АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2005 жылғы 13 мамырда және 2005 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының Конституцияның
26-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiштерi
келiп түстi.
2005 жылғы 13 мамырда келiп түскен өтiнiште Парламент депутаттары Республиканың заңнамалық актiлерiмен, соның iшiнде "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi N 156-XIII Заңының 13-бабымен, олардың пiкiрiнше жекелеген тұлғалардың жеке меншiгiн шектейтiн жеңiлдiктер белгiленуiне жол берiлуi тұрғысынан алғанда Конституцияның 26-бабының 3-тармағына ресми түсiндiрме берудi сұрайды.
Басқа бiр өтiнiште Парламент депутаттары Конституцияның 26-бабының 3-тармағын, қолданыстағы бiрқатар заңдарда белгiленген жердi мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн алып қою (сатып aлу) туралы нормаларды ескере отырып түсiндiрудi сұрайды. Мұндай өтiнiш беруге меншiк иелерiнен жердi алып қою (сатып алу) практикасы себеп болған. Парламент депутаттары "мемлекет мұқтажы" деген конституциялық ұғым құқық қолдану практикасында дәл және негiздi түсiндiрiлмейдi деп пайымдайды. Одан тыс, депутаттар "мемлекет мұқтажы" деген конституциялық ұғым қолданыстағы заңдарда "мемлекеттiк қажеттiлiк" деген ұғыммен ауыстырылған деп есептейдi.
Конституциялық Кеңес өтiнiштерде қойылған сұрақтардың мән-жайы бойынша мынаны ескердi.
1. Конституциялық Кеңес Конституцияның 26-бабының
3-тармағын ресми түсiндiрудi Парламент депутаттарының өтiнiштерiнде көрсетiлген қолданыстағы заңдардың нормаларын конституциялылығы тұрғысынан бағалаумен байланыстырмайды. Бұдан бұрын Конституциялық Кеңес меншiк иесiн мүлкiнен айырудың немесе мүлiктi иелiктен айырудың нақты мәселелерi бойынша Конституцияның 26-бабының 3-тармағына ресми түсiндiрме берген болатын (Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 16 маусымдағы N 6/2 және 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2 қаулылары).
2. Конституцияның 26-бабының 3-тармағы соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға жол берiлмейтiндiгiн, сондай-ақ заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн екендiгiн көздейдi. Ал меншiк құқығын басқаша шектеулерге келер болсақ, онда бұл мәселелер осы конституциялық нормамен реттелмейдi.
Меншiк құқығын шектеудiң негiздерi мен шектерi және олардың сипаты Конституцияның 39-бабының 1-тармағынан туындайды, оған сай "адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана тек заңмен шектеулi мүмкiн". Демек, мүлiктiк құқық абсолюттi болып табылмайды және азаматтық-құқықтық қатынастар саласында болсын, жария-құқықтық салада болсын заңдармен шектелуi мүмкiн. Бұл құқықтық позиция сондай-ақ меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленетiндiгi туралы конституциялық нормадан (Конституцияның 6-бабының 2-тармағы) және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 2-тармағын және 61-бабы
3-тармағының 1) және 2) тармақшаларын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 19/2 қаулысынан келiп туындайды.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет үшiн адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып табылады (Конституцияның 1-бабы ). Оларды ең қымбат қазына деп тану, мемлекет үшiн адамға, оның материалдық жағынан әл-ауқатты болуына қамқорлық жасаудан асқан маңызды мiндет жоқ екенiн бiлдiредi. Мемлекет адамның лайықты өмiр сүруi үшiн қолынан келген барлық жағдайды жасауға мiндеттi. Мұндай құқықтық позиция Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы
N 18/2, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 13, 2004 жылғы
20 сәуiрдегi N 3, 2005 жылғы 29 сәуiрдегi N 3 қаулыларында бiлдiрiлген.
Конституциялық Кеңес қаралған конституциялық нормалардың мазмұны мемлекеттiң меншiк иесiнiң өз құқықтарын жүзеге асыруының шекарасын айқындауына негiз бередi деп есептейдi. Мемлекеттiк маңызы бар әлеуметтiк мәселелердi шешуге бағытталған және сонымен қатар меншiк құқығын шектейтiн жеңiлдiктердi заң шығару жолымен белгiлеу заң шығарушының төтенше өкiлеттiгi болып табылады.
Жолаушылардың белгiлi бip санаттары үшiн жеңiлдiктер белгiлеу кезiнде мүлiктi иелiктен айыру болмайды, керiсiнше мемлекеттiк, атап айтқанда, әлеуметтiк мәселелердi шешудi қамтамасыз ету мақсатында мүлiктi пайдалану режимiн заң жүзiнде реттеу орын алады. Осыған байланысты көрген шығындардың орнын толтыру, әркiмнiң қоғам мен мемлекет өмiрiне қатысуына мiндеттi екендiгi тұрғысынан (мәселен, салық төлеу, табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтерiн реттеу және т.б.) қарастырылуға тиiс. Осы жазылған Конституцияның 6-бабы
2-тармағының талабына негiзделген, оған сәйкес меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс.
3. Кеңестiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2 қаулысының қаулы бөлiгiнде, Конституцияның 26-бабының
3-тармағын "заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн" деген бөлiгiнде, осы нормада аталған: бiрiншiден, мемлекет мұқтажы үшiн, екiншiден, заңдармен көзделген ерекше жағдайларда, және, үшiншiден, оның құны тең бағамен өтелген кезде деген шарттар мiндеттi түрде сақталған кезде ғана осы мүлiктi иелiктен айыру мүмкiн болады деп түсiну керек деп атап көрсетiледi.
Бұл аталған ережелер меншiк құқығы қорғалуына қосымша кепiлдiк жасап, өз өкiлеттiгiн iске асыру кезiнде заң шығару және құқық қолдану органдары үшiн мiндеттi болады. 2000 жылғы
20 желтоқсандағы N 21/2 және 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 12/2 қаулыларда Конституциялық Кеңес, Конституция "мемлекет мұқтажы", "ерекше жағдайлар", "құны тең бағамен өтелген кезде" деген ұғымдарды анықтап отырмастан, оны заңдарға жүктейдi деп атап көрсеткен болатын. Алайда жоғарыда аталған ұғымдар заңнамалық актiлерде толығымен ашып көрсетiлмеген, ал бұл құқық қолдану практикасында белгiлi бiр қиыншылықтар туғызады.
2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-II Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде, 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94-I "Тұрғын-үй қатынастары туралы", 1998 жылғы 20 мамырдағы
N 230-1 "Қазақстан Республикасы астанасының ерекше мәртебесi туралы", 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-I "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" заңдарда, жер учаскелерiн иелiктен айырудың шарты ретiнде Конституцияда белгiленгенiндей "мемлекет мұқтажы" емес, "мемлекеттiк қажеттiктер" көрсетiледi, бұл Конституцияның 26-бабының 3-тармағымен көзделген жер учаскелерiн иелiктен күштеп айыру шарттарын практикада кеңейтiп түсiндiруге мүмкiндiк бередi.
Мемлекет пен меншiк иелерiнiң арасындағы құлау (қирау) қаупi бар апатты және ескiрген тұрғын үйлердi бұзуға және қалалар мен өзге де елдi мекендердiң бас жоспарларын орындауға қатысты түсiнiспеушiлiктер көбiнесе, жер учаскелерiн бағалау және алып қою процесiне қатысушылардың барлығының мүдделерi тепе-тең ескерiлуiн қамтамасыз етуге қаратылған iс-шаралар соған сәйкес жүзеге асырылатын рәсiмдердiң заң жүзiнде реттелмеуiнен
келiп шығады.
Конституциялық Кеңес, "мұқтаждық" және "қажеттiлiк" деген ұғымдар мазмұны жағынан жақын болғанымен, алайда, аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң контексiнде мағынасы жағынан бiрдей жүк көтермейдi деп пайымдайды. "Мұқтаждық" деген ұғым "қажеттiлiкке" қарағанда зәрулiктiң жоғарырақ деңгейiн бiлдiредi. Соған орай Конституцияның 26-бабының 3-тармағындағы "мемлекет мұқтажы" деген ұғымды "ерекше жағдайлар" деген ұғыммен тiркестiре отырып түсiнген және қолданған жөн.
Жазылғанның негiзiнде, Конституцияның 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағы меншiк құқығын, мүлiктi иелiктен айырумен байланыстырмай отырып, заңдармен шектеулер белгiлеуге кедергi жасамайды деп танылсын. Оның үстiне, мемлекет Конституцияның 6-бабының 2-тармағына сәйкес меншiктiң қоғам игiлiгiне қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында, Конституцияның 39-бабының
1-тармағымен көзделген жағдайларды ескере отырып, меншiк құқығына шектеулер белгiлеуге хақылы.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағы, солардың негiзiнде және соларға сәйкес iске асырылатын мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктi иелiктен күштеп айыру тәртiбiнiң, шарттары мен рәсiмдерiнiң, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты ретiнде, заңнамалық реттелуiн көздейдi деп танылсын.
3. "Мемлекет мұқтажы", "ерекше жағдайлар" және "мүлiктiң құнын тең бағамен өтеу" деген ұғымдарды түсiну мен пайдаланудағы бiрiздiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ заңда көзделген негiздер бойынша мемлекет мұқтажы үшiн жердi бағалау және алып қою iске асырылатын рәсiмдердi реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкiметiне Республиканың заңнамалық актiлерiне меншiк құқығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге бастамашылық жасау туралы мәселенi қарау ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағы негiзiнде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының
1 және 3-тармақтарын және 94-бабының 1-тармағын
ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2005 жылғы 19 тамыздағы N 5 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты В.Н. Котовичтiң;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың;
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi B.К. Фоостың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 1 және 3-тармақтарын және
94-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованың хабарламасын, өтiнiш субъeктici өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың, сондай-ақ сарапшылардың – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi М.Т. Баймахановтың, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң конституциялық және әкiмшiлiк құқық кафедрасының меңгерушiсi З.Ж. Кенжалиевтiң және заң ғылымдарының докторы, профессор, Заңтану академиясы – "Әдiлет" Жоғары құқық мектебiнiң оқу iсi жөнiндегi проректоры
С.Ф Ударцевтiң сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Конституцияның 41-бабының 1-тармағына және 94-бабының
1-тармағына ресми түсiндiрме берудi және Конституцияның аталған нормаларының қайсысы басым екенiн және, тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлау күнiн белгiлеу мен ол күндi Республика Парламентiнiң Мәжiлiсi жариялау кезiнде олардың қайсысын басшылыққа алу керектiгiн айқындап берудi өтiнiп Конституциялық Кеңеске жүгiндi.
Өтiнiш беруге мынадай негiз болған. Өтiнiш субъектiсiнiң пiкiрiнше, Конституцияда кезектi Президент сайлауын өткiзу мерзiмiн түрлiше айқындайтын нормалар бар, атап айтқанда: "Егер Республика Конституциясының Президент сайлауларының барлық жағдайлары үшiн ортақ норма ретiнде бағалауға болатын
41-бабының 1-тармағын басшылыққа алсақ, мұндай кезектi сайлау 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс, өйткенi қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң жетi жылдық мерзiмi 2006 жылғы 20 қаңтарда, яғни 7 жыл бұрын сайланған Қазақстан Президентi ант берген күнi (ант берген кез, Республика Конституциясының 42-бабының 1-тармағына сәйкес, сайланған Мемлекет басшысының қызметке кiрiскен кезi болып табылады) аяқталады.
Егер Конституцияның ешбiр даусыз бiр рет қана қолданылатын нормасы, яғни 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша сайланған қазiргi Мемлекет басшысы өкiлеттiгiнiң мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi кезектi Президент сайлауы жағдайына есептелген норма болып табылатын 94-бабының
1-тармағын негiзге алсақ, бұл жағдайда сайлауды 2006 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзу қажет. Бұл ретте қазiргi Президент өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мерзiм 7 жыл және 11 айдан астам болады, мұны Конституцияның 41-бабының талаптары тұрғысынан алғанда президенттiк өкiлеттiктiң жетi жылдық конституциялық мерзiмi сақталмауы деп бағалауға болады".
Конституциялық Кеңестiң отырысында өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Конституциялық заңның
21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген өзiнiң құқығын пайдалана отырып, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста сондай-ақ Конституцияның 41-бабы 3-тармағының нормаларын түсiндiру және Кеңестiң қорытынды шешiмiнде Қазақстандағы кезектi Президент сайлауының нақты күнiн айқындау туралы өтiнiшiн мәлiмдедi. Бұл өтiнiштi Конституциялық Кеңес қанағаттандырды.
Конституцияның 41-бабының 1 және 3-тармақтарын және
94-бабының 1-тармағын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты қолданыста түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
1. Негiзгi Заңның "Президент" деп аталатын III бөлiмiндегi 41-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды деп бекiтедi. Конституцияның осы бабының 3-тармағына сай Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.
Конституцияның 41-бабының 1 және 3-тармақтарының нормалары Республика Президентi сайланатын жетi жылдық мерзiмдi айқындайды, бұл сонымен бiр уақытта Президент сайлауының мерзiмдiлiгiн бiлдiредi, сондай-ақ Мемлекет басшысын сайлау кезеңiнiң басталуы болып табылатын күндi көрсетедi. Конституцияның 94-бабының 1-тармағына сай (IХ бөлiм "Қорытынды және өтпелi ережелер") "Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президентi Конституция белгiлеген Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiне ие болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық референдумда қабылданған шешiм бойынша белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырады".
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 7 қазандағы N 284-I Заңымен Конституцияның
94-бабының 1-тармағы мынадай нормамен толықтырылды: "Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен Республика Президентi өкiлеттiгiнiң қазiргi мерзiмi Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған Республика Парламентiнiң қаулысымен қысқартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда Парламент Мәжiлiсi бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бiр ай iшiнде ант бередi және жетi жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi Президент сайлауында сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады".
Конституцияның 94-бабының 1-тармағы аталған Заңның редакциясында 1999 жылы сайланған Республика Президентiнiң Мемлекет басшысының өкiлеттiктерiне ие болуы, оларды iске асыруы және тоқтатуы мәселелерiн реттейдi. Бұл нормалар Негiзгi Заңның 41-бабының 1 және 3-тармақтарын Қазақстан Президентi сайлауының нақты жағдайында жүзеге асыру үшiн қызмет етедi. Республиканың қазiргi Президентi 1999 жылғы 20 қаңтарда қызметiне кiрiстi. Оның өкiлеттiгiнiң жетi жылдық мерзiмi осы сәттен бастап есептеледi (бұл Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы
20 маусымдағы N 12/2 қаулысында көрсетiлген).
Конституцияның 94-бабы 1-тармағы нормаларының көпшiлiгi қазiргi кезде жүзеге асырылған. Мына ереже ғана заңдық күшiн сақтап қалды: "... жетi жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi Президент сайлауында сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады". Бұл ереже Республика Президентiнiң өз өкiлеттiгiн атқаруының жетi жылдық мерзiмiн бекiтедi, алайда аталған мерзiмдi есептеу қай кезден басталатынын (Парламенттiң сайлау күнiн тағайындау сәтi, бұдан бұрынғы сайлау күнi, қазiргi Президенттiң қызметiне кiрiскен сәтi және т.б. осындай кез болып табылатынын не табылмайтынын) нақтыламайды.
2. Талдау көрсеткенiндей, Негiзгi Заңда конституциялық ережелердiң орналасуын формальдi түрде айқындайтын арнаулы норма жоқ. Алайда, түрлi конституциялық нормалардың ерекшелiгiн ескере отырып, түсiндiру барысында олардың кейбiрiне нақты жағдайларда басымды маңызы бар деп артықшылық берiлуi мүмкiн. Мәселен, Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 29 қазандағы
N 20/2, 2000 жылғы 7 маусымдағы N 4/2 қаулыларында, Республиканың конституциялық құрылысының негiздерiн және өзге де түбегейлi ережелердi бекiтетiн "Жалпы ережелер" деп аталатын
I бөлiмнiң нормалары өзге конституциялық нормаларға қарағанда басымдыққа ие делiнедi.
Конституциялық нормаларды түсiндiрген кезде олардың бiр-бiрiне мүмкiн болған тең бағыныстылығы туралы мәселе нақты жағдайға қатысты қолданыста Негiзгi Заң нормаларының бүкiл жүйесi мәтiнiнде шешiлуге тиiс.
Атап айтқанда, Конституцияның 41-бабының 1, 3-тармақтары және 94-бабы 1-тармағы нормаларының мазмұнын бiр-бiрiмен салыстыру мынадай ұйғарымға алып келедi:
- 41-баптың 1 және 3-тармақтарында Қазақстан Республикасы Президентi сайлауының барлық жағдайларына қатысты жалпы сипаттағы нормалар бар. Олар Мемлекет басшысы сайлауының басталуы ретiнде желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiн атай отырып, жетi жылдық кезеңiн белгiлейдi;
- 94-баптың 1-тармағы, бұдан бұрын атап өтiлгенiндей, жетi жылдық мерзiм аяқталғаннан кейiн Президент сайлауы өткiзiлуге тиiс осы жетi жылдық мерзiмнiң қашан басталатынын белгiлемейдi, сондықтан оның ережелерiн Негiзгi Заңның 41-бабы
1 және 3-тармақтарының нормаларынан ажыратып қолдануға болмайды.
Конституцияның 94-бабы 1-тармағының нормалары
41-баптың 1 және 3-тармақтарының нормаларын өтпелi кезеңде, Қазақстан Президентiнiң алда келе жатқан кезектi сайлауының күнiн айқындауға байланысты жағдайда жүзеге асыруға арналғандықтан, аталған нормалар жиынтығында қолданылуға тиiс.
3. Негiзгi Заңның 1-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасын демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде орнықтырады. Конституция мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық, ол билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады деп белгiлейдi (3-баптың 1 және
2-тармақтары).
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлау күнiн айқындаған кезде, Негiзгi Заңда көрсетiлген Мемлекет басшысының сайлау күнi мемлекеттiк билiктiң бастауы ретiнде халықтың өз еркiн бiлдiру кезеңiнiң басталуы болып табылатынын ескерген жөн. Осы сайлау күнi Қазақстан халқы билiктiң демократиялық сипатын айқындаушы, оған ең жоғары заңдылық берушi өзiнiң еркiн бiлдiрiп, өз егемендiгiн көрсетедi.
Республика Президентiнiң сайлауына қатысты қолданыста Қазақстан халқының егемендiгi, демократиялық және құқықтық мемлекеттiң мән-мазмұны Конституцияның 41-бабы 1 және
3-тармақтарының ережелерiнде нақтыланады.
Жазылғанды ескерiп, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауы 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс.
Бұл жағдайда, Конституцияның 42-бабының 2-тармағына сай, сайланған Президент 2006 жылғы қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде (11 қаңтарда) ант беруге тиiс. Бұл 1999 жылғы 20 қаңтарда қызметiне кiрiскен қазiргi Мемлекет басшысының өкiлеттiк мерзiмiн қысқарту болып табылмайды, өйткенi Негiзгi Заңның 41-бабының
1-тармағына сәйкес Республика Президентi өз қызметiне жетi жылға кiрiспейдi, керiсiнше, жетi жыл мерзiмге сайланады. Сайлау күнi сайлау процесiне, соның iшiнде Президенттiң қызметiне кiрiсуiне байланысты өзге барлық күндерге қарағанда басымды болып табылады.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заңның 31-33, 37-баптарын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 94-бабы
1-тармағының ережелерiн өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, бұл ережелер Қазақстан Республикасы Конституциясының
41-бабының 1 және 3-тармақтарын Қазақстан Республикасы Президентi сайлауының нақты жағдайында жүзеге асыру үшiн қызмет етедi деп түсiнген жөн. Аталған конституциялық нормаларды жиынтығында қолдану қажет.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 94-бабы
1-тармағының және 41-бабының 1 және 3-тармақтарының мағынасынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектi сайлауы 2005 жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс екендiгi келiп шығады.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
"Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес ұйымдардың қызметi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне коммерциялық емес ұйымдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң
2005 жылғы 23 тамыздағы N 6 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов және
Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының өкiлдерi – Парламент депутаттары Қ.К. Бөлтаев пен В.Н. Котовичтiң,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi Д.Р. Құсдәулетовтың,
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары В.П. Зверьковтың,
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Б.К. Байқадамовтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес ұйымдардың қызметi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне коммерциялық емес ұйымдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Республика заңдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.В.Белоруковтың хабарлауын, Республика Парламентi Палаталары өкiлдерiнiң және өзге де отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сарапшылардың – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң Мемлекет және құқық институтының директоры Ғ.С. Сапарғалиевтiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры М.К. Сүлейменовтiң қорытындыларымен, сондай-ақ маманның – заң ғылымдарының докторы, профессор, Заңтану академиясы – "Әдiлет" жоғары құқық мектебiнiң проректоры
В.А. Малиновскийдiң қорытындысымен танысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
Достарыңызбен бөлісу: |