Бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар


Оқу пәнінің мазмұндық желілері



бет3/19
Дата12.12.2023
өлшемі32,08 Kb.
#196339
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1-4 сынып stud.kz-64387

6. Оқу пәнінің мазмұндық желілері.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұндық желілері «Қозғалыс белсенділігінің мәдениеті туралы білім негіздері» түрінде белгіленеді. 1-4 сынып оқушылары жүгіру, секіру, жүзу, қозғалыс және спорт ойындары, жекпе-жектер және т.б. қозғалыс әрекеттері жөніндегі білімді игереді.
7. Пән бойынша оқу жүктемесі:
Оқу жоспары бойынша «Дене шынықтыру» оқу пәніне аптасына 3 сағат, жылдық жүктеме 96 сағат бөлінеді.

  • 1-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;

  • 2-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;

  • 3-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;

  • 4-сынып – аптасына 3 сағат, жылға 96 сағат;

8. Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі дене дамуында жетіспеушілігі бар балалар үшін сауықтыру дене шынықтыруымен және оқушылар мен ата-аналардың сұранысы мен қызығушылығын есептей отырып, спорт түрімен шұғылдану.


ІІ. Оқу пәні бойынша оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған білім беруден күтілетін нәтижелер

Оқу пәні бойынша білім берудің күтілетін нәтижелері – бұл бастауыш білім берудің ұзақтығы 2 жылдық оқытудың әрбір 2 циклына арнап бекітілген білім беру мақсаттарының жүйесі.


Бастауыш білім берудің әрбір циклі білім алушылардың білім жетістіктері нақты деңгейге жетуі үшін білім беруді ұйымдастыруға бағытталған:
Оқу жетістігінің 1- деңгейі – 1-2 сыныптардан кейін;
Оқу жетістігінің 2-деңгейі – 3-4 сыныптардан кейін.
Барлық білім беру саласы бойынша оқу жетістігінің екі деңгейі де ҚРЖМБББС-да түйінді құзыреттілікке сәйкес: ақпараттық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзырет түрінде ұсынылған.


Оқытудың І циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (2 сынып)


1) ақпараттық құзырет:

  • адам денсаулығына ықпал ететін спорттық-сауықтыру жаттығулар түрлері туралы қарапайым түсініктерді меңгереді:

– адам денсаулығына әсер ететін спорттық-сауықтыру жаттығуларының қарапайым түрлерін біледі;

  • денсаулықты нығайту үшін жағдайға сәйкес әртүрлі жаттығуларды пайдаланады:

– денсаулықты нығайту үшін спорттық жаттығулардың базалық түрлерін (гимнастика, жеңіл атлетика және шаңғы) мәнін түсінеді;

  • денсаулықты сақтау үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын қолданады:

– денсаулықты күту үшін қарапайым дене жаттығуларының түрлерін қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет