Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27



бет6/17
Дата31.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#53970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Аманжол Зейнуллин еңбек жолын Ақжайық ауданындағы «Чапаев» асыл тұқымды мал зауытында бас зоотехник-селекционері ретінде бастаған. 1977-1979 жылдары облыстағы ең жас совхоз директоры болды. 1979-1983 жылдары етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы Бүкілодақтық ғылыми зерттеу институтының тірек нүктесінің меңгерушісі, Аңқаты асыл тұқымды мал заводының бас зоотехнигі қызметін атқарды.

1981 жылдан ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. 1983-1992 жылдары Батыс Қазақстан институтының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болды. 1992-2010 жылдары саясаткер, мемлекет қызметкері – Орал қаласы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, облыстық мәслихаттың екі дүркін депутаты, бизнесмен. 2011 жылдан бері Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ұстаздық етіп, генетика және биотехнология саласындағы ғылыми еңбектерін жалғастыруда.

Қатарынан екі шақырылым бойынша облыстық мәслихат депутаты, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау туралы тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы қызметтерін атқарды. КСРО-да алғаш рет етті бағыттағы ірі қара бұқаларының ұрығын терең мұздатып, ондай ұрықты пайдалану технологиясын 1971 жылы, эмбриондарды трансплантациялау тәсілін 1986-1990 жылдарда дәстүрлі етті бағыттағы ірі қара шаруашылықтарында енгізді. Оралда алғашқы иммуногенетикалық лаборатория ашып, қазақтың ақбас тұқымының сегіз заводтық аталық іздерінің, бір заводтық типінің негізін қалыптастырып етті бағыттағы ірі қара малы селекциясы саласында жасаған зерттеулері мен енгізген жаңалықтары бір төбе. Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының Батыс Қазақстан облысындағы асыл тұқымды мал заводтарындағы тірек нүктесінің бастығы қызметін атқарған.

Ол Батыс Қазақстан облысының саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласып, «Қазақ тілі» қоғамының, «Азат» қозғалысының жергілікті бөлімшелерін ұйымдастыруға жетекшілік жасаған.

1997 жылы «Еділ-Жайық қазақтары қауымдастығын» құрып, орыс-қазақ тілдерінде «Еділ-Жайық» газетін шығарған. «Бекарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

Оның 30-ға жуық ғылыми-танымдық еңбектері жарияланған. Мал тұқымын асылдандыруға байланысты зерттеу жұмыстарына екі авторлық куәлік, екі патент берілген.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Аманжол Зинуллин: "Менің кінәм – ұлтымды сүйгендігім...": Орал қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Зинуллинмен сұхбат // Еділ-Жайық. - 2005. – сәуір.

  2. Махмут Ө. Алаштың айтөбелді Ақтаңгері: қоғам қайраткері Аманжол Зейнуллин туралы / Ө. Махмут, М.Қайыртайұлы // Дарабоз. - 2012. - №9. - Б. 24 - 33.

  3. Ықсанғали С. Ақжайықтың ақиық азаматы // Жайық үні. - 2008. - 21 ақпан. - Б.2.



23 тамыз БАҚТЫГЕРЕЕВА АҚҰШТАП

туғанына 75 жыл (1944)


Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақұштап Бақтыгереева 1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ орта мектебін бітіреді.

1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар пединститутының филология факультетін тәмамдаған. 1966-1971 жылдары Орал облыстық «Орал өңірі», Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, 1971-1972 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975-1981 жылдары «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры.

Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Өрімтал» 1967 жылы жарық көрді. 1969 жылы «Наз», 1971 жылы «Қуанышым – іңкәрім», 1973 жылы «Сені ойлаймын», 1975 жылы «Ақ қанат», 1978 жылы «Бақыт әні», 1980 жылы «Жайық қызы», 1981 жылы «Белокрылая», 1985 жылы «Ақжелең», 1990 жылы «Сүмбіле» атты кітаптары басылып шықты. 2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность», 2009 жылы «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен «Гүлдесте», 2011 жылы «Ақ айдын», 2014 жылы «Қайран қарлығаштар-ай», Үш томдық шығармалар жинақтары жарық көрді. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматова өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.

2007 жылы ақын Ақұштап Бақтыгереева Махамбет атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанып, арнайы дипломға ие болды.

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, 2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Тіл жанашыры», «Астанаға 10 жыл» медальдармен марапатталған. 2012 жылы Ақұштап Бақтыгереева «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

2017 жылы ақын Ақұштап Бақтыгереева Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімі бойынша Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанды. Сонымен қатар осы жылы облыс әкімі Алтай Көлгінов халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваға Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы марапатын табыстады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бақтыгереева Ақұштап: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы, 2010. – Б. 172.

  2. Бақтыгереева Ақұштап: өмірдерек // Ақжайықтың асыл

арулары: энциклопедия.-Алматы, 2013. – Б. 154-155.

  1. Ақұштап ақын - құрметті азамат! // Қазақ әдебиеті. – 2017. - 13 қазан. - Б. 5.

  2. Бақтыгереева А. Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді... // Үш қоңыр. - 2018 . - 23 наурыз. - Б. 5.

  3. Бақтыгереева А. Менің Фаризам: руханият // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 5 ақпан. - Б. 10.

  4. Бақтыгереева А. "Қарлығаш көрсең, мені еске ал, оралып

ұшқан алдыңнан": ақын Ақұштап Бақтыгереевамен сұхбат /

Сұхбаттасқан Г. Бектас // Айқын. - 2014. – 11шілде. - Б. 6.



  1. Жайықтан ұшқан аққу-жыр: ақын А. Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған кеш // Мәдениет. - 2015. - №1. - Б. 59.

  2. Мықтыбай Н. Көңілі дархан, баршаға қамқор апа // Қазақстан әйелдері. - 2015. - №3. - Б. 12-14.

  3. Ниетқалиева Г. Ақ Жайықтың Ақ шағаласы // Айқын. –2015. - 17 қаңтар. - Б. 6.

  4. Сомжүрек Ж. Қазақ өлеңінің ақ шағаласы // Ақ Жайық. –2014. - №2. - Б. 103-116.



10 қыркүйек ЖҰМАҚАЕВА ГҮЛЖАН

туғанына 70 жыл (1949)




Мәдениет қызметкері Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызы 1949 жылы 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

Жалпыға бірдей орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының кітапхана бөліміне оқуға түседі. Институттағы оқуын бітіргеннен кейін 1972-1979 жылдары аралығында Тайпақ аудандық мәдениет бөлімінде инспектор, балалар кітапханасының, одан кейін аудандық орталық кітапханасының директоры болып жұмыс істейді.

1979-1982 жылдары облыстық мәдениет басқармасының нұсқаушысы, 1982-2000 жылдары Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапхана директоры қызметін атқарды.

1995 жылы Халықаралық кітапханашылардың басын қосатын ИФЛА-ның Түркияда өткен кезекті конференция жұмысына қатысты, 1998 жылы Қазақстан кітапханашыларының ІІ съезінің делегаты болды.

Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызы 2 мәрте сайланған Орал қалалық мәслихатының депутаты болды.

1999-2000 жылдары Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, 2002-2008 жылдары зейнет демалысына дейін Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК директоры қызметтерін атқарды.

Оның басшылығымен жаңа мамандандырылған бөлімдер, мерзімді басылымдар, өнер жөніндегі құжаттар, өлкетану секторлары, Интернет – орталығы ашылды. Гүлжан Төлегенқызы Жұмақаева өз ісіне берілген, мәдениет саласының барлық мәселелерін шешуде шығармашылық таныта білетін іскер адам екенін дәлелдеді.

Гүлжан Төлегенқызы Жұмақаева бірнеше рет Құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталды, «Үздік білім қызметкері», «Мәдениет қайраткері» медалдарымен наградталған.

Зейнет жасына шыққанымен, бүгінде ҚазИИТУ ғылыми-білім беру кешенінің кітапханашысы болып жұмысын жалғастыруда.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жұмақаева Гүлжан Төлегенқызы: өмірдерек // Маман

келбеті: биобиблиографиялық көрсеткіш. - Орал, 2012.-Б. 39-59.

  1. Басылым байсалды болса..: Ж. Молдағалиев атындағы

ОӘҒК-ның директоры Г. Жұмақаевамен сұхбат // Орал

өңірі. - 2006. - 24 маусым. - Б.1.



  1. Кенжебаева С. Іскер басшы: Гүлжан Төлегенқызы

Жұмақаева // Орал өңірі.-1999.-18 қыркүйек.

  1. Қабошқызы Ұ. Тектілік: Мәдениет саласының ардагері

Гүлжан Төлегенқызы Жұмақаева // Орал өңірі. –2014. - 25 қыркүйек. - Б. 8.

  1. Шағатай Л. Кітаппен дос болуға шақырды: Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында "Үздік кітапханашы" белгісінің иегері, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Гүлжан Төлегенқызымен кездесу өтті // Орал өңірі.-2016.–26 сәуір.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар
2019 -> Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет