Вокзал, Орал станциясы – Жолаушыларға қызмет көрсетуге, темір жол көлігі қатынасын басқаруға және соған қызмет етушілерге арналған мекемесінің салынғанына 125 жыл (1894).
Айтыс ақыны, жыршы Битілеуов Нұрсейіттің туғанына 120 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1899-1970).
Ғалым, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Бөкейханов Хазихан Науқұрбанұлының туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1899-1966).
Әскери қайраткер, полк комиссары, Азамат соғысына қатысушы Қаратаев Шәміл Бақытжанұлының туғанына 120 жыл, Орал уезі (1899-1938).
Күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қабиғожин Оқаптың туғанына 115 жыл Жаңақала ауданының тумасы (1904-1942). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
Ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Әлетов Мұсаның туғанына 100 жыл, Қаратөбе ауданы (1919)
Балетмейстер Жумин Хасанның туғанына 100 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1919-1944).
Кеңес Одағының Батыры Есқалиев Сүндетқалидың туғанына 95 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1924-1944).
Еңбек ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты Оразова Мәдинаның туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-2005).
Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығы маманы Шкилев Иван Константиновичтің туғанына 95 жыл (1924).
С.Сейфуллиннің ықпал етуімен Орал қаласында 7 жылдық қазақ мектебі (қазіргі №11 мектеп-лицей) ашылғанына 95 жыл (1924).
Қоғам және мемлекет қайраткері Исқақов Мақсоттың туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929).
Социалистік Еңбек Ері Кириенко Владимир Николаевичтің туғанына 90 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1929).
Айтыскер ақын, Қазақстанның оқу-ағарту ісінің үздігі Қалиев Елекештің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1929-1983).
Орал қаласында «Металл бұйымдар зауыты» ЖШС-ның құрылғанына 90 жыл (1929).
«Орал округі және оның аудандары» библиографиялық және өлкетанушылық анықтамалығының шыққанына 90 жыл (1929).
Жазушы В. П. Правдухин Жайық өзеніне бірінші қайық экспедициясын ұйымдастырғанына 90 жыл, бұған сол кезеңде жазғы демалыс уақытында Орал қаласына тоқтаған Алексей Толстой, Лидия Сейфуллина және басқа да жазушылар қатысты.
Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Оспанов Серік Сәрсенғалиұлының туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939).
Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Шеденов Өтеғали Қадырғалиұлының туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939).
Зеленов ауданының құрылғанына 80 жыл (1939).
Ақсай қаласында «Қазақстан» темір жол бекетінің салынғанына 80 жыл (1939).
Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында қызмет істеген Фетисов Владимир Дмитриевичтің туғанына 70 жыл (1949).
Орда қазақ халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 70 жыл (1949).
Қазақстан Журналистер одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының құрылғанына 60 жыл (1959).
Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының құрылғанына 60 жыл (1959).
Зеленов ауданы, Достық (бұрынғы Фурманов) ауылының іргесі қаланғанына 60 жыл (1959).
Теректі ауданы Подстепное ауылының іргесі қаланғанына 60 жыл (1959).
Оралда алғашқы балалар мен жасөспірімдер үшін спорт мектебінің ашылғанына 55 жыл (1964).
Ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасының жарық көргеніне 55 жыл (1964).
Орал қаласында алғашқы теледидар бағдарламасының көрсетілгеніне 55 жыл (1964).
Тасқала ауданы, Аманкелді ауылының іргесі қаланғанына 50 жыл (1969).
Бөрлі ауданында Қарашығанақ мұнай-газконденсат кен орнының ашылғанына 40 жыл (1979). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша.......күндер тізбегі/
Облыстық кардиологиялық диспансердің жұмыс істей бастағанына 35 жыл (1984).
Орда геоботаникалық қорықшасына 30 жыл (1989).
Орал қаласында еврей мәдени орталығының құрылғанына 30 жыл (1989).
Батыс Қазақстан облысында татар ұлттық-ағарту қоғамының құрылғанына 30 жыл (1989).
Орал қаласында СПИД-ке қарсы күресетін және емдейтін облыстық орталығының ашылғанына 30 жыл (1989). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
Орал қалалық апталық «Пульс» газетінің шыға бастағанына 30 жыл (1989).
Батыс Қазақстан облыстық медициналық диагностикалық орталықтың ашылғанына 25 жыл (1994).
Орал құрылыс материалдары өндірістік бірлестігі негізінде құрылған «Орал әк зауыты» ААҚ құрылғанына 20 жыл (1999).
Оралдағы силикат, кірпіш, жылу энергиясын өндіретін кәсіпорын «Орал силикат кірпіш зауыты» ААҚ құрылғанына 20 жыл (1999).
«Ақ ниет» гимназиясының ашылғанына 20 жыл (1999).
Ескерту: * белгісімен белгіленген күндерге қысқаша
анықтамалар мен әдебиеттер тізімі берілген
МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНДЕРГЕ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 қаңтар РАХИМОВА ҚАЛАМПЫР
туғанына 70 жыл (1949-1988)
Әнші, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахимова Қалампыр 1949 жылы 1 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Алмазный ауылына қарасты Саркөл елді мекенінде дүниеге келген.
Лубен орта мектебін бітіргеннен кейін Алмаз ауылындағы мәдениет клубының меңгерушісі болып еңбек етеді. Бала жасынан әнге деген құштарлығын танытып, елі ішінде есімі ерте тараған.
Қалампыр бірде өзінің кластасының үйінде Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен кездеседі. Туған жеріне келген Ғарекең жас таланттың өнеріне сүйсініп, ризашылығын білдіріп, Алматыға оқуға шақырады. Сөйтіп, 1967 жылы өнердің ордасына айналған Алматыға барып, Республикалық эстрада және цирк өнері студиясына оқуға түседі.
1969 жылдан бастап әйгілі «Гүлдер» ансамбліне әнші болып қабылданады.
1971 жылы Мәскеуде өткен Халықаралық музыкалық симпозиумға қатысады. Көп ұлтты елдердің өнер жұлдыздары бас қосқан шарада өзін өзгелерге өнерімен танытады.
1988 жылдың қараша айында туған жері Ақ Жайық өңіріне гастрольдік сапармен келген Қалампыр жол апатынан аяқ асты мәңгілікке көз жұмды.
Оның есімімен туған жерінде, Алмаз ауылында көше есімі берілген.
«Қазақстанның еңбек сіңірген артисі» құрметті атағының иегері (1988).
ӘДЕБИЕТТЕР
Рахимова Қалампыр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.- Б. 449.
Қазақтың Қалампыры-ай!: әнші, термеші Қалампыр Рахимова // Орал өңірі. - 2007. - 13 қараша. – Б.3.
Оразова І. Термешіні еске алды: облыстық-тарихи
өлкетану музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген әнші-термешісі Қ.Рахимованы еске алу кеші өтті // Жайық үні.-2014. - 16 қазан. – Б.14.
Шотпанов А. Аққұмның Ақкербезі – қазақтың Қалампыры // Орал өңірі. - 2015. - 3 желтоқсан. – Б. 6.
2 қаңтар САҒАТОВ МАНСҰР
туғанына 80 жыл (1939-2002)
Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мансұр Сағатов 1939 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген.
1963 жылы Алматы консерваториясының композиторлық факультетін бітірген.
1963-1974 жылдар аралығында Қазақ радиосының музыкалық редакциясында редактор, бас редактор қызметін атқарды.
1974-1986 жылдары Қазақ КССР мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық коллегиясында қызмет атқарды.
1977 жылдан Алматы консерваториясында ұстаз. Туындылары қазақ өнерінде елеулі орын алды. Оның «Симфония» (1963 ж.), скрипка мен оркестрге арналған концерт (1968 ж.), «Ақын толғауы» (1972 ж.), «Мерекелік» (1980 ж.) кантаталары, «Диалогтар поэмасы», «Мерген» симфониялық күйі (1976 ж.), «Әлия» балеті (1978 ж.) сияқты музыкалық шығармалары бар.
Сондай-ақ, халық арасына кең тараған («Домбыраға қол соқпа», «Нәзік гүл» және т.б.) әндер мен романстардың авторы. Көптеген спектакльдер мен көркемфильмдерге музыка жазған.
ӘДЕБИЕТТЕР
Сағатов М. Әлия = Aliya: партитура: Жанат Байдаралиннің либреттосы. - Алматы: Өнер, 2009. – 336 б.
Сағатов М. Туған ел: әндер жинағы. - Алматы: Жазушы, 1973. – 44 б.
*****
Сағатов Мансұр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010.- Б. 453.
Момынұлы П. Ұлттық фольклормен астасқан: композитор Мансұр Сағатов туралы // Ел мәдениеті. - 2007. – 29 тамыз. – Б. 5.
14 қаңтар БАЛМОЛДА МҰНАЙДАР
туғанына 50 жыл (1969)
Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Балмолда Мұнайдар Мұқамбетжанұлы 1969 жылы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында дүниеге келген.
1993 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
1993-1994 жылдары облыстық радионың редакторы болған.
1995 жылдан облыстық телевизияның редакторы қызметін атқарады.
«Сырым батыр», «Махамбет», «Махамбеттер тірі екен», «Буыршын мұздан тайған күн», «Шығыс Шолпаны», «Қос қыран» деректі және «Қағаз ұшақ», «Ақ қоян», «Жаяу әскер» көркем фильмдерінің авторы. Республикалық «Дидар» жастар кинофестивалінде «Қағаз ұшақ» фильмі марапатқа ие болған.
Публицистикалық мақалалары мен прозалық шығармалары республикалық басылымдарда жарияланған.
«Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталған.
2006 жылы «Көкбөрі», 2010 жылы «Ақ тұлпар» өлеңдер мен әңгімелер жинағы жарық көрді.
ӘДЕБИЕТТЕР
Балмолда М. Көкбөрі: өлеңдер мен әңгімелер. - Орал, 2006. - 288 б.
Балмолда М. Ақ тұлпар: өлеңдер. - Орал, 2011. - 356 б.
*****
Мұнайдар Балмолда: өмірдерек // Ақжайықтың айнасы: «Қазақстан-Орал» телеарнасына 50 жыл.- Орал, 2014. - Б. 400 - 401.
Ерғалиева Ү. Отансүйгіштікті ұлықтаған кеш: №37 орта мектепте өткен "Туған топырақтың тума таланты" тақырыбындағы кездесу кешіне ақын М.Балмолда қатысты // Жайық үні. - 2015. - 26 ақпан. - Б. 9.
Ізтілеуов Н. Өткен өмір - келер ұрпаққа тағылым: жергілікті тележурналист, жазушы М.Балмолданың "Он төрт" кітабы жайында // Орал өңірі. - 2017.-11 қараша.-Б.10.
Саменова Г. Тарихпен табыстырған "Он төрт" // Ел және мұғалім. - 2017. - 10 қараша. - Б. 6.
Достарыңызбен бөлісу: |