Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет25/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 2002 жылғы
25 маусымда қабылдаған және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына 2002 жылғы 1 шiлдеде берген, "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы


3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағымен көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясының

52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы

2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы

2-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 30 қаңтардағы N 10 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты С.Ә. Әбдiрахмановтың,

Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары
Е.Ә. Әбiлқасымовтың, В.Я. Земляновтың және В.Н. Котовичтiң,

Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Республика Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесi


В.К. Фосовтың,

Республика Әдiлет вице-министрi Р.Ш. Шамсутдиновтiң,

сарапшылар: Республика IIМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидiң және Қаржы полициясы академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор М.Ч. Қоғамовтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын,


79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Х.Ә. Әбiшевтi, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы
5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы  3-тармағын және
15-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiш жасады. Өтiнiш субъектiсi Конституцияның осы аталған баптарының нормаларын мынадай мәселелер тұрғысынан түсiндiрудi сұрайды:

1) Конституция нормаларында жазылған "ауыр қылмыстар" деген сөздердi тиiстi кезде қолданыста болған Қылмыстық кодекстегi қылмыстың анағұрлым ауыр санаты ретiнде түсiну


керек пе;

2) Конституцияның 15-бабының 2-тармағында жазылған "аса ауыр қылмыстар" деген ұғымды ауыр қылмыстар iшiндегi жасалғаны үшiн қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес айрықша ауыр өлiм жазасы тағайындалу мүмкiн қылмыстар тобы ретiнде түсiну керек пе;

3) Конституцияның аталған нормалары қол сұғылмаушылығы Конституцияда баянды етiлген, бұрын қылмыстық жауапқа тартылған және ауыр қылмыс жасады деген айыптау бойынша тұтқынға алынған адам әрекетiнiң саралануы өзгерген жағдайда тиiстi органдардың мiндеттi түрде келiсiм беруiн
көздей ме.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы


4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы
3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты ресми түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес
мынаны ескердi:

1. Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы


5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының, 83-бабы 3-тармағының және 15-бабы 2-тармағының нормаларынан қылмыстың ерекше ауыр және ауыр қылмыс болып бөлiнетiнi келiп шығады. Бұл аталған санаттардың ұғымын топтастыру және айқындау қылмыстық заңнама аясына жатқызылған.

Жоғарыда аталған конституциялық нормалардан келiп шығатыны, бұларда көрсетiлген санаттардың iшiнде ерекше ауыр қылмыс қоғамдық қауiптiлiктiң ең жоғары дәрежесiне ие.

Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы
5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының және 83-бабы 3-тармағының нормалары, ауыр қылмыс жасалған ретте тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiн алу қажет емес деп белгiлейдi.

"Ауыр қылмыс" санатының атап өтiлуiн қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн белгiлеу деп түсiну керек, бұл, егер тұлға ауыр қылмысқа қарағанда жеңiлдеу қылмыс жасаған жағдайда, тиiстi органдардың келiсiмi болуы мiндеттi екенiн, және, керiсiнше, ауыр қылмыс және ең қауiптiсi – ерекше ауыр қылмыс жасаған кездердiң бәрiнде келiсiмнiң қажет еместiгiн бiлдiредi.

2. Конституцияның 15-бабы 2-тармағын түсiндiрген кезде оның мағынасын және бұл норманың Конституция құрылымындағы мәтiнiн ескерген жөн.

Конституцияның "Адам және азамат" деген II бөлiмiнде  орналасқан 15-баптың 2-тармағында, ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кешiрiм жасау туралы арыздану құқығы берiледi, деп белгiленген.

Ең ауыр жаза жөнiндегi норманы шектемелi деп санаған жөн, өйткенi ол ауырлығы басқа дәрежедегi қылмысқа емес, тек ерекше ауыр қылмысқа ғана қолданылады. Өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн ерекше ауыр қылмыстың нақты құрамын қылмыстық заңнама айқындайды. Бұл ретте ерекше ауыр қылмыс үшiн заңда өлiм жазасынан басқа да жаза белгiленуi мүмкiн.

3. Қол сұғылмаушылығы Конституциямен баянды етiлген, тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бұдан бұрын оған қатысты сұралмаған тұлғаның әрекетi ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстан ауырлығы жеңiлдеу қылмысқа қарай сараланып өзгерген кезде, тұтқынға алынатын және қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жағдайда, Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы


5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының және 83-бабы 3-тармағының талаптарына орай қол сұғылмаушылықтан айыру тәртiбi туралы ережелердi сақтау мiндеттi деп санау керек.

Конституциялық Кеңес, тұтқынға алудың тәртiбi, "қылмыстық жауапқа тартудың" мазмұны және соларға байланысты мәселелердi регламенттеу, заңмен реттеу нысаны деп есептейдi.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын, 31-33  және 37-бабын , 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы
4-тармағында, 71-бабы 5-тармағында, 79-бабы 2-тармағында,
83-бабы 3-тармағында және 15-бабы 2-тармағында "ауыр қылмыс" және "ерекше ауыр қылмыс" деген санаттар берiлген. Қазақстан Республикасы Конституциясының бұл аталған нормаларынан келiп шығатыны, ерекше ауыр қылмыс өзiнiң қоғамдық қауiптiлiк сипаты мен дәрежесi жағынан ең ауыры болып табылады.

Қылмыстарды топтастыру қылмыстық заңнама аясына жатады.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабы
2-тармағын, "өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi..." деген бөлiгiнде, заң шығару арқылы өлiм жазасын белгiлеуге қойылатын шектеу деп түсiнген жөн, бұл жаза өзге жеңiлiрек қылмыс үшiн емес, ерекше ауыр қылмыс үшiн көзделiнедi. Бұл ретте ерекше ауыр қылмыс үшiн заңда өлiм жазасынан басқа өзге де жаза көзделiнуi мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы


4-тармағында, 71-бабы 5-тармағында, 79-бабы 2-тармағында және 83-бабы 3-тармағында белгiленген қол сұғылмаушылықтан айыру тәртiбi, тұлға әрекетiнiң саралануы өзгерген жағдайда да оның сақталуын көздейдi, оны тұтқынға алу және қылмыстық жауапқа тарту кезiнде бұл аталған конституциялық талаптарды сақтау
қажет болады.

52-баптың 4-тармағы, 71-баптың 5-тармағы, 79-баптың


2-тармағы және 83-баптың 3-тармағы нормаларының мағынасынан, тұтқынға алудың тәртiбiн және "қылмыстық жауапқа тартудың" мазмұнын айқындау заңмен реттеу нысанына жатқызылғаны
келiп шығады.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы


3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы

5-тармағын, 51-бабы 5-тармағын, 52-бабының

4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 11 ақпандағы N 1 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты С. Әбдiрахмановтың,

Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесi
В.К. Фосовтың,

Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Республика Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Республиканың Әдiлет вице-министрi Р.Ш. Шамсутдиновтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын, 51-бабының
5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ж. Балтабаевты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық


Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағын,
51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне жүгiндi. Өтiнiш субъектiсi мынадай мәселелердi
түсiндiрудi сұрайды:

1) Конституцияда Парламент депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiнiң басқадай тұрғыдан қарастырылмағандықтан, депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiн Республика Конституциясының 51-бабының


5-тармағына сәйкес депутаттыққа кандидат сайланған болып есептелетiн кезден бастап есептеу керек пе.

2) "кандидат сайланған болып есептеледi" деген тiркес, Республика Конституциясының 73-бабының 1-тармағына сәйкес тiркеу тоқтатыла тұратын жағдайды қоспағанда, сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн дереу тiркеу қажеттiгiн бiлдiре ме.

3) Республика Конституциясының 50-бабының
5-тармағындағы Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – бес жыл деген жазба депутаттардың кезектi сайлауын өткiзгеннен кейiнгi ғана өкiлеттiк мерзiмiнiң мөлшерiн бiлдiре ме. Конституция кезектен тыс сайлауда сайланған депутаттар үшiн өкiлеттiк мерзiмiнiң қысқа болуын көздей ме. Кезектi сайланым басында және оның барысында Республика Президентi тағайындаған Сенат депутаттары өкiлеттiгiнiң мерзiмi қалай анықталуға тиiс.

4) Республика Конституциясының 52-бабының


4-тармағында жазылған норма Парламент депутаты өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн депутаттың өкiлеттiк мерзiмi кезiнде жасаған әрекеттерi үшiн Палатаның келiсiмiнсiз тиiстi жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екендiгiн бiлдiре ме.

5) Республика Конституциясының 52-бабының


5-тармағындағы "мандат" деген сөз сайлау қорытындыларының көрiнiсi және сайлаушылардың депутатқа тиiстi өкiлеттiк беруi дегендi бiлдiре ме.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының


5-тармағын, 51-бабының 5-тармағын, 52-бабының 4 және
5-тармақтарын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты түсiндiрген кезде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағы, Сенат депутаттары үшiн – алты жыл, Мәжiлiс депутаттары үшiн – бес жыл өкiлеттiк мерзiм белгiлей отырып, депутат өкiлеттiгiнiң басталу мерзiмiн көрсетпейдi.

Бұл жағдайды шешкен кезде Конституцияның 49-бабының
4-тармағын басшылыққа алу керек, бұл бапқа сәйкес Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.

Конституцияның бұл нормасына сәйкес заң шығарушы "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 2-тармағында, Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады, деп белгiлеген.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабы
2-тармағын ресми түсiндiру туралы" Республика Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 14 шiлдедегi қаулысында , Парламенттiң алқалы мемлекеттiк орган ретiндегi өкiлеттiгi өзiнiң ұзақтығы жағынан өз депутаттарының өкiлеттiктерiмен түгелдей сәйкес келмейдi, деп белгiленген. Кеңес, Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Орталық сайлау комиссиясы тiркеген сәттен басталады деп атап көрсеттi. Бұл құқықтық позиция, сондай-ақ Конституцияның
73-бабының 1-тармағынан келiп шығады. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталады, ол сайлаудың қорытындылары бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталады, ол сайлаудың қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрiлмей шақырылады.

2. Республика Конституциясының 51-бабының


5-тармағында көрсетiлген, "кандидат сайланды деп есептеледi" деген сөздердiң мағынасынан, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, депутатты дереу тiркеу мiндеттiлiгi келiп шықпайды. Бұл ереже Парламент депутатының қызметiне кiрiсуi және оған өкiлеттiк берiлуiнiң тәртiбiн емес, сайланған кандидатты анықтаудың өлшемiн белгiлейдi. Сайлаушылардың немесе таңдаушылардың көбiрек дауысын жинап, нақты бiр сайлау округiнде (өңiрде) сайланды деп есептелетiн кандидатқа, бүкiл халықтың өкiлi ретiнде депутаттың субъективтi құқықтары мен мiндеттерiне ие болу үшiн, оны осы сипатта заңдастыратын бiрқатар заңды фактiлер орындалғаны қажет. Оларға: сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау; Конституцияның 52-бабының 3-тармағына және Республика заңдарына сәйкес Парламент депутатының мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы өтiнiш беру; тиiстi сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде депутатты тiркеу және Қазақстан халқына ант беру жатады. Демек, депутатқа өкiлеттiк беру оның сайлануымен тұспа-тұс келмейдi.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды жариялау мерзiмiн ол өткiзiлгеннен кейiн он күннен кешiктiрмейтiндей етiп белгiлейдi, бiрақ депутаттарды тiркеу мерзiмiн көрсетпейдi. Заң шығарушының бұл мәселеге "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңдағы мұндай көзқарасы Орталық сайлау комиссиясына депутаттарды тiркеу уақытын белгiлеуге негiз бередi, ол өз құзыретi шегiнде нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдайды.

3. Конституцияның 50-бабымен белгiленген Республиканың ең жоғары өкiлдi органы депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi, кезектi де, кезектен тыс та сайлауда сайланған депутаттар үшiн бiрдей болып табылады.

Конституцияның 63-бабының 1-тармағымен көзделген Республика Президентiнiң Парламенттi таратуы кезектен тыс сайлау өткiзуге негiз болуы мүмкiн. Конституцияның 52-бабының


5-тармағына сай Парламенттiң таратылуы депутаттардың өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына негiздердiң бiрi болып табылады.

Парламент таратылған жағдайда, Сенат депутаттарының жартысы кезектен тыс сайлауда үш жыл мерзiмге, ал екiншi жартысы – алты жыл мерзiмге сайлануға тиiс, бұл 50-баптың


5-тармағының, сондай-ақ Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыруын көздейтiн 51-баптың 2-тармағының нормаларынан келiп шығады.

Шығып қалған депутаттың орнына депутат сайлаған кезде, мәселе былай шешiледi. Конституцияның 50-бабы  Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiн белгiлемей, әр Палата депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi туралы ғана айтады (5-тармақ). Республика Конституциясының мұндай мазмұнын, Парламенттiң әрбiр депутаты, оның қашан – тиiстi Палатаға өткiзiлген жалпы сайлау кезеңiнде ме, әлде шығып қалған депутаттың орнына ма – сайланғанына қатыссыз, өз өкiлеттiгiн Конституцияның 50-бабында көзделген бүкiл мерзiм iшiнде жүзеге асыруы мүмкiн деп түсiнуге болмайды. Депутаттардың өкiлеттiк мерзiмi туралы конституциялық норманы бұлай түсiндiру Парламенттiң ұйымдық бiрлiгiне және конституциялық өкiлеттiк мерзiмiне, қос палаталы заң шығарушы орган ретiнде Парламент пен оны құрайтын депутаттардың қарым-қатынасына сай келмес едi.

Республика Конституциясының 50-бабының 2-тармағында, Сенаттың жетi депутатын өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды деп жазылған. Алайда не Конституцияның өзiнде, не "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңда Сенаттың өкiлеттiк мерзiмi туралы нормалар берiлмеген. Сенаттың депутатын кезектi сайланымның басында Президент тағайындайтын жағдайларға қатысты қолданыста, "Сенаттың өкiлеттiк мерзiмi" деген ұғымның анықсыздығы жекелей алған депутат-сенатордың өкiлеттiк мерзiмiн белгiлеуге әсер етпейдi, өйткенi бұл мерзiм Конституцияның 50-бабы 5-тармағымен тiкелей аталған.

Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отыратындығы туралы Конституцияның 51-бабы 2-тармағының ережесi Президент тағайындайтын депутаттарға қолданылмайды. Демек, өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн әрбiр алты жыл сайын бұл депутаттардың кезектi жаңартылуы өтiп отырады. Егер бұл мерзiм iшiнде Президент тағайындаған депутаттардың бiрi тиiстi негiздер бойынша шығып қалатын болса, онда бос орынға тағайындалған адамда депутат өкiлеттiгi тек алты жылдық цикл аяқталуына дейiн қалған мерзiм iшiнде ғана өз күшiнде болады.

4. Республика Конституциясының 52-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент депутаты "өзiнiң өкiлеттiк мерзiмi iшiнде" қол сұғылмаушылыққа ие. Бұл, өкiлеттiгi тоқтатылғаннан кейiн депутат жалпы негiзде заңды жауаптылыққа тартылуы мүмкiн дегендi бiлдiредi. Бұл орайда құқық бұзушылық жасау уақыты, – депутаттық өкiлеттiк мерзiмi кезеңiнде ме, ол тоқтатылғанға дейiн немесе кейiн бе, – маңызға ие емес.

Өзiнiң өкiлеттiк мерзiмi кезеңiнде депутаттар толық көлемде және жалпы негiзде азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк арқалайды. Олардың сот тәртiбiнен тыс белгiленетiн әкiмшiлiк жауапкершiлiгi туралы мәселе де осылайша шешiледi.

5. Конституцияның 52-бабының 5-тармағында Парламент депутаты белгiлi бiр жағдайлар туындаған кезде "өз мандатынан айрылады" делiнедi.

Мандат Парламент депутатының қайсы бiр өңiрдiң немесе сайлау округының емес, халықтың өкiлi ретiндегi өкiлеттiгi заңды екендiгiн куәландырады. Сайлаушылар заң жүзiнде депутаттың позициясын айқындамайды.

Осылайша, Конституцияның 52-бабының 5-тармағындағы "мандат" сөзiн, Конституциямен және конституциялық заңдармен көзделген, Орталық сайлау комиссиясының тiркеуi арқылы заңды түрде ресiмделген Парламент депутатының өкiлеттiгi деп түсiнген жөн. Конституцияның бұл нормасының мәтiнiндегi "мандаттан айрылады" деген сөздер мағынасы бойынша "өкiлеттiктен айрылады" деген сөздерге бара-бар.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының


1) тармақшасын, 31-33-баптарын, 37-бабын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 4-тармағына сәйкес депутаттардың құқықтық жағдайы, олардың өкiлеттiк мерзiмiнiң басталуын қосқанда, конституциялық заңмен регламенттеледi.

"Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 5-тармағындағы "кандидат сайланды деп есептеледi" деген сөздер сайлау қорытындысы шығарылғаннан кейiн сайланған адамдарды депутат ретiнде дереу тiркеу мiндеттiлiгiн көздемейдi.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағында Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – бес жыл деп белгiленген. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары өкiлеттiгiнiң бұл шектi мерзiмi кезектен тыс сайлауда сайланған депутаттар үшiн де белгiленедi.

Парламент таратылғаннан кейiн өткiзiлген кезектен тыс сайлауда Сенат депутаттарының жартысы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 2-тармағына сәйкес, үш жыл мерзiмге сайланады.

Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Сенат депутатының өкiлеттiк мерзiмi, Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағына сай – алты жыл. Бұл депутаттарды кезектi тағайындау олардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн әр алты жыл сайын жүргiзiлiп отырады. Егер тағайындалған депутаттардың бiрiнiң осы мерзiм iшiнде өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылатын болса, онда оның орнына тағайындалған адамға өкiлеттiк алты жылдық кезең аяқталуына дейiн қалған мерзiмге берiледi.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 4-тармағына сай депутат оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ғана қол сұғылмаушылыққа ие, өкiлеттiк тоқтатылғаннан кейiн ол жалпы негiзде тиiстi жауаптылыққа тартылады.

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағындағы "мандат" сөзiн, депутаттың Орталық сайлау комиссиясының тiркеуi арқылы заңды түрде ресiмделген өкiлеттiгi деп түсiнген жөн. Конституцияның бұл нормасының мәтiнiндегi "мандаттан айрылады" деген  сөздер мағынасы бойынша "өкiлеттiктен айрылады" деген сөздерге бара-бар.

6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

7. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы

2-тармағын және 6-бабы 3-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 23 сәуiрдегi N 4 қаулысы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Р.Қ. Сарпековтiң,

Республика Әдiлет министрi О.И. Жұмабековтiң,

Республика Бас Прокурорының орынбасары


А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Сыртқы iстер вице-министрi В.П. Зверьковтың,

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасы Б.С. Оспановтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 2-тармағын және 6-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды, соның iшiнде сарапшылар – Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспондентi, заң ғылымының докторы, профессор Ғ.С. Сапарғалиевтiң және Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспондентi, заң ғылымының докторы М.К. Сүлейменовтiң қорытындыларын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованы, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет