Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
20
гізілетін есеп. Күнделікті жүргізу білім алушының өзін-өзі, өз қалауын түсіну-
ге
және қателіктерін анықтап, талдауға мүмкіндік береді.
3.
логикалық ойлау – білім алушылардың ойлау қабілетін дамытуға, қоры-
тынды жасауға және құбылыстар мен заттар арасында байланыс орнатуға
мүмкіндік береді. Логикалық ойлауды әсерлі жеткізуде төмендегі оқу мақ-
сатын алып
«7.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолда-
нып жазу»
публицистикалық мақала жаздыруға болады. Ол
арқылы білім
алушылар аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлауы, сонымен қатар зерт-
теушілік, коммуникативтік және
тілдік дағдылары қалыптасады;
4.
өнімді ойлау – зерттеушілер осы өнімді ойлауды креативті ойлаумен ба-
рабар деп санайды. Төмендегі оқу мақсатын
«8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық
және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью, пікір, шағын мақала жазу»
басшылыққа ала отырып, белгілі бір тақырыпқа коғамдық-әлеуметтік мәсе-
лелерді көтеретін, шағын көлемдегі журналистік зерттеу жүргізу ұсыныла-
ды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектептерде үзіліс кездерінде «5 минут
кітап оқу» (10 минуттық оқу, 20 минуттық оқу) акцияларын ұйымдастыруға бола-
ды.
Мектептерде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарла-
маның мақсаты - көркем әдебиеттің әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын
ұсынылған кітаптар тізіміне сәйкес кітапхана қызметінің мазмұнын және кітапха-
налардың негізгі қорын жаңарту. Бүгінгі таңда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ре-
спубликалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы оқуға ұсынылған көркем әдеби-
еттер тізімін жасады, оған отандық және әлемдік әдебиеттің 1770 туындысы кірді.
Олардың қатарында Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Тахауи Ахтанов, Шерхан
Мұртаза, Бердібек Соқпақбаев, сондай-ақ Эрнест Хеменгуэй, Джек Лондон, Рабин-
дранат Тагор, Александр Островский,
Вальтер Скотт, Михаил Лермонтов сияқты
жазушылардың шығармалары бар.
Шетел тілі сабақтарында талдау, нақты
ақпарат пен мәліметтерді іздеу, сон-
дай-ақ ұқсас материалды құру үшін бірнеше тұтас емес мәтіндер мен тапсыр-
маларды орындау ұсынылады:
8.4.2.1 understand specific information and detail
in texts on a growing range of familiar general
and curricular topics, including some extended
texts;
Evaluating
Study the posters of the fitness centers and
recommend one of them to your friends. Explain
your
choice
Creating
Make a poster of a fitness center you would like
to own.
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
21
Сыни тұрғыдан
ойлау ақпаратты талдау, бағалау, қорытынды жасау және өз
көзқарасына дәлел келтіру қабілетін дамытады. Ал шығармашылық ойлау де-
геніміз – жаңа идеяларды тудыру және мәселелерді шешуде стандартты емес
тәсілдерді қолдану қабілеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: