Бағдарламасы дене шынықтыру 1-4 сыныптар


) коммуникативтік құзырет



бет4/19
Дата12.12.2023
өлшемі32,08 Kb.
#196339
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1-4 сынып stud.kz-64387

2) коммуникативтік құзырет:

  • денсаулықты нығайту үшін сауықтыру жаттығуларын пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі:

– дене жаттығуларының негізгі түрлерін (сабақ, ертеңгілік жаттығулар және т.б.) біледі;

  • ағзаны дамыту үшін қозғалыс қимылдары мен дағдыларын меңгеру құралы ретінде дене шынықтырудың мәнін түсінеді:

– адам ағзасын дамыту үшін денешынықтырудың мәнін түсінеді;

  • командаларда, топтарда бірлесе жұмыс істеу үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын пайдаланады:

– спорттық ойын элементтері арқылы командалық қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауға дайындықтарын көрсетеді.


3) проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:

  • өмірлік және оқу жағдаяттарын шешу үшін қозғалыс қимылдары мен дағдыларын пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі:

– өзінің денсаулығына қажеті оқу және демалу күн режімін біледі;

  • қарапайым талдауда, бағалауда және кез келген жағдаяттарды шешу үшін жаттығу типтерін таңдау қажеттілігін түсінеді:

– оқу жағдаяттарын шешу үшін негізгі дене дайындығын (күш, жылдамдық, шыдамдылық, координация, икемділік) дамытады;

  • әртүрлі жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын қолданады:

– ертеңгілік гигиеналық жаттығуларды өздігінен жасайды.


Оқытудың ІІ циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (4 сынып)


1) ақпараттық құзырет:

  • адам денсаулығына ықпал ететін спорттық-сауықтыру жаттығулар түрлері туралы қарапайым түсініктерді меңгереді:

– өз денсаулығына қажетті табиғаттың сауықтыру факторларын (су, күн сәулесі, ауа) біледі;

  • денсаулықты нығайту үшін жағдайға сәйкес әртүрлі жаттығуларды пайдаланады:

– денсаулықты нығайту үшін спорттық жаттығулардың базалық түрлерінің (гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы, баскетбол, футбол және т.б.) мәнін түсінеді;

  • денсаулықты сақтау үшін алғашқы қозғалыс қимылдары мен дағдыларын қолданады:

– денсаулықты нығайту үшін оқу барысында әртүрлі дене жаттығуларын қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет