Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27



бет7/17
Дата31.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#53970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

16 қыркүйек ЖАҚЫПОВ ҚАБИБОЛЛА

туғанына 70 жыл (1949)


Қоғам қайраткері Жақыпов Қабиболла 1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қазталов ауылында дүниеге келген.

1972 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтының өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін тәмамдаған, инженер-құрылысшы; 1989 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген, саясаттанушы.

Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық экология академиясының академигі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті байқау кеңесінің төрағасы. Құрметті профессор.

Құрылыс материалдары жөніндегі үш кітаптың авторы.

1972 жылдан бастап №8 «Оралауылқұрылыс» тресінде жұмыс өндірушісі, бас инженер, ПМК-811-дің бастығы қызметтерін атқарды.

1977-1981 жылдары «Оралколхозқұрылыс» тресінде бас инженер болып еңбек етті.

1981 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.

1983 жылдан – Орал қаласы Халық депутаттары Кеңесінің Өнеркәсіп ауданы атқару комитетінің төрағасы.

1987 жылдан – Қазақстан Компартиясы Орал қаласы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы.

1989 жылдан – Қазақ КСР Халық депутаттары Кеңесінің Орал қалалық атқару комитетінің төрағасы.

1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2001 жылдан – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация бірінші вице-министрі.

2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы өкілі.

2007 жылдан – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.

2014 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

«Құрмет» (1999) және «Парасат» (2009), ІІ дәрежелі «Әулие Даниил» (РФ) ордендерімен, сондай-ақ бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жақыпов Қабиболла: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. – Б. 262.

  2. Ғабдушева Т. Қандай да құрметке лайық: Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қабиболла Жақыпов туралы // Жайық үні. - 2009. – 17 қыркүйек. - Б.2.

  3. Құсайын Т. Қабиболла: Парламент Мәжілісінің депутаты,

БҚ облысының бұрынғы әкімі Қабиболла Жақыпов туралы // Орал өңірі. - 2009. - 15 қыркүйек. - Б.3.

  1. Шүйіншалиева М. Ел азаматын ардақтаған кітап: Қ. Қ. Жақыповтың 60 жасқа толу құрметіне орай "АКИМ -

СОЗИДАТЕЛЬ" атты кітап жарық көрді // Жайық үні. –

2009. - 5 қараша. - Б.2.



14 қараша МҰХИТОВ ЛҰҚПАН

туғанына 125 жыл (1894-1958)




Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лұқпан Мұхитов 1894 жылы Батыс Қазақстан облысының (қазіргі Орал облысы) Жымпиты ауданындағы қазіргі «Қазақстан» колхозында дүниеге келген. Жастайынан домбыра тартып, ән салды. Әсіресе, атасы Мұхиттың әндерін айтып, әнші бала атанды. Он бес жастан бастап-ақ есімі ел аузына ілікті. Сәуелбай, Қауен сынды күйшілермен кездесіп, көптеген күйлер үйренді.

1934 жылы Лұқпан Мұхитов жаңадан ұйымдасқан халық аспаптары оркестрінің басшы домбырашысы болып қабылданды. 1944 жылы Алматыда консерватория ашылғаннан бастап өмірінің соңына дейін Лұқпан сонда домбырадан сабақ берді.

Ол 1936 жылы республиканың еңбек сіңірген артисі, 1954 жылы Қазақ ССР-інің халық артисі деген атаққа ие болды. Лұқпан Тазбала, Сәуелбай, Қауен арқылы Абылдан бері келе жатқан Жайықтың сол жақ бетіндегі орындаушылық дәстүрдің күйлерін алып келді. Ол 1958 жылы қайтыс болды.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мұхитов Лұқпан: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы:

энциклопедия.-Алматы, 2010.-400 б.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар
2019 -> Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет