Бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар



бет11/19
Дата12.12.2023
өлшемі32,08 Kb.
#196339
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
1-4 сынып stud.kz-64387

Жеңіл атлетика (22 сағат)
Жүру мен жүгіру. Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Бағытты өзгертіп жүгіру. Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс. Баяу екпінде жүру мен жүгіру. Жүріспен жүгірісті ауыстыру; жүруден жүгіруге ауысу. 30, 40, 60 м-де қуып жету, озу жүгірістері. Қайталап жүгіру. 2 – 6 минут баяу жүгіру, 3 – 8 минут жылдам жүру.
Секірулер. Екі аяқпен ырғып секіру, Алға қозғала екі аяқпен секіру. Алға қозғала бір аяқпен секіру. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзындыққа секіру. Екі аяқпен, бір орнында 90 градусқа бұрыла секірулер. 60-70 см биіктіктен секіріп түсу. Екі аяқпен итеріле орнынан ұзыныраққа қарғу. Екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.
Уақыттың қысқы кезеңіндегі таза ауадағы ойындар (3 сағат)
Төбешіктен сырғанау. Екі аяқпен тұрып, отырып, ішпен жатып сырғанау, төбешіктің мұзды жолымен бір-бірлеп, жұппен, топпенен төмен қарай сырғанау.
Шанамен сырғанау. Төбешіктен шанамен түсу. Сырғанау шапшаңдығынан жарыс. Шананың артынан итере серігін сырғанату. Қарды нысанаға лақтыра төбешіктен шанамен түсу. Төбешіктен сырғанағанда шананы оңға және солға бұру.
Шаңғы дайындығы (10 сағат)
Таяқтарды пайдаланып, кез-келген тәсілмен жүру. Шаңғы жолымен жүру. Таяқтарды артқы жаққа қарай шығарып ұстап, тізелерді бүгіп, төбешіктен сырғанап түсу. Баспалдақ тәсілімен төбеге (қырға) көтерілу. Орнында тұрғанда және жүріс кезінде аттап басу әдісімен бұрылу. Шаңғы жолымен 500-800-ді жүріп өту. Шаңғымен өткізілетін ойындар.
Коньки ( 5 сағат)
Мәнерлеп сырғанау, дөңгелекті (роликті) конькилер тебу. Екпін алғаннан кейін тоқтау.
Жүзу (12 сағат)
Судағы жаттығулар: суға ену және шығу, басты суға батыру, «қалтқы» құсап қалқу. Суда дем шығаруға, басты бұрғанда демді ішке алуға, қолдардың, аяқтардың қозғалысы мен тыныс алуды үйлестіру. Кеудемен еркін жүзу (кроль) техникасына үйрету.
Шалқалап жүзу: қолдар мен аяқтарды қозғай жауырынмен жылжу.Судағы ойындар.
Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері. (3 сағат)
Қазақша күрес, еркін күрес және жекпе-жектің жекеленген түрлерінің бастапқы, қарапайым тәсілдерін орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет