Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27



бет8/17
Дата31.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#53970
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

21 қараша РАХМЕТЖАНОВ САҒАДАТ

туғанына 60 жыл (1959)


Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Рахметжанов Сағадат 1959 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылында дүниеге келген. 1983-1985 жылдары Алматыдағы эстрада-цирк өнері студиясында Ғарифолла Құрманғалиевтың класынан дәріс алды.

1985 жылы Батыс Қазақстан облыстық филармониясына арнайы жолдамамен әнші-термеші болып жұмысқа қабылданды. Күні бүгінге дейін филармонияның жетекші әншісі Сағадат Рахметжанов үлкен концерттік бағдарламалармен Қазақстанның көптеген облыстарында болып, Алматыда өткен мерекелік концерттерге қатысып, Ресейдің көптеген облыстарында Астрахань, Саратов, Орынбор, Самара қалаларында, сонымен қатар Қарақалпақ, Өзбекстан өңірлерінде гастрольдік сапарларда болды. Москвада өткен халық шығармашылығы жетістігі көрмесі мен Наурыз мейрамдарына қатысып, өнер көрсетті.

1990-1996 жылдары Батыс Қазақстан облыстық филармониясының «Орал сазы» фольклорлық ансамблін құруға ат салысып, әншілігімен қатар осы ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

1991 жылы Орал қаласында өткен Мұхит Мерәліұлының 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық әншілер байқауында жүлделі І орынды жеңіп алды. Ақтау қаласында өткен Ғ. Құрманғалиев атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты.

1998 жылдан бастап Сағадат Рахметжанов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттерге дәстүрлі ән-термелерден дәріс беріп, жас буын талапкерлерді өнерге баулып тәрбиелеумен қатар, қазақ өнерінің өрісін кеңейтуде сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.

2001 жылы М.Мерәліұлының 160 жылдық мерейтойына арналған республикалық әншілер байқауының бас жүлдегері.

2003 жылы «Мұхит» атындағы облыстық қоғамдық қор ашып, қазір соның көшбасар басшысы. Сондай-ақ осы қордың ықпал етуімен «Батыс Қазақстан облысының саз мұрасы» атты компакт дискі шығаруға айтарлықтай үлес қосты.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, Мұхит қорының өнерпаздарымен жылма-жыл дәстүрлі түрде көрші Ресей елінде Астрахань, Самара, Саратов облыстарында тұратын қазақ бауырларымызға концерттік бағдарламалар және тілдік құралдар, методикалық мәдени қызметтер көрсетуде. Облыстық телерадио мен республикалық қазақ радиосының алтын қорында әншінің 80-ге тарта ән-термелері жазылып сақталған.

2005 жылы Алматының Қазақконцерт залында «Мұхит қорының» жетекшілігімен «Мұхит мұрагерлері» атты үлкен концерт өткізіп, Қазақстан телеарнасының «Жетісаз», «Інжу-маржан» дәстүрлі әндер бағдарламасына түсті.

2009 жылы Ұлыбритания елінде Лондон қаласында өткізілген Европа қазақтары құрылтайына қатысып өнер көрсетті.

Сағадат Рахметжанов Батыс Қазақстан өңіріндегі дәстүрлі ән мектебінің көрнекті өкілі.

Ғ.Құрманғалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай арнайы шығарылған мерейтойлық медальмен марапатталды.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Рахметжанов Сағадат: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. – Б. 450.

  1. Рахметжанов Сағадат: өмірдерек // Ән аманат: жинақ.- Орал, 2009. – Б.124-126.

  2. Қалауқызы, Р. "Біз - Мұхиттың ұрпағымыз": облыстық филармонияның әншісі, Мұхит қорының директоры Сағадат Рахметжановпен сұхбат // Орал өңірі. - 2006. – наурыз. - Б.4.

  3. Мұратқызы, А. "Жыраулық мектеп ашар кез жетті": әнші-термеші, Мұхит қоғамдық қорының директоры Сағадат Рахметжановпен әңгіме // Орал өңірі. - 2007. -24 шілде. - Б.3.

  4. Сағадат Рахметжанов: "Таланттар тұяғы ауылда жүр": Мұхит Мерәліұлы атындағы қордың директоры, жез таңдай әнші Сағадат Рахметжановпен сұхбат // Орал өңірі. - 2005. - 26 шілде.

  5. Сариева, Ұ. "Арманым - Мұхит әндерін ұрпаққа аманаттау": Ғ.Құрманғалиев атынд. БҚО филармония әншісі Сағадат Рахметжанов // Қазақ әдебиеті. - 2010. – 22 қаңтар. - Б.4.



9 желтоқсан ИСАЕВ ОРАЗ

туғанына 120 жыл (1899-1939)


Қоғам және мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Исаев Ораз Жанұзақұлы 1899 жылы бұрынғы Орал облысының Ілбішін уезіне қарасты Қарасу болысында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. Қарасудағы 6-жылдық орыс-қазақ мектебінде оқып, хат таныған.

Қоғамдық қызмет жолын 1916 жылы ауыл әкімшілігінде хатшы болып бастайды. 1917 жылы Шалқар болысында земство басқармасының хатшысы және уездік милиция хатшысы болып істеген. 1919-1920 жылдары Ілбішін және Жымпиты уездерінде құқық қорғау органдарында милиция хатшысы, ерекше тапсырма бөлімінің жауынгері, губерниялық төтенше комиссиясының, біріккен мемлекеттік саяси басқармасының уәкілі, губерниялық қылмысты істерді іздестіру органы бастығының орынбасары болған.

1921 жылы большевиктер партиясы қатарына өтеді. Орал губерниясында комсомол, кәсіподақ ұйымдарын құруға атсалысқан. 1924-1925 жылдары - Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, Қазақ Орталық атқару комитетінің хатшысы. 1925-1929 жылдары - Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Қазақстан өлкелік комитетінің екінші хатшысы. 1929 жылғы сәуірден 1938 жылдың маусымына дейін Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

КСРО Бүкілодақтық Орталық атқару комитетінің және Орталық атқару комитеті төралқасының мүшесі, өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. Осы аралықтарда, яғни 1926 жылғы жаз айларында «Еңбекші қазақ» газетіне де басшылық жасады.

Ораз Исаев 1938 жылы жалған жаламен тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. 1956 жылы толығымен ақталған. 1935 жылы Ленин орденімен марапатталған.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Исаев Ораз: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:энциклопедия.-Алматы, 2010.- Б.308.

  2. Қыстаубаев, Е. Осы жұрт Ораз Исаевты біле ме екен? // Орал өңірі. - 2008. - 17 шілде. - Б.10-11.

  3. Нәубет шындығы: Ораз Исаевтың хаты // Қазақ тарихы. –2006. - №1. - Б.102-108.

  4. Ораз Исаевтың ҚК (Б) П-ның І съезінде сөйлеген сөзінің стенограммасы // Қазақ. - 2009. - 17-24 сәуір. – Б.2.

  5. Рысбеков Т. Халық комиссары Ораз Исаев // Тарихи тұлғалар: уақыт және өмір жолдары. - Алматы, 2014. – Б. 302-312.


10 желтоқсан ҒАЛЫМОВ АМАНКЕЛДІ

туғанына 75 жыл (1944-2002)


Ғалым, география ғылымдарының кандидаты, профессор Ғалымов Аманкелді 1944 жылы 10 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Жалпақтал ауданындағы Киров ауылында дүниеге келген.

1971 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтын бітірген. 1971-1976 жылдары педагогика институтының экономикалық география кафедрасының ассистенті болады.

1976-1979 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің экономикалық география кафедрасының аспиранты.

1979 жылы аудандық өндірістік кешенінің транспорты (Батыс Қазақстан үлгісінде) тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1979-1981 жылдары Орал педагогика институтының жаратылыстану-география факультетінің аға оқытушысы, деканның орынбасары, 1981 жылы экономикалық география кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1985 жылы Аманкелді Ғалиұлына доцент ғылыми атағы берілді. 1996 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық универсиетінің профессоры деген академиялық атағы берілді.

Аманкелді Ғалиұлы Ғалымов Батыс Қазақстанның төрт облыстық жер аймағындағы экология мәселелерін зерттейді.

55 ғылыми еңбегі жарияланды. 1994 жылы «Батыс Қазақстан облысының географиясы» оқулығы басылып шықты.

Аманкелді Ғалымов «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығы», «Ы.Алтынсарин» медальдарымен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Ғалымов Аманкелді: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:энциклопедия.-Алматы, 2010. - Б. 308.

  2. Ғалымов Аманкелді: өмірдерек // Алаштың ардагеразаматтары.-Алматы, 1998.- Б. 47.

  3. Дәулетов Н. Ғылымға арналған ғұмыр: Амангелді Ғалымов туралы // Орал өңірі. - 2004. - 18 қараша.

  4. Профессор атағын алды: Батыс Қазақстан Гуманитарлық университетінің бір топ ғалымдары профессор атағына ие болды // Орал өңірі. - 1996. - 12 қараша.

  5. Шарабасов С. Алдыңғы толқын ақ еді- ау: Амангелді

Ғалымовты еске алу // Орал өңірі. - 2003. - 22 мамыр.

18 желтоқсан

ЗАҒИПТАР МЕН КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА

құрылғанына 50 жыл (1969)



Батыс Қазақстан облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарының кітапханасы облыс көлемінде зағип жандарға қызмет көрсетеді. Бұл кітапхана 1969 жылы құрылды. 1989 жылы облыстық статусын алды.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар
2019 -> Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет