Бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар


сынып Теориялық сабақ (3 сағат)



бет10/19
Дата12.12.2023
өлшемі32,08 Kb.
#196339
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
1-4 сынып stud.kz-64387

3 сынып


Теориялық сабақ (3 сағат)
Қарапайым спорт құралдарының аты және оларды пайдалана білу біліктілігі. Спорт зал мен спорт алаңдарының жабдықтары – 1 сағат
Күн режимін және жалпы дамытатын жаттығулар кешенін дайындау.. Жүрек соғысының жиілігі (ЖСЖ) мен дене жаттығуының көрсеткіштері бойынша жүктеменің көлемін бақылау-1 сағат.
Дене дамуы мен дене дайындығын өзі бақылаудың жеке күнделігін жүргізу.Дене жағдайының, дененің дамуы мен дайындығының көрсеткіштерін компьютердегі мәліметтер (есте сақтау) базасына енгізу- 1сағат.
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары (93 сағат)
Акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика (12 сағат)
Саптық жаттығулар. Сапқа, екі қатарға, екі лекке тұру тәсілдері, жүріп келе жатып бір лектен екі лекке қайта сапқа тұру. Қолдардан ұстасып дөңгелене (шеңберге) тұру. Теңел!, Тік тұр!, Орныңда қадам бас!, Тоқта!командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс (қолдар кеуде тұсында бүгілген, қолдар жанға созылған), тізерлеп отыру, бір тізерлеп отыру, төрттағандап тұру, жартылай отыру, толық отыру, аяқты бірге ұстау, аяқты алшақ ұстау секілді әр түрлі бастапқы қалыптардан жаттығуларды орындау. Басты оңға, солға бұру, басты шырқ айналдыру. Тұлғаны дамытуды, дұрыс дем алуды қамтитын жаттығулар. Бүгілген және жазылған қолдарды айналдыру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре кеудені жанға бұру. Қолдар мен аяқтардың қозғалысымен үйлестіре кеудені алға және жанға еңкейту.
Өрмелеу. Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу. Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға көтеру. Аяқтың көмегінсіз өрмелеу.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қолдармен әр түрлі қимыл-қозғалыстарды орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Төбеге салмағы аз зат қойып жүру. Гимнастикалық орындықта көзді жұмып, жауырынды алға беріп, жанымен, қосарланған адыммен, жартылай отырып (қол белде) жүру.
Акробатикалық жаттығулар. Жартылай шат көпір жасау. Еденде отырған бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа, жанға аударылып түсу. Еденде отырған бастапқы қалыптан – бір уыстай боп жинақталып (домаланып), жауырынға аударылу – жауырында жатқанда тербеліп, теңселіп, жауырынға тұру. Таянып жатқан қалыптан жамбасты ілгері ұмсындыра, аяқтарды бүгу (артқы жақта). Таянып жатқан, таянып отырған, таянып бір аяқпен отырған қалыптан да осылай жасау.
Етпеттеп жатқан қалыптан – кеудені ию (қолдар мен аяқтарды көтере қарсы қозғалыс жасай). Сандарға таянып жатқан қалыптан, аяқтарды бүгу, денені ию.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет