Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет27/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы
7-тармағымен көзделген, "Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауы" дегенде, Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен көзделген барлық рәсiмдердi сақтай отырып кейiн заң қабылдауға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлардың заң шығару процесiнiң кез келген сатысында туындауын түсiнген жөн.

Мұндай жағдайларға: Парламент Мәжiлiсiнiң заң жобасын қарауға олар кезде қабылдамай тастауы; заң жобасын Мәжiлiстiң мақұлдамауы; заң жобасын Сенаттың қабылдамай тастауы және онымен Мәжiлiстiң келiсуi; Мәжiлiс қайта мақұлдаған заң жобасын Сенаттың қайтадан қабылдамай тастауы; Палаталардың бiрлескен отырысында қаралуға тиiстi заң жобасын Парламенттiң қабылдамай тастауы; Палаталардың бiрi немесе Парламент енгiзген түзетулермен келiспеген жағдайда, өзi бастамашылық жасаған заң жобасын заң шығару процесiнiң кез келген сатысында Үкiметтiң керi шақырып алуы жатады.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы
7-тармағының "... заң жобасының қабылданбауына байланысты" деген бөлiгiндегi ережесi, Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында да (Конституцияның 53-бабы 1) тармақшасы), мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы Палаталардың бөлек отырысында да (Конституцияның 54-бабы 1) тармақшасы) қарауға және қабылдауға жататын барлық заң жобаларын көздейдi.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы


7-тармағының мағынасынан келiп шығатыны, заң жобасының қабылданбауына әкеп соқтыратын жағдайлар заң шығару сатысының кез келген сатысында туындауы мүмкiн. Сондықтан Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Үкiметiне сенiм бiлдiру туралы мәселенi тиiсiнше кез келген сатыда қоя алады.

4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы


3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

5. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 10 маусымдағы N 8 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А. Есенжанов, А.К. Котов және Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

Мемлекет басшысының өкiлi – Республика Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi


А.Ш. Аккулевтiң,

Республика Әдiлет министрi О.И. Жұмабековтiң,

Республика Парламентi Сенатының депутаты
Л.Н. Бурлаковтың, Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Ж.Н. Әбдиев пен A.A. Бейсенбаевтың,

Республика Бас Прокурорының орынбасары


А.Қ. Дауылбаевтың,

Республика Ауыл шаруашылығы вице-министрi


А.Қ. Құрышбаевтың,

Республика Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Б.С. Оспановтың қатысуымен,

өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң конституциялылығын тексеру туралы өтiнiшiн қарады.

Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Қ.Ә. Омархановтың хабарын, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны


АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Жер кодексiн 2003 жылғы
19 мамырда Республика Парламентi Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 7-тармағына сәйкес дауысқа салмай қабылдап, 2003 жылғы 27 мамырда Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынған.

Республиканың Жер кодексiн конституциялылығы тұрғысында қарай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының жер заңдарын құқықтық реттеуге негiз етiп алынуға тиiс мынадай түбегейлi ережелерiн ескердi:

1) жалпы бастаулары мен принциптерi (2-баптың
2-тармағы, 4-баптың 1 және 2-тармақтары, 5-баптың 1 және
2-тармақтары, 6-бап );

2) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын реттейтiн нормалар (12-баптың 2 және


5-тармақтары, 13-баптың 2-тармағы, 14-бап , 26-баптың 2, 3 және
4-тармақтары, 31-баптың 1-тармағы, 38-бап , 39-баптың 1-тармағы).

1. Конституцияның 6-бабы 3-тармағына сәйкес "Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн".

Бұл конституциялық нормалар, жер қатынастарын реттеу кезiнде Конституция, мемлекеттiң жерге деген ерекше меншiгi режимiн белгiлеуге дейiн бара отырып, меншiктiң және жер айналымының құқықтық режимдерiн айқындауда мемлекеттiң жоғары тұруын баянды ететiнiн бiлдiредi. Бұл орайда Республикада меншiк пен жер қатынастарының құқықтық мәселелерi заңдармен және заңдық күшi жағынан солармен тең заңнамалық актiлермен, Республика Конституциясының жалпы бастаулары мен нормалары негiзiнде реттеледi (Конституцияның 4-бабының 1 және
2-тармақтары, Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi
N 2/2 және 2003 жылғы 23 сәуiрдегi N 4 қаулылары).

Азаматтардың әлеуметтiк-экономикалық салада өздерiнiң конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы үшiн қолайлы заңдық жағдай мен кепiлдiк жасауға, соның iшiнде Конституцияның 6-бабы 3-тармағына сәйкес жердiң кейбiр санаттарына жеке меншiк енгiзу арқылы, қаратылған Жер кодексi (бұдан әрi – Кодекс), жер қатынастарына қолданысты алғанда осындай актi болып табылады.

Конституцияның 2-бабы 2-тармағында былай делiнедi: "Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi". Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы
23 сәуiрдегi N 4 қаулысында бұл жөнiнде, мемлекет аумағы сол мемлекет өмiр сүретiн және егемен билiк ұйымы ретiнде қызмет iстейтiн кеңiстiк шегiн бiлдiредi. Құрамына жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар кiретiн аумақтың тұтастығы, қол сұғылмауы және бөлiнбеуi ұлттық қауiпсiздiктiң айқындаушы шарттары болып табылады, мемлекет оларды Конституция және халықаралық құқық нормалары негiзiнде қамтамасыз етiп, қорғайды.

Жоғарыда аталған конституциялық принциптер Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеуге негiз етiп алынған (Кодекстiң 4-бабы, 6-бабының 7-тармағы, 7, 34, 37-баптары және 170-бабының 8-тармағы).

Республикадағы меншiк қатынастары дамуының конституциялық бастаулары да ортақ, олар: "мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады" (6-баптың
1-тармағы) және "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi"
(6-баптың 2-тармағы) – Кодекстiң нормаларында нақтыланады.

Мәселен, Кодексте жерге мемлекеттiк меншiкпен қатар жеке меншiк те танылады (2-бөлiм, 3-бап). Бұл орайда меншiктi қорғаудың, жер қатынастарына қатысушылардың бәрiне бiрдей ортақ Республика заңнамасына негiзделген бiрыңғай механизмi қамтамасыз етiледi (Кодекстiң 6 және 164-баптары). Жер заңдарының мiндеттерi ретiнде мыналар белгiленедi: жердi сақтау және оған залал келтiрудiң алдын алу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау (Кодекстiң 4 және 5-баптары). Кодекстiң


6-бабының 3 және 5-тармақтарында, жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне зиян келтiрмеуге тиiс, деп көзделедi.

Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi (Кодекстiң 64 және 65-баптары), сондай-ақ жер заңдары бұзылған жағдайда меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату шарттары (Кодекстiң 93-бабы) бұл аталған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзуге септiгiн тигiзедi. Кодекстiң 20-тарауында жер құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтарын қорғауға, өзге субъектiлердiң, соның iшiнде – мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде келтiрiлген залалды өтеуге бағытталған нормалар берiлген.

Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың бiрiгiп кетуiне, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейтiндiгi туралы конституциялық нормалар (Конституцияның 5-бабының 1 және 2-тармақтары) Кодекстiң 2 және 18-тарауларының ережелерiмен қамтамасыз етiледi, бұл ережелерде жер қатынастарын реттеудiң құқықтық мәселелерi тиiстi мемлекеттiк органдардың құзыретiне жатқызылып, оларды мемлекеттiк емес құрылымдардың шешуiне жол берiлмейдi.

2. Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы) екенiн ескере отырып, Негiзгi Заң құқықтық мемлекеттiң ең негiзгi белгiлерiнiң бiрi – заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы адамның құқықтары мен бостандықтарына қарай айқындалатынын бекiтедi (Конституцияның 12-бабының 2-тармағы). Бұл аталған ереже Қазақстанда қолданылатын құқықтың тұжырымдамалық негiзi болып табылады және Кодексте ол ескерiлген.

Мәселен, "адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға ... тиiс" (12-баптың 5-тармағы); "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi" (38-бап ); "адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары ... тек заңмен шектелуi мүмкiн" (39-баптың 1-тармағы), – деген конституциялық ережелер Кодекстiң тиiстi нормаларында өз көрiнiсiн тапқан.

Кодекстiң 6-бабының 3-тармағы бұл нормаларды жер құқықтарын жер қатынастарының өзге субъектiлерiне, сондай-ақ табиғи ресурстарға қатысты терiс пайдалануға жол берiлмейдi деп нақтылайды. Жер заңдары жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы олардың сақталуы мен жақсартылуын қамтамасыз етуге қаратылған (Кодекстiң 17-тарауы, 5-бабы).

Бұл аталған ережелер тиiстi құқықтық механизммен қамтамасыз етiледi. Атап айтқанда, жердi ұтымды пайдалану ережелерi өрескел бұзылған немесе оны пайдалану жердiң құнарлылығының едәуiр төмендеуiне не экологиялық жағдайдың едәуiр нашарлауына әкеп соғатын жағдайда, жер учаскесi меншiк иесi мен жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкiн (Кодекстiң
93-бабы). Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз етудi реттейтiн нормаларда, меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда залал келтiрушiнiң есебiнен оны толық көлемде өтеу көзделiп, өтемақы мөлшерiн айқындай отырып, зиянды өтеу тәртiбi белгiленедi. Кодекстiң 164-168-баптарында, кiнәлi тұлғалардың жауапкершiлiгi, сондай-ақ жер құқықтарын қорғау тиiстi салалық заңдардың нормаларына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленедi.

Кодексте жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мемлекеттiк органдардың заңсыз құқық шығармашылығынан қорғалуына кепiлдiк беретiн нормалар бар – заңда белгiленген құқықтарды олардың актiлерiмен шектеуге болмайды (Кодекстiң


6-бабының 5-тармағы).

Кодекстiң жекелеген нормаларында аталатын субъективтiк құқықтарды және жер құқық қатынастарына қатысушылардың мiндеттерiн заңнамалық актiлермен егжейлеу қажеттiгi оларды Конституцияның 6-бабы 2 және 3-тармақтары, 39-бабы 1-тармағы талаптары шеңберiнде шектеу мүмкiндiгiн көздейдi.

Конституцияның 62-бабы 1-тармағында Парламенттiң қаулылары, оның Палаталарының қаулылары "заң актiлерi" деп, Парламенттiң, Сенат пен Мәжiлiстiң Конституция баптарымен толық көзделген, заң шығару өкiлеттiгiмен қатар iске асырылатын, өздерiнiң құқық қолдану өкiлеттiгiн жүзеге асыру актiлерiнiң нысаны мағынасында аталған. Ең жоғары өкiлдi орган және оның Палаталары Конституцияның бұл нормаларын орындау мақсатында өз қарауына жататын нақты мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды, өзiнiң заңдық күшi жағынан олар заңдармен, мемлекеттiк билiктiң басқа институттары: Президенттiң, атқарушы органдардың, соттардың және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының актiлерiмен құқықтық бәсекелестiк қатынасына түспеуге тиiс. Парламенттiң, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары, әдетте, ұйымдық-құқықтық маңызы бар парламенттiк құқық қолдану актiлерi болғандықтан, мiндеттi сипатқа ие.

Кодекстiң 94-бабының 1-тармағында, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын не заңдарды бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерi сот тәртiбiмен алып қойылады деп көзделген. Бұл норма Конституцияның 26-бабы 3-тармағының "соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды" деген бөлiгiндегi талаптарына, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 14/2 және 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2 қаулыларында берiлген құқықтық позицияларына сәйкес келедi.

Жердi мемлекеттiк қажеттер үшiн алу негiздерi өз ерекшелiгiмен сипатталады (Кодекстiң 84-бабы: қорғаныс мұқтажы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, пайдалы қазба кен орындарының табылуы, мемлекеттiк маңызы бар коммуникациялар құру және т.б.), ал оларды өтеу шарттары меншiк иесiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн ескередi (Кодекстiң 85-89 және 165-баптары), бұл Конституцияның 26-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келедi ("заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн"). Бұл орайда әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуы құқығын (Конституцияның 13-бабының 2-тармағы) қорғауға Кодекстiң 88, 89, 166,
167-баптарының және 170-бабы 7-тармағының нормалары кепiлдiк болып табылады.

Кодексте заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң заң жүзiндегi теңдiгi қамтамасыз етiледi, жер қатынастары субъектiлерiн тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсiтетiн нормалар жоқ. Оның барлық ережелерi Конституцияның 14-бабы талаптарына сай келедi.

Бұл ретте, Конституциялық Кеңес Кодексте заңдық техника мәселелерiне жататын жекелеген жетiлмеушiлiктер бар екенiн атап көрсетедi.

3. Кодекс Конституцияның 61-бабында белгiленген тәртiп пен рәсiмдерге, сондай-ақ Конституция ережелерiне негiзделген, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 7-тармағын және 63-бабы 1-тармағын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2003 жылғы 13 мамырдағы N 6 қаулысына сәйкес қабылданған.

Осы құқықтық негiзде Жер кодексiн қабылдау, билiктiң атқарушы және заң шығарушы тармақтарының тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалана отырып (Конституцияның 3-бабының
4-тармағы), Конституцияның 61-бабы 7-тармағына сәйкес Парламентте конституциялық өзара iс-қимыл жасауының
нәтижесi болды.

Республика Президентiне қол қоюға ұсынылған Кодекске Конституцияның 45-бабы 3-тармағына сәйкес Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының қолдары қойылып тиянақталған. Конституцияның бұл нормасының талабы Парламентте заңдарды қабылдаудың сол немесе өзге конституциялық-құқықтық тәртiбi үшiн ортақ болып табылады. Бұл, Конституциялық Кеңестiң, Республика Президентi қол қойғанға дейiн Парламент актiлерiне өздерiнiң қолдарын қойып тиянақтауға мiндеттi лауазымды адамдарға қатысты бөлiгiнде Конституцияның 45-бабын қолданудың рәсiмдiк мәселелерiне ресми түсiндiрме берiлген, 1997 жылғы 29 мамырдағы N 13/2 қаулысының құқықтық позициясына жауап бередi.

Осылайша, Республика Конституциялық Кеңесi, 2003 жылғы 19 мамырда Республика Парламентi Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 7-тармағына сай дауысқа салмай қабылдап, 2003 жылғы 27 мамырда Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылған Қазақстан Республикасының Жер кодексi өзiнiң мазмұны жағынан да, оны қабылдау рәсiмi жағынан да Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп санайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы


1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы
2-тармағының 1) тармақшасын, 31–33, 37-баптарын, 39-бабының
1-тармағын, 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2003 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасының Парламентi дауысқа салмай қабылдап, 2003 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына келiп түскен, Қазақстан Республикасының Жер кодексi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы


3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын, 175-бабы

3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 19-бабы

3-бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi

ұсынысы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2003 жылғы 26 маусымдағы N 9 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
С.Ф. Бычкова, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi алқасының төрайымы


Р.Н. Юрченконың,

Республика Бас Прокурорының орынбасары


А.Қ. Дауылбаевтың,

Республиканың Әдiлет вице-министрi С.М. Бекбосыновтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағын, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 13-бабын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргiзу кодексiнiң


19-бабы 3-бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынысын қарады.

Қолдағы бар конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi


Қ.Ж. Балтабаевты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң және отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2003 жылғы 3 маусымда Республика Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрi – ҚК) ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адамдардың жауаптылығын көздейтiн 175-бабы
3-бөлiгiнiң "в" тармағын, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағын және
179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағын, он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығын ескеру бөлiгiнде, Конституцияның 1, 12, 14, 27, 77-баптарына сәйкес емес деп тану жөнiндегi ұсынысы келiп түстi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 21-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сай Жоғарғы Сот, ҚК-тiң 13-бабының және Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi – ҚIЖК) 19-бабы


3-бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес еместiгi туралы мәселемен толықтыра отырып, өтiнiштiң көлемiн ұлғайтқан.

Жоғарғы Сотта жатқан, Лениногор қалалық сотының үкiмiмен ҚК-тiң 175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағымен, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағымен, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағымен, 255-бабы


4-бөлiгiнiң "в" тармағымен, 259-бабы 1-бөлiгiмен, 251-бабы
4-бөлiгiмен сотталған, В.С.  Зиневичтiң қылмыстық iсi Конституциялық Кеңеске өтiнiш беруге себеп болған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы, сотталғанның шағымы бойынша iстi қарап шығып, өзiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен, В.С. Зиневичтiң iс-әрекетiн ҚК-тiң 175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағынан, 178-бабы


3-бөлiгiнiң "в" тармағынан, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағынан,
255-бабы 4-бөлiгiнiң "в" тармағынан тиiсiнше 175-бабы 2-бөлiгiнiң "а", "б", "в" тармақтарына, 178-бабы 2-бөлiгiнiң "б", "в" тармақтарына, 179-бабы 2-бөлiгiнiң "а", "б", "в", "г" тармақтарына, 255-бабы 3-бөлiгiнiң "б", "г" тармақтарына қайта саралай отырып, оған қатысты үкiмдi өзгерткен.

Бұл орайда Жоғарғы Соттың алқасы өз қаулысында, соңыра өтiнiште көрсетiлген, мынадай уәж келтiредi:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы
3-тармағының 2) тармағына орай бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды, демек, қылмысты ауырырақ қылмыстық заң бойынша саралауға әкеп соқтыратын, қатаңдау жаза көздейтiн "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiн тағу Конституцияның  бұл аталған ережесiне қайшы келедi және заң мен сот алдындағы теңдiк негiзiнде сот төрелiгiнiң iске асырылуы туралы қылмыстық процестiң принципiн бұзады;

2) ҚК-тiң 13-бабы 4-бөлiгiне сәйкес он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Демек, осы соттылықтар құрайтын арнайы қайталану бeлгici бойынша қылмысты capалaу кезiнде де олар ескерiлмеуге тиiс.

Қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасының бұл ұйғарымына Бас Прокурордың наразылығы келтiрiлiп, онда ҚК-тiң 13-бабы
4-бөлiгi және "Кәмелетке толмағандардың қылмыстары және оларды қылмыстық және қоғамға қарсы өзге де әрекеттерге тарту туралы iстер бойынша сот практикасы туралы" Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 6 нормативтiк қаулысының 22-тармағы негiзiнде, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыс үшiн соттылық, қылмыстың қайталануын тану кезiнде ғана ескерiлмейтiнiне, ал қылмысты саралау және түзеу колониясының режимiн айқындау кезiнде ол ескерiлуге тиiс екендiгiне назар аударылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiнiң өтiнiште көрсетiлген нормаларының конституциялылығын тексерген кезде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 12, 14,
27-баптары Республиканың конституциялық құрылысының негiздерi мен принциптерiн, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi принципiн, Республикадағы неке-отбасылық қатынастардың негiзiн баянды етедi.

Республика Конституциясының бұл нормалары қазiр қолданылып жүрген қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына негiз етiп алынып, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшелiктерiн ескере отырып, кодекстердiң тиiстi тарауларында оның шарттары мен ресiмдерiн белгiлейдi.

Сол арқылы, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өтiнiшiнде аталған, "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiне жататын мәселелер Республиканың қазiр қолданылып жүрген қылмыстық заңнамасында өзiнiң дәйектi шешiмiн тапқан.

Мәселен, ҚК-тiң Жалпы бөлiмiнде, қылмыстың көптiгi деген жалпы түсiнiкпен қамтылатын және ҚК-тiң  Ерекше бөлiмiнiң барлық баптарына қатысты, қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуына, қылмыстардың жиынтығына және қылмыстың қайталануына


түсiнiк берiледi.

ҚК-тiң ұрлық және қорқытып алушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн баптарында аталған "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi, қылмыстың арнайы қайталануының бiр түрi болып табылады. Адам бұрын жасаған қылмысы үшiн сотталғанға барабар не (заңда көрсетiлген реттерде) сол тектес қылмыс жасаған кезде қылмыстың қайталануы арнайы деп саналады. Сондықтан ҚР


ҚК-iнiң 13-бабы 4-бөлiгiнiң ережелерi Ерекше бөлiмнiң баптарындағы "ұрлық нeмece қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiн қараған кезде қолданылуға тиiс.

Одан тыс, бұл саралау белгiсiн қолдана отырып, ҚК-тiң 53, 54 және 59-баптарының жауаптылықты саралау принципiн белгiлейтiн нормаларын есте ұстаған жөн. Бұл, заң шығарушының кейбiр мән-жайларды әуелден қылмыстың құрамындағы саралау немесе жеңiлдету белгiсi ретiнде атап көрсететiнiн және солар үшiн ҚК-тiң Ерекше бөлiмi баптарының санкцияларында тиiстi жаза белгiлейтiнiн бiлдiредi. Қандай да бiр мән-жай ауырлататын немесе жеңiлдететiн мән-жай ретiнде көрсетiлмеген жағдайда, сот оны жаза белгiлеген кезде ҚК-тiң 53 және 54-баптары негiзiнде қылмыстық жауаптылықты ауырлататын немесе жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескередi. Бұл жағдайларда жазалау шарасы ҚК-тiң 59-бабы


2-бөлiгiнiң ережелерi бойынша белгiленедi.

ҚК-тiң 59-бабы бiрiншi бөлiгiнде, сот қылмыстың қайталануы жағдайында жаза тағайындағанда мiндеттi түрде ескеруге тиiс мән-жайлардың тiзбесi берiледi. Оған мыналар жатқызылған: бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзеушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi. Заңның аталған талаптары, соттың жасалған қылмыс туралы және айыптының жеке басы туралы барлық мәлiметтердi ескере отырып, жазаны сараландыруына мүмкiндiк бередi ("Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 59-бабының конституциялылығын тексеру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 11 мамырдағы N 5/2 қаулысы).

ҚК-тiң 175, 177, 178, 179, 181-баптарындағы "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi қылмыстың арнайы қайталануы дегеннiң дәл өзi, және оған ҚК-тiң 13-бабы 4-бөлiгiнiң, он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ алынып тасталған немесе жойылған соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi, деген ережесi толығымен қолданылады.

Осылайша, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, ҚК-тiң


175-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 178-бабы 3-бөлiгiнiң "в" тармағы, 179-бабы 3-бөлiгiнiң "г" тармағы нормаларының ережелерi, он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн соттылықты ескеру бөлiгiнде, Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Конституциялық Кеңес Республика Конституциясы мен осы Жарлықты басшылыққа ала отырып, соттардың асырады. Осыны ескере отырып, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Соттың "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсiн он сегiз жасқа толғанға дейiн жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамдарға қатысты қолданбау туралы уәжiн қарай алмайды. Жоғарғы Соттың өтiнiшiнде атап көрсетiлген, судьялардың Қылмыстық кодекс нормаларын қолдану практикасындағы даулы мәселелердi, Қазақстан Республикасы Конституциясының 81-бабына сәйкес, Жоғарғы Сот заңнамамен белгiленген тәртiппен шешуге тиiс.

2. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының


2) тармақшасында "бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды", – деп атап көрсетiлген.

Бұл конституциялық ереженi қазiр қолданылып жүрген қылмыстық заңнама қылмыстық жауаптылықты саралау кезiнде ескередi. Жоғарыда атап көрсетiлгенiндей, заң шығарушы қылмыстың нақты құрамы туралы нормада ескерген мән-жайлар, жаза тағайындау кезiнде назарға алынбайды. ҚК-тiң 54-бабы


2-бөлiгiнде, егер ауырлататын мән-жай ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек, делiнген.

Баяндалғаннан келiп шығатыны, ҚК-тiң 13-бабы және 175, 178, 179-баптарының "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi, бұл көрсетiлген белгi ескерiлген кезде субъект жаңадан жасаған қылмысы үшiн жауаптылық арқалайтын болғандықтан, Республика Конституциясының аталған нормаларына қайшы келмейдi. Айқындалып алынған бұл белгi жаңадан пайдакүнемдiк қылмыс жасап отырған адамның тұрақты түрдегi қауiптiлiгiн, сондықтан да ауырырақ қылмыстық жазалауға лайық екенін бiлдiредi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы
1-тармағында бекiтiлген, заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi туралы конституциялық норма ҚК-тiң 14-бабы 2-бөлiгiнiң ережелерiнде өз көрiнiсiн табады. Онда, қылмыс жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей, деп атап көрсетiледi.

Конституциялық Кеңестiң, Республика Конституциясының


14-бабы 1-тармағы бойынша бұрын қабылданған қаулыларынан келiп шығатыны, заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгi, адамның құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғайтынын және адамдардың заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн бiлдiредi ("Қазақстан Республикасы Конституциясы 14-бабының 1 және 2-тармақтарын, 24-бабының 2-тармағын,
77-бабы 3-тармағының 5) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Кеңестiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2 қаулысы). Заң алдында тең болу адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруға мүмкiндiк беретiн нақтылы шарттар мен жағдаяттардың нақ осы заңдарда анықталатынын бiлдiредi ("Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына,
14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2 қаулысы).

Қылмыстық жауаптылықты белгiлеу кезiндегi заң алдындағы теңдiк дегенiмiз, қылмыс субъектiлерi бiрдей әрекетi үшiн, жеңiлдететiн де, ауырлататын да мән-жайларды ескере отырып, тең қылмыстық жауаптылық арқалауы тиiс екенiн бiлдiредi. Қылмыстың құрамы қылмыстық құқықтағы формалдi теңдiктi қамтамасыз етудiң құралы болып табылады, ол қарапайым сараланған және жеңiлдетiлген мән-жайлы болуы мүмкiн.

Қылмыстық құқықта, жасалған әрекеттi, не болмаса қылмыс пен айыптының бет-бейнесiн бiр уақытта сипаттайтын мән-жайлар, яғни әрекет арқылы бiлiнген мән-жайлар ғана саралау белгiсi ретiнде танылады. Адамға тән пайдакүнемдiк жаңадан жасалған әрекет арқылы әкелiнедi, мұндай пiкiрдi қылмыстың қайталануы, соның iшiнде арнайы қайталануы түсiнiгiне негiзiнен қолданса болады.

Осылайша, Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, ҚК-тiң  қаралып отырған баптарында көрсетiлген "ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам" деген саралау белгiсi, Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы 1-тармағының және Конституциялық Кеңестiң осы мәселе бойынша бұрын қабылданған қаулыларының мазмұнына


қайшы келмейдi.

3. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының


8) тармақшасына сәйкес "адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады".

Бұл конституциялық норма ҚIЖК-тiң 19-бабы 3-бөлiгiнде әрi қарай дамытылған, оған сай "айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуге тиiс".

Көрiнiп тұрғанындай, аталған конституциялық норма мен қылмыстық iс жүргiзу заңының нормасы арасындағы айырмашылық мынаған келiп саяды:

- заңда "кез келген" емес, "сейiлмеген" күдiк туралы


сөз болады;

- заңға "қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуге тиiс", – деген ереже қосымша енгiзiлген.

Қылмыстық iс жүргiзу заңнамасының кез келген күдiк айыпталушының пайдасына түсiндiрiлетiндiгi туралы нормасы, тиiстi орган осы мақсатта заңмен көзделген барлық шараларды қабылдағаннан кейiн сейiлте алмаған күмәнге ғана қатысты болады. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде сейiлмеген немесе сейiлмейтiн болып шыққан күмәндер ғана айыпталушының пайдасына түсiндiрiлуге тиiс. Осылайша, ҚIЖК-iнде  сейiлмеген күдiк туралы сөз болу фактiсi, Конституция  ережелерiне сәйкес болмауға әкеп соқпайды.

ҚIЖК-iнiң "қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуге тиiс" деген нормасы да, сондай-ақ Конституцияға  сәйкес келедi. Бұл, қылмыстық iс жүргiзу заңын, атап айтқанда, дауланып отырған норманы дa әзiрлеу кезiнде заң шығарушы, Конституция адамның құқықтары мен бостандықтарын тек заңмен және ерекше жағдайларда ғана шектеу мүмкiндiгiн белгiлейтiнiн ескеруiне байланысты.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағын, 78-бабын,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 30-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын, 33, 37, 38 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет