Бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар



бет14/19
Дата12.12.2023
өлшемі32,08 Kb.
#196339
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
1-4 сынып stud.kz-64387

Жеңіл атлетика (22 сағат)
Жүру мен жүгіру. Сирақтарды артқа сілтей, санды жоғары көтеріп, жүгіру, адымдап секіріп, қосарланған адыммен – оң және сол жақ бүйірді, арқаны алда ұстап жүгіру. Кең адымда! Қысқа адыммен! Командаларын орындай жүру және жүгіру. Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жоғарғы сөреден(старттан) шығып жүгіру.
Санды жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Бағытты өзгертіп жүгіру. Жаттығуларды орындаумен үйлесімділіктегі жүріс. Баяу екпінде жүру мен жүгіру. Жүріспен жүгірісті ауыстыру; жүруден жүгіруге ауысу. 30, 40, 60 м-де қуып жету, озу жүгірістері. Қайталап жүгіру. 1,5 – 2,5 минут баяу жүгіру.
Секірулер. Екі аяқпен, бір орнында 90, 180 градусқа бұрыла секірулер.Екі аяқпен ырғып ұзындыққа және биіктікке секіру. Бақылау белгісінен серпілудің дәлдігін есептей отырып екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.
Лақтыру. Теннис добын қашыққа және нысанаға лақтыру. Алдын-ала бастан асырыла ұсталынған екі қолмен бір заттарды немесе құм салынған қалташаларды немесе жеңіл тастарды лақтыру. Допты немесе өзге заттарды қайткенде де жоғары және қашыққа лақтыру.
Уақыттың қысқы кезеңіндегі таза ауадағы ойындар (3 сағат)
Төбешіктен сырғанау.Екі аяқпен тұрып, отырып, ішпен жатып сырғанау, төбешіктің мұзды жолымен бір-бірлеп, жұппен, топпенен төмен қарай сырғанау.
Шанамен сырғанау. Төбешіктен шанамен түсу. Сырғанау шапшаңдығынан жарыс. Шананың артынан итере серігін сырғанату. Қарды нысанаға лақтыра төбешіктен шанамен түсу. Төбешіктен сырғанағанда шананы оңға және солға бұру.
Шаңғы дайындығы (10 сағат)
Шаңғы жолында шаңғымен таяқсыз жүру. Азғана еңісшаңғы жолындағы бір мезгілді адымды жүріс. Жүрудің түрліше тәсілдерін пайдалана отырып жүру: аттап басу, сырғанау, алма-кезек екі адымды және бір адымды жүріс (итерілуге даярлық, итерілу, дененің салмағынаяқтың ұшына аудару). Орнында тұрғандағы жаттығу: таяқты ілгері шығару – қарға тіреп қою. Шаңғы жолымен 800 – 1000 м-ді жүріп өту. Төбешікке баспалдақ әдісімен көтерілу.
Коньки ( 5 сағат)
Мәнерлеп сырғанау, дөңгелекті (роликті) конькилер тебу. Екпін алғаннан кейін тоқтау.Конькимен солға, оңға, айнала бұрылу.
Жүзу (12 сағат)
Әуіздің (бассейннің) басқышымен суға ену, әуіздің ернеуінен төмен қарай секіру. Кеудемен суда жатуға және қалқып шығуға арналған жаттығулар, «қалтқы», «медуза», «жебе».
Кеудемен еркін жүзу: аяқтардың, қолдардың қимылы, тыныс алуға үйрету:

Шалқалап еркін жүзу: аяқтар мен қолдарды жұмысқа кірістіре шалқалап жылжу.
Судағы ойындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет