Орташадан квадраттық ауытқу. Тексерілетін партияның немесе өндірістік процестің сапасына жан-жақты баға беру үшін олардың екі статистикалық сипаттамасы белгілі болу керек: орташа мәні және жеке мәндердің орташа мән төңірегінде шашырауы. Жеке мәндер орташа мәннің жанында неғұрлым жақын топтасатын болса, сапалық көрсеткіштердің тұрақтылығын соғұрлым жеңіл қамтамасыз етуге болады. Шашыраудың ең дәл бағасы болып орташа квадраттық (стандарттық) ауытқу S табылады.
Сандық сипаты бойынша бақылау карталары қолданылғанда орташа квадраттық ауытқу мына формула бойынша есептеледі:
Бас жиынтықтың орташа квадраттық (стандарттық) ауытқуын σ деп белгілейді және, әдетте, таңдама нәтижелері σ бойынша бағаланады.
Лекция 7. Негізгі қарапайым статистикалық әдістер
Бақылау парағы
Негізінен, бақылау парағы (қағазы) сапаның жеті бақылау құралдарына жатпайды (7 принциптің ішіне кірмейді). Бақылау парағын толтыру бақылау картасын, гистограммаларды қалдануда пайдаланылады. Қағаз формасы берілген тапсырмаға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бақылау қағазына берілген тапсырманы шешуге керекті мәліметтер жазылады. Мұндай қағаз белгілі бір уақыт бойы жинақталған мәліметтерді біріктіреді. Мәліметтерді бақылау қағазы арқылы жинақтау көп уақытты алмайды, бұл тек орындаушы мен бақылаушының жүргізген байқауларының тіркелуі.
Бақылау қағазы дайын өнімдерге, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға ағымдық және кірістік бақылауды жүргізу үшін; технологиялық процестер мен құралдарды талдау үшін; ақауларды талдау және түзету үшін қолданылады. Бақылау қағазының формасы мәліметтерді жинау мақсатында берілген тапсырмаға сай жасалады.
Дайын өнімді бақылау үшін бақылау қағазының қарапайым формасын қолдануға болады. Мысалы, механикалық цехта диаметрі 3,5 мм тұтқа бөлшегі шығарылады. 2008 жылғы ақпаның алғашқы 15 күні ішінде бақылау нәтижелері 1- кестеде көрсетілген. Кестеден әр күндегі ақау үлесі көрініп отырады. Сонымен бірге жарты ай ішіндегі ақаудың орташа үлесінің есебі р анықталады. Кестеде тексерілген таңдама саны n = 10 көрсетіледі.
1- кесте. «Тұтқа» бөлшегін бақылау бойынша мәліметтер
Күні
(2008 ж., ақпан)
|
Реттік
нөмірі
|
Тексерілген бөлшектердің саны, N, дана
|
Ақаулы бөлшектердің саны, х, дана
|
Ақаулы бөлшек-тердің үлесі, р, %
р = х/N * 100, %
|
1
|
1
|
700
|
2
|
0,28
|
2
|
2
|
700
|
0
|
0
|
3
|
3
|
800
|
5
|
0,625
|
6
|
4
|
700
|
4
|
0,57
|
7
|
5
|
700
|
2
|
0,28
|
8
|
6
|
700
|
2
|
0,28
|
9
|
7
|
700
|
3
|
0,42
|
10
|
8
|
700
|
2
|
0,28
|
14
|
9
|
650
|
1
|
0,15
|
15
|
10
|
650
|
1
|
0,15
|
Барлығы:
n = 16; Σn = 7000; Σx = 22; p = Σx/Σn*100 = 22/7000 * 100 = 0,31 %
|
1- кестедегі бақылау қағазында ақау үлесі %-пен көрсетіледі, бірақ мұнда ақаулар саны көрсетілмейді. Ақаулы бөлшектің бір, екі немесе он ақауы болуы мүмкін. Әрине бір ақауды түзетуге он ақауды түзетуге кеткен уақытпен салыстыра алмаймыз.
Күрделі өнім тексергенде әр өнім бірлігіне сәйкес келетін ақаулар көрсетіледі. Мысалы, 2- кестеде баспа платаларын металдандырудан кейінгі байқау нәтижелері берілген. 2- кестеде тексерілген өнімдерде қаншама ақау саны бар екендігі (ақаулардың сомалық саны С) көрсетілген. Мысалы, 2007 жылдың 19 наурызында тексерілген 13 баспа платасынан (n=13) 4 ақау табылған. Ақаулардың өнім бірлігіне шаққандағы саны 19 наурызда U = 4/13 = 0,307 тең.
2- кесте. Баспа платаларын тексеру бойынша мәліметтер
Күні
(2007 ж., наурыз)
|
Тексерілген партияның реттік нөмірі
|
Тексерілген баспа платалардың саны n, дана
|
Ақаулардың сомалық саны, С
|
Ақаулардың өнім бірлішіне шаққандағы саны U=C/n
|
12
|
1
|
13
|
3
|
0,23
|
13
|
2
|
13
|
2
|
0,154
|
14
|
3
|
13
|
3
|
0,23
|
15
|
4
|
13
|
1
|
0,077
|
16
|
5
|
13
|
0
|
0
|
19
|
6
|
13
|
4
|
0,307
|
20
|
7
|
13
|
3
|
0,23
|
21
|
8
|
13
|
2
|
0,154
|
22
|
9
|
13
|
0
|
0
|
23
|
10
|
13
|
1
|
0,077
|
Барлығы: K=10; Σn=130; ΣC=19; C= ΣC/K=19/10=1,9;
U= ΣC/Σn=19/130=0,146
|
Бақылау қағазы арқылы ақпарат жинақтауға көп уақыт пен жұмыс кете қоймайды. Жинақталған мәліметтер жұмысты әртүрлі жетілдіру мақсатында жұмсалады.
Бақылау қағазының қолданылу аясы өте ауқымды, олардың түрі мен мазмұны да әртүрлі.
Бақылау қағаздарын дайындауда мына жағдайларға назар аудару керек:
- бақылау қағазын толтыру жолы қарапайым болуы, яғни қиыншылық тудырмауы керек керек;
- атқарушы орындайтын бақылау пунктінің саны аз болуы керек;
- бланк формасы толтыруға, оқуға, тексеруге қиындық тудырмайтындай қарапайым әрі мәліметтерді талдау мен қорытындылауға қолайлы болуы керек.
Сондықтан да бақылау қағаздары бекітілгенге дейін мүдделі жақтардың тексеруіне беріледі. Олар өз кезектерінде керекті түзетулер енгізеді.
Бақылау қағаздары алдыға қойылған мақсатқа сәйкес болуы тиіс. Жиналған мәліметтер негізінде жұмысты жандандыру жүргізілуі тиіс; бланк формасы және оны қолдану тәсілдері үнемі жетілдіріліп отыруы тиіс. Бақылау қағаздарының бланкісі сапалы қағаздарға басылып, сиясы анық болып сақтау мен қолдану үшін қолайлы болуы керек. Бақылау қағазын толтырушыларды алдын-ала үйретеді. Өйткені онда жасалған қателіктер қате пікір туғызуы мүмкін. Бақылау қағазын өздігінен қосымша пайдалануға әрекет етуші орындаушылар ынталандырылуы тиіс.
Лекция 8. Парето диаграммасы
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда брактан болатын шығындарды азайту күнделікті мәселе болып табылады. Бұл үшін олардың пайда болу себептерін анықтау қажет. Жай ғана ұжым болып жиналып ақаулардың себептерін талқылау, әдетте, жеткіліксіз болып шығады. Өйткені әр адам, әр бөлімше өз пікірін айтады, бұл пікірлер субъективті және қате болуы мүмкін. Кез келген іс-шаралар ақиқат ақпаратта негізделуі керек. Дәл сондай ақиқат ақпарат алу мүмкіндігін Парето диаграммасы береді.
Парето диаграммасы – италиян эконмисі Парето (1845-1923) атымен байланысты аталады. Парето диаграммасы жиі жағдайларда брак (ақаулы өнім) шығу себептерін талдау үшін қолданылады. Оның көмегімен брак шығуынан болатын шығындарды олардың туындауына себеп болған факторлармен байланыстырып, қолдану үшін ынғайлы және көрнекі түрде көрсетуге болады. Парето диаграммасы ақаудың орын алуына ең үлкен үлес қосқан (пайыз мөлшерінде) себепті анықтауға және оны алдыңғы уақытта болдырмау үшін іс-шараларды белгілеуге мүмкіндік береді. Процесті жақсарту алдында және жақсарту шаралары жүргізілгеннен кейін алынған мәліметтер бойынша құрылған Парето диаграммаларын салыстыра отырып қолданылған іс-шаралардың тиімділігін бағалауға болады. Ақаудардың себептерін анықтау үшін қосымша себеп-салдар диаграммасын қолдану дұрыс болып табылады.
Парето диаграммасын құру мына тәртіп бойынша жүргізіледі:
1) бракқа қатысты бар мәліметтер жиналады; әрбір бұйым үшін кездесетін брак түрлері анықталады және ақаулардың жеке түрлерімен байланысты шығындар көлемі есептеледі;
2) графиктың соңында ең азы шығын беретін түрлері орналасуы үшін брак түрлері әкелетін шығындар көлемі кему реті бойынша орналастырылады;
3) шығындар көлемі ең көбіне сәйкес келетін брак түрінен бастап комулятивтік сомасы есептеледі, олардың жалпы көлемін 100 % деп алады;
4) брак түрлерін ең көп шығын әкелетінен бастап абцисса өсінде орналасады, ал ордината өсінде шығындар көлемі көрсетіледі;
5) брак түріне қатысты шығындар көлемі сәйкес келген жерде бағаналы график құрылады және кумулятивтік соманың қисығы сызылып көрсетіледі. Графиктің оң жағында ордината өсі бойынша кумулятивтік процентінің мәндері көрсетіледі. Пайда болған график Парето диаграммасы деп аталады;
6) Парето диаграммасында оның атауы, мәліметтерді алу уақыты, мәліметтер саны, брак пайызы, шығындардың қорытынды көлемі және т.б. көрсетіледі.
Парето диаграммасын құру кезінде келесі жағдайларға міндетті түрде назар аудару керек:
1) абцисса өсінде орналасқан факторлар саны 7-10 құрайтын жағдайда Парето диаграммасы тиімді болып табылады;
2) мәліметтерді өңдеу кезінде белгілі болған жеке факторлар, мысалы, мәліметтерді таңдау уақыты, бұйым типтері және шикізат партиялары бойынша, оларды қабаттарға бөлу жүзеге асырылуы керек;
3) жағдайлардың әррқайсысы үшін Парето диаграммасын құру кезінде шығындар көлеі көрсетілуі керек;
4) жеке факторларға байланысты брактардың пайда болуында айырмашылықтар жоқ болса, Парето диаграммасында бағандар бірдей биіктікте орналасады және диаграмманың анализі қарапайым болады;
5) Пайда болған факторы басқа факторлармен салыстырғанда өте үлкен болған жағдайда басқа әдістерді қолданып жеке талдау жүргізу керек;
6) қатардағы бірінші тұрған фактор анализ үшін техникалық жағынан қиын болса, онда одан кейін тұрған фактордан бастау керек;
7) егер жақсартуды жеңіл өткізуге келетін фактор анықталатын болса, онда диаграммада орналасуына назар аудару керек.
Парето диаграммасы жағдайды нақты әрі түсінікті етіп көрсететіндіктен, оны кең көлемде қолданады.
Ақаулар себептері бойынша салынған Парето диаграммасын талдау кезінде жиі жағдайда табылған, мысалы 10 себептің ішінен 2-3 себеп негізгі болып табылады және материалдық шығындардың 70 – 80 пайызы cол себептердің үлсіне кіреді. 3- суретте брак себептері бойынша салынған Парето диаграммасы көрсетілген. Диаграммадан 1- және 2- себептерді жойған кезде брак мөлшерін 87,9 пайызға азайтуға болатынын көреміз. Бұл екі себептің екеуі де кәсіпорын ішінде шешілетін себептер болып табылады.
Шығындар, млн. тенге
|
30
25
20
15
10
5
|
|
|
|
Брак түрінің нөмірі
4- сурет. Брак түрлері бойынша салынған Парето диаграммасы
1 – өлшемдерінің ақауы (11 млн. тенге);
2 – материалдардың ақауы (24 млн. тенге)
3 – гальваникалық ақаулар (15 млн. тенге)
4 – пісіру ақаулары (1 млн. тенге)
5 – басқа ақаулар (5 млн. тенге)
|
1 2 3 4 5 Брак себебінің нөмірі
3-сурет. Брак себептері бойынша салынған Парето диаграммасы
1 – технологиялық тәртіптің бұзылуы;
2 – технологиялық саймандардың конструкциясы;
3 – құрастырушы бұйымдардың ақаулығы;
4 – жарықтандыру жеткіліксіздігі;
5 – басқа себептер
|
Лекция 9. Себеп-салдар диаграммасы (себептерді тергеу диаграммасы)
Бұйымның сапасы оны шығару кезінде қалыптасады. Сапа шығару процесін құрайтын факторлар мен себептер жүйесі әсерінің нәтижесі деп айтуға болады. Процесс (себептік факторлар жүйесі) және сапа (себептік факторларлар әсерінің нәтижесі) арасындағы тәуелділікті график түрінде көрсетуге болады.
Сапасы тұтынушылар сұранысына сәйкес болатын бұйымдар өндіру үшін негізгі сапа көрсеткішіне (салдар б.т.) сәйкес келетін әртүрлі өндіріс факторларын (себептік факторлар жүйесі б.т.) табу қажет. Одан кейін барып нәтижеге кері әсер ететін факторларға дұрыс бағытта әсер ету және сол арқылы процесті тұрақты жағдайға келтіру керек. Осыларды жүзеге асыру үшін сапа сипаттамалары (салдар) мен процесс параметрлерінің (себептік факторлар жүйесі) бір-біріне тәуелділігін жақсы түсіну және бақылау қажет. Бұл үшін себеп-салдар диаграммасы деп аталатын статистикалық бақылау әдісін қолдануға болады.
Себеп-салдар диаграммасы, әдетте, көп шығын келтірген ақауларды талдау үшін қолданылады.
Бұл диаграмма осы ақаулардың себебін табуға және оны түзетуге мүмкіндік береді. Мұнда төрт негізгі себептік факторлар: адам, машина, материал және жұмыс әдісі талдауға алынады.
Талдау кезінде екінші мүмкін үшінші кезектегі себептер анықталуы мүмкін. Сондықтан да ақаулар талдауда және диаграмманы құруда жіберілген ақауға қатысы бар барлық себептерді анықтау дұрыс болады.
Жапон оқымыстысы К. Исикава себеп-салдар диаграммасын балық қаңқасы түріндегі көрсетуді ойлап тапқан. Оны тағы «сипатты факторлардың бүтақты схемасы» деп атайды. Кейде оны құрайтын 4 негізгі фактор: Man - адам, Method - әдіс, Material - материал, Machine – машина бойынша «4М» диаграммасы деп атайды.
Диаграмманы құру үшін қолда бар барлык көздер бойынша: сынақ процесін тіркеу журналы, бақылау мәліметтерін тіркеу журналы, мамандардың хабарламалары және т.б. қажетті сапа көрсеткіштерін сипаттайтын ақпарат жиналады. Проблемаға қатысы бар факторлардың максималды санын таңдап алу керек. Себептерді зерттеуде жұмысқа қатынасы жоқ адамдарды да тарту керек. Өйткені ондай адамдар себептің пайда болуы мен талдауда кездейсоқ шешімдер ұсынуы мүмкін.
Ең тиімді әдістердің бірі – себепті талдаудың топтық әдісі. Егер проблема цехта орын алса, онда эксперттер қатарына ақау табылған өндіріс учаскесінде тікелей жұмыс істейтіндер қатыстырылады. Өйткені олар басқаларға қарағанда жұмыс процесінде болған өзгерістер мен ауытқулар байқалғанын жақсы түсінеді. Документтерді қарастыра отырып мәселен, бақылауға қатысты немесе жұмыс операциясы жазбаларын қарай отырып, жазбаны өткізіп алуы мүмкін. Егер бұл орын алса, онда үлкен шығын болуы мүмкін.
Исикава схеманын құру мына тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1. Шешілетін проблема түзу тілмен белгіленеді (сурет);
2. Проблемаға әсер ететін факторлар (бірінші реттегі себептер) анықталады және үлкен көлбеу тілдермен белгіленеді;
3. Сызылған факторлар ашылады – әр факторға әсер ететін екінші, үшінші, ары қарайғы кезектегі себептер анықталады және кіші көлбеу тілдермен белгіленеді;
4. Схемаға талдау жүргізеді: факторлар маңызы бойынша ранжирленеді; осы кезде түзетіуге келетін себептер анықталады;
5. Түзетілетін факторлардың деңгейі анықталады;
6. Факторларды белгіленген деңгейге жетуге дейін түзетү жүргізілетін өндірістік учаскелер, бөлімдер мен жауапты адамдар анықталады;
7. Түзетілетін факторларды бақылап отыру мақсатында құжаттар формасы даярланады; ақпарат шындығына жауапты адамдар сайланады;
8. Алдағы әрекеттердің жоспары жасалады – жауапты адамдар бекітіледі.
Сурет. Себеп-салдар диаграммасы.
A, …, F – бірінші кезектегі себептер; A1, …, F1 – екінші кезектегі себептер;
F'1 – үшінші кезектегі себеп.
Сертификациялық сынақтардың сапасын талдау үшін себеп-салдар диаграммасы ... суретте келтірілген.
Сурет. Сертификациялық сынақтардың сапасын талдау үшін
себеп-салдар диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |