8. Бағдарлы оқыту жағдайында оқушыларды аттестациялаудың ерекшеліктері
Бағдарлы оқыту жағдайындағы оқушыларды аттестациялау ерекшеліктері 12-сыныпты бітірушілердің бірыңғай ұлттық тестілеу түріндегі мемлекеттік аттестациялаудан өтуіне байланысты болып келеді. Мұнда оқушылардың білім нәтижелері 6 деңгей бойынша бағаланады (1- кезең).
Бағдарлы оқыту жағдайында портфолиоға ерекше мән беріледі. Портфолио оқушылардың оқу және әлеуметтік-маңызды тұлғалық жетістіктерін көрсету тәсілі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, ол оқушының болашақ мамандықты саналы түрде таңдауы мен мансаптық өсуге ынтасының қалыптасу деңгейін бейнелейді. Оқушы мүмкіндігін дәлелдейтін әрқилы құжаттар түріндегі портфолионың мазмұны білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту траекториясын әрі қарай анықтау кезінде ескеріледі. Портфолионың болуы кәсіптік білім беру ұйымдарына таңдап алған мамандық бойынша үздік оқуға қабілетті оқушылар контингентін айқындауға мүмкіндік береді.
Білімін жоғары оқу орындарында жалғастыру үшін орта білімі туралы аттестат алған мектеп түлектері бірыңғай ұлттық тестілеу негізінде конкурсқа қатысады (2 кезең).
Достарыңызбен бөлісу: |