Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет31/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 2004 жылғы
18 наурызда қабылдап, 2004 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына берген "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес емес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына сай "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылмайды және күшiне енгiзiлмейдi.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.


  1. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының

1-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2004 жылғы 23 маусымдағы N 6 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, төрағалық етушi – Кеңес мүшесi А.К. Котов және Кеңес мүшелерi Қ.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев, С.Ф. Бычкова, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Республика Әдiлет вице-министрi С.Н. Баймағамбетовтiң,

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк-құқық басқармасының сот жүйесi мәселелерi жөнiндегi бөлiм меңгерушiсi М.А. Пақырдiновтiң,

Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Республика Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Г.Н. Әбдiқалықованың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 79-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады. Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ә. Омархановты, өтiнiш субъектiсiнiң өкiлiн және отырысқа қатысушыларды тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Республика Конституциялық Кеңесiне Республика Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 79-бабының
1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түсiп, онда мынадай сұрақтардың жауабын ескеру сұралған:

1) Конституцияның 79-бабының 1-тармағындағы "соттар тұрақты судьялардан тұрады" деген тұжырымға қарай отырып, Қазақстан Республикасының судьялары өмiрлiк тағайындала ма (сайлана ма)?

2) "Судьялардың өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн" деген нормаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабы
1-тармағында көзделген ереже зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты жұмыстан шығару туралы қолданыстағы заңды судьяларға қолдануға жол бередi деп түсiнуге бола ма?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабы


1-тармағының нормасын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты түсiндiрген кезде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

1. Республика Конституциясының 75-бабының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады". Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы


15 ақпандағы N 1 қаулысында бұл орайда "мемлекеттiк билiктiң сот тармағын бiлдiретiн органдар ретiнде, соттар ғана сот төрелiгiн жүзеге асырады" делiнген. Сот билiгiнiң жария-құқықтық мiндеттерiн орындайтын судьяның, өз кәсiби қызметi ретiнде сот төрелiгiн жүзеге асыруының ерекшелiгi оның айрықша құқықтық мәртебесiн алдын-ала айқындап тұрады, ол мәртебе Негiзгi Заңмен белгiленiп, кепiлдiк берiледi (77, 79, 80, 82-баптар ).

Судья мәртебесi оған әркiмнiң құқықтары мен бостандықтарын шын мәнiнде қорғау үшiн Конституциямен және заңдармен жүктелген өкiлеттiктiң тәуелсiз де әдiл атқарылуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды (Конституцияның 76 және


77-баптары, 13-баптың 2-тармағы). Сондықтан Негiзгi Заң судья мәртебесiн регламенттеудiң айрықша, сот қызметiнiң мiндеттерiмен, принциптерiмен және ерекшелiктерiмен, сот төрелiгiн жүзеге асырудың жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мақсатымен шарттас ережелерiн (талаптарын) белгiлейдi.

Мәселен, Конституцияда судьяның құқықтық жағдайының түбегейлi белгiлерiнiң бiрi – оның тұрақтылығы белгiленген ("соттар тұрақты судьялардан тұрады", 79-баптың 1-тармағы), бұл оның сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгiн қамтамасыз етедi және судьяның өз өкiлеттiгiн қызметке тағайындалған (сайланған) уақыттан бастап ол тоқтатылған уақытқа дейiн тұрақты негiзде жүзеге асыруын көздейдi. Бұл ретте, судьяларға өкiлеттiк берудiң Конституцияның 82-бабында көзделген ерекше тәртiбi, сондай-ақ бұл өкiлеттiктiң тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi (Конституцияның 79-бабының


1-тармағы), судья жағдайының құқықтық тұрақтылығына кепiл болып табылады. Дәл осындай құқықтық позициялар Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қолданыстағы
қаулысында бар.

Негiзгi Заңда судьяның мәртебесi оған өмiр бойы тиесiлi деген ереже жоқ. Конституция нормаларынан және де судьяның өмiр бойы өз лауазымын иеленiп, өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру құқығы, сондай-ақ мемлекеттiң бұл үшiн оған конституциялық-құқықтық кепiлдiктер беру мiндеттемесi келiп туындамайды.

2. Конституция судья лауазымына үмiткерлерге (79-баптың 3-тармағы), судьяларға өкiлеттiк беру тәртiбiне (82-бап) және олардың қызметте болуына (77-бап, 79-баптың 2 және
4-тармақтары) ерекше талап қояды. Бұл ретте Негiзгi Заңның нормалары судья өкiлеттiгiн тоқтату негiздерiнiң арнайы тiзбесiн көздемейдi.

Сонымен бiрге, Негiзгi Заңның кейбiр нормаларына жасалған талдау, судьяны қызметтен босату мүмкiн болатын мән-жайлар туындаған кезде оларды айқындап алуға мүмкiндiк бередi, өйткенi оның мәртебесi мынадай өзге қызметтермен: өкiлдi мемлекеттiк органның депутаты болып сайланумен; оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен; кәсiпкерлiкпен айналысумен; коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды (79-баптың 4-тармағы). Одан тыс, Конституцияның жекелеген ережелерiнен судьяның өз лауазымын одан әрi иеленуiне мүмкiндiк бермейтiн мынадай өзге де негiздер келiп шығады: Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы (79-баптың 3-тармағы); қайтыс болуы және соттың өлген деп тануы, өйткенi адамның жалпы құқықсубъектiлiгi жоғалады


(13-баптың 1-тармағы); Негiзгi Заңның 23-бабы 2-тармағының талаптарын бұзуы.

Судьяның өкiлеттiгiн тоқтатудың және оны қызметтен босатудың белгiлi бiр негiздерi келiп туындайтын Конституция ережелерiнiң ең жоғары заңдық күшi болады және олар тiкелей қолданылады (Негiзгi Заңның 4-бабының 2-тармағы). Алайда жоғарыда атап өтiлген негiздер мейлiнше толық болып табылмайды. Конституцияның 79-бабының 1-тармағында "судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы... мүмкiн", – деп атап көрсетiлген. Бұл орайда, судьяның өкiлеттiгiн конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша ғана емес, заңда көзделген негiздер бойынша да тоқтату мүмкiн екенiн назарда ұстаған жөн (Конституцияның 75-бабының 2, 3 және 4-тармақтары, 77-бабының 1 және 2-тармақтары, 79-бабының 1-тармағы,


82-бабының 5-тармағы).

Заңда, судьяның өкiлеттiгiн тоқтатудың конституциялық нормалардан келiп шығатын негiздерiнен басқа, оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты қызметтен босатуды қоса алғанда, өкiлеттiгiн тоқтатудың өзге де негiздерi белгiленуi мүмкiн. Бұл құқықтық позиция Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 нормативтiк қаулысының ережелерiмен үйлеседi, ол қаулыда былай делiнген: "...Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты сайлайды, ал жергiлiктi соттардың судьяларын шектеулi жасқа жеткенге дейiн белгiленбеген мерзiмге Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды".

Судья лауазымында болудың ең жоғары жасын белгiлеу оның кәсiби қызметiнiң ерекшелiгiне, сот билiгiнiң жұмыс iстеу мiндеттерi мен принциптерiне байланысты. Ол судьяның тәуелсiздiгi туралы конституциялық принциптi шектеу деп бағалана алмайды, өйткенi, зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты қызметiнен босатылған судья, одан әрi сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiгiн атқармайды. Конституциялық Кеңес бұдан азаматтың конституциялық құқықтарын кемсiтудi таппайды, өйткенi судья мәртебесi жеке бастың артықшылығы болып табылмайды. Өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату негiздерi барлық судьялар үшiн ортақ әрi тең болып табылады және заңдық күшi жағынан заңнан төмен емес нормативтiк құқықтық актiлермен регламенттеледi.

Осылайша, судья мәртебесiнiң тұрақты сипаты туралы конституциялық ереже оның иеленiп отырған лауазымында өмiр бойы отыруын бiлдiрмейдi, ол судьяның өкiлеттiгi тек конституциялық және өзге де заңдарда белгiленетiн негiздер бойынша ғана тоқтатылуы мүмкiн екенiн көздейдi.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33, 37-баптарын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Соттар тұрақты судьялардан тұрады..." деген бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабы 1-тармағының нормасын, судьялар, мемлекет атынан белгiленбеген мерзiмге сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiк берiлген, мемлекеттiң кәсiби лауазымды адамдары болып табылады. Олар конституциялық заңда және өзге де заңдарда көзделетiн негiздер бойынша және сол тәртiппен өкiлеттiгi тоқтатылғанға дейiн, судья лауазымында болудың бүкiл уақыты iшiнде ауыстырылмайды, – деп түсiнген жөн.

2. "Судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы... мүмкiн" деген бөлiгiндегi Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабы 1-тармағының нормасы, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және оны қызметтен босату негiздерi, соның iшiнде ең жоғары (зейнеткерлiк) жасқа жетуiне байланысты, конституциялық заңмен және өзге де заңдармен айқындалатынын бiлдiредi.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және

5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы"

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысына түсiндiрме беру

жөнiндегi өтiнiшi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2004 жылғы 25 тамыздағы N 9 қосымша қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы В.К. Фоостың,

Республика Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Pecпубликасы Конституциясы 52-бабының 3 және


5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысына түсiндiрме беру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К. Котовты және қарауға қатысып отырғандардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы,
1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысына қосымша түсiндiрме беру туралы өтiнiшпен Конституциялық Кеңеске жүгiнiп, ол қарауға қабылданған.

Құқық қолдану қызметiндегi қиыншылыққа байланысты Орталық сайлау комиссиясы, Парламент депутатының мандаты соттың оған қатысты күшiне енген айыптау үкiмiмен сыйыспайтындығы туралы жоғарыда аталған қаулының уәждемелiк бөлiгiнiң және Парламент Палатасының мұндай депутатты мандаттан айыру туралы қаулы қабылдамауы "депутаттық өкiлеттiк сақталуына немесе қалпына келтiрiлуiне әкеп соқпайды" делiнетiн Кеңестiң осы қаулысының қаулы алу бөлiгiнiң 2-тармағы ережелерiне қосымша түсiндiрме берудi өтiнедi. Осыдан келiп мынадай сұрақтар қойылады:

- соттың айыптау үкiмiнiң күшiне енуi депутатты осы сәттен бастап өкiлеттiктен айыруға автоматты түрде әкеп соқтырады дегендi бiлдiре ме;

- дәл осындай жағдайда сотталғандық фактiсiнiң Мәжiлiс депутаттығына тiркелген кандидат мәртебесiмен құқықтық-сыйыспаушылығы туындай ма;

- егер Парламент депутаттығына кандидат ретiндегi азаматқа қатысты соттың айыптау үкiмi өзiнiң заңдық күшiне енген болса, онда Конституциядан және Конституциялық Кеңестiң қаралып отырған осы қаулысынан тиiстi сайлау комиссиясының азаматты Парламент депутаттығына кандидат ретiнде тiркеу туралы шешiмiнiң күшiн жою қажеттiлiгi мен мiндеттiлiгi келiп шығады ма.

Өтiнiште қойылған сұрақтарды талдап шығып, Конституциялық Кеңес мынаған қосымша түсiндiрме беру қажет


деп есептейдi.

1. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының


3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысында құқық қолданушының назары Конституцияның 52-бабы, 5-тармағы нормасының өктемдiк сипатына ерекше аударылған болатын, бұл Парламент депутатына қатысты соттың айыптау үкiмiнiң күшiне енуi секiлдi заңдық фактi болған кезде депутаттық өкiлеттiктен сөзсiз айрылуды бiлдiредi. Бұдан, Конституциялық Кеңес мұндай жағдайларда Парламент палаталарының тиiстi қаулылар қабылдауы мiндеттi емес деп есептейдi деген пiкiр туындамауы керек. Керiсiнше, Кеңес бұл қаулыда, "Конституцияның 52-бабы,
5-тармағында көрсетiлген негiз бойынша Палатаның депутатты өз мандатынан айыру туралы шешiм қабылдаудан бас тартуы, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайтыны туралы 12-бабы, 1-тармағы 13) тармақшасының талаптарын орындауға кедергi болады", – деп атап көрсетедi.

Конституцияның 52-бабы , 5-тармағы нормасының тiкелей қолданылуын ескере отырып, Парламент депутатына қатысты айыптау үкiмi заңдық күшiне енген кезде Парламент палаталары заңдық тұрғыда қажеттi қаулылар қабылдамаған жағдайда депутаттық өкiлеттiк сақталмайды немесе қалпына келмейдi. Қаулының уәждемелiк бөлiгiнде Кеңес бiржақты атап өткенiндей, бұл нормада Конституция депутат мандатының соттың күшiне енген айыптау үкiмiмен құқықтық сыйыспаушылығын белгiлейдi.

2. Конституция Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарын сайлау тәртiбiн айқындау мәселелерiн конституциялық заң аясына жатқызады (Конституцияның
51-бабының 5-тармағы).

Азаматтардың бәсең сайлау құқығын iске асыруын реттейтiн Конституция нормаларына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң соттың заңдық күшiне енген айыптау үкiмiнiң Парламент депутаттығына кандидат мәртебесiмен құқықтық сыйыспаушылығы принципiн бекiттi. Бұл Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағында мынадай мiндеттi талап белгiленген: "Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде тiркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған адамды тiркеуге болмайды". Конституциялық заңның бұл ережесiнiң Конституция нормаларына сәйкестiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңестiң тексеру нысаны болған едi. Кеңес 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 5 қаулымен бұл Конституциялық заңның 4-бабы, 4-тармағының жоғарыда аталған талабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес


деп тапты.

Азаматтардың бәсең сайлау құқық субъектiлiгiн iске асыру мүмкiндiгiне Конституциялық заңның жоғары талап қоюы, Негiзгi Заң солардың мүддесiн ескеpe отырып азаматтардың құқықтарын шектеуге жол беретiн конституциялық құндылықтарды қорғауға бағытталған. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы" Кеңестiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 5 қаулысында атап өтiлгенiндей, азаматтарға қойылатын бұл талап негiздi.

Конституциялық Кеңес құқықтық танымдардың мынадай табиғатына, яғни, соттың айыптау үкiмiнсiз соттылық туындамайтынына назар аударады. Дәл сондай-ақ, соттың заңдық күшiне енген айыптау үкiмi нәтижесiнде адамның оған әуел-бастан ие болмай тұрып "өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы" да объективтi түрде бола алмайды. Соттылық – айыптау
үкiмiнiң салдары.

Конституциялық заңның 4-бабы, 4-тармағының Парламент депутаттығына сайлануға үмiткерге, сондай-ақ бәсең сайлау құқығын iс асырушы өзге де субъектiлерге қоятын талабының мәнi - соттылық болу фактiсi, бұл заңдық мән-жайдың қашан анықталғандығы не табылғандығы немесе қашан ол процессуалдық туындағаны оған қатыссыз. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, жоғарыда аталған норманың "уақытына қарай" деген шарты, бәсең сайлау құқығын iске асырушы азамат үшiн соттылықтың сайлау процесiнiң қай сатысына дейiн құқықтық салдарсыз өтелуi немесе алып тасталуы мүмкiн екендiгiн ғана көрсетедi.

Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелу уақытына қарай өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылық, соның нәтижесiнде туындайтын оның мәртебесiмен құқықтық сыйыспаушылықтың шарты ретiнде, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 4-бабы, 4-тармағына сай тiркелу мүмкiндiгiн жоққа шығарып қана қоймай, оған қатысты соттың айыптау үкiмi күшiне енгенге дейiн – Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелген азаматтың бұл сипаттан айрылуын да көздейдi.

Қолданылып жүрген конституциялық құқықтың нормалары Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелген азаматтың сайлау процесiнiң кез келген сатысында қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екенiн және соның салдары ретiнде – оның сотты болуы мүмкiн екенiн жоққа шығармайды. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның


47-бабының 3-тармағында: "Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн ... қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сондай-ақ оларды Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз тiкелей қылмыс үстiнде ұсталғаннан және ауыр қылмыс жасағаннан басқа реттерде ұстауға болмайды", – делiнген. Бұдан келiп шығатыны, соттылық Парламент депутаты болып сайланғаннан кейiн де туындауы мүмкiн. Осы сипатта тiркелгеннен кейiн Парламент депутатына, оған қатысты соттың айыптау үкiмi күшiне енген кезде, Конституцияның 52-бабы,
5-тармағының нормасы қолданылады. Кеңестiң 2003 жылғы
12 мамырдағы N 5 қаулысында дәл осы туралы айтылады. Сол арқылы, соттың күшiне енген айыптау үкiмiнiң нәтижесiнде соттылық болу фактiсiнiң депутаттық мандатпен құқықтық сыйыспаушылық принципi қолданылып жүрген конституциялық құқықтың ережелерiнде формальдi-заңдық түрде аяқталған болады.

3. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң "Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға кандидат жауап бермеген жағдайда" округтiк сайлау комиссиясының Парламент депутаттығына кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюы мүмкiн екенiн көздейдi (Конституциялық заңның 89-бабы, 6-тармағының


3) тармақшасы). Орталық сайлау комиссиясы сондай-ақ "партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Конституцияда және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға жауап бермеген жағдайда" партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiм қабылдайды (Конституциялық заңның 89-бабы,
9-тармағының 4) тармақшасы).

Конституциялық заңның 4-бабы, 4-тармағының талабы Парламент депутаттығына кандидаттарға, оның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, қойылатын талаптap қатарына жатады.

Осы шарт болғанда азаматтың Парламент депутаттығына тiркелген кандидат болу мүмкiндiгiнен айрылуы, немесе сайлау процесiнiң кейiнгi бiр сатыларында ол сотты болса немесе соттылығы табылған жағдайда оның бұл сипатта тiркелгендiгi жойылуы, сайлау комиссиясының Парламент депутаттығына кандидатты тiркеудiң күшiн жою туралы шешiм қабылдауы қажет екенiн жоққа шығармайды. Бұл заң жүзiнде азаматтың Парламент депутаттығына кандидат мәртебесiн жоғалтқан сәтiн ресми анықтау үшiн қажет, бұның азамат үшiн және сайлау науқаны үшiн құқықтық салдары болады.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 35-бабы,


1-тармағының 1) тармақшасын, 2 және 3-тармақтарын және
41-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының
3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 5 қаулысының қаулы алу бөлiгi 2-тармағының ережесi, депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген жағдайда Парламент палаталарына оны мандатынан айыру туралы қаулы қабылдау шарт емес дегендi бiлдiрмейдi, деп түсiндiрiлсiн. Парламент Палатасының мұндай қаулы қабылдаудан бас тартуы Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы, 5-тармағы нормасының тiкелей қолданылуын бұзу болады.

2. Бәсең сайлау құқығын iске асыруға қойылатын талаптар туралы конституциялық нормалар мен ережелердi, Парламент депутаттығына кандидат болып тiркелген азаматқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген жағдайда бұл заңдық фактiнiң Парламент депутаттығына кандидат мәртебесiмен құқықтық сыйыспаушылығы орын алады, деп түсiнген жөн.

3. Конституция нормаларының, Конституциялық Кеңес қаулыларының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық  заң  нормаларының мазмұны мен мағынасынан келiп туындайтыны, егер Парламент депутаттығына кандидатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңдық күшiне енген болса, онда тиiстi сайлау комиссиясы сайлау процесiнiң "кез келген сатысында оны тiркеу туралы" шешiмнiң күшiн жоюға тиiс.

4. Осы қаулы түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы, 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, шағымдануға жатпайды.

Конституциялық Кеңестiң қосымша қаулысы оның негiзгi қаулысының мазмұны мен мақсатынан ажыратып алғысыз және онымен бiр уақытта қолданылады.


  1. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Астана қаласы сотының ұсынысы бойынша "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының

конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2005 жылғы 31 қаңтардағы N 1 қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, төраға
И.И. Рогов және Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Астана қаласы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы Б.Б. Асқаровтың,

Республика Бас прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Әдiлет вице-министрi С.Н. Баймағанбетовтiң,

Астана қаласы сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының судьясы Ж.С. Жұмабаеваның,

Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы


Ә.Б. Жанәбiлованың,

Алматы қаласы нотариаттық палатасының мүшесi


Қ. Қалабаеваның,

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты


Е.Д. Ребенчуктiң қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Астана қаласы сотының "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексеру туралы ұсынысын қарады.

Баяндамашыны – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
Х.Ә. Әбiшевтi, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап және қолдағы бар материалдарды зерделеп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет