Қазақстан республикасының конституциялық кеңесі қазақСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы астана-2010



бет21/45
Дата29.01.2018
өлшемі7,99 Mb.
#35947
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысының 3-тармағы және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы
N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығы бекiткен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң, телеграф және пошта байланысының қызмет көрсету ережелерiнiң
5.2-тармағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы
2-тармағының және 18-бабының 2 және 3-тармақтарының нормаларына қайшы келмейдi деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (К.К. Масимов), Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi (Б.М.Имашев) осы қаулы күшiне енген күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде оны орындау үшiн қабылданған шаралар туралы хабарласын.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы

26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2001 жылғы 9 шiлдедегі N 12/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан өзiнiң ашық отырысында, өтiнiш субъектiсi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты В.И. Макалкиннiң;

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары


А.К. Дауылбаевтың;

Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi


А.Н. Котловтың;

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк төрағасының бiрiншi орынбасары А.П. Сизовтың;

Астана қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ф.Х. Ғалимовтың қатысуымен,

Парламент 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Ж.Д. Бұсырмановтың хабарын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
1. Конституциялық Кеңеске 2001 жылғы 2 шiлдеде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мақұлдаған және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты 2001 жылғы
26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңының
2-тармағы 1) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiлiгi туралы Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының өтiнiшi келiп түстi.

Осы тармақша арқылы 1998 жылғы 20 мамырда қабылданған "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 4-тармағына толықтыру енгiзiлген болатын, оған сәйкес атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде "2-1) мемлекет қажеттерi үшiн жерлердi алу (сатып алу) туралы шешiмдер қабылдайды. Бұл ретте жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар учаскелердi алудың (сатып алудың) алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кем дегенде үш ай бұрын бұл туралы жазбаша түрде хабарландырылуға тиiс. Бұл, өтiнiш иесiнiң пiкiрiнше, елдiң басқа аймақтарының тұрғындарымен салыстырғанда астана тұрғындарының құқығын нашарлатады. Бұл қорытынды Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi АК) 255-бабына және "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67, 69, 70-баптарына сәйкес атқарушы орган Республиканың бүкiл аумағында мемлекет қажеттерi үшiн жерлердi алу (сатып алу) туралы меншiк иесiне алудан бiр жыл бұрын жазбаша түрде хабарлауға тиiс дегенге негiзделген.

Осыған байланысты Парламент депутаттары Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның 2-тармағы 1) тармақшасын заң алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгiн бекiтiп берген және тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге жол бермейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына сәйкес емес деп тану туралы
өтiнiш жасады.

2. Республика Конституциясының нормаларын және қаралып отырған өтiнiш бойынша материалдарды талдай келiп, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi


мынаны ескердi.

Республика Конституциясының 14-бабы 1-тармағы заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең деген ережесi адамдардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғайтынын және әркiмнiң заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн белгiлейдi.

Республика Конституциясының 14-бабы 2-тармағы тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша азаматтарды ешқандай кемсiтуге тыйым салады.

Республика Конституциясының 26-бабы 2-тармағы тек екi негiзгi шарт мiндеттi түрде сақталғанда ғана: а) мемлекет қажеттерi үшiн заңда көзделген ерекше жағдайларда; б) барабар өтем төленген кезде меншiктен айыруға жол бередi. Конституциялық Кеңес өзiнiң 2000 жылғы 20 желтоқсандағы N 21/2 қаулысында нақ осы жағдайларға назар аударған болатын. Оның үстiне, Конституция "мемлекет қажеттерi", "ерекше жағдайлар", "барабар өтем төлеу" ұғымдарының мазмұнын анықтамайды. Бұл мiндеттi ол заңдарға жүктейдi.

Қолданылып жүрген азаматтық заңдар жеке меншiк құқығын тоқтату негiзiн белгiлегенде жеке меншiк құқығы тек меншiк иесiнiң еркiмен ғана тоқтатылады деген негiзге алынатын принциптi ұстанады. Жазалау негiзiнде меншiк иесiнен мүлiктi мәжбүрлеп алуға тек АК-тiң 249-бабында көзделген айрықша жағдайларда ғана жол берiледi, АК-тiң 255-бабы 1-тармағында меншiк иесiнiң меншiгiндегi үйi, басқа да ғимараттары, құрылыстары немесе көшеттерi бар жер учаскесiн алуға байланысты жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын тоқтату тек заң актiлерi белгiлеген жағдайлар мен тәртiппен, меншiк иесiнiң мүлкiне барабар мүлiк беру және оның шеккен басқа залалдарын өтеу немесе жеке меншiк құқығының тоқтатылуына байланысты оның шеккен залалын толық көлемде өтеу арқылы жол берiледi. Жеке меншiк құқығының тоқтатылуына әкеп соққан мемлекеттiк органның шешiмiмен меншiк иесi келiспеген жағдайда дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн ол шешiм жүзеге асырылуға тиiс емес (АК-тiң 255-бабы 2-тармағы).

2001 жылғы 24 қаңтарда қабылданған "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар мемлекет қажетi үшiн жерлердi ала алады (сатып ала алады) (14-бап). Бұл ретте олар меншiк иесiне, жер пайдаланушыға сатып алудан бiр жыл бұрын (67-баптың 2-тармағы) жазбаша түрде хабарлауға тиiс. Егерде меншiк иесi оның жер учаскесiн мемлекет қажетi үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе, не сатылып алынатын жер учаскесiнiң бағасы туралы немесе сатып алудың басқа шарттары туралы келiсiмге келе алмаса, сатып алу туралы шешiм қабылдаған мемлекеттiк орган жер учаскесiн сатып алу туралы сотқа талап арыз бере алады. Мұндай талап арыз бiр жыл iшiнде берiлуi мүмкiн, бiрақ меншiк иесiне хабарлама жiберiлгеннен кейiн екi жылдан кешiктiрiлмеуге тиiс (70-бап).

Парламент "Жер туралы" Заңның 67-бабы 2-тармағының бiрiншi және екiншi сөйлемдерiне және 70-баптың екiншi бөлiгiне бiр мезгiлде толықтырулар ("егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздер) енгiздi, бұл "Жер туралы" және "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" заңдардың арасында туындайтын қайшылықтарды жояды.

3. Конституцияның 61-бабы 3-тармағына сәйкес "Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн мыналарға: 1) жеке және заңды тұлғалардың субъектiлiгiне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне; 2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы;". Сондықтан, Парламенттiң қалыптасқан жағдайлар мен тиiмдiлiкке орай жаңа құқықтық нормалар белгiлеуге, оның iшiнде - дәйiм өзгерiп отыратын және серпiндi қоғамдық қатынастардағы құқықтық реттеудегi кемшiлiктердi жоюға құқығы бар (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 2/2 қаулысы).

Мемлекет қажеттерi үшiн жерлердi алу (сатып алу) мәселелерi бойынша Парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заң Қазақстан Республикасы астанасының жедел де серпiндi дамуы үшiн үй құрылыстары мен шаруашылық құрылыстарына пайдаланылып келген едәуiр аумақтарды игеруге байланысты қатынастарды құқықтық реттеуге оны салудың бас жоспарын тиiмдi орындауға, тиiстi желiлерiмен және коммуникацияларымен үйлердi және ғимараттарды тұрғызуға бағытталған. Елiмiздiң жаңа астанасын жайластыру – бұл мемлекетiмiздiң беделi мен абыройына тiкелей қатысы бар аса маңызды мемлекеттiк және жалпыұлттық мiндет.

Жер – ұлт игiлiгi, сондықтан да ол меншiктiң ерекше объектiсi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. Республика Конституциясының 6-бабы 2 және 3-тармақтарында меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс деп белгiленген. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен анықталады, ал жерге мемлекеттiк меншiктiң де, жеке меншiктiң де негiздерi, шарттары және шектерi заңмен белгiленедi. Сондықтан да мемлекет Конституция белгiлеген тәртiппен осы шектердi анықтауға құқылы.

4. Сонымен, мемлекет қажеттерi үшiн жер учаскесiн алатыны (сатып алатыны) туралы меншiк иесiне жазбаша түрде хабарлауға үш ай мерзiм белгiлейтiн "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңның 2-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына мына негiздер бойынша
қайшы келмейдi:

бұл норманы мемлекеттiң жоғары органы өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiне сәйкес қабылдаған Қазақстан Республикасының заңымен белгiлеген;

ол заң мен сот алдында жұрттың бәрi бiрдей деген конституциялық принциптердi бұзбайды, өйткенi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар үшiн басқа құқықтық режим белгiлемейдi, олардың билiк ету, иелену және пайдалану нысандарында iске асырылатын құқықтылығына нұқсан келтiрмейдi. Қабылданған заң адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн, осы құқықтарды мемлекеттiң тең қорғауын және азаматтардың заң алдындағы тең жауапкершiлiгiн шектемейдi. Жердi сатып алуды жүзеге асырушы меншiк иесi де, уәкiлеттi орган да өз құқықтарын сотта қорғау мүмкiндiгiнен айырылмайды. Хабарлаудың үш айлық мерзiмi меншiк иесiнiң жерге құқықтарына және оларды қорғау кепiлдiктерiне қол сұқпайтын және олардан айырмайтын жаңа уақытша параметрлер белгiлейдi;

көзделген хабарлау мерзiмi тұрғылықты жерi бойынша кемсiту болып табылмайды, өйткенi астанада тұрған-тұрмағанына қарамастан жер учаскелерi бар және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi бола алатын азаматтар үшiн тең дәрежеде мiндеттi;

тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiндегi өтем мен меншiгiне берiлетiн жайлы тұрғынжай арасындағы меншiк иесiнiң таңдау құқығы сақталады;

жер учаскелерiн алдағы алу туралы меншiк иелерiн, жер пайдаланушыларды хабарлаудың жаңа мерзiмi мемлекет қажеттерi үшiн алу тәртiбiн, олардың тең өтемiн, жазбаша хабарлау нысанын және дауды сот тәртiбiмен шешудi өзгертпейдi;

"Жер туралы" Заңның нормаларынан туындаған қайшылықтар Парламенттiң 67-баптың 2-тармағының бiрiншi және екiншi сөйлемдерiне және 70-баптың екiншi бөлiгiне ("егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе" деген сөздер) өзгерiс енгiзуi арқылы алып тасталды.

Баяндалғандардың негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңес


ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Парламентi 2001 жылғы
26 маусымда қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағы 1) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, шағымдануға жатпайды.

3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы

9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2001 жылғы 12 қарашадағы N 14/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мыналардың:

өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Т.М. Сисинбаевтың;

Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрi
Н.А. Коржованың;

Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi


А.Н. Котловтың;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру басқармасының бастығы О.С. Минаевтың қатысуымен, өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.

Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы Конституциялық Кеңестiң мүшесi В.Д. Шопиннiң баяндамасын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2001 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Парламентi бiр топ депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының
44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Депутаттар бұл орайда мынаны түсiндiрiп берудi сұрайды: "қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi" деп ненi түсiнген жөн және бұл тұжырым Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын органдардың құрылымы мен штат санын белгiлеудi қамтиды ма.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы


9) тармақшасын түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.

Конституцияның 44-бабының 9) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Президентi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi, – деп белгiлейдi.

Конституцияның бұл аталған нормасы Республика Президентiне мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын барлық органдардағы қызметкерлердi, ақшалай қамтамасыз етудiң шарттары мен көлемiн, лауазымдар тiзiлiмдерiн және осы қызметкерлер санаттарының тiзбелерiн, органдардың штат саны лимиттерiн қамтитын, қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу құқығын бередi.

Республика Президентiнiң бұл конституциялық өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен, атап айтқанда, "Бюджет жүйесi туралы", "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңдармен нақтыланып, мемлекет басшысының бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы жүзеге асырылады.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығымен мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi ретiнде еңбекақы төлеудiң мерзiмдiк жүйесi белгiленген. Ол: лауазымдық жалақыларды, әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнаулы атақтар, сыныптық шендер үшiн қосымша ақыларды есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер; Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiне және Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiне шет ел валютасындағы лауазымдық жалақылары схемасы негiзiнде еңбекақы төлеудi; қосымша ақылар, үстемеақылар, өтемақылар төлеудi қамтиды.

"Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiн және Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң


1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 318 Жарлығымен мемлекеттiк органдарға өздерiнiң құрылымдары мен штат кестелерiн осы Жарлықтың ережелерiне сәйкес келтiру тапсырылған.

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының


9-бабы 1-тармағымен республикалық бюджеттiң қаражатынан: Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң, Конституциялық Кеңестiң, Есеп комитетiнiң, Орталық сайлау комиссиясының, жалпы мемлекеттiк басқару мiндеттерiн атқаратын атқарушы және басқа да органдардың сот жүйесiнiң қызметiн қаржыландыру көзделген.

Осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен бекiтiлген штат саны лимитi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен бекiтiлген мемлекеттiк органдардың топтары бойынша бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативтерi негiзге алына отырып белгiленедi.

Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдардың штат саны лимиттерi:

Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар және Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де органдар бойынша - "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң


1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығымен бекiтiлген. Осы Жарлықпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталары аппаратының және Жоғарғы Соты аппаратының саны бекiтiлген;

орталық атқарушы органдар бойынша – "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң


2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулысымен бекiтiлген.

Бiр қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыстардың нормативi әр жылы Республика Үкiметiнiң тиiстi шешiмiмен бекiтiледi. 2001 жылға арналған норматив Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудiң кейбiр мәселелерi" деген 2000 жылғы 2 қазандағы N 1485 қаулысымен бекiтiлген.

"Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңның
39-бабы 2-тармағына сәйкес, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсi аппараттарының құрылымы мен штат санын белгiлеудi, Парламент қызметiн және Парламент Палаталары аппаратының, Республика Президентi бекiткен, жалпы штат санын қаржыландыруға бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде Палаталардың Бюролары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы


22 қаңтардағы N 29 Жарлығымен Парламент аппаратының жалпы штат саны Сенат пен Мәжiлiс аппараттарына бөлiнбей бекiтiлген. Республика Президентi бекiткен жалпы санына сәйкес, қос Палаталар Бюролары Парламенттiң үйлестiрушi органдары ретiнде Сенат пен Мәжiлiс аппараттарының штат саны мен құрылымын белгiлейдi.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 56-бабы 7-тармағына сай, Жоғарғы Сот үшiн де, төменгi тұрған соттар үшiн де, Конституцияның 44-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде, Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штат санын оның Төрағасы, ал жергiлiктi соттар кеңселерiнiң құрылымы мен штат санын – тиiстi соттар төрағаларының ұсынысы бойынша өкiлеттi орган бекiтедi.

Осылайша, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын барлық мемлекеттiк органдардағы қызметкерлердiң құрылымы мен штат саны Республика Президентi және Үкiметi белгiлеген лимиттер шегiнде бекiтiлуге тиiс.

Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының


Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы
9) тармақшасының нормасын, Қазақстан Республикасының Президентi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтетiн конституциялық өкiлеттiкке ие деп түсiнген жөн.

Республика Президентiнiң бұл өкiлеттiгi, мемлекет басшысы оның ең жоғары лауазымды тұлғасы ретiнде Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен, мемлекеттiк қызметшiлердiң жалпы штат санын анықтау, олардың лауазымдары тiзiлiмдерiн және санаттары тiзбелерiн белгiлеу негiзiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын тиiстi органдар қызметкерлерiнiң жұмысын ақшалай қамтамасыз етудiң көлемi мен шарттары туралы түпкiлiктi шешiм қабылдайды дегендi бiлдiредi.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.

3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.



"Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасының Конституциялық заңы жөнiнде
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң

2001 жылғы 22 қарашадағы N 15/2 қаулысы


Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мына өкiлдердiң:

өтiнiш субъектiсiнiң – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi И.И. Роговтың, Әдiлет вице-министрi А.Н. Котловтың;

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының – депутат Б.Г. Жүсiповтiң;

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң – депутат Т.М. Сисинбаевтың;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрi Н.А. Коржованың, қатысуымен өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасының Парламентi 2001 жылғы 18 қазанда оның палаталарының бiрлескен отырысында қабылдаған, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi өтiнiшiн қарады.

Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар Конституциялық Кеңестiң мүшелерi Н.I. Өкеев пен В.Д. Шопиндi, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны



Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет