«Абай жолының» тілін оқыту
Назардан қажығу қалып келе жатқан маңызды мәселенің бірі -мектепте көркем әдебиет тілін оқыту. Мектепке, арналған әдебиет оқулықтарына қарасақ, көркем әдебиет тілі дегенде, эпитет, теңеу, метафора, кейіптеу тәрізді тілдің ажарлау, құбылту құралдарын берумен шектелу басым. Сонымен қатар шығармадағы түсініксіз сөздердің, көнерген сөздер мен сирек қолданатын сөздердің мағынасын ашу, арнайы сөздікке тізу жұмыстарын қолдай түра, онымен тұйықталу да тіл байлығының бар қайнарын ашуға емес, жекелеген табыстарды ғана қуалауға апаратынын ескерткіміз келеді. Алдымен еш суреткер үшін эпитет, метафора, т.б. айшықты сөздер бірден-бір, негізі табыс болып санала бермейтінін, көп ізденістің бір қыры ғана екенін ұмытпайық.
Жазушы үшін ең бастысы құбылысты нақты, дәл берерлік сөздер іздеу, оны шығарма идеясы, рухына сай жымдастырып өре білу екені белгілі. Міне, біз де басты назарды суреткердің ең қажет сөзді таба білу, оны орнын тауып пайдалана білу шеберлігіне аударуымыз қажет.
Мұғалім сөзі:
Балалар, тіл байлығын меңгерген, «тіл бай» адам деп кімді атаймыз? Немесе «тілі кедей» деп кімді айтамыз? Мәселен, далада қар жатыр екен. Тілі кедей, ойы жұтаң жан: «Тыста қар бар» - деп қана жауап берер еді. Ал тіл байлығына қолы жеткен адам олай жай айта салмайды, қар болғанда, қандай қар, соны дәл беруге тырысады. Жаңа жауған қар болса, «сонар қар», «көбік қар», «ұлпа қар», т.б. тіркестерін қолданады. Түсіне, реңіне қарап «ақша қар» деп те бейнелейді. Біраз аязды күннен кейін оны қандай қарға айналатынын білесіңдер ме? «Күртік қар» дейді. Себебі, аяз қырауы, басылуы, сығылысуы бар, - біршама нағыз қарға айналады. Қар әрі мол боп, әрі шегенделген болса, оны «сіреу қар» деуге болады. Әбден тапталып, кіріксе, «қасат қарға» айналады. Бірде күн жылынып, аз болса да, «жіпсік қар» дейміз де, кейін қайта қатса, «көкмұздақ қар» немесе «шыны қар» деп те атаймыз. Көктем жақындаған сайын жіпсу, кірлеу әсерімен көкшілдене берсе, оны «көксоқта қар» деу жөн. Мұның бәрі - тек қар тығыздығына, реңіне байланысты қолданар сөздер. Қардың көлеміне байланысты сөздер өз алдына бір төбе. Мәселен, қар бір жерге түсіп, екінші тұсы ашық жатса, оны «ала қанат қар» дейміз. Қар қалыңдығы пышақ қырындай ғана жұқа болса, оны «қырбық қар», «кірбік қар» деп суреттеуге болады. Қар қалың болса, «омбы қар», «оппа қар», т.б. тіркестері сұранып тұр.
Қар жаууы да күннің суық, жылылығына, желдің қатты, баяулығына, ылғал көлеміне қарай түрлі-түрлі болады. Мәселен, қар түйірлері өте -кіші әрі тым сирек болса, онда «қар ұшқындады» деген ұтымды. Қар түйірлері қаншалық толысып, жиілеуіне сай «қылаулады», «қыламықтады», «қиыршықтады», «қиырлады», «жапалақтады», «себелектеді», т.б. сөздерінің бірін тандаймыз. Күн онша суымаған жағдайда, түсе сала еріп жатқан қарды көрдіндер ме? Оны «жылбысқы қар», «сылбы қар» дейміз. Қар түйірлері өте баяу түсіп жатса, - сылбырап жауғаны да, ағындап құйылса, - сабалап -
жауғаны немесе төпеп жауғаны. Жел үдеп, қар түйірлері тура түспей, үйіріле соқса, «бұрқақтап жауды» деп те айтамыз. Міне, бір ғана қар түрлерінің көптігінің өзі қазақ тілі байлығын дәлелдей ме? - Дәлелдейді.
Біз мұнда қар түрлерінің бәрін қамтыдық па? Жоқ, ол бір сабақта мүмкін де емес. Біз тек өз байқауларымызды, тапқандарымызды ғана ортаға салдық. Еш адам, тіпті еш жазушы да: «Мен бар сөзді білем» деп айта алмайды. Бұл да тіл байлығы шексіздігін, оны меңгеруге бірер ай түгіл, сан жылдар да жетпейтінін дәлелдесе керек. Қазір біз Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан қарды бейнелеген біраз сөйлемдерді жазамыз:
1. Сыртынан аяз сықырласын, қар сапалақтасын, дауыл өкірсін,
сонда да қалың сауыр, алып жон жүдемейді, мызғымайды. (5.134).
«Абай жолының» бірінші, екінші кітабынан алынған мысалдар 1961 жылы шыққан эпопеяның бірінші томы бойынша беріледі де, жақша ішінде тікелей беті ғана көрсетіліп отырады. Ал эпопеяның үшінші, төртінші кітабы мысалдары жазушының қазір шығып жатқан 20 томдығының 5, 6-томдары бойынша беріліп, жақша ішінде алдымен том реті, соңынан беті көрсетіледі. Мәселен, мұндағы 5, 134-5 томның 134-бетінен екенін танытады. (Қ.Ж)
Сондай бір шақтарда, ақпанның басында, бүркеп жауып тұрған
қарлы борасын ішінен, бір белгісіз жан келді. (5, 71).
Торжорғаның екпінімен жапалақ қар енді жел соққандай көлбеп
ұшып, бетке, көзге ери жабысады. (6, 192).
Қала желкесіндегі әсем таудың да қарағай атаулысын күпсек қар
басқан. (104).
Әлі де қыстай соққан ақ боран ақ даланы жұмыртқадай қалың сіреу қарға толтырған (6, 412).
Сар-кідір болтан қардан тайғанай береді. (104)..
Аяғының астында шыныланған қатқыр қар сықыр-сықыр етеді.
(104).
Биыл ерте кете бастаған қар Аягөзден Семейге шейін көксоқта
боп, ақсақ ойылып, жүргіншілерді қатты бейнетке ұшыратты. (6, 213)
Біз эпопеядағы қарды бейнелейтінін мысалдардың өзін толық келтіргеміз жоқ, бір тобын ғана алдық. Соның өзінде суреткердің құбылысты қаншалықты анық, дәл бейнелей білгенін көрдік. Тек М.Әуезов табиғатты тамаша бейнелейді десек, біржақтылық болар еді. Бір әрі салыстыру үшін, әрі қазақ тілі байлығын дәлелдей түсу үшін қарға байланысты басқа да жазушылардан алынған мысалдарды қоса келтіреміз:
Ақ мамықтай үлбіреп, сылбырап жауып түрған ақша қар. (Майлин
Б. ПІЫҒ.5-ТОМ, 1963, 328- бет)
Жел саябырлап, қар енді қалбандамай, біркелкі мамырлап түсіп
жатты. (Мұртазаев.Ш. «Қызыл жебе» 1978, 92).
Қар бірде жапалақтайды, бірде қиырлайды, бірде қылаулайды.
(Жансүгіров I . Шығ. 4-том, 1963, 136).
Қиыршақ қатты қар әлі қыламықтап түр. (Нүрпейісов Ә. «Қан мен тер», 1977, 52).
...Ұзамай қар қапалақтай бастады. (Мүсірепов F. «Ұлпан» 1975,
Түлей боран бұрқырап, аппақ қарды түтетіп, екпіндеп ұйтқи соғып, жерді басқан бұрынғы қалың қар мен тағы да сабалап
жауып тұрған қарды, жын мен жынды қуғандай, біріне-бірін
қосып әлемет қылып жатыр екен. (Сейфуллин С., 4, 1962, 137).
7. Іле-шала қар қылымықтап, жер бетін жеңіл кірбік басты,...
(Бұл да «Қан мен терде», 257).
Жаңа жыл алдында бұрқақтап қалың қар жауған. (Жұмаділов Қ.,«Соңғы көш», 1974, 300).
Кейбір қысаң жерлерде көптеген қасат қар жатыр. (Бұл да сонда, 288).
10. Көше жиегіндегі күресін қарлар майлық орамалдай кірлеп,
көксоқталанып жатыр. (Бұл да сонда, 357-бет).
Әрине, тіл байлығын тек қар түрлерін тізумен дәлелдейік деп тұрғамыз жоқ. Мәселен, қазақ тілінде аяздың түрлері де аз емес. Он бес градус суық пен елу бес градусты бір емес десек, аяздың суықтығына қарай, сөздер де көп. Тағы да әйтеуір аяз деп өте шықпай, соның әр қалыбына лайық сөз таба білуден барып тіл байлығы көрінеді дейміз. Біз білетін аяз түрлері: шытқыл аяз (сәл ғана суық, шытымыр жеңіл аяз. Бұдан әрі аяздың жеңіддеуінен ең қақағанына дейінгісін суу ретімен бірте-бірте жоғарылатып беруге тырысамыз), шыңылтыр аяз, шытымыр аяз, тымырсық аяз, қытымыр аяз, қызыл шұнақ аяз, үскірік аяз, шыңытқан аяз, шытырлаған аяз, сақылдаған аяз, шытынаған аяз, қақаған аяз, ақырған аяз, т. б.
М. Әуезовтың аяз түрлерін де нақты көрсетіп отырғанын дәлелдеуге мына мысалдарды келтіреміз:
Әзір дене тоңазылар, бет шымшыр аяз да жоқ. Тек еміс қана
шытқыл бар.
Қала ішінде желсіз шыңылтыр аяз білінеді. (117)
Бүгін де сондай шытырлаған қатты аяз. (6, 378)
Сондай жел аралас аяз жайы: «үскірік аяз», «өкіріп түрған
аяз», «ақырған аяз», «қолқанды қауып тұрған аяз» деп, неше
түрлі қатал түрде халық аузына алынады. (6, 378)
Тіл байлығын дәлелдей түсу үшін таң атуына байланысты мысалдарды тізейік:
1. Жазғы таң сары қабақтан жаңа саз беріп келе жатқан.
(Нүрпейісов Ә., «Қан мен тер» 1977, 217)
Бір мезгіл таң руандады. (Тайшықов К. «Октябрь ұшқыны», 1962, 188)
Тағы бір шақты сол түн мұнары қоршап тұрған қарабарқын, бірақ айқын белдің жағынан сібірлей ақ шапақ білінеді. (Әуезов М.6, 407)
Қансонар болғандықтан, Амантай аңға таң біліне шығып, астындағы аты босаңси бастаған еді. (Мұқанов С, «Ботагөз», 1967, 92)
Зіл кара түнді жапсарынан сөзге таң сызаттап келеді.
(Мустафин Ғ., «Көз көрген», 1963, 3).
Таң бозандап атып келеді. (Әбілов Д., «Баянауыл баурайында», 1975, 65).
Бұл - таңның жаңа ғана бозамықтана бастаған кезі. (Мұқанов С, «Менің мектептерім», 2, 1955, 175).
Қазір, міне таң жаңа ғана қылаңдап атқан еді. (Әуезов М., «Абай жолы», 1, 1961, 615).
Аздап алакеуеңдеп барып таң атады. (Жансүгіров I., Шығармалар, 5-том, 1964, 79).
Сазарып сары таң атты. (Бұл да сонда, 4- том 1963, 127).
Достарыңызбен бөлісу: |