Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher


Тек негізгі ақпаратты алуға жететін сұрақ қойыңыз.  2



Pdf көрінісі
бет90/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме
1
Тек негізгі ақпаратты алуға жететін сұрақ қойыңыз. 
2
Арызды байыппен тыңдап, қолдау көрсетіңіз, жауап бермеңіз! 
3
Ашық сұрақтарды қолданыңыз. (А) 
4
Жетекші сұрақтарды қолданбаңыз. (Ж) 
Қашан
Бұл қашан болды? 
А
Бұл түнде болды ма? 
Ж
Қай жерде
Қай жерде болды? 
А
Ол сіздің бөлмеңізге кірді ме? 
Ж
Кім
Оны кім істеді?
А
Әкең /Питер /бала күтуші ме?
Ж
Не?
Не болды? 
А
Былай, былай болды ма?
Ж
Қалай
Не үшін
Мүмкіндігінше аулақ болыңыз. Бұл сұрақтар баланың бір 
шешімге келуін талап етеді, сонымен қатар өзін-өзі кінә-
лауына да себеп болуы мүмкін. 

Есіңізде болсын: 
 
Сұрақтарды ашық қалдырыңыз. 
 
Өзіңіз естігіңіз келген жауапты сұрамаңыз немесе ұсынбаңыз. 
 
Дәл сол күні жазғызып, қол қойғызып, күнін көрсету. 
 
Егер жауап компьютермен жазылып алынса, қағазды шығарып, қол 
қойғызып, күнін көрсетіп шығарып алыңыз. Көшірмені қатты дискіге 
сақтамаңыз. 
3.3-СЫЗБА. 
Балаға зорлық-зомбылық жасалғанын анықтау үшін алынатын
сұрақ-жауап 
Дереккөз:
Scottish Executive (2003: 76). © Crown Copyright 2003, Click-Use лицензиясының 
шарттарына сәйкес қайта басылды. 
Балалар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақпарат басқаларға 
берілуі мүмкін екенін білуі керек. Зорлық-зомбылықтың күдік ту
-
дыратын тұстарын тергеу жауапкершілігі мұғалімге жүктелмейді.
2006 жылы құрылған жергілікті қорғаныс кеңестері (LSBs) әр жергілікті


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
115
аймақтағы тиісті ұйымдардың балалардың әл-ауқатын сақтау және 
оған оң ықпал ету үшін қалай бірлесіп жұмыс істейтінін бақылауға 
жауап береді. OFSTED (2011) тіпті ең жақсы деген жергілікті қорғаныс 
кеңестері өз жұмыстарының балалар мен отбасыларға қалай оң ықпал 
етіп жатқанын көрсетуге тырысатынын мойындайды. Мемлекет бала
-
ларды қорғауға қатысты (DfE, 2011b) балалар мен жастардың жеке қа
-
жеттіліктеріне бағытталған, оларға тиімді көмек көрсету деңгейіндегі 
жүйеленген орталықтың мәселелері мен процестеріне баса ден қою
-
дың қажеті жоқ екенін айтады. 
Мамандықтың ең күрделі аспектілерінің бірі – қиын жағдайға тап 
болған балалармен жұмыс. Мектеп саясатын ұстану қажет екеніне 
қарамастан, бәріне бірдей сәйкес келетін әдіс жоқ. Жеке балалардың 
кемшіліктерімен, ерекшеліктерімен танысу пасторлық қамқорлықтан 
бастау алады. Жалпы алғанда, Пакард және басқалар (1997: 54) қиын 
балалармен жұмыс істеу бойынша мынадай ұсыныстар айтады:
1) қатал да, жұмсақ та бола біліңіз;
2) ата-анасынан немесе қамқоршысынан мектепте қалғысы келмей
-
тін балаларды тез арада алып қалуға тырысыңыз;
3) бала ренжулі болса да, одан үміт күтуден танбаңыз;
4) егер ренжіп отырған бала көтеріліп кетсе, айналаңыздағыларды 
көмекке шақырыңыз;
5) баланың тынышталуына уақыт беріп, оңаша қалдырыңыз;
6) басқа балаларды оқшаулап ұстаңыз;
7) балалардың үміт күту – ең басты нәрсе;
8) балалардан неге ренжігенін түсіндіріп беруін күтпеңіз;
9) балалар сіздің тәртіпке шақырғаныңызға ренжісе де, оларды беті
-
мен жібермеңіз; 
10) балалардан «Маған бірдеңе айтқыларыңыз келе ме?» деп сұраңыз.
Дегенмен сыныптағы жағдай ұсынылған әдістерді орындаудан 
әлдеқайда күрделі болатыны белгілі. Бала үшін бұл әлем физикалық, 
эмоциялық күш көрсету арқылы ғана қарым-қатынас жасауға болатын 
қатал әрі суық адамдар ортасы болып көрінуі мүмкін. Мұғалім баланың 
мүддесі үшін олардың атынан жауапты шешімдер қабылдауы керек 
(3.2-қосымша).


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет