Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет32/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45

АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне Астана қаласы сотының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 155 Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi мәнiнде тексеру туралы ұсынысы келiп түстi.

Ұсыныстан келiп шығатыны, Алматы қаласы нотариаттық палатасы жекеше нотариустарының, Республика Әдiлет министрiнiң Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту ережесiн (бұдан әрi – Ереже) бекiткен 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 бұйрығының күшiн жою туралы талап-арызы және "Нотариат туралы" 1997 жылғы


14 шiлдедегi N 155 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 15-бабының 3-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiну туралы өтiнiшi Астана қаласының сотында қарауда жатыр.

Заңның 15-бабы 3-тармағының конституциялылығына байланысты соттың күмәнi мынаған келiп саяды:

1) нотариаттық палаталар қоғамдық бiрлестiктер нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заң арқылы жекеше нотариустарды аттестаттауды енгiзу Республика Конституциясының 5-бабы 2-тармағына және
23-бабына қайшы келедi, өйткенi қоғамдық бiрлестiктердiң iсiне мемлекеттiң араласуына жол берiледi. Мемлекет, жеке практикамен айналысатын нотариустарға ғұмырлық лицензия берiп, оларды қайтара аттестаттаудан өткiзбеуi керек;

2) аттестаттау институты 2003 жылғы мамырда енгiзiлдi, ал практика жүзiнде барлық нотариустарға жеке практикалық қызметпен айналысатын уақытына қатыссыз қолданылады. Заңның 15-бабының 3-тармағы олардың жағдайын нашарлатып, жаңа мiндеттер жүктейдi, сондықтан Конституцияның 77-бабының


3-тармағы 5) тармақшасының талаптарына орай оның керi күшi болмауға тиiс;

3) кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариустарды Әдiлет министрлiгi бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткiзедi, ал мемлекеттiк нотариустар заң бойынша мұндай аттестаттаудан өтпейдi. Сол арқылы, Заңның 15-бабының 3-тармағы, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi принципiн және азаматтардың кәсiби белгiсiне қарай құқықтарын кемсiтуге тыйым салынуын бекiтетiн Конституцияның 14-бабының


1 және 2-тармақтарының талаптарына қайшы келедi.

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы заңының


15-бабы 3-тармағының конституциялылығын тексере отырып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi  мынаны ескердi.

1. Қазақстан Республикасындағы нотариат – құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi. Нотариаттық қызметтiң конституциялық құқықтары мен бостандықтарға қатысы бар, өйткенi соны iске асыру арқылы бұл құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы қамтамасыз етiледi. Өз мiндеттерiн атқаруда нотариат соның iшiнде әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығын (Республика Конституциясының 13-бабының 3-тармағы) қамтамасыз етудi мақсат-мiндет етiп қояды. Нотариаттың қызметi жария-құқықтық сипатта болғандықтан, мемлекетке адамның және азаматтың осы және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудiң, оларды қорғау мен сақтаудың құқықтық механизмдерiн белгiлеудiң заңдық мiндетi жүктеледi.

Демек, мемлекет нотариаттық қызметтi iске асырамын дейтiн адамдар үшiн мiндеттi шарттар мен шектеулер айқындауға хақылы, бұл шарттар мен шектеулер нотариаттың қызметiне заң арқылы, соның iшiнде аттестаттау жолымен, мемлекеттiк бақылау орнату қажеттiлiгiне байланысты болуы мүмкiн. Заңнамалық шектеудiң шектерi адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық жолмен айқындалған мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес болуға тиiс (Негiзгi Заңның 39-бабының 1-тармағы).

Мынаны атап өткен жөн, Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес аттестаттаудан жеке практикамен айналысатын нотариустардың бiрлестiгi болып табылатын нотариаттық палата емес, жеке практикамен айналысатын нотариустар өткiзiледi, себебi нотариаттық қызмет көрсетумен тiкелей нотариустардың өздерi айналысады.

2. "Нотариат туралы" Заңда оның аттестаттау мәселелерiн регламенттейтiн нормаларының керi күшiн көздейтiн ережелер жоқ. Заңды қолдану нәтижесiнде Конституцияның 77-бабының 3-тармағы 5) тармақшасының талаптары бұзылатын қолдану практикасына келер болсақ, оның конституциялылығын тексеру Конституциялық Кеңестiң құзырына жатпайды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау бұл жағдайда сот тәртiбiмен жүзеге асырылады (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы, 75 және
76-баптары ).

3. Конституцияның 14-бабының 1-тармағы заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгiн белгiлейдi. Бұл бiр тектес қызмет түрiн iске асырушы тиiстi құқық қатынастары субъектiлерiнiң барлығы үшiн құқықтар мен мiндеттердiң теңдiгiн, талаптар мен құқықтық жауапкершiлiктiң бiрыңғайлығын көздейдi.

"Нотариат туралы" Заңның 15-бабының 3-тармағы, жекеше нотариустарды аттестаттаудың мiндеттiлiгiн белгiлей отырып, мемлекеттiк нотариустар үшiн мұндайды көздемейдi. Мемлекеттiк қызметшi мәртебесiне ие болғандықтан, мемлекеттiк нотариустарға Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 327 Жарлығымен  бекiтiлген, Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережесiнiң қағидалары қолданылады және ол нотариус қызметiнiң ерекшелiгiн көрсетпейдi.

Мемлекеттiк және жекеше нотариустар iске асыратын нотариаттық қызмет меншiктiң түрлi нысанына негiзделедi. Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң бiрдей қорғалатындығы туралы конституциялық талаптың мазмұны, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк иесi мен жеке меншiк иесiнiң заңмен рұқсат етiлген және жол берiлетiн нақты құқықтық қатынастарда, көпшiлiктiк салада болсын, жеке салада болсын, бiр ғана құқықтық тәртiпке бағынатынына келiп саяды (Конституциялық Кеңестiң


1999 жылғы 3 қарашадағы N 19\2 қаулысы ). Алайда "Нотариат туралы" Заң нотариаттық қызмет көрсетудiң мемлекеттiк және жеке субъектiлерi қызметiнiң бiрдей емес құқықтық жағдайын жасайды.

Осылайша, Заңның 15-бабының 3-тармағы, жекеше нотариустар үшiн ғана аттестаттаудан өтудi белгiлей отырып, заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгiн белгiлейтiн Конституцияның


14-бабының 1-тармағына және мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң танылуын және бiрдей қорғалуын көздейтiн Конституцияның 6-бабының 1-тармағына қайшы келедi.

Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi



ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 155 Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 2-тармағына сай "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағы нормаларының заңдық күшi жойылады және қолданылуға жатпайды.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағымен көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.


  1. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 және 83-баптарын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №13 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтініші туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы

21 ақпандағы №2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И. Рогов және Кеңес мүшелері Х.Ә. Әбішев, Қ.Ж. Балтабаев,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35-бабына сай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 және 83-баптарын ресми түсіндіру туралы» Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы
31 желтоқсандағы №13 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтінішін мән-жайы бойынша қарауға жол берілуі туралы мәселені қарады. Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашыны – Консституциялық Кеңестің мүшесі Қ.Ә. Омархановты тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Жоғарғы Сот «Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 және 83-баптарын ресми түсіндіру туралы» 2003 жылғы
31 желтоқсандағы № 13 қаулыға қосымша түсіндірме беру туралы өтінішпен Конституциялық Кеңеске жүгінген.

Жоғарғы Сот жоғарыда аталған қаулының қаулы алу бөлігі


1-тармағының «Конституцияның 16-бабының 2-тармағы сот пен прокурордың тұтқындауға және қамауға ұстауға санкция беру жөніндегі құзыретінің бастапқы ережелерін бекітеді. Сот пен прокуратураның соларға сәйкес өкілеттігі заңмен айқындалады» делінген ережесін түсіндіруді сұрайды. Осыдан келіп мынадай: мұның өзі Қазақстан Республикасының Парламенті Конституцияға қайшы келмейтін заңды қабылдауға және құзыреттерін айқындай отырып, тек прокурорға; тек сотқа; прокурор мен сотқа тұтқындауға және қамауға ұстауға санкция беру құқығын беруге құқылы дегенді білдіре ме?, деген сұрақ қойылады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соттың өтініші мынадай негіздерге қарай мән-жайы бойынша қаралмайды деп есептейді.

Республика Конституциясының 16 және 83-баптарының ережелеріне Конституциялық Кеңес өзінің заңдық күшін сақтап отырған 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулыда ресми түсіндірме берген. Ондағы құқықтық позициялар мейлінше толық әрі айқын жазылған. Атап айтқанда, қаулыда «заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі», деген бөлігіндегі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының 2-тармағы, қылмыстық процеске қатысты қолданыста, Республика Конституциясы тұтқындау және қамауда ұстауға санкция беру құқығын, өзге мемлекеттік органдарды алып тастай отырып, тек сот пен прокуратураға ғана береді, дегенді білдіреді делінген. Сондықтан Конституциялық Кеңестің ұйғарымдары қандай да болмасын түсіндірмені және соған орай қосымша қаулы қабылдауды қажет етпейді.

Жазылғанның негізінде және «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 16 және 83-баптарын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №13 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтінішін қарау бойынша іс жүргізу, қосымша қаулы қабылдауға заңды негіздер болмауына байланысты тоқтатылсын.

"Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан

зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2005 жылғы 29 сәуiрдегi N 3 қаулысы


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н. Бәйiшевтiң,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Т.Б. Дүйсенованың,

Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi


С.М. Бекбосыновтың,

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi


А.К. Әмриннiң,

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Б.А. Исаевтың,

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау бiрiншi вице-министрi С.Қ. Кесiкбаевтың,

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аппарат басшысы


С.Ғ. Темiрболатовтың қатысуымен

өзiнiң ашық отырысында Республика Жоғарғы сотының "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы N  1468а-XII Қазақстан Республикасы заңының 13-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынымын қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндаушы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ж. Балтабаевтың хабарламасын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сондай-ақ сарапшылардың: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi заң факультетiнiң деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Д.Л. Байделдиновтың, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң еңбек құқығы және азаматтық процесс кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының кандидаты, доцент И.В. Межибовскаяның, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетiнiң педиатрия кафедрасының меңгерушiсi, медицина ғылымдарының докторы, профессор
З.Х. Мәжитованың, биология ғылымдарының кандидаттары,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң биология және экология кафедрасының доценттерi Ж.И. Iңкәрова мен
Л.Х. Ақбаеваның қорытындыларымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны 
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне Республика Жоғарғы Сотының "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468а-XII Қазақстан Республикасы заңының 13-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы келiп түстi.

Ұсынымнан белгiлi болғаны, Жоғарғы Соттың қарауында азамат С.Н. Серғазиевтiң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 желтоқсандағы N 1057 «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысын заңға қайшы деп тану туралы Республика Үкiметiне қойған талап-арызы жатыр.

Талап-арызды қарау барысында Жоғарғы Сот, iс бойынша қолданылуға тиiстi "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" заңның
13-бабы (бұдан әрi – Заң) Конституцияның 14-бабында баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi, себебi әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiлуiн экологиялық қасiрет аймағында тұру фактiсiмен байланыстырады деген ұйғарымға келген. Әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiлуiнiң мұндай тәртiбi, Жоғарғы Соттың пiкiрiнше, бұл аймақтан көшiп кеткен, бiрақ зардап шеккен деген мәртебесi бар азаматтарды тұрғылықты жерiне байланысты кемсiтушiлiк болып табылады.

Заңның 13-бабының конституциялылығы туралы мәселенi қарау кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.

1. Қазақстан Республикасы, өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн орнықтыра отырып (Конституцияның
1-бабының 1-тармағы), сол немесе өзге бiр себептер бойынша кiмдi де болмасын кемсiтуге тыйым белгiледi және оны конституциялық кепiлдiктер деңгейiне жеткiздi. Атап айтқанда, негiзгi заңның
14-бабының 2-тармағы: "тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды", – деп баянды етедi.

Тұрғылықты жерiне байланысты кемсiтуге тыйым салу, Конституцияның осы аталған бабының заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгiн бекiтетiн 1-тармағының нормасымен тығыз байланысты. Бұл, тұрғылықты жерiне қарамастан заң актiлерiнде белгiленген бiр негiздер бойынша субъектiлердiң құқықтары бiрдей және бiрдей мiндеттердi орындауға тиiстi екендiгiн, сондай-ақ осы құқықтары мемлекет тарапынан бiрдей қорғалатынын және заң мен сот алдында бiрдей жауапты болатынын бiлдiредi. (Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 11/2 қаулысы).

2. Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 12 наурыздағы
N 3/2 қаулысына сай құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлуi және Конституцияда оның кепiлдiлiгiнiң жариялануы мемлекеттiң осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруды қамсыздандыруды өз мiндетiне алуын көздейдi. Демек, Негiзгi Заңның 1, 12, 28, 29 және 31-баптарынан келiп туындайтын денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу құқығын тану және қамтамасыз ету мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Сондықтан экологиялық қасiрет аймағында тұру және осындай аймаққа келiп қалған азаматтардың денсаулығына зиян келтiру фактiлерi мемлекет пен азамат арасында конституциялық-құқықтық зиян немесе зиян келтiрiлу қаупi үшiн әлеуметтiк өтемдер мен жеңiлдiктерге кепiлдiк берiледi. Бұл ретте заң шығарушы олардың нақты түрлерi мен алу шарттарын, сондай-ақ әлеуметтiк-ақталған өлшемдер бойынша азаматтардың құқықтарын саралауға хақылы.

Қаралып отырған Заң мынадай өлшемдер бойынша саралай отырып, азаматтарға әлеуметтiк өтемдер мен жеңiлдiктер берiлуiнiң шарттарын айқындайды: тұрған аймағы; тұруының уақыты мен мерзiмi; жасы; денсаулығын жоғалтуы. Бұл ретте тұрған жерiнiң жағдайы мен денсаулығын жоғалтуы өз бетiнше өлшемдер болып табылады және жекелей алғанда да, жиынтығында да ескерiлуi мүмкiн. Қоршаған ортаның зиянды факторларының адамға әсер етуiнiң және оның салдарының әртүрлi сипатына байланысты мұндай көзқарас негiздi болып көрiнедi.

3. Экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккендер деп заң осы аймақта тұрып жатқан немесе бұрын тұрған азаматтарды таниды (6-8-баптар). Сонымен бiрге, заңның 13-бабында көзделген өтемдер мен жеңiлдiктер, азаматтар зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан, экологиялық қасiрет аймағында тұрып жатқан бүкiл халық үшiн әлеуметтiк қолдау болып табылады. Заң шығарушы бұл жағдайда адамға өзi тұрып жатқан ортаның зиянды әсер етуiн ескередi. Алайда бұдан, заңның 6-8-баптарына сәйкес экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккендер деп танылған және осы аумақтан тыс жерлерге көшiп кеткен адамдар кемсiтiлiп отыр деген келiп шықпайды.

Экологиялық апат және экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккендерге қатысты заңның 15 және 16-баптарында бiрқатар өтемдер мен жеңiлдiктер белгiленген. Одан тыс, заңның 17-бабында экологиялық апат аймағынан көшiп кеткендер үшiн арнаулы өтемдер мен жеңiлдiктер көзделген. Экологиялық қасiрет аймағынан кеткен адамдар үшiн заңның аталған баптарында белгiленген өтемдер мен жеңiлдiктердiң көлемi, осы аумақта тұрып жатқан азаматтарға берiлетiнмен салыстырғанда аз болып табылады, өйткенi заң шығарушы оларға көшiп кеткеннен кейiн өмiр сүру ортасының зиянды әсер етпейтiнiн назарға алады.

Осылайша, экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан азаматтардың мүдделерi заңның 13, 15 және 16-баптарымен , ал зардап шеккендер мәртебесiне ие және осы аймақтардан көшiп кеткен азаматтардың мүдделерi – 15, 16 және 17-баптарымен қорғалады. Сол арқылы заң әлеуметтiк өтемдер мен жеңiлдiктердi экологиялық қасiрет аймағының адамға әсер етуiне қарай саралайды, бұл әбден орынды болып табылады.

Экологиялық қасiрет аймағында тұрып жатқан адамдар мен одан көшiп кеткен адамдарды әлеуметтiк қорғаудың әртүрлi деңгейi бұл соңғыларын тұрғылықты жерiне байланысты кемсiтуге әкеп соқпайды, өйткенi халықтың бұл көрсетiлген санаттарын қорғаудағы әлеуметтiк-шарттастырылған көзқарас олардың конституциялық құқықтарын шектемейдi (кемiтпейдi). Географиялық мағынасындағы тұрғылықты жерi емес, қолайсыз өмiр сүру ортасының адам денсаулығына әсерi бұл көрсетiлген айырмашылықтың негiзi болып табылады. Бұл орайда Конституциялық Кеңестiң әлеуметтiк-негiзделген өлшемдерге қарай отырып өтемдер мен жеңiлдiктердi саралауды кемсiтушiлiк деп есептеуге болмайды деп пайымдайды.

4. Сонымен бiрге, қаралып отырған заң мемлекеттiң әлеуметтiк функцияларын жүзеге асыруына байланысты бiрқатар сұрақтарды туындатады. Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы
21 желтоқсандағы N 18/2 қаулысында , Конституцияның 1-бабы
1-тармағының нормасы "Қазақстан Республикасы өзiн... әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады..." деген бөлiгiнде Қазақстанның өз шынайы мүмкiндiктерiне сәйкес әлеуметтiк мемлекет мiндетiн орындауға ұмтылады дегендi бiлдiредi, деп атап көрсетiлген. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, қаралып отырған жағдайда бұл экологиялық апат салдарынан зардап шеккен барлық азаматтардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiң өз мүмкiншiлiктерiн толық пайдалануы қажеттiлiгiн шарт етiп қояды.

Соңғы кездерi қабылданған жалпы әлеуметтiк заңнамалық актiлер заңның ережелерiне жеткiлiктi түрде сәйкес келмейдi. Атап айтқанда, "мүгедектер" және "экологиялық қасiретпен себептi байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан азаматтар" деген ұғымдардың ара-жiгi анық етiп ажыратылмаған. Ол құқық қолдануда қиыншылық туғызады және экологиялық қасiрет аймағынан көшiп кеткендердiң, зардап шеккендердiң әлеуметтiк мүдделерiн тиiстi шамада қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi, бұл мемлекетке әлеуметтiк функцияларын тиiмдi түрде iске асыруына кедергi келтiредi.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының
1) тармақшасын, 31-33, 37, 40 және 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы
30 маусымдағы N 1468а-XII Қазақстан Республикасы заңының
13-бабы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметiне Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен адамдарды әлеуметтiк қорғау бөлiгiнде заңнаманы үйлестiру жөнiндегi шараларды қабылдау ұсынылсын.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының

3-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң

2005 жылғы 1 шiлдедегi N 4 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, А.М. Нұрмағамбетов, Y.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары А.С.Таспихов пен


Е.О. Омаровтың,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасының әдiлет бiрiншi вице-министрi Р.Ж. Мұқашевтың және Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар вице-министрi Е.Ж. Қошановтың,

Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Б.Т. Сұлтановтың,

Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Г.Н. Әбдiқалықованың,

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.С. Орымбаевтың,

Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппаратының басшысы C.Ғ. Темiрболатовтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының Конституцияның 26-бабының
3-тармағын ресми түсiндiру туралы бiр конституциялық iс жүргiзуге бiрiктiрiлген екi өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Ү.М. Стамқұловтың хабарламасын, өтiнiш субъектiсi өкiлдерiнiң және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сондай-ақ сарапшылардың – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi тарих-филология факультетiнiң орыс тiл бiлiмi кафедрасының меңгерушiсi, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ. Қайыржановтың және Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң жанындағы Заңнамалық актiлердi әзiрлеу және сараптау жөнiндегi ғылыми-зерттеу институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ. Өмiрқұловтың қорытындыларымен танысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны


Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет