Шаңғы дайындығы (12 сағат)
Орнында тұрып, аттап басып бұрылу. Қозғалу кезінде оңға және солға бұрылу. Таяқсыз жүру. 300 – 500 м қашықтықты жүріп өту. Ойындар «Нысанаға тигіз», «Жалаушаны алмастыр», «Қуаласпақ», «Ұзын адым», Түсіріп алма», «Бір шаңғымен».
Жүзу (12 сағат)
Әуіздің (бассейннің) басқышымен суға ену, әуіздің ернеуінен төмен қарай секіру. Кеудемен суда жатуға және қалқып шығуға арналған жаттығулар, «қалтқы», «медуза», «жебе». Тақтай немесе үрмелі белбеу көмегімен жүзу.
Қозғалыс ойындары (18 сағат)
Жеке орындайтын: «Кімді атаса, сол ұстайды», «Кім қашыққа лақтырады», «Қоян», «Бақа мен көкқұтан», «Ленталарды жина», «Ормандағы аю», «Ал да – орнына қой», «Жоғарыдағы доп», «Маймылдарды ұстау», «Әтештер соғысы», «Кеглиге тигіз», «Жапалақ», «Қашақ».
Жұппен орындалатын: «Кімнің добы алысқа ұшады», «Тышқанның іні», «Сиқырлы таяқ», «Өз жұбыңды (серігіңді) қуып жет», «Аттар», «Тақия тастамақ», «Кілттер», «Өз орныңды тап».
Топпен орындалатын: «Арқан», «Допты шеңбермен», «Қырғи», «Екі аяз», «Торсылдақ», «Допты ұста», «Ботақан».
Командалық: «Доп аз болсын», «Күн мен түн».
Қозғалысты аз қажет ететін ойындар: «Ұшты-ұшты», «Жаңғырық», «Телефон», «Не өзгеріс бар», «Даусынан таны», «Қанша тас», «Фигураны жаса», «Саусақтармен өрнек жаса», «Домино», «Дойбы», «Стол үстіндегі футбол», «Стол үстіндегі баскетбол» және т.б.
Спорттық ойындар (12 сағат)
Баскетбол. Ойыншының тұрысы. Бір орында допты жүргізу, ілгері қозғалып жүру. Бір қолмен, екі қолмен, кеудеден, иықтан, төменнен, жоғарыдан лақтыру. Орнында тұрып допты лақтырып, бір және екі қолмен ұстап алу. Кез-келген тәсілмен допты қалқанға лақтыру. Қысқартылған ережемен ойын ойнау.
Футбол. Кез-келген тәсілмен допты аяқпен тебу. Допты тоқтатқаннан кейін оны тебу. Қойылған заттардың арасымен допты алып жүру. Доппен жонглерлік жасау. Қысқартылған ережемен футбол ойнау.
Қазан доп (Қазан шұңқыр). Имек таяқпен серігіне допты лақтыру және оны тоқтату. Қысқартылған ережемен ойын ойнау.
Достарыңызбен бөлісу: |