ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын, 175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану жөнiндегi ұсынысы бойынша конституциялық iс жүргiзу, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзырына жататын құқық қолдану практикасы мәселелерi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне ведомстволық қарасты болмағандықтан, тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң
175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 176-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 177-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағы, 181-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағы, "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 1-тармағына және
77-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 19-бабы 3-бөлiгi Қазақстан Республикасы Конституциясының
77-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабын
ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2003 жылғы 19 қарашадағы N 11 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, төрағаның мiндетiн атқарушы Қ.Ә. Омарханов, Кеңес мүшелерi Қ.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова және А.К. Котов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Республика Президентi Мәжiлiсiнiң депутаты В.Б. Косаревтiң,
Республика Үкiметiнiң өкiлi – Әдiлет бiрiншi вице-министрi И.Д. Меркельдiң,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Ғ.Р. Әбдiрахмановтың қатысумен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К. Котовты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабын ресми түсiндiру туралы жүгiнген. Бұл жерде өтiнiш субъектiсi Конституцияның жоғары да көрсетiлген бабының нормаларын, Үкiмет орнынан түскен кезде Премьер-министр Кеңсесiнiң, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың Үкiмет мүшесi болып табылмайтын саяси мемлекеттiк қызметшiлерiнiң орнынан түсуi мiндеттi ме, дегенге қатысты түсiндiрiп берудi сұрайды.
Конституцияның 70-бабының нормаларын өтiнiште қойылған сұраққа қатысты түсiндiрген кезде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
Конституцияның 64-бабының 1-тармағында Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесiн басқаратын және олардың қызметiне басшылық жасайтын мемлекеттiң органы ретiнде белгiленген.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы
6-тармағын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң
2000 жылғы 15 маусымдағы N 9/2 қаулысы Үкiметтi алқалы орган деп нақтылайды.
Конституцияның 65-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады. Конституцияның 44-бабының 3) тармақшасына сай Қазақстан Республикасының Президентi, Республика Парламентiнiң келiсiмi бойынша өзi тағайындаған Премьер-министрдiң ұсынуымен, республика Үкiметiнiң құрылымын белгiлейдi, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады.
Бұл аталған конституциялық нормалардан келiп шығатыны, Конституция "Үкiметтiң құрылымы" дегенде, Республика Үкiметi басқаратын және басшылық жасайтын мемлекеттiк органдардың жиынтығын көздей отырып, және "Үкiметтiң құрамы" деген ұғымның мағынасымен тиiстi актiлер қабылдайтын мемлекеттiң алқалы органының мүшелерi ретiнде Үкiмет мүшелiгiнде тұратын лауазымды тұлғаларды ғана қамти отырып, осы екi ұғымды саралайды. Аталған категорияларды бұлайша түсiну сондай-ақ Конституцияның 65-бабының 2-тармағында да белгiленiп, Республика Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзiледi, – деп бекiтiлген.
Конституция Үкiметтiң ұйымдастырылуы тәртiбi мен қызметiн белгiлеудi конституциялық заң арқылы құқықтық реттеу нысанына жатқызады (Конституцияның 64-бабының 4-тармағы).
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңның 3-бабының 3-тармағында Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге орталық атқарушы органдар құрайды деп белгiленген. Жоғарыда аталған Конституциялық заңның 3-бабының 4-тармағына сай, Үкiметтiң құрамына Республиканың Премьер-министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды
адамдары кiредi.
Конституцияны орындау мақсатында Республика Президентiнiң Жарлықтарымен Үкiметтiң құрылымы бекiтiледi; Республика Президентi сондай-ақ өзiнiң тиiстi Жарлықтарымен Республиканың лауазымды тұлғаларын Үкiмет құрамына жеке-дара тағайындайды.
Конституцияның 70-бабының 5-тармағы, Республика Президентiнiң Конституцияның осы бабының 2 және
3-тармақтарында көзделген негiздерде Үкiметтiң немесе мүшелерiнiң орнынан түскен қабылдауының конституциялық салдары туралы жалпы ереженi белгiлейдi. Республика Президентi Үкiметтiң немесе Премьер-министрдiң не тиiстi Үкiмет мүшесiнiң орнынан түсуiн қабылдайтын барлық жағдайда, Конституция атқарушы органдар жүйесiн басқаратын мемлекеттiң алқалы органының құрамын, сондай-ақ Президенттiң тағайындауы бойынша оған тiкелей кiретiн лауазымды тұлғаларды назарда ұстайды. "Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi" (Конституцияның 70-бабының 5-тармағы).
Конституцияның 70-бабының 2-тармағы Үкiметке және оның кез келген мүшесiне, өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп есептейтiн кезде, Республиканың Президентiне мәлiмдеу арқылы өз бастамасы бойынша орнынан түсу құқығын бередi. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген жағдайда (Конституцияның 70-бабының 3-тармағы), Үкiмет өзiнiң алқалы шешiмiмен орнынан түсетiнi туралы Республиканың Президентiне мәлiмдейдi. Егер Республиканың Президентi өзiнiң актiсiмен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату, Премьер-министрдi немесе Үкiметтiң кез келген мүшесiн қызметтен босату туралы шешiм қабылдайтын болса(Конституцияның 70-бабының 7-тармағы), онда бұл Үкiметтiң немесе тиiстi лауазымды тұлғаның өз орнынан түсетiндiгi туралы ерiк бiлдiруiнсiз өкiлеттiктерiн тоқтатуға әкеп соқтырады. Үкiметтiң құрылымын құрайтын, бiрақ алқалы орган ретiндегi Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн өзге орталық атқарушы органдар басшыларының өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi Конституцияның 70-бабымен реттелмейдi.
Конституцияның 66-бабының 8) тармақшасы Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Республика Үкiметiнiң құзыретiне жатқызады. Оған негiздер мемлекеттiк қызмет туралы және оны өткеру ережесi туралы заңнамамен белгiленулерi тиiстi және нақтылануы мүмкiн.
Осылайша, Конституцияның 70-бабының нормаларына ресми түсiндiрме бере отырып, Кеңес, Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де мемлекеттiк қызметшiлердiң орнынан түсуi мәселелерi оның реттеу нысаны болып табылмайтынын атап көрсетедi.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31 - 33 , 37-баптарын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң не Премьер-министрдiң орнынан түсуге құқығын, оның негiздердiң және салдарын көздейтiн Қазақстан Республикасы Конституцияның 70-бабының нормаларын, Қазақстан Республикасының Президентi Конституцияда белгiленген тәртiппен жеке-дара тағайындайтын мемлекеттiң алқалы органы ретiнде Үкiметтiң құрамына таралатын нормалар деп түсiнген жөн.
Премьер-министр Кеңсесiнiң, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың Үкiмет мүшесi болып табылмайтын өзге де мемлекеттiк қызметшiлерiнiң орнынан түсуiнiң негiздерi мен тәртiбi заңнамалық актiлермен белгiленiп, өзгертiледi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
10 және 12-баптарын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 12 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты С.Б. Әлiбаевтың,
Республика Үкiметiнiң өкiлi – Республиканың Әдiлет бiрiншi вице-министрi И.Д. Меркельдiң,
Республика Бас прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың, Республика Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К. Фоостың, Республика Сыртқы iстер министрлiгi консулдық қызмет департаментiнiң директоры В.С. Қоңырбаевтың,
Республика Iшкi iстер министрлiгiнiң көшi-қон полициясы департаментi бастығының орынбасары А.П. Сергеевтiң қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашының – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
Қ.Ә. Омархановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Республиканың Конституциялық Кеңесiне Республика Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түсiп, бұл өтiнiште: бiр мезгiлде басқа мемлекеттiң азаматы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын (сайлауға, сайлануға құқығы) иелене ала ма деген сұрақтың жауабы көзделiнуi сұралған.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтiнiш субъектiсi өтiнiштiң көлемiн ұлғайту және, жоғарыда аталған мәселе соның ережелерiне де қатысты болғандықтан, қосымша Конституцияның 12-бабына түсiндiрме беру туралы өтiнiшiн мәлiмдедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және
12-баптарының нормаларын өтiнiште қойылған мәселеге қатысты түсiндiрген кезде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi тиiстi конституциялық нормаларды мынадай жүйелi түрде талдауды негiзге алды.
1. Республика Конституциясының кiрiспесiнде: "Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, ... мемлекеттiк құра отырып, ... өзiмiздiң егемендiк құқымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз", – делiнген. Конституцияның
3-бабының 1-тармағы "мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық" деген принциптi баянды етедi. Бұл аталған конституциялық ережелерден келiп шығатыны, Қазақстан халқы – Қазақстан Республикасы мемлекеттiң, оның егемендiгiнiң, тәуелсiздiгiнiң және конституциялық құрылысының негiзi болып табылады. Соған байланысты, Конституцияның азаматтық мәселелерiн реттейтiн
(10-бап), яғни азаматтың Қазақстан мемлекетiне қатыстылығы, iргелi конституциялық-құқықтық институттардың бiрiн құрайды.
Қазақстан Республикасының халқы, өзiнiң егемендiк құқығын негiзге ала отырып, азаматтық институтының конституциялық-құқықтық толықтығын белгiледi.
Республика Конституциясының ережелерiн талдаудан келiп шығатыны, азаматтық-тұлғаның Қазақстан мемлекетiмен конституциялық-құқықтық байланысын бiлдiредi, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы болуымен сипатталады
(1-3-баптардың, II-бөлiмнiң нормалары және басқалар).
Конституцияның 10-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасы азаматтығының бiрыңғайлығы және теңдiгi принциптерiн орнықтырады. Азаматтықтың бiрыңғайлығы туралы конституциялық принципiн мемлекеттiң бiртұтастығынан келiп шығады және Республика азаматтарының, бiрыңғай конституциялық құқық субъектiлiкке негiзделген, бiрыңғай құқықтық мәртебеге ие екендiгiн бiлдiредi (Конституцияның 2-бабының 1-тармағы,
12-бабының 3-тармағы, 13-бабының 1-тармағы). Азаматтықтың теңдiгi принципi дегенде, Республика азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз, құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн түсiнген жөн. Конституцияның 10-бабының
1-тармағында азаматтықтың конституциялық-құқықтық заңдылығы көзделедi - ол заңды негiздерде алынған жағдайда ғана танылады.
Азаматтық туралы нормалар Республика Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын II-бөлiмiне енгiзiлiп, осы аталған бөлiм құрылымдық жағынан басталатын 10-топқа бiрiктiрiлген. Маңыздысы сол, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық-құқықтық реттеу азаматтық туралы нормалармен алдын алынады, өйткенi сол арқылы тұлғаның конституциялық құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiнiң нақты бағытталымы мен мазмұны бекiтiледi.
Азаматтық институты Республика егемендiгiнiң, тәуелсiздiгi мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгiсi болып табылады, өйткенi мемлекеттiң азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы" болып табылады және "билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi" (Конституцияның
3-бабының 1 және 2-тармақтары). Конституция "Қазақстан Республикасының азаматы", "әрбiр", "бәрi", "шетелдiктер" және "азаматтығы жоқ адамдар" деген ұғымдарды пайдалана отырып, адамның құқықтық мәртебесiн саралайды. Бұл орайда, Конституцияның мәтiнiнде "әрбiрi" және "бәрi" туралы айтылған кезде, Республика азаматы да, Республика азаматтығына ие емес адамдар да назарда ұсталынады; "Қазақстан Республикасының азаматтары" дегенде – Қазақстан мемлекетiмен азаматтық байланысы бар адамдар ғана назарда ұсталады деп түсiнген жөн. Сол арқылы Конституция бұл субъектiлер үшiн олар пайдалана алатын құқықтар мен бостандықтардың әр түрдi көлемiн, және оларға жүктелетiн мiндеттердiң әр түрлi көлемiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесi, олардың заң алдында тең бола отырып, Конституциямен белгiленген құқықтардың, бостандықтар мен мiндеттердiң барлық кешенiне ие болуын көздейдi. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн өзге, шектеулi конституциялық-құқықтық мәртебе көзделген: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл адамдар азаматтарға қолданылатын құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады (Конституцияның
12-бабының 3-және 4-тармақтары, 14-баптың 1-тармағы). Мәселен, Конституция Қазақстан азаматтығы жоқ адамдар Республика Президентi, Республика Парламентi және мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттiк қызмет және судьялар лауазымдарына үмiткер болмауға тиiс, мемлекеттi басқаруға қатыса алмайды, белсендi және бәсең сайлау құқығына ие бола алмайды және республикалық референдумға қатыса алмайды деп бiржақты белгiлейдi, өйткенi бұл аталған құқықтар мен бостандықтар тек Республика азаматтарына ғана таралады (41-баптың,
2-тармағының, 51-баптың 4-тармағының, 79-баптың 3-тармағының, 86-баптың 3-тармағының және 33-баптың нормалары). Бұл сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарының ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулысында келтiрiлген ұйымдармен де расталады, ол қаулыда "Парламент депутаты Қазақстан азаматтығын жоғалтуымен немесе одан шығуымен, бұл адам, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана берiлетiн, Конституцияның 33-бабымен көзделген мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, оның органдарын сайлауға және оларға сайлануға саяси құқықтарын жоғалтады", - делiнген.
Мұндай шектеулер сондай-ақ өзге мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрып жатқан бiр мемлекет азаматтарының құқықтық мәртебесi туралы халықаралық шарттарда өзiнiң тиiстi регламенттелуiн тапты (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1998 жылғы 28 сәуiрдегi; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы).
Республиканың қолданылып жүрген құқығында адамның конституциялық-құқықтық мәртебесiн бұлай бөлу басты принциптердiң бiрi болып табылады. Конституцияның 10-бабының нормаларында көзделген азаматтық институтын басқаша түсiну Қазақстанның Негiзгi Заңының және соған негiзделген қолданылып жүрген құқығының Республика азаматтарының мәртебесi туралы ережелерiнiң мазмұнын iс жүзiнде жұтаңдатуға, ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiруге және егемендiктен айрылу ықтималдығына, сондай-ақ – Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағымен белгiленген теңдiк принципiнiң бұзылуына әкеп соқтырған болар едi.
2. Қазақстанның мемлекеттiлiгi үшiн азаматтық институтының айқындаушы сипатын және азаматтардың құқықтық жағдайын негiзге ала отырып, Республика Конституциясының
10-бабының 3-тармағы "Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды" деген норма-принциптi белгiлейдi.
Бұл ереженiң конституциялық-құқықтық мағынасы Республикада көпазаматтылық, оның iшiнде қосазаматтылық қабыл алынбайтынын көздейдi. Конституцияда белгiленген Республика егемендiгiнiң, тәуелсiздiгiнiң және конституциялық құрылысының негiздерiнде жататын жалпы ережелер, принциптер мен нормалар (1-5, 10-12, 34, 36, 39 және өзге баптары) бiрiншi кезекте Конституциямен, ал содан кейiн ғана – соған негiзделетiн заңдық күшi кемдеу нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етiлiп, қорғалады. Негiзгi Заңда белгiленген Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығына болуы танылмайтындығы туралы норма-принципте мынадай ереже бар: егер Республика азаматы басқа мемлекеттiң азаматтығын алатын болса, онда бұл адамның ерiктi ықтияр бiлдiруiн тиiсiнше ресiмдеген уақыттан бастап Қазақстан азаматтығы сақталмайды; басқа мемлекет азаматының Қазақстан азаматтығын алу фактiсi осы фактiнiң өзi жүзеге асырылған сәттен бастап заңдық жағынан қуақарсыз (түкке тұрғысыз) болып табылады. Бұл ретте Конституцияның 10-бабы 3-тармағы нормасының өктемдiк күшiне орай Республика азаматтығын тоқтату, азаматтықтан айрылу жағдайлары үшiн көзделгендей етiп (қазiргi уақытта қолданылып жүрген "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның 21, 30 және 31-баптары), жеңiлдетiлген (тiркеу) тәртiппен жүзеге асырылуға тиiс.
Республика Конституциясы, адамның өзге мемлекеттiң азаматтығының айрылу мәселелерiнiң халықаралық сипатына орай оларды реттеуге мүмкiншiлiгi болмағандықтан (4 және 8-баптар),
10-баптың 3-тармағында берiлген өзiнiң мемлекеттiлiгiн қорғаудың жеткiлiктi механизмiн көздеген.
Бұл аталған конституциялық принцип Конституцияның талданып отырған нормаларына негiзделген және соларға қайшы келмейтiн "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңда және Республика қатысатын халықаралық құжаттарда өзiнiң одан әрi дамуын тапқан. Мәселен, Заңның 3 және 21-баптардың шет мемлекеттiң азаматтығында тұрмайтын адамдар Республика азаматтары болып табылады деп көзделедi, сондай-ақ, егер ол көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесiнде алынса, Республика азаматтығынан айрылу негiздерi белгiленедi.
Халықаралық шарттардың нормаларында көпазаматтылық жағдайларының алдын алатын осыған ұқсас механизмдер бар. Мәселен, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы азаматтық алудың жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы
26 ақпандағы Келiсiмнiң; Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн келетiн Ресей Федерациясы азаматтарының, және Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшiн келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық алуының жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келiсiмнiң Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы арасындағы Беларусь Республикасына тұрақты тұру үшiн келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының, және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн келетiн Беларусь Республикасы азаматтарының азаматтық алуының жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1996 жылғы 17 қаңтардағы Келiсiмнiң ; Қазақстан Республикасы және Украина арасындағы, Украинада тұрақты түрде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, және Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын Украина азаматтарының азаматтық алуының және азаматтықты тоқтатуының жеңiлдетiлген тәртiбi, және бейазаматтылық пен қосазаматтылық жағдайларының алдын алу туралы 2000 жылғы 19 мамырдағы Келiсiмнiң ережелерi бiр мемлекеттiң азаматтығын алу мәселелерi сонымен бiр уақытта басқа мемлекеттiң азаматтығын тоқтатумен (айрылумен) шешiлетiндiгiн назарда ұстайды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Республика Конституциясының 10-бабы 3-тармағының талаптарына орай, шетел азаматы болып табылатын адам сонымен бiр уақытта Қазақстан азаматы бола алмайды деп есептейдi. Соған байланысты, Республика азаматтары үшiн Конституциямен көзделген құқықтар мен бостандықтар оған тарамайды. Конституцияның 12-бабының 4-тармағына сәйкес "Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады".
Осы қаулыда талданған Республика Конституциясының нормалары тiкелей қолданылатын болғандықтан, басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын және сонымен бiр уақытта Республиканың ұлттық паспорттары бар адамдарға Республика Президентi, Парламентi және мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттiк қызметтегi және судьялары лауазымдарына жол бермейдi. Ондай адамдар Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық шарттарында көзделген жағдайларына пайдалана алмайтын басқа құқықтар мен бостандықтарды да жүзеге асырмауға тиiс.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33, 37 және 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi өтiнiште қойылған мәселеге қатысты
Достарыңызбен бөлісу: |