Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27



бет5/17
Дата31.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#53970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Шолпан Батырқызы еңбек жолын аудандық «Еңбек туы» газетінде бастайды. Газетте жұмыс жасай жүріп, өлең, мақалаларымен аудан жұртшылығына танылады. Аудандық ақындар айтысына қатысып, жоғары білімді ұстаз Құмарғали Ғұбайдуллинмен сөз жарыстырып, тұсауын кестіріп, «Аудан ақыны» атағын алады, жеңімпаз ретінде облыстық ақындар айтысына жолдама беріледі. Қаратөбе ауданының атынан айтысқа шыққан он жеті жасар Шолпанға Тайпақ ауданынан жиырма бес жасар М.Құсанов деген өнерпаз қарсылас болып, екеуі жарасымды жұп құрап, бірінші орынды бөліседі, екеуіне де «Облыс ақыны» деген атақ беріледі. Айтыста жарқ еткен жас қыз сол жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға қабылданады. Төрт жыл жоғарғы оқу орнында оқи жүріп, ақындар айтысына тұрақты қатысып, өнерін шыңдап, облыс жұртшылығының көзайымына айналады. Республикалық телехабарларға шақырылады, баспасөздер ол туралы көлемді материалдар жариялап, елге таныстыра бастайды.

1971 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдайды.

1971-1976 жылдары сегізжылдық мектепте мұғалімдіктен бастап, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1976-1983 жылдары аудандық газетте жергілікті радио хабарын ұйымдастырушы, газеттің жауапты хатшысы, халық депутаттары аудандық Совет атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, төраға орынбасары, 1983-1993 жылдары аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, 1993-2002 жылдары Орал қаласына қоныс аударуына байланысты «Қазақгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының салалық «Рауан» газетінде тілші, «Батысгаз», «Тахат» акционерлік қоғамдарының кадр бөлімінің бас маманы, 2002-2004 жылдары Орал қалалық мәдениет бөлімінде, облыстық мәслихатта аудармашы, 2004-2008 жылдары Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін абыроймен атқарады. Қазіргі кезде зейнеткер.

Саналы ғұмырының жиырма жылын мемлекеттік қызметке арнаған ол талай таланттың жолын ашып, талай өнерпазға қамқорлық жасады. Бір ғана Қаратөбе ауданының өзінен сегіз өнерпаздың «Облыс ақыны» атағына ие болуында оның үлесі зор. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен облыста тұңғыш рет бәйгеге бес жеңіл автокөлік тігілген халықаралық ақындар айтысы оздырылғанын халық әлі күнге дейін мақтанышпен еске алады. Шолпанның еңбегі елеусіз емес, халық оны «Ақжайық айтысының анасы» десе, мемлекет тарапынан да марапаттауларға ие.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасының, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» төс белгілерінің иегері. 51 айтысқа қатысып, соның 29-ында І-орын алған.

«Жазира» (1980), «Ерке құс» (1991), «Елігі еркін даланың» (2004), «Қос қанат» (2010) жыр жинақтарының авторы. Бұдан басқа ақынның өлеңдері мен айтыстары «Жайықтың мөлдір сырлары», «Жыр шашу», «Он алты қыз, бір жігіт» топтамаларына, ол туралы мәлімет республикалық «Кто есть кто», Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясына, «Ақжайықтың асыл арулары» энциклопедиясына, тіл дамыту және өнер иелері жөніндегі мақалалары мен ұсыныс, пікірлері халықаралық, республикалық, облыстық конференциялар жинақтарына енгізілген.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қыдырниязова Шолпан Батырқызы: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. – Б. 373.

  2. Есенаманқызы А. Ақынмен Ақсайдағы жүздесу // Орал

өңірі. - 2018. - 24 ақпан. - Б. 7.

3. Есқайырова Т. Ел жүрегінде жүрген ақын // Орал өңірі. –

2015. - 23 маусым. - Б. 8.

4. Жайықтың Шолпан жұлдызы // Үш қоңыр. - 2017. - 19

мамыр. - Б. 8.

5. Қыдыршаев А. Емен сөздің иесі // Игілік. - 2017. - №8. - Б.

32-33.

12 мамыр ШӘЛЕКЕНОВ УАХИТ

туғанына 95 жыл (1924)


Тарих ғылымдарының докторы, профессор Шәлекенов Уахит Хамзаұлы 1924 жылы 12 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы Бөрлі ауылында (Нарынқұм) дүниеге келген.

Колхоздандыру, ашаршылық қат-қабат келген отызыншы жылдардың басындағы аласапыранда оның әке-шешесі Ресей Федерациясының Астрахан облысы Қарабайлы қоныс аударған.

1930 жылы әуелі Уахиттың анасы Хафиза, одан кейін екі кіші бауыры қайтыс болған соң, Астрахан облысына көшіп келген әкесі Хамза қалған үш баласын балық аулап, мал бағып асырайды. Перзентінің үлкені Қабираны Астрахандағы интернатқа беріп, ол сол жерде мектеп бітірген соң қаладағы қазақ педагогикалық училищесіне түскен. Одан кейінгі балалары Уахит және Набира әкесінің қасында болған.

Әкесі Хамза қайтыс болғаннан кейін үш ай өткен соң, 1942 жылдың тамыз айында орта мектептің соңғы класында оқып жүрген Уахит Қызыл Армияның қатарына шақырылады. Өзбекстанның Наманган қаласына көшіріп әкелінген Харьков Әскери училищесінде (ХВУ) даярлықтан өткен соң 1943 жылдың ақпанында кіші лентенант шенінде майданға жіберілді. Взвод командирінің көмекшісі, кіші лейтенант Уахит Шәлекенов құрамында болған ІІІ Украин майданындағы 960-атқыштар полкі Курск-Орлов шайқасына қатысады. Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтің майдандағы және тылдағы көп жылдық жұмысы үшін, оған 1995 жылы ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрығымен полковник әскери шені берілген. «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, 20 медальмен марапатталған.

ҚР Гуманитарлық академиясының академигі, Қазақ КСР Білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері (1984). Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институтын (1948, қазіргі Нөкіс мемлекеттік университеті) бітірген.

1948-50 жылдары Қарақалпақ облыстық партия комитетінде дәріскер, 1950-53 жылдары КСРО ҒА-ның Этнография институтында аспирант, 1953-70 жылдары Өзбекстан КРС ҒА-ның Қарақалпақ бөлімшесінің археология және этнография секторында меңгеруші, 1970-72 жылдары Шымкент мемлекеттік мәдениет институтында кафедра меңгерушісі болған.

1973 жылдан ҚазҰУ-да ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысты. Университеттің тарих факультетінде декан, археология және этнография кафедрасының меңгерушісі болды. Кезінде Хорезм археологиялық - этнографиялық экспедициясының жұмыстарына қатысқан. Ұзақ жыл ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясын басқарды.

Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты – ортағасырлық қалалық мәдениеті мен жазба ескерткіштері, қазақ халқының этнографиясы. Уахит Хамзаұлы Шәлекенов Шу өзені бойындағы ортағасырлық Ақтөбе қаласында археологиялық оқу базасын құрды. 500-ден астам ғылыми жариялымның, оның ішінде 25-тен астам монография, оқу құралдары мен типтік бағдарламалардың авторы.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Шәлекенов У.Х. Әлем халықтарының этнологиясы: оқу

құралы: жоғары оқу орындарына арналған. - Алматы:

Алтын Мұра, 2002. - 302 б.



  1. Шәлекенов У.Х. Ү-ХІІ ғасырлардағы Баласұғын қаласы.-

2-бас. - Алматы : Жібек жолы, 2007. - 248 б.

  1. Шәлекенов У.Х. Ғылыми еңбектер / У. Х. Шәлекенов;

ред.: Б. Хабдина, В. Аксенова. - Алматы : Жібек жолы,

2016 - 744 б.

*****


  1. Шәлекенов Уахит: өмірдерек // Қазақстан ғалымдары:

энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы, 2013. - Б. 521.

  1. Шәлекенов Уахит: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. – Б. 525.



9 тамыз МӘМБЕТОВА ӘСЕЛ

туғанына 60 жыл (1959)


Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова 1959 жылы 9 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Ақжайық кентінде дүниеге келген.

1977 жылы Абай атындағы опера және балет театры жанындағы музыкалық студияға түсіп, 1979 жылы бітірді. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын 1984 жылы бітірген. Қалалық және аудандық шаралар сценарийлерінің авторы. 1984 жылы Алматы қаласының Жас көрермен театрының актері.

Әсел Мәмбетова театр сахнасында ондаған бейнелерді сомдады. Махамбеттің 200 жылдығына арналған республикалық фестивальде Гран-при – Бас жүлдені иеленген.

Әсел Иманғалиқызы 1990 жылдары «Тамаша» ойын-сауық отауында жүргізуші ретінде қызмет етті. 1996 жылы «Хабар» телеарнасында жүргізуші болды. «Қазақфильм» киностудиясының «Соңғы каникул» фильмінде – Ана рөлінде ойнады.

2000 жылы - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, аға оқытушысы. 2008 жылы Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінің студенттеріне сахна тілі пәнінен дәріс береді.

2009 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алады.

2010 жылы - Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актері.

Қазіргі кезде Әсел Иманғалиқызы Мәмбетова Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі.

Ә. Әбішевтың «Мәди» (Ділдар), У. Шекспирдің «Жазғы түндегі түс» (Гермия), А.П. Чеховтың «Чайка» (Нина Заречная), Ф. Оңғарсынованың «Бақыт пен қайғы» (Ақынқыз), С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (Гүлбаршын), С. Асылбековтың «Рабиғаның махаббаты» (Роза); I. Жансүгіровтың «Исатай-Махамбет», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (Күнікей) және басқа спектакльдерде ойнады.

Әсел Иманғалиқызы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталды.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мәмбетова Әсел: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. – Б. 385.

  2. Мәмбетова Әсел: өмірдерек // Ақжайықтың асыл арулары: энциклопедия. - Алматы, 2013. – Б. 75.

  3. Ахмет А. Күнде сахнаға шығу - мен үшін үлкен мереке:

актриса Әсел Мәмбетовамен сұхбат // Мәдениет. - 2010. –

№5. - Б. 6-9.



  1. Әбдірайымқызы М. Сахнаның хас сұлуы: актриса Әсел

Мәмбетовамен сұхбат // Игілік. - 2010. - №5 - 6. - Б. 16-17.

  1. Кенжеғалиева Г. Әселмен әсерлі кездесу // Орал өңірі. –

2015. - 26 мамыр. - Б. 4.

  1. Шүйіншәлиева М. "Елім десе елжіреймін...": театр әртісі,

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті Әсел Мәмбетовамен сұхбат // Жайық үні. - 2012. - 15 мамыр. - Б.12.

  1. Шүйіншәлиева М. "Ең әдемі келіншек" – Жайығына

оралды // Жайық үні. - 2016. - 14 қаңтар. - Б. 1, 10.


19 тамыз ЗЕЙНУЛЛИН АМАНЖОЛ

туғанына 70 жыл (1949)


Ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Аманжол Зейнуллин 1949 жылы 19 тамызда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жормата ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар
2019 -> Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет