«балық, ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау»



бет5/5
Дата17.10.2019
өлшемі436,5 Kb.
#50217
1   2   3   4   5
Байланысты:
a2266712-af3f-11e3-b0bc-f6d299da70eeВСЭ РАСТ 03 (1)


Спирттік реакцияны қою.

Пробиркаға 1 мл бал ерітіндісін (1:2) және 10 мл 96 % этил спиртін құйып араластырады. Гүлді бал әлсіз лайланады, ал шіре қоспасы бар балдың лайлануы қатты және сүтті ақ түс пайда болады. Таза шіре балы лай және мақта тәріздес тұнба береді. Реакцияны қою үшін спирттің аз мөлшерін және оның басқа концентарциясын алуға болмайды. Бұл реакция балдың грешиный және вересковый түрлеріне жатады.



Әкті реакцияны қою

Пробиркада 2 мл балдың судағы ерітіндісін (1:1) және 4 мл әк суын араластырып, қайнағанға дейін қыздырады. Күгірт түсті тұнбаға түскен мақталардың түзілуі шіре балы екендігін көрсетеді. Әкті суды бірдей бөліктегі сөндірілмеген әк пен дистеленген судан дайындайды. Алғашқы 3-4 сағ ішінде 2-3 рет араластырып ерітіндіні 12 сағ ұстайды. Кейін реакцияны қою үшін қолданылатын сұйықтың жоғары, мөлдір қабатынбайқап төгеді.



Сірке қышқылды қорғасын реакциясын қою.

Пробиркаға 2 мл балдың сулы ерітіндісін ( 1:1) 2 мл дист ген суды және 5 тамшы 25% сірке қышқылын қорғасын ерітіндісін араластырады. Жақсылап шайқап су моншасына (80-100° с) 3 минутқа қояды. Тұнбаға түсетін борпылдақ мақталардың түзілуі шіре балы екендігін көрсетеді. Пробиркадағы құрамның әртүрлі дәрежедегі лайлануы мен мақта мен тұнбаның болмауы реакцяның теріс нәтижесі болып саналады.



Өздік жұмыс: АКР орындауының жолы.

1. Балдағы антибиотиктердің қалдық мөлшерінің зерттеу нұсқасына толық сипаттама беру. Антибиотиктерді анықтаудың негізінде ағардағы диффузия принципі жатыр. Оларды анықтаудағы ерекшелік ол әртүрлі тест культураларды, орталарды және буферлерді қолдану.

2.Балды бөлу, қаптау және маркеровканы қолданудың мағынасы мен техникасын түсіндіру.

Бөлу: Бөлу үшін қандай материалды қолдануға болатынын, ыдысқа қойылатын талаптарды, жуудың техникасы, технологиялық линияларды қолдануы, дәл температураны, кәрез рамаларын таңбалау техникасын көрсету керек. Қаптау және маркировка: тұтынушылық ыдысқа талаптар мен ережелер.



Тақырыбы № 14 Ара шаруашылығындағы жұмыстар негізінде және гигиена және қауіпсіздік техникасы

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру:

Кесте : Бал қауіпсіздігінің гигиеналық нормативтері

Қолданылған әдебиеттер.

В.И.Зайкина «Экспертиза меда и способы обнаружения его фальсификации». М.: 1999г. с. 17.

А.С.Нуждин и др с. 383-386

Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаның ластануының ара шаруашылығында ауыл шаруашылығының химизациясы және бал үшін сапасының және қауіпсіздігінің гигиеналық нормативтерінің негізгі мағынасын меңгеру

Негізгі сұрақтар :

1.Қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығын химизациялау.

2.Балдың сапасы мен қауіпсіздігіне гигиеналық талаптар.

Екінші сұрақ бойынша ауызша жауап дайындау.



Сабақтың қысқаша мазмұны: Өткен сабақтың материалын дисскусия жүргізу арқылы бекіту, жетекшімен бірге студенттер бірінші сұрақтың мазмұнын терең меңгеру. Аудиторлық жұмысты жүргізу.

Қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығын химизациялау.

Қоршаған ортаның ластануы, ауыл шаруашылығын химизациялау балға адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар оның өміріне де қауып келтіретін бөгде заттардың түсуіне жол береді. Балға бөгде заттардың түсуінің негізгі көзі арашаруашылығында қолдануға рұқсат етілген профилактикалық және емдік медикоменттері, нәрді алып тасушы өсімдіктер, сонымен қатар оны жылумен өңдеу мен сақтау процестерінде түзілетін қосылыстар болып саналады.

Таралуы мен улылығы бойынша қауіпі неғұрлым көп төменгідей компоненттер: улы элементтер сынап, қорғасын, мышьяк, кадмий; антибиотиктер, өсімдіктерді қорғау үшін химиялық заттарды бақылаусыз қолдану салдарынан балда көбейетін пестицитер; радиокулидтер (цезий 137, стронций 90)

Өздік жұмыс: АКР орындалуының жолы. Бал қауіпсіздігінің гигиеналық нормативтері-таблицасын қолдана отырып, ауызша жауап беру.


Көрсеткіштер







Улы элементтер:

Мырыш


Мышьяк

Кадмий


Оксиметияфурфурол

Пестицидтер:

Гексахлорцикологексан

(&, f, - изомерлері)

ДДТ және оның метаболиттері

Радионуклидтер:

Цезий 137

Стронций 90


1,0


0,5

0,05


80
0,005
0,005
100

80

-

-

-



-
Бк/кг

Бк/кг


Импортты балдың гигиеналық сараптау кезінде бал партиясының құжаттары, сонымен қатар поставщикпен келісім шартында көрсетілген, өнімді сапасы бойынша қабылдап алу шарттары туралы мәліметтерді есепке алу керек.

Әкелетін жерлерде орналасқан территориалды-санитарлы эпидемиологиялық станциялар импорттық өнімге жоспарлы лабораториялық бақылау жүргізуі тиіс.

Балдың түзілуі үшін аралар нәрді өсімдіктер нәрлерінің белсенді бездерінен жинап, өңдейді. Осы ретте бал жинайтын аралар энтимофильді,тұқымдық, көкіністік және басқа культуралардың нәрін жинайды, өсірген кезде өнімдерін жоғарлату үшін, өсімдіктекдің өсуін қалыптау мен қорғау үшін арналған химиялық заттардың кең ассартименті қолданылады.

Азық өнімінің ластануы және адам денсаулығына неғұрлым қауіптілік туғызатындарға пестицитердің қолдануға болатын концентрациясын зерттейді. Оксиметияфурфуролдың болуы балдың табиғилығын және сақтау мен өңдеу процесінде өзінің сапасының сақталу дәрежесін сипаттайды. Осыған байланысты балды гигиеналық сараптауда оның құрамы бақыланады.



Тақырыбы № 15 Балды санитариялық бағалау бойынша қорытынды сабақ.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру:

Кесте:Балдың бактерицидтік қасиеттерін бағалау. Балдың химиялық құрамы. Гүлді балының органолептикалық көрсеткіштері. Рефракция индексіне байланысты балдағы су құрамы. Балдың микроскопиялау. Окисиметилфурфуролға реакция. Гүлді және шіре балының физика-химиялық көрсеткіштері.

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практиум по ветсанэкспертизе» М.-1987г.с.233-235, 236-239, 242-243, 26-247, 249-248, 250-254

Б.С.Сенченко «Ветсанэкспертиза сырья животного и растительного происхождения» . Растов-на-Дону 2001г. с.563-568, 570-573

В.И.Зайкина «Экспертиза меда и способы обнаружения его фальсификации». М.: 1999г. с. 5-7, 10-11, 23-24, 66-80, 82-83, 87-92, 98-105, 107, 117-124

Ш.Турсынкулов «Ветсанэкспертиза животноводства» Астана -2001г.с.154-161

А.С.Нуждин, Г.Ф.Таранов, В.И.Полтев и др. «Учебник пчеловода» М.: Колос, 1984г., с.11-22, 331-333, 383-386



Сабақтың мақсаты: Ауызша коллоквиум тапсыру.

Сабақтың қысқаша мазмұны: жазбаша екінші коллоквиумның сұрақтары бойынша жазбаша түрде сұрау. Білім сапасына баға беру, лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлерін конспектілерін тексеру.

Екінші коллоквиумға арнлған сұрақтар:

1. Балды тағам өнімі ретінде сипаттау

2 .Балдан орташа сынама алу әдісі.

3. Ара шаруашылық өнімдері.

4. Ара шаруашылығының қысқаша тарихы.

5. Табиғи балдың органолептикалық көрсеткіштері.

6. Балдағы механикалық, тозаңды қоспалар, ашу белгілері .

7.Бал сапасының физико-химиялық көрсеткіштері (судың құрамы, балдағы қышқылдық құрамы, инверттелген қантты және балдағы сахарозаны анықтау).

8.Балдың куәлігі және ветеринариялық анықтамалар.

9.Бал ерітіндісін жасау әдісі.

10.Балдың улылығын анықтау.

11.Оптикалық белсенділікпен диастаза белсенділігін анықтаудағы мәні.

12.Жасанды балдың сипаттамасы. Витаминдік және емдік бал.

13. Балдың ақаулары және оларды жою әдістері.

14. Балды фальсификациялау заттары мен әдістер.

15. Балды базарларда сатудағы ветеринариялық-санитариялық талаптар.

16. Балды микроскопиялау .

17. Балдың қантты сироппен фальсификациялануы.

18. Қантты балды анықтау методикасы.

19. Балдаға ферменттер құрамы.

20.Балды фальсификациялаудың лабораториялық зерттеу әдістері (оксиметилфурфуролға реакцияцияның мәні, балдағы қант құмын анықтау).

21. Балдың табиғилығын анықтау (методика : балдағы ұн, крахмал, желатин, қантты сірнесі, крахмал сірнесі.)

22. Балдың қыздырылуын анықтау.

23.Базарларда сатуға рұқсат етілген гүлді және шіре балының физико-химиялық көрсеткіштері .

24.Шіре балын гүл балынын ажырату.(Органолептикалық баға, спирттік, әктік реакция, сірке қышқылдық мырышпен реакциларды анықтау методикасы.)

25.Балдағы антибиотиктердің болуы.

26.Балды сақтау .

27.Ара шаруашылығы жұмыс істеу кезіндегі жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы.



28.Балдың пеститцидтермен ластануын анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет