Бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар


Қозғалыс қимылдары мен дағдылары (93 сағат)



бет13/19
Дата12.12.2023
өлшемі32,08 Kb.
#196339
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
1-4 сынып stud.kz-64387
0904000 ЭНС , 0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, сссссссссссссс, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары (93 сағат):
Акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика (12 сағат)
Саптық жаттығулар. Бір лекте жүру, қозғалыс кезінде бір лектен екі, үш лекке қайта сапқа тұрып, жүру. Кең адымда! Қысқа адымда! Бір-екіге сана! Біріншілер бір адым алға атта! командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар. Негізгі тұрыс бастапқы қалпынан және қозғалыс кезінде затпен жаслатын жаттығуларды орындау. Тұлғаға, еркін тыныс алуды белсенді етуге, қозғалыс үйлесімділігіне бағытталған жаттығулар (түрліше бастапқы қалыптардан). Қолдарды екі жанға созған бастапқы қалыптан, жазылып ұсталынған және бүгілген қолдарды шыр айналдыру. Қолдармен бір бағытта және қарсы бағытта қозғалыстар жасау. Гимнастикалық орындыққа таянып, тіреніп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Бір орында екі және бір аяқпен секіру және ырғып секіру. Иілгіштік пен босаңсуға жаттығулар.
Өрмелеу. Гимнастикалық қабырғаға асыла тербелу, өрмелеу және тартылу. Төбеден тіке түсірілген арқанға үш тәсілмен өрмелеу.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қойылған заттар арқылы аттап өтіп, төбеге қойылған жеңіл затты түсірмей жүру. Қойылған заттар арқылы аттап өтіп,бөрененің үстімен жүру. Қолдардың әр түрлі қимылымен үйлестіре аяқтың ұшымен, жартылай отырған қалыпта бөренемен жүру.
Акробатикалық жаттығулар. Жинақталып алға домалап түсу. Таянып отырған бастапқы қалыптан артқа аударылып түсіп, жауырынға тұру. Иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар: көпір жасау, жартылай шат, еденде отырған бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа жанға аударылып түсу. Еденде отырған бастапқы қалыптан кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Босаңсуға арналған жаттығулар. Таянып жатқан қалыптан жамбасты ілгері ұмсындыра, аяқтарды бүгу (артқы жақта). Таянып жатқан, таянып отырған, таянып бір аяқпен отырған қалыптан да осылай жасау.
Тірелу, таяну жаттығулары. Таянып жатқан бастапқы қалыптан қолдарымен алға қарай қозғалу. Серігінің көмегімен қолмен жүру. Артқа таянып жатқан бастапқы қалыптан алға және артқа жүру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет