МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫНЫҢ «ӘМІР ӘМЗE ДАСТАНЫ ЖӘНЕ
ҚAЗAҚТЫҢ ДІНИ ҚИССAЛAРЫ»
Шакизада Альбина
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті
Ғылыми жетекшісі: Оралова Гүлзира
филология ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда, Қазақстан
Мaйлықожa - дiн мәсeлeсiнe дe көп бaрғaн aқын. Оның бұл сaлaдaғы көлeмдi
eңбeктeрi - «Әмiр Әмзe», «Зaрқұм» сeкiлді қиссaлaр. Рaс, eлiмiз eгeмeндiк aлғaлы көптeп
жaриялaнып, кiтaп болып бaсылып жaтқaн фольклорлық жәнe әдeби мұрaмыздың үлкeн
сaлaсы - дiни әдeбиeт.
Қaзaқ әдебиеттану ғылымындa мұсылманшылдық тaқырыбындaғы шығaрмaлaр
ерекше орын aлaды. Мұсылмaншылдық тақырыптa жaзылғaн киссa-дaстaндaр кеңестiк
дәуiрде тaнылa қойғaн жоқ. Соңғы жылдaрдa мәдени мұрaлaрымызды жинaқтaп, жaрыққa
шығaрa бaстaдық. Осы тұстa Ұлттық Ғылым Акaдемиясы М. О. Әуезов aтындaғы әдебиeт
жәнe өнeр институты дaярлaп шығaрғaн көп томдық «Бaбaлaр сөзi» aтты еңбектi aтaуғa
болaды. Кiтаптың он екiнші томы «Қазақтың дiни дастандары» деп аталады. Дiни дастандар
туралы зерттеушi ғалымдар шығарманың шығу тарихы, таралуын, тақырыбы мен идеясы
туралы жүйелi пiкiрлер айтқан және дiни дастандар сюжетi толық берiлген. Жинақта толық
енген дастандарды жинаушылар, мәтiнге ғылыми түсiнiк те айтылған. Дастан – синкреттi
жанр болғандықтан онда жалпы түркiлiк, қазақтың эпикалық және шығыстық әдебиеттiң
ықпалы болатыны сөзсiз. «Бабалар сөзiнiң» 12-томына ұлттық әдебиетiмiздегi дiни
дастандардың орны мен нәзирагөйлiк дәстүрде жырлануы туралы ғалым Б. Әзiбаева алғы сөз
жазып, халықтың ой дүниесiнiң бiр көрiнiсiн дiни дастандар арқылы берген деген тұжырымы
бар.
142
Діни дастандар жөнiнде кеңiнен танысатын болсақ, көптомдық еңбекте дiни
дастандардың таралуы, жарыққа шығуы қазан төңкерiсiне дейiн болғаны және ХІХ ғасыр
мен ХХ ғасырда кiтап болып басылып шыққаны сараланған.
Біз сөз еткелi отырған дiни дастандарды тудырған ақындар түркiше, арабша, парсыша
сауатты болған. Сонымен қатар туған халқымыздың фольклорымен сусындаған, сондықтан
да олар нәзиралық туындыларын қазақ ұғымына жақындатып жырлаған. Сондай-ақ
шығыстық әдебиетпен таныс ақындар қазақ даласына тың сюжеттердi шығыстық үлгiде
«назирагөйлiк» дәстүрде жеткізген. Әлем елдерiндегi әдеби ықпалдастық, сюжет алмасу
қазақ әдебиетiнен де өз орнын ала бастады. Сөйтiп қазақ әдебиетiнде кiтаби ақындар жаңа
әдебиетке бет бұрып, жаңа жанр дастаншыл шығармашылық қалыптасты. Ел iшiнде ауызша
да жазбаша да таралып отырған қисса-дастандарды халық қызығушылықпен қабылдап, тiптi
жаттап алып отырған. Осы орайда ХІХ-ХХ ғасырда өмiр сүрiп өз шығармаларында
дастандар мен киссаларды жырлап өткен ақындар көп болды. Мысалы, Майлықожа,
Мәделiқожа, Тұрмағамбет, Әсет Найманбаев, Базар жырау, Шәді Жәңгіров т.б. айтуға
болады. Аталған ақындардың әсiресе дiни дастандарын жырлап өткен жыршылар да көп
болған. Бiздiң зерттеу тақырыбымыздың негiзгi обьектiсi Майлықожа Сұлтанқожа ақынның
«Әмiр Әмзе», «Зарқұм» сияқты дастандарын жыршы Көпжасар Көлбайұлы, Бибатыр
Мырзабайұлы сияқты атақты жыршылар елге таратқан. Бұл туралы деректердi зерттеушi
ғалым Ә. Оспанов1996 жылы жарыққа шыққан «Әмiр Әмзе» атты жинақта зерделеген.
Діни дастандар туралы ел iшiнде кең таралып отыруына тағы бiр себеп осы
жыршылар болса керек. Ұзақ дастанды жырлап, ел жадында орнықтыру жыршылық дәстүр
болса, кеңес дәуiрiнде дiнге деген көзқарас басқаша болды. Діни шығармаларды жинау,
жариялауға мүмкiндiк жоқ едi. Мiне, дiни дастандардың зерттелуi де осылай кешеулеп
қалды. Сондықтан дастандарды қолма-қол көшiрiп немесе жад арқылы сақтау жыршылар
үлесiне тидi.
Майлықожаның дiни дастандарының iшiнде ерекше тоқталатынымыз – «Әмiр Әмзе»
дастаны. Бұл шығарма ел iшiн кең тараған себебi, арабша, парсыша сауатты ақындар бірнеше
нұсқасын жырлаған. Солардың iшiнде Шәдi Жәңгіров нұсқасы, Майлықожа нұсқасы т.б.
атауға болады. Майлықожа шығыс тiлiндегi кітаптармен жақсы таныс болған «Әмір Әмзе» -
әлем елдерiне танымал шығарма, әсiресе шығыста роман деп жүрген сира жанрымен
жазылған. Бұл шығарма қай елде жазылса да, басты мәселе етiп Мұхамед пайғамбардың
мұсылман дiнiн уағыздағанын ашып көрсету болған.
Майлықожа осы оқиғаларды ашу үшiн мұсылмандар мен кәпiрлер арасындағы үш-
төрт соғыс суреттелген. Соның ең көлемдiсi һуд тауындағы шайқасқа мән бередi. Оқиға
Мекке құрылтайшылары мен мұсылмандар арасындағы мұсылман дiнi үшiн болған шайқасқа
құрылған. Осы соғыстың батыры,ержүрек Әмзе тарихта болған адам. Ол түрлi қасиеттерiмен
де көзге түскен, оның бойында Алла тағала берген құдiрет күшi арқылы сиқырлы күшке де
ие болған кiсi. Мұхамед пайғамбардың жақын туысы, мұсылман дiнiн уағыздау үшiн Иран,
Индия, Мағриб, Африкаға дейін соғыс жүргізген.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы осы дастанды жазу үшiн оның бiрнеше нұсқаларымен
танысып, Әмiр Әмзенiң тарихи шынайы сөз болуы үшiн бiршама өзгешелiк ендiредi. Араб,
парсы нұсқаларынан өзгешелiгi сонда, Әмiр Әмзенi тек қолбасшы деп суреттемейдi.
Мұхамед пайғамбар жолын ұстаған, батыр, ел көңiлiнен шығатын жан деп бередi. Қиындық
жағдайға кездессе, Қыдыр қолдап жүретiн қасиеттi жан, һуд соғысында қаза табады. Өмiрден
перзентсiз өткен Әмiр Әмзенiң қазасына ел жылайды, ел қайғырады. Мiне, ақын дастанды
елдiктi, ерлiктi жырлай отырып, ел үшiн, дiн үшiн жасалған жақсылық өлмейтiнiн:
Пайғамбар сонда сөйледi,
Көрiселiк кел – дедi.
Әмзе шерден айырылдым,
Әзiрше тiрi мен – дедi.
Әмзе қандай ер едi?
Ондай шер қайдан табылар? [1]
143
Демек, Әмiр Әмзе өмiрде болған дiн үшiн күресте ерлiк көрсеткен, қарапайым адам
деп көрсеткен. Оның өлiмi Мұхамед пайғамбарға да халыққа да ауыр екенiн «Әмзе шердiң
өлiмiне, Қылыңдар - дедi – көз жасы», - деп пайғамбар аузынан сөз айтқызады. Сондықтан
болар Майлықожа Әмiр Әмзе бейнесін дiн үшiн күресте алғаш опат болған шейiттердiң бiрi
деп ой түйедi. Қазақ ысыламнамасы туралы жазылған бұл дастанда пайғамбарды өлтiр деп
Омарға ұсыныс берiледі, құран әуенiне балқыған Омар мұсылман дiнiн қабылдайды. Дастан
басталғанда Мұхамед, Әмiр Әмзе, Әзiрет Әлi, Омар, Әубәкiр, Садық, Оспан сияқты
кейiпкерлердiң мұсылман дiнi үшін соғыстағы ерлiктерiмен көрiнiс бередi.
Араб нұсқасында Әмiр Әмзенiң бiрнеше әйелi бала-шағасы, батыр ұлдары болады. Ал
Майлықожа нұсқасында оның перзентсiз өткенi, жанына жалау болатын батыр iнiсi
болатынын баяндайды. Оған демеу күш беретiн Қыдыр ата мен халық, Мұхамед пайғамбар
екенiн аша түседi.
Майлықожа туралы көп зерттеген Ә. Оспанов «Қаратау шайырлары» атты еңбегiнде
«Әмiр Әмзе» дастанының ел арасында қолжазба күйiнде тарағанын айтып, келешекте
зерттеудi күтiп тұрғанын сөз етедi. Әрине, жазбаша тарағанмен, дастаннан аңғарылатыны
эпостық жырлардағы қазақ батырлар жырындағы батырлар соғыс сахнасы бiр-бiрiмен ұқсас
болып отырады. Соғыстағы Әмiр Әмзенiң асқан ерлiгi дастанда ерекше ұлғайтулар
(гипербола) арқылы суреттеледi.
Ұрыса бердi ер Әмзе,
Кез келгенiн сабалап,
Кәпiрлер де жабылды
Ортаға алып қамалап
Жолбарыстай Әмзенiң
Екi көзi жанады,
Бiреуiн ұрып бiрiне
Жапырып кетiп барады.
Бiрiне-бiрiн ұрғанда,
Майда-майда қылады.[1, 301-б]
Кiтаби ақындар мен Шығыстың үлгiнi ұстаған ақындардағы бiр ерекшелiк дастан
басталар алдында эпилог ретiнде тезис кiрiспе бередi.
Майлықожа ақынның дiни дастандарында осы жәйттер байқалады. Осы әдеби
құбылыс нәзирагөйлiк дәстүрдiң барысында ашыла түседi десек «Әмiр Әмзе» дастанын ақын
былайша бастаған:
Расулымыздың дұшпанын,
Мекеде олар көп едi,
Дiн мұсылман жоқ едi
Қағыбаға қараған
Он сегiз ру ел едi
Бiр менен бiрге келгенде,
Әшiмiлер көп едi, - деп Меккедегi дiнсiз, кәпiр құрылтайшыларды мұсылман дiнiн
қабылдауға мойынсұндырғаны жайлы хабар берiп кетедi.[1,281-б] Мұхамед пайғамбар,
Омар, Оспан т.б. намазды ашық оқуға жол ашады.
«Кәпiр менен мұсылман
Бiреудi – бiреу бiлмейдi», - деген жолдардан шығарма оқиғасы мұсылмандар мен
кәпiрлер арасындағы қайшылықтың дiн үшiн күреске ұласуын аша түскендей.
Худ тауындағы соғыста Әмзе ерлiкпен қаза табады, мұсылмандар жеңiске жетедi.
Соғыс мұнымен тоқтамай Шам жерiнде соғысып, онда да жеңiске жетедi, сөйтiiп Мекке мен
Мадинеге қайтады. Әмзе өлiмiмен күреc аяқталмайды, оның салған iзiн мұсылмандар
жалғастырады. Дiни сауатты, шығыстық үлгiдегi дастанды жазу барысында Майлықожа
өзiнiң суреткерлiк, ақындық қуатын осылайша танытқан.
144
Дастанда дiни кітаптардағы нақты ақиқатты арқау ете отырып, өзiндiк танымын да
бiлдiредi. Оқиғаны баяндай отырып, өлең өрнегiмен кестелеуде өкiнiш ақиқат арнасынан
асып кетпейдi.
Ақын дiн – ислам тақырыбындағы шығармаларында қанағат, адалдық, әдептiлiк,
адамгершiлiк мұраттарын жырлаумен ерекшеленедi. Ақын пайымдауларында дiн – шариғат,
мұсылмандық жолы – ақиқат жолы екендiгiне көз жеткiзу.
Бұл дүние екi жол,
Бiрi оң да, бiрi сол.
Бiрiң тұтсаң – бiрi жоқ,
Дүние қысқа, ақырет мол!
Осы үзiндiден үлкен философиялық ойды ұғуға болады. Әлемсақтан бiр-бiрiне
қарама-қарсы жақсылық пен жамандықтан алдын ала сақтандырған сияқты. Дiни
дастандарында мұсылмандықтың шарттарын, Мұхамед пайғамбардың асқан адамгершiл
бейнесiн үлгi етеді.
Араб халифаты әлемiндегі аңыз болып қалған Әмiр Әмзе оқиғасын адал дiннiң иманы
дүр деп бiлген исламдық түсiнiк дастандарында әсерлi баяндалады. «Әмiр Әмзе»
дастанында дидактикалық ойлар да басым. Осы дiни қоғамдық өмiрдiң насихатын
Майлықожа Мұхамед пайғамбардың сөздерi арқылы бередi. Дастанда Шам елiндегі соғыс
бiтiп елге жеңiспен оралған әскерге қарата айтқан мына сөздер соның дәлелi болады:
Әдептi болсын ұлыңыз,
Аурудың көңiлiн сұраңыз.
Жетiмнiң басын сылаңыз.
Аштан өлiп қалсаң да,
Арам нәрсе татпаған.
Ислам дiнiнiң басты қағидалары уағыз айту десек, дастанда Мұхамед пайғамбардың
үмбетiне айтқан әрбiр сөзi өсиетке толы берiлген.
«Әмiр Әмзе» дастанындағы автордың басты идеясы сол – ислам дiнi тууы, таралуы,
тәрбиелiк мәнi, мұсылман дiнi үшiн күрескен қайраткерлердi дәріптеу.
Тақырыбы ерлiктi, елдiктi, пайғамбардың ақтығын жырлауға құрылған. Десек те
бүгiнгi күнi шығарманы түсiнiп оқу, әрине, қиынырақ болар. Байыбына барып қарасақ,
тұнып тұрған исламдық тәрбие, дiни ағартушылық мәселесiн қамтып, дiндi сақтап қалуды
көздеген. Ел болу үшін тiлi, дiнi, дiлiболу керек деген идеямен ұштасып жатыр.
Ұлтымыздың келешегi, ұрпақ ұлағатын сақтап, дiндi құрметтеуде кiтаби ақындар
жырлаған дiни дастандардың маңызы зор.
Дастанда үлгiлi, өнегелi, халықтық тұспал сөздер мол. шығарманың негiзгi сипаты
дидактика, нақыл сөздер, тың теңеу, эпитеттер, өлең жолдарын бiр дыбыстан бастап
үндестiретін шеберлiк басым. Мәселен,
Құдайдың өiі пана-дүр,
Басыма түскен күнiме,
Сiз болсаң бiзбен бауырлас.
Кiргiн әуелi дiнiмен.
Жолбарыстай Әмзе, (теңеу)
Дұшпаны иттей абалап (теңеу)
Он екiсiн өлтiрдi,
Өзгелерiн жаралап.
Бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталып, дыбыстың үндесу арқылы жырға рең берiп
тұрған
Қатарлап сабын түзедi,
Кәпiрлер де сап түсеп,
Қарсыласып келедi
Кiмнiң жақсы-жаманын
Бiр Алла өзi бiледi [1, 298-б]
145
«Қ», «к» - дауыссыз дыбыстар сөз басында қайталанып, өлеңге рең берiп тұр.
Дастанда фольклорлық сарын басым. Батырлардың ерлiгiн суреттеудi «Қобыланды
батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларындағы жаумен айқасты еске түсiредi.
Мысалы:
Жолбарыстай ақырып, (теңеу)
Бiрiн-бiрi қағысты,
Жағаласып ұстасып,
Аяқтарын шалысты.
Екеу-екеу ұстасып,
Ертеден кешке жүгiстi.
Күн батты да түн өттi...
Фольклорлық сарын шамадан тыс әсiрелеу «Күн батты да түн өттi», яғни уақытты
үлкейтiп отыр. Әмзенiң батырлығынан жау қорқып қашады, екi-үш мың әскермен жалғыз
алысатын батыр опасыздардың кесiрiнен абайсызда оққа ұшады.
«Алпамыс» жырындағы Ұлтан құлмен Оғаш құл да бiр-бiрiне ұқсайды. Оғаш құл
Әмзеге қастық ойлап, тасада тұрып атып өлтiредi.
Әмзе шердiң қасына
Жасырынып келедi
Бiр оқ атып жiбердi,
Әмiр Әмзе шерiнiң,
Жүрегiнен ұрады.
«О, дариға құда!» деп,
Әмзе шер аттан құлады.
Көкiректен тиген оқ,
Ту сыртынан шығады…
Кәлима айтып шаһадат
Жан тәсiлiм қылады…[1,345-б].
Майлықожа батырдың өлiмiн шынайы суреттеген «Өзектi жанға бiр өлiм» екенiн
ақын Оғаштың оғымен байланыстырады. Шығыстық сюжеттегi араб, парсы нұсқаларында
жыр осылай трагедиямен аяқталады. Әмзенiң өлiмiмен соғыс тоқтамайды. Оның iсiн
жалғастырып қаншама соғыстар болады, сөйтiп мұсылман дiнi тарихта iз қалдырған.
Жалпы Әмзе, Мұхамед, Омар, Oспан т.б. кейiпкерлер тағдыры бүгiнгi бiздердi терең
толғандырса керек. Дiнiмiздiң, мұсылмандық шарттары, имандылықты бағалауда жiтi
көзқарас қалыптасары сөзсiз. Имандылық ұғым-түсiнiктерiмiздiң шындап қастерлене
бастауын Майлықожаның ашық жазуы да жүректi тазарту сол арқылы рухани байлыққа жету
болса керек.
Қазақ үшiн ояну, болашақ үшiн күресу үшiн дiндi сақтауды Майлықожа ақын осылай
тұжырымдап берсе керек.
Жалпы дiни дастандар жазған ақындарға тән ортақ тақырыптар болған:
-
Мұсылман дiнiнiң шығу тарихын сөз ету;
-
Құран сүрелерiндегi ғибраттық ойларды жеткiзу;
-
Пайғамбарлар, дiни қайраткерлердiң тәлiмдік ойларын жазу;
-
Мұхамед пайғамбар мен төрт шадияр, сахабалар туралы аңыздық оқиғаға
сюжет құру;
-
Әулие – әнбиелер, пайғамбарлар олардың iс-әрекеттерi туралы қисса-
дастандар.
Қиссашыл, дастаншыл қазақ ақындары қазақ ауыз әдебиетiнiң сарыны, сюжетi,
көркемдiк тәсілдерi басымболып келедi. Кейде батырлар жырын еске салса, кейде қиял-
ғажайып ертегiлердi еске түсiредi. Сөйтiп бiр жағынан дiни аңыз, екiншi жағынан халық
ауыз әдебиетiнiң дәстүрлерiне негiзделедi.
Дiни дастандар iшiнде «Әмiр Әмзе» - діни бiлiмнiң жиынтығы, дiни ережелердi
насихаттауға, еске сақтауға, дін үшiн болған күрестердi суреттеген шығарма. Оның шығу
146
төркiнi, құранның мақамы мен мәнi туралы ұғым береді. Бұл дастанның қазiргi уақытта да
айтар өнегесi мол, ғибраты зор деп бiлемiз. Мәселен, Мұхамед пайғамбардың үмбеттерiне
арнап айтқан өсиетiнде ислам дiнiнiң артықшылығы, ұстанымдары сөз болады.
Бейайып Алла өзi-дүр,
Кiсiнi ғайбат қылмаңыз.
Жол түзетiп, көпiр сал,
Жетiмдердiң көңiлiн ал,
Ажалың жетiп өлмесең,
Ырыздыққа Алла қарыздар
Араз болса екi адам
Арасына түсе қал,
Кiсiге қылма қиянат
Өз әлiңдi шақтаңыз.
Бiзден сiзге насихат
Бұл дүние бейопа
Қош болыңыз жамағат! [1, 368-369-б]
Келтiрiлген үзiндiден оқырман ғибрат алады, ислам дiнiнiң қағидаларын, уағыздық
мәнде айтылғаны байқалады.
Ақын Майлықожа бұл дастанында ислам дiнiнiң қалыптасу, пайда болу
жолдарындағы барлық қиыншылықтар, соғыстар, дiн жолындағы күрестен мағлұмат бередi.
Шығыстық сюжеттегi дiндi жырлаған дастандар мазмұнын сақтай отырып, өз жанынан тың
эпизоттар бередi. Шығыс фольклоры мен қазақ фольклорын байланыстыра отырып, қазақ
әдебиетiндегi қисса-дастандарды дамыта жырлаған.
Ойымызды түйiндей келгенде, ХІХ-ХХ ғасырда қазақ әдебиетiндегi дiни-
ағартушылық идеясының көрiнiсi, дiни сана-сезiм табы айқын сезiледi. Қазақтың жазба
әдебиетiнде орын алып, ұлтымыздың бүкiл болмыс, бiтiмi мен тiлi мен дiнiнiң дамуына
рухани күш беретiн дiни дастандардың ролi зор болған.
Бiз ақынның дiни дастандарын оқи отырып, оның ұрпақ тәрбиелеу арқылы ұлт
тәрбиелеу қажет екенiн ұғынғандай болдық.
«Әмiр Әмзе» құранның бойды балқытып, мұсылмандар намазға жығылып, ислам
дiнiн қабылдауы «Құран Кәрiмнiң» 114 «Таһа» сүресiнде Мұхамед пайғамбардың мына
аятында сөз болған: «Шынайы меңгерушi Алла әр нәрседен жоғары. Кiмде-кiм
Пайғамбарлардың мирасын алса, мол үлестi алған болады», - дейдi (Хадистер 1-кітап –
Алматы: Өнер 2014 – 86б)
Жалпы, Майлықожа танымында мұсылман дiнiн уағыздау, оның жолы – иманды таза
ұстау сипатымен ерекшеленедi.
Зерттеушi ғалым В. В. Радлов кiтаби ақындар туралы: «Кiтаби өлеңдi шығарушылар-
молдалар, сауаттықазақтар. Олардың сөз оралымдарында исламның, кiтаби тiлдің әсер - табы
айқынсезiледi», - деп тұжырымдаған [2,9-10-б].
Ғалымның осы пiкiрiне сүйенсек, Майлықожа кiтаби ақын, дiни сауатты, дiни 12
пәндi меңгерген молда, сөз саптауында исламдық әсер мол екенi байқалады. Әрине,
В.В.Радлов дiни-қиссаларды жыршылардың орындауын сөз етпесе де, қазақ әдебиетiндегі
қисса-дастандарды шығарушылар туралы берген бағасы, пiкiрi көңiлге қонады.
А.Байтұрсынұлы: « ... нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту
өнері-бұл сөз өнері болады»[3,340-б] деген пікірімен түйіндесек, дiни дастандар жазған
ақындар сөз өнерінің алтын қорына өз үлестерiн қоса отырып, тақырып аясына кеңейтiп,
дiнмен рухани қуат бере бiлген. Шығыстық iлiмдi терең меңгерген Майлықожа
Сұлтанқожаұлының дiни дастандары ұрпақ тәрбиесіне рухани нәр береді.
147
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Майлықожа шығармаларының жинағы. – Алматы: Атамұра. 2005ж. -863б
2.
Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржiмелер, публ. мақалалар және әдеби
зерттеу / Құраст. Р.Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
3.
Радлов В.В. Ел қазынасы - ескі сөз. – Алматы: Ғылым. 1994. - 360 б.
Достарыңызбен бөлісу: |