Күрес пен жекпе-жек түрлерінің элементтері (3 сағат)
Қазақша күрес, еркін күрес және жекпе-жектің жекеленген түрлерінің бастапқы, қарапайым тәсілдерін орындау.
Қозғалыс ойындары (14 сағат)
«Орын алмастыру», «Қызыл жалау», «Қуып жет», «Бояулар», «Он шыбық», «Қашақ», «Секіру түрлері», «Көген тартыс», «Салт аттылар», «Кенгуру», «Ара», «Жүргізушіге доп берме» және т.б. икемділік, жыламдық, иілгіштік, көзбен байқауды, шыдамдылық пен күшті дамытуға бағытталған жаттығулар енген эстафеталар мен ойындар.
Спорттық ойындар (12 сағат)
Баскетбол, волейбол, футбол ойындарының элементтері. Қысқартылған ережемен екі жақты командалық ойындар
Хоккей. Имек таяқты /клюшка/ мұздан айырмай шайбаны алып жүру. Заттардың ара – арасымен шайбаны өткізіп, алып жүру. Имек таяқты екі қолмен оң және сол жақта ұстап, қақпаға шайбаны соғу. Орнында тұрып және қозғалыс кезінде қақпаға шайба соғып үйрену. Екі жақты ойын.
Туризм (вариативті бөлім)
Қала сыртына (тауға, маңайдағы далалыққа, көрші поселкеге) сенбі, жексенбі күндері далалықта бағытты дұрыс ұстау дағдыларына үйрете отырып жорық жасау.
Ескерту: «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақтың мазмұны климаттық жағдайларға, спорттық құрал мен спорттық базаның (спортзал, бассейн және т.б.) бар, жоқтығына байланысты өзгеруі мүмкін.
3.3. Сыныптар бойынша оқушылардың білім біліктілік және дағдыларына қойылатын талаптар
1-сынып
Оқушы түсінеді:
дене шынықтырудың пайда болу жөнінде;
оқушылар дене тәрбиесін қазіргі уақытта ұйымдастыру туралы;
адам қозғалысының техникасы жөнінде (жүгіру, секіру, жүру және басқалар), спорттың түрлеріне сипаттама;
«Дене шынықтыру»сабағындағы қауіпсіздік техникасы жөнінде;
жеке гигиена мен шынығу ережелері туралы.
Істей алады:
таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын орындауды;
«Дене шынықтыру» сабағында сыныптастарымен және құрдастарымен бірге әрекет етуді.
Көрсете алады:
бір аяқпен тұрып тепе-теңдік сақтауды, екіншісі бүгіліп, тік бұрыш жасалып, тізеге тіреледі. 30 секундтік үзілістен кейін екінші аяқпен қайталанады;
сіріңке қорабын аяқтың ұшымен жылжыта қозғап, бір аяқпен 5 м-ді секіріп өтуді; қозғалатын түзу сызықтанауытқу 50 см-ден аспауы тиіс;
бір қолмен 36 ойын картасын (не соған ұқсасты) 4 жерге бөлуді (топқа); негізгі қол үшін 35 сек., екінші қол үшін 45 сек. норма;
табанның сыртқы және ішкі жағымен жүруді, алақанды шапалақтай қосарланған адыммен жүруді;
тізені артқа қарай сілтеп жүгіруді, жүргізушіден қашуды;
бір аяқпен секіріп, алға қозғалуды; бір аяқты алға, екіншісін артқа шығара бір орында секіруді; екпін алып биіктікке, ұзындыққа секіруді; тербеліп тұрған ұзын секіртпе арқылы секіруді; қысқа секіртпе арқылы секіруді;
гимнастикалық қабырғамен өрмелеуді (жоғарысына дейін) және шабақтарды өткізіп жібермей, одан ырғақты түрде түсуді;
допты еденнен итере алға жылжуды; допты бір-біріне лақтыруды және тұрған, отырған қалыптан түрліше тәсілдермен оны ұстап алуды;
«қарлығаш», «пистолет», «көкқұтан» тепе-теңдігін еденде және гимнастикалық орындықта орындауды.
Достарыңызбен бөлісу: |