Бағдарламасының бекіту ф со пгу 18 /37 парағы бекітемін хтжжф деканы К. К. Ахметов 200 ж



бет2/3
Дата26.08.2017
өлшемі1,14 Mb.
#28362
түріБағдарламасы
1   2   3


1 курстың тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары


Р/с



Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Тәжірибелік

Валеология

2 сем.

Валеология

1 сем.







1 сем

2 сем

1сем

2 сем



Жеңіл атлетика (16 сағ.)














1

Қысқа қашықтықтарға жүгіру


2

1

1

2

2

Жоғарғы, төменгі сөре


2

1

1

2

3

Вираж бойынша жүгіру


2

1

1

2

4

Орыннан ұзындыққа секіру


2

1

1

2

5

«Аяқты бүгіп» тәсілі бойынша жүгіріп келе ұзындыққа секіру


2

1

1

2

6

Граната лақтыру


2

1

1

2

7

Ұзын қашықтықтарға жүгіру


2

1

1

2

8

Орташа қашықтықтарға жүгіру


2

1

1

2




Футбол (8 сағ.)













1

Қозғалу техникасы. Допты аяқпен тебу: допты табанның ішкі жағымен тебу, аяқ алқымының ішкі жағымен тебу

2

1

1

2

2

Допты аяқпен тебу. Аяқ алқымының ортаңғы жағымен тебу, көтерімнің сыртқы жағымен тебу

2

1

1

2

3

Допты аяқпен тебу түрлері: аяқтың үшімен тебу, тіземен соғу, өкшемен тебу

2

1

1

2

4

Допты аяқпен тебу түрлері: допты табанның сыртқы жағымен тебу.

Допты баспен соғу түрлері: маңдайдың ортасымен соғу



2

1

1

2




Баскетбол (12 сағ.)













1

Баскетболшының тұрысы және алаң бойынша осы тұрыста қозғалу

1

1

1

1

2

Допты жүргізу

1







1

3

Допты екі қолмен ұстау және беру

1

1

1

1

4

Допты бір қолмен беру

1







1

5

Себетке лақтыру

1

1

1

1

6

Допты жүргізу кезіндегі тәсілдері

1







1

7

Басқаша доп берулері

1

1

1

1

8

Айыппұл лақтырысы

1







1

9

Даулы доп

1

1

1

1

10

Алдамыш қозғалыстары және финттер

1







1

11

Допқа ие болу және допты қайта лақтыру

1

1

1

1

12

Жеке қорғанудың техникасы

1







1




Волейбол (12 сағ.)













1

Волейболшының допсыз әрекеті. Орнында әр түрлі тұрыстарда өзіңнің үстінен екі қолмен жоғарғы тапсыру

1

1

1

1

2

Екі қолмен өзіңнің үстінен төменгі тапсыру: қысқа, орта, ұзын. Орнында және қозғалыста допты екі қолмен бастың артына, жан-жақтарға тапсыру

1







1

3

Техникалық тәсілдермен әр түрлі орын ауыстуруларды үйлестіру: үстіңгі жағынан және төмен жағынан екі қолмен доп берулері. Төменгі, түзу допты ойынға кіргізу соққысы

1

1

1

1

4

Допты қабылдау және беру: доп астына шығу, тұрыс, допты қабылдау және беру. Секіріс кезіндегі допты беру. Үстіңгі, түзу допты ойынға кіргізу соққысы

1







1

5

Секіріс кезіндегі қарсы допты беру. Секіріс кезіндегі допты тор арқылы жұдырықпен қағып жіберу. Допты үстіңгі жағынан беру. Төменгі және үстіңгі түзу допты ойынға кіргізу соққысы

1

1

1

1

6

Қозғалыста, әр түрлі тұрыстар кезінде, орын ауыстырудан кейін тор арқылы жоғары және төменгі доп берулері. Орнында тұрып екі қолмен допты астынан қабылдау

1







1

7

Орын ауыстырудан кейін және орнында тұрып екі қолмен астынан допты қабылдау. Күштік, доптын ұшу траекториясын жоспарлайтын тура жоғарғы допты беру

1

1

1

1

8

Допты бір қолмен астынан қабылдау. Орын ауыстырудан кейін допты екі қолмен үстінен қабылдау

1







1

9

Тура шабуылды соққы. Ертерек танылған техникалық тәсілдердің қозғалыс дағдыларын қалыптастыру: допты үстіңгі және астыңғы жағынан беру, допты ойынға кіргізу соққысы – допты ойынға кіргізу соққысын қабылдау

1

1

1

1

10

Тура шабуылды соққы. Тура шабуылды соққыны допты астынан екі қолымен қабылдауымен үйлестіруі. Дәлдікке допты ойынға кіргізу соққысы

1







1

11

Допты ойынға кіргізу соққысыннан допты астынан екі қолмен қабылдау. Волейбол ойнау шарттары. 3 аймағынан тура шабуылды соққысы

1

1

1

1

12

Орнында және қозғалыста допты үстіңгі және төменгі жағынан беру. Допты ойынға кіргізу соққысы және қабылдау

1







1




Шаңғы жарысы (6 сағ.)













1

Шаңғымен және шаңғы үстінде саптық дайындығы, орнында және қозғалыстағы бұрулар, кезекті екіадымды жүріс техникасы

2

1

1

2

2

Біруақытты бірадымды, адымсыз жүрісі, кедергілерді өту, көтерулер мен төмендеулерді өту, шаңғымен тежелеу техникасы

2

1

1

2

3

Сырғанақты және біруақытты екіадымды жүрісі. Спорттық дайындық бойынша бақылау нормативтерін тапсыру

2

1

1

2




Үстел теннисі (6 сағ.)













1


Ракетканы ұстаудың әдіс-тәсілдері: көлденең (европалық ұстау), тігінен (азиаттық ұстау). Ракетаны ұстаудың әр түрлі тәсілдерінің кемшіліктері мен жетістіктерін қарастыру

2

1

1

2

2

Теннисшінің тұрысы мен орын ауыстыруы. Оңнан және сол жақтан қарай соғудың әлдеқайда рационалды тұрыстары

2

1

1

2

3

Допты ойынға кіргізу соққысын орындау техникасы. Оңға және солға допты ойынға кіргізу соққысы түрлері: шабуылдық, қорғаныстық, дайындықтық. Айналдаруысыз және жоғарғы, төменгі, жанама айналдыруымен допты ойынға кіргізу соққысы

2

1

1

2

1 курс студенттерінің

«дене шынықтыру» пәнінің мазмұны
Жеңіл атлетика 16 сағ.

Тақырып №1. Қысқа қашықтықтарға жүгіру техникасы

1.1 Жалпы дене дайындығы. Спорттық ойындар. ЖЖЖ жиыны.

1.2 Қашықтық бойынша жүгіру техникасы. Жұптасып 30-100 метр арақашықтыққа қайталап жүгіру.

1.3 Жылдамдық дене сапасын дамыту. Жүрістен 20-60 метр арақашықтыққа жүгіру. 20-100 метр арақашықтыққа қайталап жүгіру.



Тақырып №2. Жоғарғы, төменгі сөре

Айту. Көрсету. Сыналтқыш әрекеттер. Төменгі сөрені техникаға орындау. Жұптасып төменгі сөрені техникаға орындау. Төменгі сөрені орындау және 10-15 метр арақашықтыққа уақыта жүгіру.



Тақырып №3. Орыннан ұзындыққа секіру

Айту. Көрсету. Сыналтқыш әрекеттер. 12-15 рет орыннан секіру. Орында көптік секіру және табан бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулары.



Тақырып №4. «Аяқты бүгу» тәсілі бойынша жүгіріп келе ұзындыққа секіру

Айту. Көрсету. Аяқты қоюын еліктеу. 10-15 рет жерге қонуды еліктеу. 10-12 рет 9 қадамдық жүгіріспен ұзындыққа секіруді орындау. 10-15 рет толық жылдамдықпен жүгіріп келе ұзындыққа секіру.


Футбол 8 сағ.

Тақырып № 1. Қозғалу техникасы. Допты аяқпен тебу: допты табанның ішкі жағымен тебу, аяқ алқымының ішкі жағымен тебу

Қозғалу техникасы

Алға шығарылған қадамдарымен арқамен алға қарап жүгіру. Жылдамдықты өзгертіп түзу және қисықты жүгіру. Жүгіріс кезінде секірістер мен аяқты алға шығарып, секіріп тоқтаулары.



Допты аяқпен тебу

Қозғалмаған және домалап келе жатқан допты аяқ алқымының ортаңғы бөлігі және ішкі жағымен тебу. Секіріп кеткен және ұшып келе жатқан доп бойынша тебу. Қысқа және орта қашықтықтарға допты алаң бойынша астынан, үстінен жүргізуден, тоқтаудан, жұлқынып қалулардан кейін соққыларды орындау. Дәлділікке тебу.



Допты табанның ішкі жағымен тебу

Бұл соққының техникасы өте оңай меңгеріледі, бұған көбінесе табанның үлкен жалпақ үсті айтарлықтай әсер етеді. Топтық ойын кезінде доп берулерге қажет болады.



Аяқ алқымының ішкі жағымен ұру

Осындай соққы қысқа, алаңның ұзын бойы сызығымен, диагоналды доп берулеріне, кері қайтару және еркін соққыларды, қақпаға соғуды орындауға жарамды.



Тақырып № 2. Допты аяқпен тебу. Аяқ алқымының ортаңғы жағымен тебу, аяқ алқымының сыртқы жағымен тебу

Аяқ алқымының ортаңғы жағымен тебу

Соққы біршама эффективті. Аяқ алқымының ортасымен соққанда допты ең алыс қашықтыққа тебуге болады. Бұл соққыны қақпаға соққанда, қақпадан соққанда, допты берген кезде, қорғаныста кері қайтару соққысын және айып добын соққан кезде қолданылады.



Аяқ алқымының ішкі жағымен соққы

Аяқ алқымының сыртқы жағымен соққанда допты оңай «айналдырып жіберуге» болады. Бұл соққы тактикалық мақсаттарда қолдануы мүмкін.



Тақырып № 3. Допты аяқпен тебу түрлері: аяқтың үшімен тебу, тіземен соғу, өкшемен тебу

Аяқтың үшімен тебу

Аяқтың үшімен соққан кезде табанды астына қарай толық созбайды және соққы кезінде аяқтың үші доптың ортасында бағытталған болу керек.



Тіземен соғу

Алға қарай жамбаспен қарқынды қимылдап тізенің үстіңгі жағымен допты соғу керек.



Өкшемен тебу

Доп соққысы өкшемен және сомен шекаралас орналасқан табан бөлігімен орындалады.



Тақырып № 4. Допты аяқпен тебу түрлері: допты табанның сыртқы жағымен тебу. Допты баспен соғу түрлері: маңдайдың ортасымен соғу

Допты табанның сыртқы жағымен соғу

Бұл соққыны негізінде алдамыш қимылдарды жасағанда, біреуге допты беру кезінде, көрінбейтін соққыларды жасау кезінде орындалады.



Допты баспен соғу

Қарама-қарсы ұшып келе жатқан допты орнынан және жүгіріп келе жатқанда секірусіз және секіргенде маңдайдың ортасымен соққылары. Дәлдікке соққылары: алаңда анықталған мақсатқа, өз серіктесіне қақпаға соққанда.



Маңдайдың ортасымен соғу

Жамбастардын шапшаң қозғалысымен ойыншы денесінің алдынғы жағын алға жылжытуымен мойынды толығымен артқа бүгіп допты маңдайдың ортасымен соғады.


Баскетбол 12 сағ.

Тақырып № 1. Баскетболшының тұрысы және алаң бойынша осы тұрыста қозғалу

Жоғарғы, ортаңғы, төмен тұрыс. Баскетболшының тұрысындағы қозғалу техникасы: жұлқынулар, бағыттың өзгертілуі, бұрылыстар.



Тақырып № 2. Допты жүргізу

Шапшаң және жоғары басқару, алдамыш және төмен басқару техникасы. Басқару кезіндегі қимылдар техникасы: екпін алмастыруы, бағыт ауыстыруы, допты бір қолдан екінші қолға көшіруі.



Тақырып 3. Допты екі қолмен ұстау және беру

Допты кеудеден екі қолмен ұстау және беру техникасы, үстінен екі қолмен түзу беру, дайындалуысыз кеудеден екі қолмен беру, еденнен қағусыз екі қолмен беру. Орнынан және қозғалыста доп берулерді орындау.



Тақырып № 4. Допты бір қолмен беру

Йығыңнан бір қолмен, йығыңнан бір қолмен қағусыз, бір қолмен жерден секіріп кетумен, ілмекпен қырынан – төмен жағынан допты беру техникасы. Орнынан және қозғалыста доп берулерді орындау.



Тақырып № 5. Себетке лақтыру

Екі қолмен кеудеден және орнынан бір қолмен себетке үстінен лақтыру техникасы. Қозғалыста бір қолмен үстінен және секірістегі лақтыру техникасы. Спорттық допты екі қадаммен себетке лақтыру техникасы.



Тақырып № 6. Допты жүргізу кезіндегі тәсілдері

Допты жүргізу кезіндегі тәсілдеріне үйрету: қадамдау, қиылыс адым, бұрылыс, допты өз алдынан көшіру. Допты жүргізу кезіндегі бұрылыс, арқаның артынан допты көшіру, аяқ ортасынан допты көшіру техникалары.



Тақырып № 7. Басқаша доп берулері

Лақтырыспен беру, көрінбейтін доп берулердін техникасы. Еденмен және арқа жағымен доп берулері.



Тақырып 8. Айыппұл лақтырысы

Айыппұл лақтырысы техникасына әр түрлі тәсілдермен үйрету. Шаршау түрінде айппұл лақтырысын орындау.



Тақырып 9. Даулы доп

Допты ойынға кіргізу, даулы допты болдырмау тәсілдері техникасы.



Тақырып № 10. Алдамыш қозғалыстары және финттер

Допсыз және баскетболды доппен алдамыш қозғалыстар және финттер техникасы.



Тақырып № 11. Допқа ие болу және допты қайта лақтыру

Допты қайта лақтырудың (добивания) әр түрлі тәсілдеріне үйрету: блоктау, допты жабу, қалқан астынан шығару. Әр түрлі биіктіктегі спорттық допқа ие болу.


Тақырып № 12. Жеке қорғанудың техникасы

Тұрысқа үйрету. Добы бар және добсыз ойыншыны бақылау техникасы. Дриблерді бақылау. Орталықты ойыншыны бақылау. Жақындап келе жатқан ойыншыны бақылау техникасы.

Волейбол 12 сағ.


Тақырып № 1. Волейболшының допсыз әрекеті. Орнында әр түрлі тұрыстарда өзіңнің үстінен екі қолмен жоғарғы тапсыру

Жүру, қиылыс адымдармен, жоғарыда аяқты қосып жанымен жүгіру. Екі аяқпен бір орыннан, жүгіре отырып, жүгіре отырып бір аяқпен секірулері. Алға, жан-жаққа қарай ұмтылу. Адаммен, секіре отырып тоқтау. Түрлі орын ауыстырулардан кейін ойыншының дұрыс тұрысқа келуі. Жоғарыдан доп беруді еліктеу. Түрлі тәсілдермен орын ауыстыру кезіндегі допты беру. Бір орында тұрып және қозғала отырып допты тор арқылы беру. Түрлі орын ауыстырулардын тәсілдерімен ырықты жүгіріс және оның варианттары.



Тақырып № 2. Екі қолмен өзіңнің үстінен төменгі тапсыру: қысқа, орта, ұзын. Орнында және қозғалыста допты екі қолмен бастың артына, жан-жақтарға тапсыру

Жан-жаққа, алға – артқа, бас артына, орнында және қозғалыста екі қолмен үстінен және астынан допты беру әрекет дағдыларын қалыптастыру. Доп берудін әр түрлі биіктігімен және жылдамдығымен. Екі-екіден, үш-үштен, төрт-төрттен бөлініп доп берулерді орындау. Нығыздалған доптарымен жаттығуларды орындау. Қолдың күш дене сапасын дамыту. «Допты жоғалтып алма» және «Жоғарыдағы доп» ырықты ойындарын ойнау.



Тақырып № 3. Техникалық тәсілдермен әр түрлі орын ауыстуруларды үйлестіру: үстіңгі жағынан және төмен жағынан екі қолмен доп берулері. Төменгі, түзу допты ойынға кіргізу соққысы

Түрлі бағытта, түрлі тәсілдермен, тек естеу, көру және түрлі белгілері бойынша бағдар етіп орын ауыстыру. Төменгі, түзу допты ойынға кіргізу соққысының техникасын еліктеу: ойыншының бастапқы қалпы, допты жоғарыға лақтырып қалу, дайындалу, соққы әрекеті. Жұптасып, залдын көлденең бойы орналасып, колонна құру арқылы допты 6-10 метр қашықтықта залдың қабырғасына тигізіп допты ойынға кіргізу соққысын орындау. Тор арқылы асырып допты ойынға кіргізу соққысын орындау. Нығыздалған доптарымен жаттығуларды орындау. Секіргіштер мен доптармен эстафеталар.



Тақырып № 4. Допты қабылдау және беру: доп астына шығу, тұрыс, допты қабылдау және беру. Секіріс кезіндегі допты беру. Үстіңгі, түзу допты ойынға кіргізу соққысы

Ұшу мен қашықтық траекторияларын өзгерте отырып допты беру. Секіре отырып допты беру: секірістін жоғарғы нүктесінде допты ұстау, допты өз алдында үстіне лақтыра отырып секірірісте допты беру, секірісте қарсы доп беру, допты секірісте тор арқылы асырып беру. Допты бастапқы қалпыдан бірнеше рет жоғары лақтыру. Допты жоғары лақтыру және дайындалу. Доппен және допсыз допты ойынға кіргізу соққысының толығымен еліктеу. Бір аяқпен, екі аяқпен, секіргішпен және т.б. әр түрлі секірісті жаттығуларды орындау.



Тақырып № 5. Секіріс кезіндегі қарсы допты беру. Секіріс кезіндегі допты тор арқылы жұдырықпен қағып жіберу. Допты үстіңгі жағынан беру. Төменгі және үстіңгі түзу допты ойынға кіргізу соққысы

Секіріс кезіндегі қарсы допты беру. Допты секірісте тор арқылы асырып беру. Тор үстінде ұсталынып тұрған допты орнынан және жүгіріп келе (итерілген орынына қонуымен) жұдырықпен қағып жіберу. Серіктеспен тор арқылы берілген немесе лақтырылған допты қағып жіберу. Алға қарай адымдау мен құлауларды көп рет орындау. Орын ауыстыру, ұмтылу мен құлауды орындау. Серіктеспен 1,5 метр қашықтыққа жан-жаққа лақтырылған допты құлай отырып беру. «Допты тартып ал» атты ырықты ойының ойнау.



Тақырып № 6. Қозғалыста, әр түрлі тұрыстар кезінде, орын ауыстырудан кейін тор арқылы жоғары және төменгі доп берулері. Орнында тұрып екі қолмен допты астынан қабылдау

Жұппен, үш-үштен допты жоғарыдан және төменнен, қозғала отырып бір-біріне беру. Оңға, солға қарай қимылдай отырып, допты тордан асыра беру. Допты секірісте жан-жаққа, бас артына беру. Орын ауыстырудан кейін допты екі қолмен астынан қабылдау тәсілін еліктеу. Ырықты жүгіріс. Нығыздалған доптарымен жаттығуларды орындау. Қолға тіреліп жатқан жерден қолды бүгу. Жылдамдықты дамыту үшін түрлі эстафеталары.



Тақырып № 7. Орын ауыстырудан кейін және орнында тұрып екі қолмен астынан допты қабылдау. Күштік, доптын ұшу траекториясын жоспарлайтын тура жоғарғы допты беру

Алға-артқа, жан-жаққа, допты ойынға кіргізу соққысын қабылдауға бастапқы қалпына шығуға шапшаң орын ауыстырулары үшін жаттығулары. Орнында және қозғалыста допты ойынға кіргізу соққысын қабылдау техникасы бойынша жақындатылған және дайындық жаттығулары. Жұптасып торсыз арнайы жаттығулары. Допты ойынға кіргізу соққысының аймағынан алаңның сол жақ және оң жақ бөліктеріне жоғарғы-түзу допты ойынға кіргізу соққысы. Гимнастикалық орындықтарды, обручтарды, секіргіштерді, нығыздалған доптарды қолдана отырып түрлі эстафеталары.



Тақырып № 8. Допты бір қолмен астынан қабылдау. Орын ауыстырудан кейін допты екі қолмен үстінен қабылдау

Түрлі дайындық және жақындатылған жаттығулары. Серіктеспен жан-жаққа лақтырылған добын қабылдау. Алға, артқа және жан-жаққа бір адыммен орын ауыстырып допты қабылдау. Тордан кейін қайтқан допты қабылдау. Құлай отырып (бір немесе екі қолмен) допты қабылдау. Гимнастикалық орындықта жаттығулар. Шапшаңдық пен ептілікті, жылдамдықты-күштілік сапеаларын дамытатын ырықты ойындарды.



Тақырып № 9. Тура шабуылды соққы. Ертерек танылған техникалық тәсілдердің қозғалыс дағдыларын қалыптастыру: допты үстіңгі және астыңғы жағынан беру, допты ойынға кіргізу соққысы – допты ойынға кіргізу соққысын қабылдау

Жақындатылған жаттығулары: жүгіріп келу, секіру, соққы, жерге қону. Доп бойынша соққы әрекетін еліктеу. Серіктестен секіріп кетуінен доп бойынша соғу. Сол жақ қолымен алға-жоғары оң жақ иығына қарай лақтырылған доп бойынша (2-3 метр қашықтықта еденге) соғу. Серіктеспен лақтырылған доп бойынша соққылары. Құрсақ бұлшықеттеріне арналған жаттығулары, кермеде тартылу, гимнастикалық орындықтан тіреліп жатып қолды бүгу.



Тақырып № 10. Тура шабуылды соққы. Тура шабуылды соққыны допты астынан екі қолымен қабылдауымен үйлестіруі. Дәлдікке допты ойынға кіргізу соққысы

Бір орыннан допты тордан асыра соғу (тор бас деңгейінде). Екі аяққа секіріп төменгі тор арқылы соққылары. Соққыдан кейін қол тоқтаусыз тор тимегендей, ең қысқа жолмен төмен түсіріледі. Тор арқылы және торсыз жүгіріп келіп тура төменгі соққыны еліктеу. Тапсырыс бойынша дәлдікке допты ойынға кіргізу соққысының техникасы. Орындыққа секіруімен секіргіш, гимнастикалық орындық арқылы секірулер.



Тақырып № 11. Допты ойынға кіргізу соққысыннан допты астынан екі қолмен қабылдау. Волейбол ойнау шарттары. 3 аймағынан тура шабуылды соққысы

Қабырға бойы жоғарыда аяқтарын қосып жанама адымдарымен қозғалыста (оңға, солға) допты екі қолмен астынан қағып жіберу. Жұптасып әлсіз соққыдан допты астынан қабылдау, дәл солай қозғалыста үштікте орындау. 1 және 5 аймақтарға мақсатталған тор арқылы допты ойынға кіргізу соққысымен бірге біруақытта оны қабылдау. Жұптасып 3 аймақтан тор арқылы шабуылшы соққысы. Нығыздалған доптарымен жаттығулар жиыны.



Тақырып № 12. Орнында және қозғалыста допты үстіңгі және төменгі жағынан беру. Допты ойынға кіргізу соққысы және қабылдау

Арнайы бой жазу: тұрыстарды еліктеу, түрлі орын ауыстырулар, ырықты жүгіріс. Кіші допты, нығыздалған допты лақтырулары. Орнында және қозғалыста допты үстіңгі және төменгі жағынан беру. Допты ойынға кіргізу соққысы және оны қабылдау. Бой жазуды жұптасып, үштікте, төрттікте өткізеді. Тор арқылы түзу шабуыл соққысы. Тор арқылы допты ойынға кіргізу соққысы. Волейболдық доптарымен эстафеталар.



Шаңғы жарысы 6 сағ.

Тақырып № 1. Шаңғымен және шаңғы үстінде саптық дайындығы, орнында және қозғалыстағы бұрулар, кезекті екіадымды жүріс техникасы

Шаңғымен және шаңғы үстінде саптық дайындығы

Шаңғы тебу техникасына бастапқы үйретуі – «шаңғышының мектебі». Шаңғылармен саптық тұрысы. «Сапқа тұрамыз!», «Сап түзе!», «Солға қарай түзе!», «Тік тұр!». Бір орында тұрып бұрылуды орындау.

«Шаңғыны иыққа!», «Шаңғыны аяққа!», «Шаңғыны қолға!», «Шаңғыны жерге қой!», «Шаңғыны ал!» сияқты шаңғымен саптық тәсілдері.

Шаңғышының мектебі: сырғанақты адыммен қозғалу; «қолды артқа салып» сырғанақты адыммен қозғалу; сырғанай қозғалу және бір итерілгеннен кейін сырғанақты адыммен көбірек қозғалуға тырысу; бірімен, кейін екінші шаңғымен итерілу арқылы сырғанақты адыммен қозғалу; шаңғы таяқтарың отасынан ұстап тұрып, олармен белсенді итеріліп сырғанақты адыммен қозғалу.



Шаңғымен бұрылу техникасы

Бір орында тұрып бұрылу: шаңғының өкшесінен айнала аттап бұрылу, шаңғының үшінен айнала аттап бұрылу, оңға немесе солға қарай сермеумен айнала бұрылу, сермеумен шаңғы арқылы алға қарай бұрылу, сермеумен шаңғы арқылы артқа қарай бұрылу, таяққа тіреліп секіре бұрылу, таяққа тірелмей секіріп бұрылу.

Бұрылу қимылдары: аттап тұрып бұрылу, соқа тәрізді бұрылу, бір нәрсеге тіреліп бұрылу, тірелуден бұрылу.

Кезекті екіадымды жүрістің техникасы

Шаңғышының орнығуы. Кезек-кезек жүрісте қолдың әрекеті. Бір шаңғымен немесе екі шаңғымен таяқсыз кішкене төмендеуде сырғанақты адыммен қозғалу. Күнделікті жағдайда шыңғының екпінін анықтау үшін шаңғы жолы бойынша сырғанақты адыммен қозғалу. Қолды артта ұстай отырып сырғанақты адыммен қозғалу. Екіадымды кезекті жүрісті толығымен орындау.



Тақырып № 2. Біруақытты бірадымды, адымсыз жүрісі, кедергілерді өту, көтерулер мен төмендеулерді өту, шаңғымен тежелеу техникасы

Біруақытты бірадымды жүрістің техникасы

Сырғанақты адымды жүрістің алдында таяқтарды дұрыс шығару және итеріліс аяқты қоюымен, таяқтармен итерілуімен адыммен біруақытта оларды қарға қою.

Біруақытты бірадымды жүрістің циклы бір сырғанақты адымнан және екі шаңғымен сырғанап кетуімен біруақытты қолдын итерілісінен тұрады.

Біруақытты бірадамды жүрістің варианттары: негізгі және жылдамдықты.



Біруақытты бірадымсыз жүрістің техникасы

Біруақытты бірадымсыз жүрісті жайпақ жерді түсулерде, жаман сырғанауда – орта биіктікті түсулерде, жақсы сырғанауда – жазық жерде таяқтарға мықты тірелгенде және де одан бұрын шаңғы тебілген жерде қолданылады.

Жүрістің циклы қолмен біруақытты итерілуден, таяқтарды алға көтеріп шығарудан және екі шаңғыда сырғанаудан құрылған.

Кедергілерді өту техникасы

Жергілікті жержен кедергілерді өту: адымдап өту, секіріп өту, асып түсіп өту, еңбектеп өту, жан-жаққа адымдап өту.



Шаңғымен көтерулер мен төмендеулерді өту техникасы

Шаңғымен көтерілу тәсілдері: сырғанақты адыммен көтерілу, адымдай жүріп көтерілу, «шырша» тәрізді көтерілу, «жартылай шырша» тәрізді көтерілу, «баспалдақтай» көтерілу.

Шаңғымен төмен қарай түсудің тәсілдері: негізгі тұрыс, тік тұрыс, төменгі тұрыс.

Шаңғымен тежелеу тәсілдері: «соқа» тәрізді тежелеу, тіреліп тежелеу (немесе «жартылай соқа» тәрізді), жанама сырғанай тежелеу, құлап тежелеу.



Тақырып № 3. Сырғанақты және біруақытты екіадымды жүрісі. Спорттық дайындық бойынша бақылау нормативтерін тапсыру

Сырғанақты және біруақытты екіадымды жүрістің техникасы

Сырғанақты жүрістің түрлері: біруақытты екіадымды сырғанақты жүрісі, жартылай сырғанақты жүрісі, қолмен итерусіз орындалатын сырғанақты жүрісі, кезекті сырғанақты жүрісі.

Біруақытты екіадымды сырғанақты жүрістің қолданылуы. Екіадымды жүрістің циклы. Біруақытты екіадымды жүрістің циклы екі сырғанақты адымдардан және екінші адымда қолмен біруақытты итерілуден тұрады. Жақсы және өте жақсы сырғанау кезінде жазық аймақтарда және түсулерде қолданылады.

Спорттық дайындықты тексеру үшін нормативтерді тапсыруымен қашықтық бойынша жаттығу

Бақылау жаттығуы шаңғышының дайындық деңгейін тексеруге, жылдамдық төзімділігін жетілдіру және ерік-жігерлік дайындығының тапсырмаларын шешуге, жарысқа түсуші шаңғышының техникалық дайынды деңгейін тексеруге бағытталған және қашықтықты өтуде шаңғылық дайындығы бойынша нормативтерін тапсыруымен шаңғышының өзінің күшін дәл немесе соған ұқсас реттеуге көмектеседі.


Үстел теннисі 6 сағ.

Тақырып № 1. Ракетканы ұстаудың әдіс-тәсілдері: көлденең (европалық ұстау), тігінен (азиаттық ұстау). Ракетаны ұстаудың әр түрлі тәсілдерінің кемшіліктері мен жетістіктерін қарастыру

Жонглерлау: ракетканың бір жағымен, екінші жағымен, екі жағымен кезектеп, бір орында тұрып және қимылдап доппен жонглерлау, ұшып келе жатқанда қабырғаға ойнау, еденнен секіріа кеткеннен соң қабырғаға ойнау, (бадминтонда сияқты) допты ракеткалармен асырып тұру. Ракетканы қолда дұрыс ұстауымен, оқытушының бақылауымен түрлі қарапайым жаттығуларды (түзу қолмен айналдыруды, білекпен айналдыруды, әр түрлі мүсіндерді жазуды) орындау.



Тақырып № 2. Теннисшінің тұрысы мен орын ауыстыруы. Оңнан және сол жақтан қарай соғудың әлдеқайда рационалды тұрыстары

Теннисшінің тұрысы мен орын ауыстыруларын меңгеру үшін еліктеуіш жаттығулары: қадамдар, аттау, алға қарай ұмтылып адымдау, жоғарыда аяқтарды қосып жанымен жүру, қиылыс адымдары. Үстел жанындағы жағдайлар: жақын жағдай, ортаңғы және алыс жағдай. Оңға, солға, алға және артқа қарай ұмтылып адымдау. Түрлі орын ауыстырулардан кейін дұрыс тұрысқа тұру.



Тақырып № 3. Допты ойынға кіргізу соққысын орындау техникасы. Оңға және солға допты ойынға кіргізу соққысының түрлері: шабуылдық, қорғаныстық, дайындықтық. Айналдаруысыз және жоғарғы, төменгі, жанама айналдыруымен допты ойынға кіргізу соққысы

Допты ойынға кіргізу соққысын орындаудың техникалық әдістерін еліктеу: бастапқы қалпы, допты лақтырып қалу, дайындалу, соққы әрекеті. Доптың ұшу күшінен, ұзындығынан және бағытынан байланысты допты ойынға кіргізу соққысының түрлері: допты сол жақтан итеріп жіберуімен айналдыруысыз түзу бойынша, диагональ бойынша допты ойынға кіргізу соққысы; ұшудың әр түрлі бағыттарымен айналдыруысыз оң жақтан допты ойынға кіргізу соққысы; сол жақтан, оң жақтан жоғарғы, төменгі («кесіп жіберу») және әр түрлі бағыттарда (үстелдін ортасына, диагональ бойынша, түзу бойынша) жанама айналдыруымен допты ойынға кіргізу соққысы.



ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

пәні бойынша 1 курс студенттерін бағалау критерийлері

(АМТ) 1 курс

Спорт түрлері


Жаттығулар



Бағалау

5

4

3

Жіг.

Қыз.

Жіг.

Қыз.

Жіг.

Қыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет