Басқару ұғымына тұжырымдама беріңіз


Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) ғалымның жасаған еңбегін көрсетіңіз



бет22/32
Дата22.05.2022
өлшемі96,39 Kb.
#144681
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
Жауабы сонгы

Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) ғалымның жасаған еңбегін көрсетіңіз

Фредерик Тейлор (1856-1915) - американдық инженер және өнертапқыш, ғылыми басқарудың атасы болып саналды және оның үлестері 20 ғасырдың басында саланың дамуына негіз болды.
Оның ең маңызды жұмысы, Ғылыми менеджменттің принциптері, 1911 жылы жарық көрді және сол уақыттан бері орын алған әлеуметтік және технологиялық өзгерістерге қарамастан, оның көптеген идеялары өз күшін жойған жоқ немесе жаңа үлестерді дамытуға негіз болды.
ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960 жж.) Бұл кезеңде ғылыми басқару бір жүйеге келтіріліп, басқару мектептері, концепциялары қалыптасты. Ғылыми басқару концепциясы, негізін салушы Ф. Тейлор, оның еңбектері «Ғылыми менеджмент ұстанымдары» (1911), «Фабриканы басқару» (1903). Ол менеджментті нақты заңдары мен ережелері, принциптері, жоспарлауы бар ғылым ретінде қарастырды. Ф. Тейлор еңбектерінің құндылығы сол оның теориясы бойынша өнеркəсіпті кеңейту, жұмысшылардың еңбегін ынталандыруды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Ф. Тейлор жəне оның қолдаушылары еңбек операцияларына талдау жасай отырып, оны жетілдірудің түрлі əдістерінің негізін қалады. Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж) - американдық инженер, менеджмент пен еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаушы, еңбекті ғылыми басқару жүйесі кейіннен Тейлоризм деп аталды. Ф. У. Тейлордың айтуы бойынша: ғылыми басқарудың басты идеясы- əр адамның іс əрекеті ғылыми негізде құрылуы керек, соған сай əр қызметкерді қажетті дағдыларды меңгерту үшін оқыту керектігін айта отырып, ғылыми басқарудың келесі принциптерін ұсынады: орындалған əрбір жұмыс ғылыми тұрғыдан талданса, ондай жұмысты орындаудың ең озық əдісі анықталатын болады;кез келген жұмысты орындау үшін кəсіби маман керек, ол үшін қызметкерлердің білімін көтеру керек; қызметкер еңбегін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігінің артуына, шығармашылықпен еңбек етуге, еңбекке деген құлшынысты, белсенділікті туғызуға жағдай жасалады; менеджерлер жеке адамдармен серіктес болғанда ғана жұмыс ғылыми негізде орындалады; менеджерлер мен қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Менеджер жұмыстың күрделі түрін орындайды: жоспарлау жəне бақылау, ал белгіленген мақсаттың жүзеге асуын қызметкерлер орындайтын болады.
Тейлор өз жүйесінің мəнін білім арқылы басқару, еңбектегі үйлесімділік, серіктестік, əр жұмысшының жағдайын жасау екендігін жəне өнеркəсіптегі билікті сол сала бойынша маманданған адам (менеджер) жүзеге асыру керектігін айтты



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет