Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27



бет3/17
Дата31.12.2019
өлшемі2,24 Mb.
#53970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

17 ақпан КӨШЕНОВ ҒАРИФОЛЛА

туғанына 80 жыл (1939)




Журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Көшенов Ғарифолла 1939 жылы 17 ақпанда Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын «Орда» кеңшарында механизатор болып бастаған. 1958 жылы облыс ақындарының тұңғыш айтысына қатысып, 3-орын алған. 1959 жылы облыс ақындарының 2-айтысында жеңімпаз болып, «Облыс ақыны» атанған.

1964 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітіріп, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, бас редактор, 1990-93 жылдары облыстық теле-радиокомпанияның төрағасы қызметтерін атқарды.

1961 жылы «Жас дәурен», 1962 жылы «Кең жайлау» жинақтарына топтама өлеңдері, 1978 жылы «Еңбек даңқы» кітабына очеркі енді. Айтыстары «Ақындар үні» (Орал, 1958) жинағында жарияланған. Қазір Алматы қаласында тұрады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Көшенов Ғ. Қоян жылы: өлеңдер, эсселер, естеліктер.-

Алматы, 2015.- 472 б.

*****


  1. Көшенов Ғарифолла: өмірдерек // Батыс Қазақстан

облысы: энциклопедия.-Алматы, 2002. – Б. 323.

  1. Қыстаубаев Е. Жайығына сағынышы басылмайтын

журналист: журналист Ғарифолла Көшенов // Орал өңірі.-2009.- 26 ақпан. - Б. 6.

  1. Қыстаубаев Е. Өзіміздің Ғарекең: "Орал өңірі" газетінің

бұрынғы редакторы Ғарифолла Көшенов туралы бір үзік

сыр // Орал өңірі.- 2008. - 27 наурыз. - Б. 8.



  1. Нәріков А. Тайыр ақынды тәнті еткен өлеңдер: қаламгер

Ғарифолла Көшенов // Орал өңірі.- 2010.-18 наурыз. - Б. 8.

  1. Омаров Қ. "Біреулер біздерді де біліп іздер...": журналист Ғарифолла Көшенов // Орал өңірі.- 2009.- 26 ақпан. - Б. 6.



23 ақпан ЖҰБАЕВ СЕРГЕЙ

туғанына 80 жыл (1939-2010)


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің ардагер ұстазы, профессор Жұбаев Сергей Шұғайұлы 1939 жылы 23 ақпанда Астрахан облысы, Марфин ауданының ауылдық жерінде дүниеге келген.

Саратов ауыл шаруашылығын механикаландыру институтының түлегі, Астрахан облысы Марфин шаруашылығындағы бас инженерлік жұмыс тәжірибесі, аспирантурадағы жемісті оқу – Сергей Шұғайұлының еңбек жолының алғашқы баспалдақтары.

1967 жылы Сергей Шұғайұлы Жұбаев Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының «Мал шаруашылығын механикаландыру» кафедрасында ассистент болып жұмысқа кіріседі. Жоғары кәсіби қабілеттілік, жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуде қажымай талаптану Сергей Шұғайұлына аға оқытушыдан доцентке, кафедра меңгерушісінен факультет деканына, оқу ісі жөніндегі проректордан университет ректорына дейінгі (1989-2000 жж.) оқу-өндіріс майданындағы заңды эволюция жасауына көмектеседі.

Ғалымның шығармашылық ынта-жігері, ғылыми тәжірибесі мен мақсаттылығы ауыл шаруашылығы үшін мал шаруашылығында қолданылатын машиналар жүйесін ойлап табу жөніндегі зерттеулерінде, бес авторлық куәлік, бірнеше монография мен оқу құралдары, көптеген ғылыми-әдістемелік талдаулар мен ұсынбаларында неғұрлым айқын көрінді. КСРО-ның Мемлекеттік Комитетінің шешімімен 1991 жылы Сергей Шұғайұлына профессор ғылыми атағы берілді.

Сергей Шұғайұлы тек ғылыми-педагогикалық үрдістің кәсіби ұйымдастырушысы ғана емес, ол үлкен қоғам қайраткері ретінде танылып, бірнеше рет Халық депутаттары облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Сергей Шұғайұлы Жұбаевтың жоғары білімді дамытудағы ғылыми-педагогикалық еңбегі Үкімет наградалары «Құрмет Белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағымен ҚР ЖҒА академигі болып сайлануымен бағаланды.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Бозымов, Қ. Абыройы асқақ азамат: ғалым, профессор

Сергей Шұғайұлы Жұбаев // Орал өңірі. - 2009. – 21 ақпан.

– Б. 6.


  1. Құрақұлан, Қ. Кескекті ерлер ұрпағы: азамат, ғалым,ұстаз, басшы, қоғам қайраткері Сергей Шұғайұлы жайлы этюдтер // Орал өңірі. - 2009. - 19 наурыз. - Б.10-11.

  2. Сергей Шұғайұлы Жұбаев: Қазанама // Орал өңірі. - 2010. - 22 мамыр. – Б. 7.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар
2019 -> Біздің бағдарламаның бағыты: «Мен сенің жақсы болуыңа көмектесемін»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет