтан да, соттың қате шешiмдерiнен де қорғауды көздейдi. Iстi жоғары тұрған сот сатыларында қайта қарау мүмкiндiгi мұндай қорғаудың ең бiр тиiмдi кепiлi болып табылады, ол заңдар арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс. Сот, атап айтқанда аудандық (қалалық) сот шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi, мүдделi органдар мен адамдардың сот қателiктерiн түзету мақсатындағы наразылығы, шағымы бойынша шешiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн басқа сот сатылары тексеруi мүмкiндiгiн жоққа шығарады. Аудандық соттың қаулысын түпкiлiктi және шағымдануға жатпайды деп тану сот билiгiн де шектейдi, бұл Конституцияның сот органдарының жүйесi мен негiзгi өкiлеттiгiн белгiлейтiн 75, 76 және 81-баптарына сәйкес келмейдi, және прокуратураның Республика Конституциясы 83-бабы 1-тармағының ережелерiнен туындайтын өкiлеттiгiн де шектейдi.

Сол арқылы, сот шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi оған сот тәртiбiмен шағымданудың, заңдылығы мен негiздiлiгiн одан әрi тексерудiң құқықтық мүмкiндiгiн жоққа шығарады, соған байланысты олардың, кейiн сот бақылауының және сот қателiгiн түзетудiң кепiлi ретiнде, орындалуын тоқтата тұру мүмкiн болмай қалады.

Республика Конституциясына негiзделген бұл құқықтық позициялар Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 5 мамырдағы
N 8/2 , 1998 жылғы 5 маусымдағы N 3/2 , 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 және 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 14/2 қаулыларында бiлдiрiлген.

Судьяның тәуелсiздiгi және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмеу принциптерiне келер болсақ, Конституцияның оларды белгiлейтiн 77-бабы 1 және 2-тармақтарында, нақты iс бойынша шешiм шығарылғанға дейiн, соттың Конституция мен заңдарға негiзделген, объективтi және бейтарап сот төрелiгiн iске асыруына кедергi келтiру мақсатында сотқа кiмнiң де болсын тарапынан кез келген түрдегi заңсыз ықпал етуi туралы сөз болып отыр.

Сот iс бойынша қорытынды шешiм қабылдау арқылы өндiрiстi аяқтап, сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң мақсат-мiндетiн орындағаннан кейiн сот актiлерiнiң орындалуын тоқтата тұруға болады. Мұндай тоқтата тұру заңмен белгiленген сотта iс жүргiзу нысандарының сатысы болып табылмайды және де сот тәуелсiздiгiне қалай да болмасын қол сұқпайды. Сот актiлерiнiң орындалуы Республика заңнамасымен өкiлеттiк берiлген өзге мемлекеттiк органдардың қарауына жатады.

Республиканың қолданыстағы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 466-бабы және Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 396-бабы редакцияларына сай Жоғарғы Соттың Төрағасы және Бас Прокурор соттардың құқықтық актiлерiнiң орындалуын тоқтата тұруға құқылы. Бұл құқық олардың айрықша құзыретi болып табылмайды және мұндай өкiлеттiгi бар лауазымды адамдардың тiзбесi заңмен кеңейтiлуi мүмкiн, ол Республика Конституциясының талаптарына қайшы келмейдi.

Өзiн құқықтық мемлекет ретiнде орнықтыратын Қазақстан Республикасында (Конституцияның 1-бабы 1-тармағы), адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi (Конституцияның 12-бабы 1-тармағы), соған байланысты заңдылық режимiн қамтамасыз ету мемлекеттiң, оның органдары мен лауазымды адамдары қызметiнiң маңызды бағыттарының бiрi болып табылады. Сондықтан да мемлекет заңдылық бұзылуын анықтау жөнiндегi шараларды және оларды жоюды көздейтiн механизмдердi белгiлеуге хақылы. Мұндай өкiлеттiк Конституцияның 61-бабына сай Республика Парламентiнiң құзыретiне жатады.

Конституцияның 13-бабы 2-тармағына сәйкес әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Сонымен бiрге, Конституция адамға және азаматқа өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғау құқығын бередi (Конституцияның 13-бабы


1-тармағы). Бұл аталған конституциялық норма адамның және азаматтың өз мүдделерiн қорғау құралын таңдауда, соның iшiнде прокуратура органдарына өтiнiш беру арқылы, еркiн қалауын бiлдiруiн көздейдi.

Конституциялық құрылысты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын прокуратура, Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады (Конституцияның 83-бабы 1-тармағы). Заңдылықтың кез келген бұзылуын жою мақсатында өзiнiң заңмен белгiленетiн құзыретi шегiнде шаралар қолданады (Республика Конституциясының 83-бабы 1 және 4-тармақтары).

Мемлекеттiк билiктiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылатын Қазақстан Республикасының Президентi (Конституцияның 40-бабы 2-тармағы), өзiнiң 2001 жылғы
22 қаңтардағы N 536 "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығында Республика Үкiметiне қолданыстағы заңнамаға прокурорлардың актiлерi мен талаптарын мiндеттi түрде орындауды, оларды мәжбүрлеп орындату механизмiн айқындауды және прокурорлық қадағалаудың талаптары мен актiлерiн орындамағаны үшiн лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершiлiгiн белгiлеудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобасын әзiрлеп, Республика Парламентiне қарауға енгiзудi тапсырды.

Бұл баяндалғаннан туындайтыны, конституциялық ережелер прокурордың құқықтық актiлерiн мәжбүрлеп орындату шаралары мен механизмiн, оларды орындамағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын заңмен регламенттеуге кедергi келтiрмейдi.

Конституцияның 83-бабы 1-тармағынан сондай-ақ туындайтыны, прокуратура заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау жөнiнде заңмен көзделген шаралар қолданады. Бұл аталған конституциялық ереже әлгi конституциялық мiндеттi жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлiн, атап айтқанда, прокурордың өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын өткiзуге бастамашылық жасау құқығын заңмен белгiлеуге кедергi келтiрмейдi. Сонымен бiрге мұндай өкiлеттiк прокуратураға қылмыстық iс жүргiзу қатынастары шегiнде ғана емес, ол жүргiзетiн прокурорлық қадағалаудың барлық нысандары мен түрлерiнде тиесiлi болуы мүмкiн. Бұл орайда Конституцияның 83-бабы 1-тармағының нормаларына сай прокуратура қадағалаудың құқықтық құралдарын заңмен көзделген шекте пайдалана отырып, оны iске асыруға уәкiлеттi органдардың қызметiнде заңдылықты қамтамасыз
етуге мiндеттi.

Республика Конституциясының 61-бабы Республика Парламентi депутаттарының және Үкiметiнiң заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыруының тәртiбiн және заң жобасын Парламентте қараудың рәсiмiн белгiлейдi. Конституция 61-бабының кейбiр нормаларына Республика Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы


8 маусымдағы N 8/2 қаулысында түсiндiрме берiлген болатын.

Заң шығару бастамасы құқығы тек қана Парламент Мәжiлiсiнде жүзеге асырылады. Заң жобасын Мәжiлiсте қараған кезде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, бұл Парламент пен оның Палаталарының заң шығару функцияларын жүзеге асыру жөнiндегi мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн конституциялық ережелерден туындайды. Конституцияның 61-бабы 4-тармағы заң шығару процесiнiң Мәжiлiстiң заң жобасын мақұлдағанынан кейiн келетiн сатысын регламенттейдi. Сенатқа берiлген заң жобасы әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады, Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған жағдайда заңға айналады және он күннiң iшiнде Мемлекет басшысының қол қоюына берiледi. Одан тыс заң жобасын қабылдамау рәсiмi көзделген, сонымен бiрге Сенат қайта қабылдамаған жағдайда оны сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды деп көзделген. Конституцияның 61-бабы


5-тармағынан туындайтыны, Мәжiлiс мақұлдаған заң жобасына Сенат өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге хақылы. Сенат ұсынған түзетулердi келiсу тәртiбi Конституцияның, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның нормаларымен, Парламенттiң, Сенаттың және Мәжiлiстiң регламенттерiмен белгiленген. Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмi арқылы шешiледi.

Конституцияның Парламенттегi заң шығару процесiн регламенттейтiн нормалары қаралып отырған заң жобасына Палаталар енгiзетiн түзетулердiң көлемiн, шегiн және сипатын белгiлемейдi. Конституцияның 61-бабы 6-тармағы, егер заң жобалары мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн болса ғана Үкiметтiң оң шешiмiн алу қажет деген талапты белгiлейдi. Бұл конституциялық ереже заң жобасын Мәжiлiске енгiзу сатысына да, оны Парламент Палаталарында қарау процесiне де қолданылады.

Үкiмет және Парламент депутаттары заң шығару бастамасы субъектiлерi ретiнде өздерi енгiзген жобаның ережелерiн жұмысшы топтарда, тұрақты комитеттерде, Палаталардың пленарлық отырыстарында қарау кезiнде қорғауы мүмкiн. Егер заң шығару бастамасы субъектiсi Палаталардың өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi нәтижесiнде заң жобасының тұжырымдамасы мен өзге де елеулi сипаттамасы өзгередi деген ұйғарымға келетiн болса, онда ол енгiзiлген жобаны қараудың кез келген сатысында керi шақырып алуға хақылы.

Конституциялық Кеңес, Парламент "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңды қараған кезде жоғарыда аталған конституциялық ережелердi бұзбағанын анықтады.

Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның 2-тармағының 2) тармақшасы, 5-тармағының
19) тармақшасы, 14-тармағы, 15-тармағының 3) тармақшасы,
16 және 18-тармақтары, сондай-ақ осы Заңға бастамашылық жасау, оны қарау және қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы келмейдi деп есептейдi.

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның мынадай ережелерiн де Республика Конституциясына сәйкестiгi мәнiнде қарады:

санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және кеден органдары лауазымды адамдарының тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдану туралы прокурорды хабардар етуге мiндеттiлiгiн және олар заңсыз болған жағдайда прокуратураның бұл шаралардың күшiн жою немесе алып тастау құқығын белгiлейтiн 1-тармағының, 1) тармақшасының және
3-тармағының 3) тармақшасы төртiншi абзацының нормаларын;

прокурордың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кедергiсiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында дереу қабылдануға, құжаттар мен материалдарға қол жеткiзуге өкiлеттiгi бөлiгiндегi 5-тармақ 7) тармақшасының бесiншi абзацының нормаларын;

прокуратура органдарына келуден бас тартқан лауазымды адамдар мен азаматтарды прокуратура органдарына жеткiзу (күштеп әкелу) тәртiбiн белгiлейтiн 5-тармақтың 19) тармақшасы бесiншi абзацының нормасы;

прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес деген бөлiгiндегi 5-тармақ 7) тармақшасының тоғызыншы абзацының нормаларын;

Бас Прокурордың өз құзыретi шегiнде Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң және жедел-iздестiру қызметi туралы заңнаманың нормаларын қолдану мәселелерi бойынша, алдын-ала анықтау және тергеу органдары, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар үшiн орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау құқығы туралы 5-тармақтың 9) тармақшасы төртiншi абзацының, 2-тармақтың 10) тармақшасы екiншi абзацының, 15-тармақтың 1) тармақшасы үшiншi абзацының нормалары;

прокурордың жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылық бұзылуын анықтау мақсатында прокуратура органдарының мамандарын қатыстыруға құқылы екендiгiн бiлдiретiн 2-тармақтың 10) тармақшасы үшiншi абзацының нормасы.

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 1994 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының он алтыншы-жиырма бiрiншi абзацтарында мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызметiнде санитарлық ережелер мен нормалар, гигиеналық нормативтер бұзылуын анықтаған, сондай-ақ мұндай қызметтi одан әрi жүзеге асыру адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда олардың қызметiнiң жекелеген түрлерiне тыйым салу және тоқтата тұру құқығы белгiленген.

Одан тыс, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңның 100-бабымен тауарларды жоюдың кедендiк режимi, дәл осы Заңның 207-бабымен - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылау өткiзу үшiн аумақ пен үй-жайларға кiру тәртiбi айқындалады.

Жоғарыда аталған Заңдардың нормаларына толықтырулар енгiзудiң мәнi сол, бұл өкiлеттiктi санитарлық-эпидемиологиялық және кеден органдары бұрыңғы көлемiнде, бiрақ жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып жүзеге асырады. Хабарламаны алғаннан кейiн, прокурор жүргiзiлген iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда, тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жою немесе алып тастауға дейiн прокурорлық қадағалау шараларын қолданады.

Бұл аталған ережелер Республика Конституциясының нормаларымен үндеседi. Мәселен, оның 83-бабының 1 және


4-тармақтары прокуратураның заңмен белгiленетiн өз құзыретi шегiнде заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданатынын көздейдi. Одан тыс, мұндай шаралар Конституция мен заңдар, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерi сақталуының қосымша кепiлi болады, бұл Конституция талаптарына, оның негiзгi ережелерi мен принциптерiне сәйкес келедi.

Республика Конституциясының 34-бабы 1-тармағына және


6-бабы 2-тармағына сай "Әркiм Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге мiндеттi", "Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. ... меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi ... заңмен белгiленедi". Бұл конституциялық ережелер, сондай-ақ прокуратураның өкiлеттiгiн регламенттейтiн нормалар, прокурордың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кедергiсiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында дереу қабылдануға, құжаттар мен материалдарға қол жеткiзуге құқығын заңмен белгiлеуге кедергi келтiрмейдi. Олар прокуратураның Конституция және заңдар арқылы өзiне жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындауына септiгiн тигiзедi.

Атай кету керек, бұл көрсетiлген өкiлеттiк прокуратураға заңмен бұрын да берiлген болатын, түзетулер оларды тек прокурордың лауазымды адамдарда дереу қабылдану құқығымен ғана толықтырды.

Прокуратура Конституцияның, заңдардың, Республика Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою жөнiнде шаралар қолдану жөнiндегi өзiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн тиiмдi әрi пәрмендi құқықтық құралдар жиынтығына ие болуға тиiс, бұл Конституцияның 83-бабы 1-тармағы нормасының мазмұнынан келiп туындайды.

Мәселен, заңды бұзушылық туралы өтiнiштер, шағымдар, хабарлар және басқа да мәлiметтер, заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуы прокурорлық тексерiс жүргiзу үшiн негiздердiң бiрi болып табылады (Республика Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" заң күшi бар Жарлығының 5-бабы). Егер заңды бұзушылық туралы мәлiметтердi толық, объективтi, жан-жақты және заңды тексерудi, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тиiмдi қорғауды, заңдылық режимiн қалпына келтiрудi қамтамасыз ету үшiн тиiстi лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат алу қажет болса, олар прокуратура органдарына келуге және түсiнiктеме (айғақ) беруге мiндеттi. Прокурордың заңды талаптары орындалмаған жағдайда мәжбүрлеу және жауапкершiлiк шаралары қолданылуы мүмкiн, бұл прокуратура органдары қызметiнiң құқықтық кепiлi болып табылады (Республика Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" заң күшi бар Жарлығының 6-бабының 1-тармағы және 3-бабының 4-тармағы).

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның бұл ережелерi (7) тармақшаның жетiншi абзацы және 5-тармақ 19) тармақшасының бесiншi абзацы) Конституция талаптарына, атап айтқанда оның
34-бабы 1-тармағының, 39-бабы 1-тармағының, 83-бабы 1 және
4-тармақтарының нормаларына қайшы келмейдi.

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның 5-тармағы 7) тармақшасы тоғызыншы абзацының нормалары да Республика Конституциясының талаптарына сәйкес келедi, ол нормаларға сай прокурор, заңда көзделген басқа жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес.

Заңның жоғарыда аталған нормалары өзiнiң өкiлеттiгiн iске асыру кезiнде прокуратураның тәуелсiздiгiн, азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Конституциясының 18-бабы 3-тармағынан туындайтын, әркiмнiң өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу құқығы, сондай-ақ мемлекеттiң, лауазымды адамдардың бұл құқықты қамтамасыз ету мiндетi басқа конституциялық нормалармен, атап айтқанда Конституцияның 20-бабы


2-тармағының және 39-бабы 1-тармағының нормаларымен жүйелi байланыста бола отырып жүзеге асырылады, бұл нормаларда "Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi", "Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажеттi шамада ғана және тек заңмен шектелуi мүмкiн", – делiнген. Конституцияның 18 және 20-баптарымен көзделген құқықтар, ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс құқықтар мен бостандықтар тiзбесiне (Конституцияның 39-бабының 3-тармағы) кiрмейдi.

Одан тыс, Республика Конституциясының 83-бабы


2-тармағымен прокуратураның өз өкiлеттiгiн iске асырудағы тәуелсiздiгi принципi баянды етiлiп, ол Республика Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" заң күшi бар Жарлығында әрi қарай дамуын тапты. Жарлықтың 3-бабында, прокуратура өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз жүзеге асырады; өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тыйым салынады; прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл жасайды деп көзделген.

"Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Республика Заңының 13-бабымен ақпарат алмасуға қойылатын талаптар белгiленген. Осы баптың 4-тармағында, ақпараттық рәсiмдер мемлекеттiң мүдделерiмен байланысты қызметтiк және өзге де ақпараттың жария етiлуiне жол бермеуi тиiс; мемлекеттiк қызметшiлерге қызметтiк ақпарат оларға жүктелген қызмет мiндеттерiн орындау үшiн ғана берiледi. Заңның 15-бабы


2-тармағының 3) тармақшасы азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру рәсiмдерiн белгiлеп, бұл рәсiмдер азаматтардың жеке өмiрi, жеке басы және отбасы құпиясы туралы мәлiметтердi олардың келiсiмiнсiз жариялау мүмкiндiгiне жол бермеудi көздейдi.

Арнайы пайдалану режимi заң арқылы сондай-ақ коммерциялық, салық, банк құпиясына, техникалық және ұйымдастырушылық ақпаратқа, өндiрiс құпиясына (ноу-хау) және басқа ақпаратқа қатысты белгiленген.

Жоғарыда 6аяндалғанның негiзiнде мынаны атап өткен жөн, Конституцияның 18-бабы 3-тармағымен және 20-бабы
2-тармағымен көзделген азаматтардың конституциялық құқықтары заңдармен белгiленетiн шектерде және тәртiппен жүзеге асырылады.

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңмен, Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң және жедел-iздестiру қызметi туралы заңнаманың нормаларын қолдану мәселелерi бойынша, алдын-ала анықтау және тергеу органдары, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар үшiн орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды деп белгiленген (2-тармақ 10) тармақшасының екiншi абзацы, 5-тармақ 9) тармақшасының төртiншi абзацы және 15-тармақ


1) тармақшасының екiншi абзацы).

Бас Прокурордың бұл аталған өкiлеттiгi Республика Конституциясының талаптарына қайшы келмейдi. Мұндай және соған ұқсас құқықтық қатынастарды регламенттеу Конституция нормаларымен реттеу нысаны емес, оның ережелерi мемлекеттiк органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң негiздерiн, заңды тұлғалардың құқықтық субъектiлiгiн заң арқылы белгiлеуге жол бередi (61-бап).

Енгiзiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулардың мәнiне келер болсақ, Бас Прокурордың, басқа органдардың заңмен белгiленген құзыретi шегiне қол сұқпай, өз өкiлеттiгi шегiнде прокуратура органдары мен мекемелерiнiң барлық қызметкерлерi үшiн де, заңмен белгiленген субъектiлер қатары үшiн де орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға құқықтық мүмкiндiгi бар. Бұл құқық бұдан бұрын да Республика Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" заң күшi бар Жарлығының 11-бабы 4) тармақшасымен және 22-бабы
2-тармағымен, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Республика Заңымен бекiтiлген болатын.

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның, прокурорлардың жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықты бұзуын анықтау мақсатында прокуратура органдарының мамандарын қатыстыруға құқығын көздейтiн


2-тармағы 10) тармақшасы үшiншi абзацының нормалары да Республика Конституциясына сәйкес келедi.

Мәселен, Республика Конституциясы 83-бабының 1 және


4-тармақтарына сай прокуратура заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау және жою мақсатында, қаралып отырған Заңға қатысты қолданыста – жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың қызметiнде, заңмен белгiленетiн өз құзыретi шегiнде шаралар қолданады.

Заңның 2-тармағы 10) тармақшасының үшiншi абзацымен көзделген прокурорлық қадағалау шаралары қылмыстық сот iсiн жүргiзу шеңберiнен тыс жүзеге асырылады, сондықтан, қылмыстық iс жүргiзу заңнамаларына сәйкес жүргiзiлетiн анықтама жүргiзу мен алдын ала тергеудiң прокуратурадан бөлiнуiн көздейтiн Конституцияның 84-бабы ережелерiне қайшы келмейдi.

Сол арқылы, Конституция нормалары прокурордың бұл аталған өкiлеттiктi жүзеге асыруына кедергi келтiрмейдi.

Жедел-iздестiру қызметiнiң мәселелерi заңмен реттелуiне байланысты (Конституцияның 84-бабы 2-тармағы), аталған өзгерiстер мен толықтырулар "Жедел-iздестiру қызметi туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Республика Заңына ғана енгiзiлiп отыр.

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Республика Заңы қалған бөлiгiнде
де сондай-ақ Республика Конституциясының талаптарына
сәйкес келедi.

Мынаны атап өткен жөн, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген барлық жағдайларда мүдделi адамдар мен органдар прокурорлардың iс-қимылына сотқа шағымдануы мүмкiн, сот олардың заңдылығын тексерiп шығып, қорытынды шешiм қабылдайды. Бұл ереже әркiмнiң, Қазақстан Республикасы заңдарымен кепiлдiк берiлген және қамтамасыз етiлген, өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы туралы Республика Конституциясының 13-бабы 2-тармағынан келiп туындайды.

Осылайша, Республика Конституциялық Кеңесi, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Республика Парламентi, Конституцияда белгiленген тәртiптi сақтай отырып, өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған деп есептейдi. Бұл Заңның нормалары мен ережелерi Қазақстан Республикасының Конституциясына
қайшы келмейдi.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31-33 және 37-39-баптарын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет