Қолдану
|
1-тапсырма. Мәтін. Ә.Кекілбаев
«Тіл көгермей, ел көгермес».
|
1-тапсырма.
1.Мәтінді интонацияның құрамдас бөліктеріне сай: тембр, кідіріс, әуенін келтіріп оқыңыз.
2.«Тіл көгермей, ел көгермес» дегенді қалай түсінесіздер, ашып өз ойларыңызды айтыңыздар.
|
Оқушылардың мақсаты –мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.
|
Талдау
|
2-тапсырма.
«Постер қорғау» әдісі
|
2-тапсырма.
1 топ. Тіл – біздің тірегіміз
2 топ. Қазақ тілі — ұлттық мәдениетіміздің тірегі
3 топ. Мәдениет-материалдық құндылық
|
Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша постер қорғайды, оны қорғау кезінде дауыс ырғағына келтіріп оқиды
|
Жинақтау
|
3-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы нақыл сөздерді аяқтаңыз.
|
1. Тіл мәртебесі -..............
2. Тіл - достықтың ..........
3. Тіл - ...... сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
4..... - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.
5. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің -.....................................
6........................., ой жүйрік.
7. Сөз қадірін білмеген - .............................................
|
Оқушылар аяқталмаған нақыл сөздерді керекті сөздерді жазу арқылы аяқтайды
|
Кері байланыс
|
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ қызықты ___________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
|
Мәтін.Тіл көгермей, ел көгермес. Әбіш КЕКІЛБАЕВ. Мемлекеттік тіл саясатын мемлекеттік билік жүзеге асыратыны белгілі. Алайда, бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тек кез келген басшы ғана емес, кез келген азамат тіл тағдырын мемлекет тағдырымен астастыра қарауға үйренуі қажет. Сондықтан мемлекеттік билік орыңдары тіл саясатын жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, мәдениеттік және азаматтық қозғалыстармен кеңінен ықпалдасудың мүмкіндіктері мен жолдарын жан-жақты қарастырулары шарт. Тіл тағдырын тек ақша шешпейді. Тек билік шешпейді. Ақшаны мол шашып, билікті қатайтып, санскрит пен эсперантоны да кеңінен енгізуге болады. Ал, біздің жағдайымызда әңгіме ана тіліміз жөнінде болып отыр. Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Бұл отаншылдықпен тікелей байланысты. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуінен де қолғабысын аямауға тиісті. Бұл ретте қоғамдық қорлар мен ұйымдардың ықпалы орасан зор болмақшы. Олар мұндай нәзік мәселеде мемлекет араласа алмайтын жерлерге де араласа алады. Ол үшін әлгіндей қорлар мен қоғамдық ұйымдар саясатсызданып, таза культурологиялық сипатқа көшкендері ләзім. Тіл мүддесін қорғап, тіл зәруін қамтамасыз етуде тек мемлекеттік орындарға талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға тиісті қолғабыс жасауға үйренулері қажет. «Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып бара жатыр», - деп, көздің жасын көлдете бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, әлеуметтік көзқарасына деген сенімді нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау мен үйретуде жеке адамдардың, жанұялардың атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оларды өнікті жүзеге асырудың әдістемесін жасауға ерекше мән бермей болмайды. Шығыстың ежелдегі бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сосын балаң мен достарыңды түзе»,- деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сосын балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал.
|
Достарыңызбен бөлісу: |