Басқару ұғымына тұжырымдама беріңіз


Макс Вебер (1864-1920) ғалымның жасаған еңбегін көрсетіңіз



бет23/32
Дата22.05.2022
өлшемі96,39 Kb.
#144681
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
Жауабы сонгы

Макс Вебер (1864-1920) ғалымның жасаған еңбегін көрсетіңіз

Менеджменттің пайда болуы мен дамуына Макс Вебердің (1864-1920) «Шаруашылық тарихы» және «Протестанттық этика және капитализм рухы» кітаптарындағы капиталистік өндірістегі протестантизм этикасы бастауын талдауы негіз болды. Ол капиталистік өндіріс құрылымында еңбек бөлінісін оңтайландыру идеясы жатыр деп есептеді. Ол «әрекеттің мінсіз типі» түсінігін енгізіп оның 4 түрін қарастырады:
А) дәстүрлі;
Б) аффективті;
В) құндылықты – оңтайландырылған;
Г) мақсаттандырылған.
Вебердің пікірінше соңғы мақсаттандырылған тип капиталистік өндірісте үстем болып, тарихи ескірген қолайсыз, аффективті, дәстүрлі әрекеттерді ығыстырып шығарып, қолайсыз шаруашылық этикасы, қолайсыз есептік жүйе, қолайсыз техника және қолайсыз құқық процесстерін құруға әкелді. Қолайсыз түсінігіне сүйене отырып Вебер капиталисттердің 2 типін қолайсыз(архаикалық, авантюристтік, көпестік) және қолайлы(өнімді) бөліп шығарды. Қолайсыз капиталисттік тип бойынша табиғи шаруашылық және тауар айырбастаудағы теңсіздік әулеттік құрылымнан дамыды деп шешті. Капиталисттік бұл әрекет тауарды қайта сатудан ғана пайда әкелетінін, бірақ осы жағдайдан соң нарықта тауар тапшылығынан қоғам байымағанын атап көрсетті.
Капиталисттіктің екінші типі қолайлы шіркеудің реформацияланып, еңбектің діни мағынаға ие болып, адамдардың басты құндылығына айналуы себепші болды. Тарих бойынша капиталистіктің екі типі бір мезгілде өмір сүрді, тек үстемші тип ретінде еңбекті қолайлы пайдалану дамыды. Соның нәтижесінде басқару жүйесі, ғылым, білім сияқты жаңа құрылымдар пайда болып Вебердің бюрократия теориясын туғызды. Оның пайымдауынша бюрократия басқаруды ұйымдастырудағы негізгі жол болып саналды. Жұмысшылар басқарушының бұйрығына емес, тиімді ережелер жиынтығына бағынуды қалайтынын көрсеткен бұл теория «басқарудың ғылыми баспалдағы» болып саналды.


  1. Неоклассикалық басқару және ұйымдастыру теориясының ерекшеліктерін көрсетіңіз

ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіліне жауап ретінде жаңа бағыт – адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшілікті шешу мақсатында пайда болғандықтан, адам қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп те атайды.
Адамдық қатынастар мектебінің көрнекі өкілдеріне: М.Фоллет, Э.Мэйо, Д.Мак Грегор, Р.Блейк және т.б. жатқызылады. Бұл бағыттың негізгі қағидасы ұйымдағы бейресми топтардың ролін анықтау, басқару тәжірибесіндегі психологиялық және әлеуметтік тәсілдерді қолданудың жолдарын қарастыру болып табылады. М.Фоллет басқаруды «Өзгелерді пайдалатынп, нәтижеге жету» деп анықтаған болса, ал Э.Мэйо еңбек тиімбілігіндегі психологиялық жағдай маңызын айта келе, «бақытты жұмысшылар дегеніміз – тиімді жұмышылар» деп тұжырымдады.
Тәртіптілік тәсіл, жалпы алғанда, ұйымдастыру тиімділігін арттыруда жеке адамдардың мүмкіншіліктеріне ықпал ету, тиісті қатынастары қалыптастыру мақсатын көздейді. Негізгі өкілдері ретінде Ф.Герцберг, К.Арджеррис, Л.Лаайкертті айтамыз. Олар өз зерттеулерінде мінез-құлық туралы ғылымды қолдануға, әлеуметтік әрекеттестікті, басшылық пен билік, ынталандыру жүйелерін сипаттау бағыттарына баса назар аударды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет