Қозғалыс ойындары. (14 сағат)
«Допқа тигіз», «Арқар», «Қу түлкі қуып жет», «Үйшіксіз қоян», «Сынып, тік тұр», «Саптағы батырлар», «Айқыш – ұйқыш лақтыру», «Ине, жіп, түйіншек», «Қарақұлақ».
Доппен ойналатын ойындар. «Кім жоғары», «Шеңберге түсір», «Шортандар мен шабақтар», «Жырадағы қасқыр», «Қашақ», «Ақбұлақ», «Ақ сандық, көк сандық», «Көрші», «Алтын балық», «Құтқарушылар», «Шаршыдағы күрес», «Допты тигіз», «Шеңберді кеңейт», «Аңшылар мен үйректер», «Сызықтан өткіз», «Қырықаяқтылар», «Өз жалаушаңды тап», «Допты беру», «Доптарды ауыстыру», «Теңге алу», «Кім бірінші», «Допты түсір».
Спорттық ойындар. (12 сағат)
Баскетбол. Допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан беру. Қозғалыс кезінде кеудеден екі қолмен серігіне доп беру. Кеуде деңгейінде, жанынан, төменнен келген допты ұстау. Допты оң және сол қолмен алма кезек алып жүру.
Футбол. Бір орында тұрып оң және сол аяқпен серігіне доп беру (ара қашықтық 3-4м). Допты аяқпен көтеріп тастап, оны қолдарымен ұстап алу (жеке тапсырма ретінде). Қойылған заттардың ара – арасымен допты алып жүру. Допты аяқпен тебу жаттығулары. Қақпаға доп соғу.
Бадминтон. Воланды қарсыласы жағына лақтырып жіберіп, оны соғу. Алаңдағы ауысу қозғалыстары. Воланды ойынға .
Стол теннисі. Шарды ойынға қосу, оны қабылдау және кері қайтару тәсілдерін меңгеру үшін жетекші және дайындық жаттығулары.
Хоккей. Имек таяқты /клюшка/ мұздан айырмай шайбаны алып жүру. Заттардың ара – арасымен шайбаны өткізіп, алып жүру. Имек таяқты екі қолмен оң және сол жақта ұстап, қақпаға шайбаны соғу. Орнында тұрып және қозғалыс кезінде қақпаға шайба соғып үйрену.
Туризм (вариативті бөлім)
Қала сыртына (тауға, маңайдағы далалыққа, көрші поселкеге) сенбі, жексенбі күндері далалықта бағытты дұрыс ұстау дағдылароын үйрете жорық жасау.
4 сынып
Теориялық сабақтар (3 сағат)
Салауатты өмір салтының дағдыларын бойға сіңіру. Күн сайынғы таңертеңгілік гимнастика. Құрдастарымен таза ауада дене жаттығуларын орындау – 1 сағат.
Спорттық мейрамдар мен жарыстарды көру. Конькимен, шанамен сырғанау, шаңғымен серуендеу – 1 сағат.
Пайдалы және зиянды азық өнімдерін білу. Дұрыс тамақтанудың гигенасы. Қозғалыс белсенділігі режимін сақтау. Жұмыс пен демалудың уақытын дұрыс бөле білу біліктілігі – 1 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |