19 наурыз БЕГАЛИЕВА МӘДИНА
туғанына 120 жыл (1899-1974)
Мемлекет қайраткері, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш инженер Бегалиева Мәдина 1899 жылы 19 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Ол инженер-металлург, техникалық ғылымдардың кандидаты, қоғам қайраткері болған.
Мәдина Бегалиева Хан Ордасындағы (қазіргі Орда) үш жылдық педагогикалық курсты, кеңестік-партия мектебін, Бүкілодақтық өндірістік академияны бітірген. Бөкей, Орал губерниялары мен Сырдария аймағында әйелдермен жұмыс жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, Аймақтық өндіріс Одағының төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
1935-1943 жылдар аралығында Балқаш мыс қорыту зауытында ауысым шебері және инженер-металлург болып жұмыс істеген. Содан кейін Гурьев (Атырау) облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-де нұсқаушы, сонымен бірге ҚазКСР-ның мемлекеттік бақылау ұйымдарында қызмет жасап, 1949 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Мәдина Бегалиева ерен еңбегі үшін орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Бегалиева Мәдина Қожбанқызы 1974 жылы қайтыс болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
Бегалиева Мәдина: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. - Б. 181.
Ахметова Р. Мәдина Бегалиева // Ақиқат. - 1992. - №7. - Б. 52-57.
3. Дүкенбаева З.О. Қазақ әйелдері арасынан шыққан ұлттық
шығармашылық интеллигенцияның тұңғыш өкілдері
(ХХ ғасырдың І жартысы): Мәдина Бегалиева // Білім. -
2004. - №1. – Б. 63-77.
Самиғоллаұлы А. Мәдина атындағы мектеп: Бөкей ордасы ауданындағы Бөрлі ауылында Мәдина Бегалиева атындағы орта мектеп те жаңа оқу жылына кірісті // Орал өңірі.-2006. - 9 қыркүйек. - Б. 4.
20 наурыз ӨТЕҒАЛИЕВА ХАЛИМА
туғанына 130 жыл (1889-1984)
Халық ақыны, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Өтеғалиева Халима 1889 жылы 20 наурызда Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында дүниеге келген. Композитор Қапан Мусиннің анасы.
Халима Өтеғалиева той-жиында өлең айтып, қайым айтысқа қатысып, «ақын келіншек» атанған. Туған ауылында 1944 жылға дейін сауыншы болып істеген.
Өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде 1938 жылдан бері жарияланып тұрған. Кенен, Есдәулет, Болмай тәрізді ақындармен өнер жарысына түсті. Республикалық ақындар айтысында жүлде алды.
«Ақындар жыры», (1963). «Мақтанышым - өз елім» (1961), «Ана жыры» (1969), «Әже әлдиі» (1974) атты өлеңдер жинағы жарық көрді. «Өзен тынысы», «Айтылмаған ән», «Даладағы шырақ», «Маңғыстау - мың жолдың торабы», «Құм-шағыл», «Бұлтты күндер», «Теңіз түбіндегі маржандар», «Жолдар мен адамдар», «Рахмет» секілді кітаптары жарық көрді.
ӘДЕБИЕТТЕР
Өтеғалиева Халима: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. - Б. 441- 442.
Өтеғалиева Халима: өмірдерек // Жәнібек ауданы: тарихи-танымдық анықтамалық. - Орал, 2012. – Б. 251-252.
Кесекова А. Тұтас елге ортақ тұлға: Жәнібек аудандық
мәдениет үйінде Халық ақыны Х. Өтеғалиеваның
туғанына 125 жыл толуына орай ғылыми-машықтық
конференция оздырылды // Орал өңірі. - 2014. – 11
желтоқсан. – Б. 22.
Тайшабаев К. Композитордың ақын анасы: талантты
ақын, композитор Қапан Мусиннің анасы Халима
Өтеғалиева туралы // Қазақстан заман.-2002.-8 наурыз.
Текебаев Н. "Бір заман ұрпақтарым іздер мені..:" халық
ақыны, жерлесіміз Халима Өтеғалиеваның туғанына 125
жыл // Шұғыла. - 2014. - 21 наурыз. - Б. 5.
28 наурыз САРИЕВА РЫСТЫ
туғанына 70 жыл, (1949)
Қоғам қайраткері Сариева Рысты Қалесқызы 1949 жылы 28 наурызда Бөкей орда ауданы, Орда ауылында дүниеге келген.
Рысты Қалесқызы 1966 жылы орта мектепті, 1970 жылы Орал педагогикалық институтын, 1982 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін, 1994 жылы Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясының менеджерлер даярлау курсын оқып бітірген.
1970 жылы еңбек жолын Жәнібек кентінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1974-1997 жылдары бұрынғы Торғай облысының партия және кеңес органдарында, Қазақстан Президентінің аппаратында, Торғай облысының әкімшілігінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарды, 1997-2000 жылдары ҚР Орталық мемлекетік архивінің директоры болды.
2000 жылдан Сариева Рысты Қалесқызы республика өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді: ҚР Парламентінің комиссия мүшесі, республикалық архившылар қоғамын басқарады.
2004 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Архивтерді басқару комитетінің төрайымы қызметінен босатылған.
2008 жылы ҚР Ұлттық мұрағат директоры болған. Қазір зейнеткер.
Оның «Текті Торғай» (А., 2000) атты кітабы, тарих пен мәдениет мәселелеріне арналған 100-ден аса мақалалары жарық көрген.
Сондай-ақ Сариева Рысты Қалесқызы анықтамалық сипаттағы басылымдар мен терминдер сөздігін әзірлеуге қатысқан.
ӘДЕБИЕТТЕР
Сариева Р. Мұрағат және тарих: мақалалар, баяндамалар. -Алматы, 2004. - 292 б.
*****
Сариева Рысты Қалесқызы: өмірдерек // Батыс Қазақстан
облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. - Б. 458.
25 сәуір СҮЙІНБЕКОВ ОРАЗҒАЛИ
туғанына 130 жыл (1889-1964)
Күйші, композитор Сүйінбеков Оразғали 1889 жылы қазіргі Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүйінбек өз еліндегі белгілі домбырашылардың бірі болған. Оразғали домбыраны алғаш әкесінен үйреніп, бертін келе ауылдағы домбырашылардың тартқан күйлерін мұқият тыңдап репертуарын молайтады. Сөйтіп, ел ішінде әнші-күйші Оразғали атанады.
Ол домбыраны Абыл, Есбай, Кәуен, Арыстан, Боғданың дәстүрінде тартады. Оразғали Сүйінбековтың өзі шығарған, кеңес заманының тақырыбына арнаған күйлері де бар. Ол халық композиторларының күйлерін орындаған және олардың шығу тарихын жақсы білген.
ӘДЕБИЕТТЕР
Сүйінбеков Оразғали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы, 2010. - Б. 472
2 мамыр СӘРСЕНҒАЛИЕВ ЖАҚСЫЛЫҚ
туғанына 75 жыл (1944-2001)
Әнші-термеші, жыраулық өнер дәстүрін насихаттаушы Жақсылық Сәрсенғалиев 1944 жылы 2 мамырда Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылында дүниеге келген. 1962 жылы орта мектепті ауылда бітіріп, кәсіптік-техникалық училищеде оқыған, шофер, тракторшы мамандығын меңгерген.
1963-68 жылдары ауылда еңбек ете жүріп, жас өнерпаздар үйірмесіне қатысқан. 1968-70 жылдары Алматы эстрадалық «Өнер» студиясында оқып, Қазақстан Халық артисі Ғ. Құрманғалиевтің класында дәріс алған. 1970-72 жылдары сол студия жанындағы ансамбльде, 1972-82 жылдары «Қазақконцерт» бірлестігінде әнші. 1981 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін оқып бітірген. 1982-87 жылдары Құрманғазы атындағы академияның ұлт аспаптары оркестірінде әнші болды.
1987 жылдан өмірінің соңына дейін Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әнші болды. Сәрсенғалиев Жақсылық Мұхит Мерәліұлы атындағы республикалық ән байқауларының екі дүркін бас жүлдегері.
Концерттік сапармен 20-дан астам шет елде, ТМД елдерінде өнер көрсетті, сондай-ақ оның орындауындағы көптеген ән-термелер үнтаспаға жазылған.
2000 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген өнер қайраткері атағы берілді.
ӘДЕБИЕТТЕР
Сәрсенғалиев Жақсылық: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. – Б. 463 – 464
Ғұбайдоллаұлы А. Әнші отбасымен келді: әнші Жақсылық Сәрсенғалиев // Орал өңірі. - 1996. - 22 тамыз.
Набиоллаұлы Н. Бас жүлдегер - Фархат Оразов // Орал
өңірі. - 2016. - 19 қараша. - Б. 12.
Набиоллаұлы Н. "Термелетіп жырлайын" // Орал өңірі. –
2016. - 17 қараша. - Б. 3.
Рахметжанов С. Сарғайған сағыныш басылар ма?: Ж. Сәрсенғалиев туралы бір үзік сыр // Орал өңірі. -2003. -20 қараша.
6. Хасанов Қ. Жерлес әнші Жақсылық: Ж. Сәрсенғалиев //
Орал өңірі. - 1995. - 2 желтоқсан.
6 мамыр ҚЫДЫРНИЯЗОВА ШОЛПАН
туғанына 70 жыл (1949)
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қыдырниязова Шолпан Батырқызы 1949 жылы 6 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы Қаракөл селолық округінде дүниеге келген. Әкесі Батыр Қыдырниязов ақын, журналист, анасы Бибібатима Ерғалиева сөзге ұста, эпостық жырларды жатқа айтатын өнерлі жан болған. 1956-1966 жылдары мектепте орта білім алады.
Достарыңызбен бөлісу: |