Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27



бет1/17
Дата31.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#53970
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ

Ж. МОЛДАҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2019 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕР ТІЗБЕГІ
ЗНАМЕНАТЕЛЬНЫЕ И ПАМЯТНЫЕ ДАТЫ ПО ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

НА 2019 ГОД


Орал, 2018

УДК 016:908

ББК 92.5

Б 27

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі= Знаменательные и памятные даты по Западно-Казахстанской области на 2019 год: әдебиеттердің ұсыныстық көрсеткіші / құраст.: С. С. Иргалиева, Д. С. Шакелова; ред.: Ш. К. Уразаева; Ж. Молдағалиев атындағы ОӘҒК. - Орал, 2018. - 129 б.

© Ж.Молдағалиев атындағы облыстық

әмбебап ғылыми кітапханасы, 2018






ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1967 жылдан бастап жыл сайын қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске алынатын күндер» тізбегін шығарып келеді.

Күнтізбеге жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар мен облыстың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді.

Күнтізбе екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – «2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» және «Күні мен айы белгісіз айтулы күндер»; екінші бөлімде – «Айтулы күндерге қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі» берілген, олар (*) белгісімен белгіленеді.

Ұсыныстық көрсеткіш өлкенің саяси, тарихи және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларды қамтиды.

Көрсеткіште негізгі айтулы күндер мен оқиғаға қатысты адамдардың өмір жолдары мен шығармашылығына арналған әдебиеттер мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалардың библиографиялық тізімі қоса берілген анықтамалар бар. Бірқатар айтулы күндер бойынша деректерді қарау үшін өткен жылдарда шығарылған құралдарға сілтеме жасалынды.

Айтулы күндерді анықтау және нақтылау Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның анықтамалық-библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді. Іріктеу жұмысы 2018 жылғы мамыр айында аяқталды.

Ұсыныстық көрсеткіштің соңында есімдердің алфавиттік көрсеткіші берілген. Атаулы көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының шығаратын «Айтулы және атаулы күндерінің тізбесіне» өлкетанулық қосымша болып табылады.

Басылымның мазмұнын жақсарту жөніндегі ой-пікірлеріңізді, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауларыңыз сұралады:

090000 Орал қаласы, Карев көшесі, 47 үй,

Ж. Молдағалиев атындағы БҚ ОӘҒК

Тел.: 50-35-09; 50-75-49; 51-51-53

E-mail: info@zkolib.kz




2019 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕР

ҚАҢТАР

1 қаңтар – Көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның Халық артисі Құрманғалиев Ғарифолланың туғанына 110 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1909-1993).
*1 қаңтар - Әнші, термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахимова Қалампырдың туғанына 70 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1949-1988).
*2 қаңтар - Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сағатов Мансұрдың туғанына 80 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1939-2002).
10 қаңтар - Социалистік Еңбек Ері Ерешев Сағындықтың туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929-2009).
10 қаңтар - Социалистік Еңбек Ері, егінші Жүсіпов Мақаштың туғанына 80 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1939-2006).
11 қаңтар – Ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Қалиев Ибрагим Әдиетұлының туғанына 60 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1959).
11 қаңтар - Орынбор, Орал өңірін зерттеуші Эверсман Эдуард Александровичтің туғанына 225 жыл (1794-1860).
12 қаңтар - Жәнібек ауданында партия комитетінің І-ші хатшысы болған Шарафеддинов Шыныбайдың туғанына 80 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1939-1991). /Қараңыз: 2014 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
*14 қаңтар – Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ақжайық» телеарнасының тілшісі Балмолда Мұнайдар Мұқамбетжанұлының туғанына 50 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1969).
18 қаңтар - Қалалық халық ағарту бөлімін ашу туралы қаулы шыққанына 100 жыл (1919).
24 қаңтар - Қызыл Армияның Орал қаласын азат еткеніне 100 жыл (1919).

АҚПАН
1 ақпан - Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің құрылғанына 100 жыл (1919).
2 ақпан - Орал қаласында жұмысшы-шаруа милициясының құрылғанына 100 жыл (1919).
3 ақпан - Социалистік Еңбек Ері Есімов Ескендірдің туғанына 90 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1929).
10 ақпан - Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Қисамединов Мақұм Мұстахұлұлының туғанына 80 жыл (1939-1984).
11 ақпан – Балалар жазушысы, 1926 жылдан 1928 жылдың күзіне дейін Орал қаласында тұрған Бианки Виталий Валентиновичтің туғанына 125 жыл (1894-1959).
*17 ақпан - Журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Көшенов Ғарифолланың туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939).
20 ақпан – География ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің оқытушысы Терещенко Татьяна Александровнаның туғанына 65 жыл (1954).
*23 ақпан – БҚАТУ-дың ардагер ұстазы, профессор Жұбаев Сергей Шұғайұлының туғанына 80 жыл (1939-2010).
24 ақпан – Орал қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері, азаматтық және Ұлы Отан соғыстарына қатысушы, генерал-майор Есипенко Илларион Тимофеевичтің туғанына 125 жыл (1894-1988).

НАУРЫЗ
9 наурыз – Спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышев Батырдың туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1954).
13 наурыз - Айтыскер ақын, Теректі ауданы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының директоры болған Мұштанова Дариға Ғазезқызының туғанына 65 жыл (1954). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
14 наурыз – Ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Қылышев Лұқпанның туғанына 110 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1909-1991).
*19 наурыз - Мемлекет қайраткері, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер Бегалиева Мәдинаның туғанына 120 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1899-1974).
19 наурыз - Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, К.Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауының лауреаты Рахимова Жұмағанымның туғанына 65 жыл (1954) /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша...... күндер тізбегі/
19 наурыз - Айтыскер ақын Елеубаева Үзілдіктің туғанына 65 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1954).

20 наурыз – Композитор, фольклоршы және қазақ музыкасын зерттеуші Затаевич Александр Виктровичтің туғанына 130 жыл (1869-1936).
*20 наурыз - Халық ақыны, Жазушылар одағының мүшесі Өтеғалиева Халиманың туғанына 130 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1889-1984).
21 наурыз – Орал қаласында «Қазақтың бірінші ерекше дивизионы» әскери бөлімшесінің құрылғанына 100 жыл (1919).
*28 наурыз – Қоғам қайраткері Сариева Рысты Қалесқызының туғанына 70 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1949).

СӘУІР
3 сәуір – Орал қаласында жеке қаражатқа тегін көпшілік оқу залы ашылғанына 125 жыл (1894).
5 сәуір - Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Бекмұхамбетов Ерсайын Сатыбалдыұлының туғанына 85 жыл, Теректі ауданының тумасы (1934).

11 сәуір – Оралдық суретші, педагог Котельников (Гофман) Виктор Адольфовичтің туғанына 95 жыл (1924-1987).
11 сәуір – Биология ғылымдарының кандидаты, геоботаник, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің доценті болған Шүйіншәлиев Әділгерей Төлегенұлының туғанына 80 жыл (1939-2009).
*25 сәуір - Күйші, композитор Сүйінбеков Оразғалидың туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1964).
28 сәуір - Тарихшы, қазақтар арасынан шыққан тұңғыш тарих ғылымының кандидаты атағын алған Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туғанына 115 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1904-1974).
МАМЫР
*2 мамыр - Әнші, термеші, жыраулық өнер дәстүрін насихаттаушы Сәрсенғалиев Жақсылық Төлеуұлының туғанына 75 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1944-2001).
5 мамыр - Алғашқы халық мұғалімдерінің бірі, қоғам қайраткері Залиев Нұғыманның туғанына 130 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1889-1938).
5 мамыр – Ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Иманғалиев Әсердің туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929).
5 мамыр – Соғыс ардагері, Даңқ орденінің толық иегері Имашев Қайырғазының туғанына 95 жыл, Казталов ауданының тумасы (1924-1980).
5 мамыр - Соғыс және еңбек ардагері Қазимов Жұмаш Көбенғалиұлының туғанына 100 жыл, Сырым ауданының тумасы (1919-1989).
*6 мамыр – Айтыс ақыны Қыдырниязова Шолпан Батырқызының туғанына 70 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1949).
8 мамыр - Кеңес Одағының Батыры Хұсайынов Ахмедияр Дәуленұлының туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924-1986).
10 мамыр – Социалистік Еңбек Ері Ержанов Манап Бақытұлының туғанына 90 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1929-2004).

*12 мамыр - Тарих ғылымдарының докторы, профессор Шәлекенов Уахиттың туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924).


20 мамыр - Әнші, Қазақ ССР-нің халық әртісі Қаражігітов Нариманның туғанына 85 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы, (1934).

МАУСЫМ
1 маусым – Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 1993-99 жылдары Батыс Қазақстан облыстық драма театрында актер, қоюшы-режиссер, бас режиссер қызметін атқарған Ахманов Мұрат Ноянбайұлының туғанына 60 жыл (1959).
9 маусым - Қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Қаленбаева Меруерт Қабыкенқызының туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
9 маусым – Социалистік Еңбек Ері, академик, ботаник, өлкетанушы, 1918-1923 жылдары Орал қаласында жұмыс жасаған Ларин Иван Васильевичтің туғанына 130 жыл (1889-1972).
10 маусым - Суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Аралбаев Жоламанның туғанына 75 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1944).
12 маусым - Суретші, Қазақстан Суретшілер одағының және Журналистер одағының мүшесі Өтемісов Саламаттың туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939-2010). /Қараңыз: 2014 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
16 маусым – Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұқанов Хайролла Мырзағалиұлының туғанына 90 жыл, Казталов ауданының тумасы (1929-2008).
28 маусым - Ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қасенов Қожантай Оразұлының туғанына 80 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1939).
ШІЛДЕ
10 шілде – Социалистік Еңбек Ері Мұқсимов Бақтыгерейдің туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939-2005).
15 шілде – Орал қаласында туберкулезге қарсы санаторияның ашылғанына 95 жыл (1924).
ТАМЫЗ
*9 тамыз – Актриса, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мәмбетова Әсел Иманғалиқызының туғанына 60 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1959).
11 тамыз - Ғалым, биология ғылымдарының докторы, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың профессоры Фартушина Мария Максимовнаның туғанына 90 жыл (1929).
14 тамыз - Жайық өңіріндегі азамат соғысының белсенді мүшесі Батурин Павел Степановичтің туғанына 130 жыл (1889-1919).
16 тамыз – Спортшы, байдарка мен каноэ жарысынан әлем чемпионы Акушников Александр Павловичтің туғанына 60 жыл, Орал қаласының тумасы (1959).
17 тамыз - Әуесқой композитор Қуанғалиев Жасталаптың туғанына 80 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1939-2013).
*19 тамыз – Ғалым, қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Зейнуллин Аманжолдың туғанына 70 жыл (1949).

21 тамыз - Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Ахметов Бақтығалидың туғанына 80 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1939).
*23 тамыз - Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгерееваның туғанына 75 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1944).
24 тамыз - Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінің құрылғанына 75 жыл (1944). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша...... күндер тізбегі/
27 тамыз – Түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлының туғанына 55 жыл (1964).
ҚЫРКҮЙЕК
4 қыркүйек – Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аманғалиев Зайнекеш Аманғалиұлының туғанына 100 жыл (1919-2005).
7 қыркүйек - Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Егізбаев Рахметолла Сүйіндікұлының туғанына 95 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1924-1983).
*10 қыркүйек – 1982-2008 жылдары Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның директоры болған, мәдениет қызметкері Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызының туғанына 70 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1949).
14 қыркүйек - Ғалым-маман, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Сәниев Мизамғалидың туғанына 90 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1929-2002).

15 қыркүйек – Суретші Сумароко Василий Антоновичтің туғанына 80 жыл, Теректі ауданының тумасы (1939-2018). /Қараңыз: 2014 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
*16 қыркүйек – Қоғам қайраткері Жақыпов Қабиболла Қабенұлының туғанына 70 жыл, Казталов ауданының тумасы (1949).
17 қыркүйек - Қоғам қайраткері Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 120 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1899-1942).
24 қыркүйек - Зеленов ауданы Дарьинск ауылындағы Нобель сыйлығының лауреаты М. Шолоховтың мұражай-үйінің ашылғанына 40 жыл (1979). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО ......күндер тізбегі/
ҚАЗАН
9 қазан – Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Пересветов Николай Николаевичтің туғанына 85 жыл (1934).
13 қазан - Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бүркітов Отарәлінің туғанына 65 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1954-2005). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша.......күндер тізбегі/
14 қазан - Орал-көшім суару-суландыру жүйесінің ашылғанына 80 жыл (1939).
15 қазан – Авиа-инженер, ұшқыш, Қазақстанның еңбек сіңірген транспорт қызметкері, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Бектасов Қабдол Өтепұлының туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-2011).
15 қазан - Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылының И.С. Тургенев атындағы кітапханасының ашылғанына 135 жыл (1884).
17 қазан – Офицер, жазушы және суретші Масянов Леонти Лукьяновичтің туғанына 125 жыл, Тасқала ауданының тумасы (1894-1978).
30 қазан – Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ли Татьяна Владимировнаның туғанына 75 жыл (1944).
ҚАРАША
7 қараша - Кеңес Одағының Батыры, соғыс және еңбек ардагері Жақсығұлов Садық Шәкелұлының туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-2009).
11 қараша - Ақын, жазушы, драматург, аудармашы Аманшин Берқайыр Сәлімұлының туғанына 95 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1924-1985).
11 қараша – Физика-математика ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің доценті Вознякевич Алфред Кондратьевичтің туғанына 90 жыл (1929).
11 қараша – Соғыс және еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ершуриева Ұрқия Ибрашқызының туғанына 95 жыл, Сырым ауданының тумасы (1924-2006). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша...... күндер тізбегі/
*14 қараша - Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұхитов Лұқпанның туғанына 125 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1894-1957).
*21 қараша – Мұхит Мерәліұлы қоғамдық қорының директоры, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Рахметжанов Сағадаттың туғанына 60 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1959).
22 қараша - Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан білім беру ісінің үздігі Мәшімбаев Серік Мектепұлының туғанына 80 жыл, Казталов ауданының тумасы (1939). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша...... күндер тізбегі/
24 қараша - Жергілікті жазушы, тарихшы, этнограф Железнов Иосиф Игнатьевичтің туғанына 195 жыл (1824-1963).
ЖЕЛТОҚСАН
*9 желтоқсан – Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Исаев Ораз Жанұзақұлының туғанына 120 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1899-1939).
10 желтоқсан – Ғалым-педагог, соғыс және еңбек ардагері, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі Ақмұрзин Сәрсеннің туғанына 110 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1909-1999).
*10 желтоқсан - Ғалым, география ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі Ғалымов Аманкелдінің туғанына 75 жыл, Казталов ауданының тумасы (1944-2002).
11 желтоқсан - Еңбек және соғыс ардагері Ғайсин Қадыр Хабибұлының туғанына 95 жыл, Сырым ауданының тумасы (1924-2016).
12 желтоқсан - Соғыс ардагері, генерал-майор Сейітқазиев Жақия Ғаббасұлының туғанына 95 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1924-1999).
16 желтоқсан - Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шахин Аманкелдінің туғанына 65 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1954). /Қараңыз: 2004 жылғы БҚО бойынша ......күндер тізбегі/
*18 желтоқсан - Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхананың құрылғанына 50 жыл (1969).
19 желтоқсан – Орда ауданында партиялық-басшылық қызметтер атқарған, Еңбек Қызыл ту, «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері Нәсимоллин Мұраттың туғанына 95 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1924-1994).
20 желтоқсан - Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бержанов Қартбай Бекенұлының туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1924-1975).
*20 желтоқсан - Қазақтың тұңғыш пианиношы қызы Шомбалова Гүлжаухар Айыпқызының туғанына 100 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1919-1958).
22 желтоқсан - Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Құлманов Бақтыгерейдің туғанына 160 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1859-1919). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/
23 желтоқсан - Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің мүшесі және белсенді қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанқадамов Бижан Әбілқасұлының туғанына 130 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1889-1937).
25 желтоқсан – Кеңес Одағының Батыры Черненко Николай Власовичтың туғанына 95 жыл, Бөрлі ауданының тумасы (1924-2006).
29 желтоқсан - Ғалым, техника ғылымдарының докторы Мұратов Әбілдің туғанына 85 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1934).

31 желтоқсан - Ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты Бисенова Ғафура Нұрғалиқызының туғанына 95 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1924-1991).
Желтоқсан – Орыс композиторы, пианист, дирижер Алябьев Александр Александровичтің Орал қаласына келгеніне 185 жыл (1834).

АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ 2019 ЖЫЛЫ АТАЛЫП

ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕР


  • Әскери қайраткер, Е.И. Пугачевтің серігі Овчинников Андрей Афанасьевичтің туғанына 280 жыл, Батыс Қазақстан облысы (1739-1774).




  • Мемлекет қайраткері, Кіші жүз ханы, Айшуақ ханның үлкен ұлы, Сырым Датұлының көтерілісіне қатысқан Жантөре ханның туғанына 260 жыл (1759-1809).




  • Ішкі ордада Бөкей ордасының архивінің ұйымдастырылғанына 225 жыл (1794).




  • Тарихшы, этнограф Левшин Алексей Ираклиевичтің туғанына 220 жыл (1799-1879).




  • Би, шешен Малтақанның туғанына 200 жыл, Бөкей орда ауданының тумасы (1819-1892).




  • Жәңгір ханның баласы, хан тағының заңды мұрагері болған Бөкеев Сақыпкерей Жәңгірұлының туғанына 190 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1829-1849).

  • Орал қаласындағы Киров атындағы демалыс паркінің іргесі қаланғанына 180 жыл (1839).




  • Айтыскер ақын Есқожаұлы Төребайдың туғанына 175 жыл, Сырым ауданының тумасы (1844-1911).




  • Жергілікті өлкетанушы, педагог, саяси репрессия құрбаны Данилевский Константин Васильевичтің туғанына 155 жыл (1864-1938).




  • Қоғам қайраткері Жантөрин Сәлімгерей Сейітханұлының туғанына 155 жыл (1864-ө.ж.б).




  • Өңірімізден шыққан алғашқы педагог, Ж.Досмұхамедовтың ұстазы болған Сүйербаев Құрманғалидың туғанына 155 жыл (1864-1947).




  • Әнші, ақын Аязбайұлы Ерғалидың туғанына 150 жыл, Казталов ауданының тумасы (1869-1929).




  • Қоғам қайраткері, Күнбатыс Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі Қалменов Алпысбайдың туғанына 150 жыл (1869-1937).




  • Өлкетанушы Осткевич-Рудницкий Евгений Васильевичтің туғанына 150 жыл (1869-ө.ж.б.).




  • Алғашқы қазақ журналистерінің бірі, ақын, қоғам қайраткері Бұйрин Елеусіннің туғанына 145 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1874-1933). /Қараңыз: 2009 жылғы БҚО бойынша......күндер тізбегі/




  • Суырып салма ақын, жыршы Еламанұлы Көшелектің туғанына 145 жыл, Шыңғырлау ауданының тумасы (1874-1951).




  • Орал қаласында орыс-қазақ мектеп үйінің (бұл үйде қазір облыстық тарихи-өлкетану музейі орналасқан) салынғанына 140 жыл (1879).




  • Ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы Жәнекешов Бисеннің туғанына 135 жыл, Жәнібек ауданының тумасы (1884-1921).




  • Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Бейсенов Бақтығалидың туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1938).




  • Қазақтың 1-ші үлгілі атты әскер командирі болған Жанболатов Сақыпкерейдің туғанына 130 жыл (1889-ө.ж.б).




  • Батыс Алашорда қайраткері, қазақтың алғашқы ауыл шаруашылығы мамандарының бірі, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жәленов Кәрімнің туғанына 130 жыл, Сырым ауданының тумасы (1889-1938).




  • Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Қасаболатов Есенғали Керейұлының туғанына 130 жыл, Ақжайық ауданының тумасы (1889-1938).




  • Жайық өңіріндегі Алаш қозғалысына және ауылды кеңестендіру ісіне қатысқан қайраткер Көзеев Қарабайдың туғанына 125 жыл, Қаратөбе ауданының тумасы (1894-1938).




  • Қазақтың тұңғыш әскери командирлерінің бірі, дивизия комиссары, саяси қуғын-сүргін құрбаны Құрманғалиев Рамазанның туғанына 125 жыл, Бөкейорда ауданының тумасы (1894-1937).




  • Жайық өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан Ізбасаров Жұмағалидың туғанына 125 жыл, Казталов ауданының тумасы (1894-1984).



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет