денсаулықты нығайту үшін сауықтыру жаттығуларын пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі:
– дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтану гигиенасын біледі;
ағзаны дамыту үшін қозғалыс қимылдары мен дағдыларын меңгеру құралы ретінде дене шынықтырудың мәнін түсінеді:
– ағзаны дамыту үшін дене дайындығы нормативтеріне сәйкес (жасына сәйкес дене дайындығының сынамаларын орындайды) жалпы дене дайындығын жүзеге асырады;
командаларда, топтарда бірлесе жұмыс істеу үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын пайдаланады:
– командалық қимыл-қозғалыс және топтық спорт ойындарын ойнауға дайындықтарын көрсетеді.
3) проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:
өмірлік және оқу жағдаяттарын шешу үшін қозғалыс қимылдары мен дағдыларын пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі:
– дене және психикалық денсаулығын қолдау үшін күн режимін сақтайды;
қарапайым талдауда, бағалауда және кез келген жағдаяттарды шешу үшін жаттығу типтерін таңдау қажеттілігін түсінеді:
– жүрек соғысының жиілігі бойынша (ЖСЖ) бойынша дене жүктемесін бақылау.
әртүрлі жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын қолданады:
– денсаулықты нығайту мақсатында шынығу ережелері мен жеке гигиенаны сақтайды.
ІІІ. Оқу пәнінің базалық мазмұны
3.1. Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған базалық мазмұн бөліктеріне сипаттама «Дене шынықтыру» оқу пәнінің І циклға (1-2 сыныптар) арналған базалық мазмұны Дене шынықтыру туралы жалпы түсінік:ежелгі халықтардың дене шынықтыруы, оқушылар дене тәрбиесінің қазіргі кезеңдегі ұйымдастырылуы, адамның негізгі қозғалыстарының сипаттамасы.
Қозғалыс қимылдары мен дағдылары: акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы, жүзу, спорт ойындарының элементтері бар қозғалыс ойындары.