«Бекітемі н» Филология факультетінің деканы ж. Ж. Шайекенов ж. «Қазақ филологиясы»



бет13/13
Дата02.05.2018
өлшемі2,23 Mb.
#40396
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Шешендік өнер – адам өмірінің әрқилы ішкі үрдістерін бейнелеудің озық тәсілі, өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін танылатын көпқырлы ілім.

  • Коракс – ежелгі грек философы.

  • Демосфен (б.з.д. 460-370) – ежелгі грек шешені, саяси қайраткер.

  • Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын кешенді пән.

  • Шаршы топ алдында шешен сөйлеу – шешен мен аудиторияның жанды қарым-қатынасы.

  • Шешеннің психологиялық мәдениеті – адамның психикалық әрекетін танытатын білімдердің жиынтығы және бұл білімді адамдармен жұмыстың нақты жағдайында қолдана білу.

  • Аудитория – шаршы топ алдында сөйленер сөзді тыңдауға жиналған, өз назарларын шешенге, оның сөзіне бағыттаған белгілі мөлшердегі адамдар тобы.

  • Шешеннің этикасы – адамгершілік нормаларының , бағдарлау құндылықтарының , оның өз міндеттеріне , жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы.

    15. Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық, тыныстық қойылымы, сөйлеу сәтіндегі дауыстың, дикциясының, орфоэпиясының дұрыс қойылымы.

    16. Сөйлеу техникасының мәні – дыбыстау нормаларын сақтауда артикуляция, дыбыс, тыныс бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

    17. Адамбаев Балтабай Әбдірахманұлы (1919 -1979) – шешендіктанушы ғалыфм, жазушы.

    18. Ақтайлақ Байғараұлы (1720-1816) – шешен би, төкпе ақын.

    19. Байбекұлы Әйтеке би(1644 -1700) – мемлекет және қоғам қайраткері, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі.

    20. Бөлтірік Әлменұлы(1771-1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры.

    21. Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы ( 1963) – шешендіктанушы, тілші, әдіскер ғалым, педагогика ғылымдарының докторы.

    22. Сөйлеу мазмұны – 1. сөйлеу жоспары, жалпы, нақты мақсатының анықталуы.2. тақрып таңдауы, аудитория ерекшелігін есепке алуы. 3. Сөздегі мәлімет жиынтығы. 4. Логикалығы.5. Шешендік сөздің түрі.

    23. Сөйлеу сатысы– 1. Сөйлеу құрылымы(сөйленіс сәттілігі, мағыналық тарауларға жіктелуі, түйіні)2. Деректердің іріктеліуі мен олардың иланымдылығы(статистиканы қолдана алуы, беделді тұлғаларға сілтеме жасауы3. Аудиториямен байланысы4. Аудиторияның назарын аударта алуы (сәттік сергітер мезет пен юмор элементтерін үйлестіре алуы)

    24. Сөйлеу шеберлігі – қарапайымдылығы мен түсініктілігі, материалды еркін меңгергендігі, сөйлеу дұрыстығы, бейнелілігі мен эмоциональдығы.

    25. Сөйлеу мәнері – шешщеннің мінбедегі қалпы: сыртқы кейпі; тұрысы; ым; ишарат; дене қимылы(жест); бет қимылы(мимика); сенімділігі;

    26. Сөйлеу техникасы – дауыс күші мен әуезділігі; саздылығы(интонациясы); дикциясы; сөйлеу қорқыны(темп); уақытпен есептесуі;

    27. Сөйлеушінің жеке сапалық белгісі – 1. Жалпы білімдарлығы (эрудициясы),2. Айтылғандарға нық көзқарасының болуы, 3. Тактикалығы(көрегендігі, әдістілігі, әдептілігі) мен сыпайлығы.

    28. Шешен мен оның сөйлеген сөзіне жалпы баға – 1.ү Сөйлеген сөзінің теориялық деңгейі. 2. Шешеннің тақырыпқа сай әзірлігі.





  • 10.Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі (егер пән бойынша қажет болса).

    /Бұл тарау жоспарланбаған/


    11. Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)

    Тест тапсырмаларының нұсқасы

    1. Сөз сөйлеу стилінің сендіргіш сапасы, идеялардың көркем бояуы, ерекше елеңдетер эмоциональды толғаныс пен эстетикалық ләззат атмосферасын туындата келе, тыңдаушылар назарын аударту құралы.

    а) мәнерлілік

    ә) айғақтама нұсқалары

    б) сендіру амалдары

    в) эмоциональды фон

    2.” Өлім-асусыз тау,-кімнің бауыры сау? Пұлсыз берді, құнсыз алды,-оған не

    дау ?Бізге аяулы,алушыға да қалаулы”. Ұсынылған шешендік сөздегі стилистикалық фигураны ата?

    а) риторикалық сұрау

    ә) градация

    б) қайталау

    в) антитеза

    3. «Шешендік-кісінің көркі” . Кімнің сөзі?

    а) Гораций

    ә) Плутарх

    б)Коракс

    в)Горгий


    4. "Естілердің сөзін ескеріп жүрген адамның өзі де есті болады". Кім айтқан?

    а) Абай


    ә) Төле би

    б)Шәкәрім

    в)Әл-Фараби

    5. Адам өмірінің әрқилы ішкі үдерістерін бейнелеудің озық тәсілі , өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін танытатын көп қырлы ілім.

    а) шешендіктану

    ә) логика

    б) философия

    в) этика


    6. “Шешен сөз мақсаты-негізгі пікірді баяндап, түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндірумен қоймай, пікірге нандыру, сендіру, ұйыту, балқыту, иман келтіру”,-деген түйіннің авторы.

    а) А.Байтұрсынұлы

    ә) Р.Сыздықова

    б) С.Негимов

    в) А.Қыдыршаев

    7. Саясат сөзі, саяси баяндама, үгіт-насихат сөзі, саяси шолу, митингілік сөз шешендік сөздердің жанрлық-тақырыптық жіктемесінің қай түріне жатады?

    а) әлеуметтік-саяси

    ә) академиялық

    б) әлеуметтік-тұрмыстық

    в) іскерлік

    8.”Егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой қорыту тәсілі болса, риторика шешендік қисынға, ой-пікір жүйелігіне, ұғымдар үйлесіміне негізделеді”. Тұжырым иесі?

    а)Әл-Фараби

    ә) А.Байтұрсынұлы

    б) Аристотель

    в) М.Т.Цицерон

    9. Тақырып таңдау; мақсатты анықтау; шешендік сөз түрін белгілеу; материалды іріктеу; екшеу; сөйлеуді логикалық тұрғыдан жүйелеу; деректі дәлелдеме, анықтама, тілмен, стильмен жұмыс. Осы айтылғандар шаршы топ алдында сөйлеуге әзірлену мен оны жүзеге асырудың қай кезеңіне жатады?

    а)коммуникативті сатыға дейін

    ә) коммуникативті саты

    б) коммуникативті сатыдан кейін

    в) сөйлеу үстіндегі кезең

    10. «Грамматикасыз оратория-солғын,поэзия тілі-мүкіс, философия-үстірт, тарих-ұнамсыз, юриспруденция-күмәнді”. Кімнің тұжырымы?

    а) М.В.Ломоносов

    ә) М.М.Сперанский

    б) Н.Ф.Кошанский

    в) А.Ф.Кони

    11. Лекция (эпизодтық, циклді), ғылыми конференциялардағы, симпозиумдағы баяндама, ғылыми хабарлама шешендік сөздердің жанрлық- тақырыптық жіктелімінің қай түрі?

    а) академиялық шешендік

    ә) дипломатиялық шешендік

    б) іскери шешендік

    в) әлеуметтік-саяси шешендік

    12. «Шешен саптағы қарулы жауынгердей сақадай сай, мәнді де ұлы істерді үздік орындауға және әрқашан да жеңіске ұмтылуға тиіс”. Кімнің түйіні?

    а) Марк Фабий Квинтилиан

    ә) Марк Тулий Цицерон

    б) Аристотель

    в) Платон

    13. Аудиторияның сапалық белгілері

    а) тыңдауға жасалған жағдай; әсер етудің субъектісі; тыңдау барысы

    ә) интеллектуальды-танымдық; эмоциональды-эстетикалық

    б) моральдық-тәрбиелік; келісімпаз

    в) конструктивті; конфликтілі

    14. «Шешенде диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі, заңгердің еске сақтау қабілеті, трагиктің дауысы болуы тиіс”. Түйін сөз кімдікі?

    а) Цицерон

    ә) Демосфен

    б) Сократ

    в) Сенеке

    15. Аудиторияны бағалау өлшемдерін көрсетіңіз.

    а) әлеуметтік-демографиялық құрамы; сөз сөйлеу тақырыбына қатысы

    ә) түсіну деңгейі; әсер етудің субъектісі

    б) тыңдау барысы; шешенге көзқарас

    в) тыңдау уәжі; тыңдауға жасалған жағдай.

    16. М.В.Ломоносовтың ”Шешендікке қысқаша басшылық” атты оқулығының жарық көрген мерзімі.

    а) 1748 жыл

    ә) 1751 жыл

    б) 1721 жыл

    в) 1766 жыл

    17. Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,

    Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. Кімге тиесілі сөз?

    а) Иүсуф Баласағұни

    ә) Ахмед Иүгінеки

    б) Ахмед Иассауи

    в) Махмуд Қашқари

    18. Тыңдаушы типтері қайсысы?

    а) конструктивті; конфликтілі; келісімпаз

    ә) интеллектальды-танымдық; моральдық-тәрбиелік

    б) өзін-өзі ұстауы мен психикалық жағдайы; бірыңғайлық дәрежесі

    в) түсіну деңгейі; әсер етудің субъектісі

    19. «Сөз анасы-құлақ, су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ”. Қай шешенге тиесілі сөз?

    а) Сырым шешен

    ә) Бөлтірік шешен

    б)Жиренше шешен

    в) Арғынбай шешен

    20. Мерейтойлық құттықтау сөз , дастархан басындағы сөз, қаралы жиындағы сөз шешендік сөздердің жанрлық-тақырыптық жіктелімінің қай түрі?

    а) әлеуметтік-тұрмыстық

    ә) діни (гомилетика )

    б) әлеуметтік -саяси

    в) дипломатиялық

    21. «Риторика” сөзінің (грек rhetorike) мағынасы.

    а) шешен, ділмар

    ә) сөйлеу

    б) тыңдау

    в) ритор

    22. «Шешен туралы”, «Брут”, «Шешен” атты трактаттардың авторы.

    а) Марк Тулий Цицерон

    ә) Аристотель

    б)Сократ

    в) Марк Фабий Квинтилиан

    23.”Көп біліп,дөп сөйлеген-шешен,аз біліп,көп сөйлеген-мылжың”.Осы нақыл сөз авторы?

    а) Зейнолла Қабдолов

    ә) Мұхтар Әуезов

    б) Мұзафар Әлімбаев

    в) Серік Негимов

    24. Сөздердің орнын ауыстыру негізінде тіркес мағынасының өзгеруі классикалық риторикада не деп аталады?

    а) ой фигуралары

    ә) сөз фигуралары

    б) қайталау

    в) кейіптеу

    25.”Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны”

    (1945 ж) зерттеуінің авторы.

    а) Ә.Мәметова

    ә) Б.Ә.Адамбаев

    б) Қосжанов Айтқұл Сағатұлы

    в) Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы

    26.”Екі жағдайда сөйлейтін бол:не өзіңнің сөйлер нәрсеңді айқын ойланып алғанда немесе бір нәрсе жайында айту қажет болғанда, өйткені тек осы жағдайда ғана үндемегеннен сөйлеген жақсы,ал қалған жағдайларда сөйлегеннен сөйлемеген анағұрлым артық”. Кімнің түйіні?

    а) Исократ

    ә) Демокрит

    б) Протогор

    в) Плутарх

    27. Ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі

    леппен , сұрау түрінде айтылатын , күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіретін шешендік тәсіл.

    а) риторикалық сұрау

    ә) бернелеу (символ)

    б) мезгеу (синекдоха)

    в) алмастыру (метонимия)

    28.“Қайталау-топ алдында айтылған сөзге шешендік сипат беретін күшті құралдардың бірі. Ол айтпақ ойдың бір қырына тыңдаушы назарын қазықтай түседі, сонымен қатар көркемдік-эстетикалық жүкте арқалайды. Қайталаудың қай түрі де: бір сөздің бір сөйлем ішінде қайталануы; сөздің не тіркестің қатар келген сөйлемдер арасында қайталануы; абзацаралық қайталаулар шешен сөзін ритмикалық ,синтагмалық периодтық топтарға ажыратады”. Кімнің ғылыми пікірі?

    а) Р.С.Сыздықова

    ә) Н.О.Оралбаева

    б) Ә.Мәметова

    в) Гүлбану Қосымова

    29. Кім көрді көктің жерге құлағанын,

    Кім көрді күннің жарық сұрағанын... (И.Байзақов)

    Қайталаудың қай түрі?

    а) анафора

    ә) эпифора

    б)аллегория

    в) антитеза

    30. «Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз,былайша айтқанда, сырт киім. Ой-киімнің астында жасырынған дене”. Кімнің пікірі?

    а) Ф.М.Достаевский

    ә) П.С.Пороховщиков

    б) М.Горький

    в) Д.И.Писарев




    Ауызша тапсырма

    • Сөз мәдениеті және риторика пәні туралы түсінік

    • Сөз мәдениеті және риторика пәнінің мақсат, міндеттері

    • Антикалық шешендіктану

    • Аристотельдің шешендік өнері

    • Демосфен шешендігі

    • Грек шешендік өнер дәстүрінің ежелгі Римде дамуы

    • Цицерон және антикалық шешендік өнер

    • Квинлитианның «Шешендік тәлімдері»

    • Қазақтың шешендік өнеріъ

    • Майқы би шешендігі

    • Жиренше шешеннің шешендік сөздері

    • Төле би шешендігі

    • Қазыбек би шешендігі

    • Әйтеке би шешендігі

    • Қазақ шешендік өнерінің зерделенуі

    • Қазіргі ұлттық шешендік өнер

    • Алғашқы орыс шешендік өнері

    • М.В.Ломоносовтың «Шешендікке қысқаша басшылығы»

    • 19 ғасырдағы Ресейдегі академиялық және сот шешендік өнері

    • Дауыс – сөйлеу аппараты туралы

    • Тыныс – дауыс саздылығы негізі

    • Диафрагма жұмысын белсендіру амалдары

    • Сөйлеу саздылығы

    • Кідіріс. Логикалық екпін

    • Артикуляция және дикция

    • Сөйлеу мәдениеті ұғымы

    • Әдеби тіл – тілдің өмір сүруінің жоғарғы формасы

    • Сөйлеуге қойылатын негізгі талаптар

    • Сөйлеу стильдері

    • Сөйлеу дұрыстығы

    • Қазіргі қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары

    • Сөйлеу екпінін үйлестірудегі қателіктер

    • Грамматикалық норма

    • Академиялық шешендік

    • Сотта сөйлеу ерекшеліктері

    • Әлеуметтік-саяси шешендіктану түрлері

    • Діни тақырыпта сөйлеу

    • Тұрмыстық сөйленіс

    • Тақырып таңдау

    • Алдағы мақсатты анықтау

    • Жадығаттарды іріктеу

    • Мәтінді редакциялау

    • Сөйленер сөзге әзірлену

    • Антикалық шешендіктану теориясындағы логика ен риторика

    • Формльды логика заңдары тулралы

    • Мәтіннің логикалық*-композициялық құрылдымы

    • Мәтінді логикалық-композициялық тұрғыда құрастырудағы кемшіліктер

    • Дәлелдеме ұғымдары

    • Дәлелдеу амалдары

    • Біржақты және екіжақты дәлелдеме

    • Тиімді дәлелдеудің жалпы ережелері мен амалдары

    • Шаршы топ алдында сөйлеу тілі мен стиліне қойылатын негізгі талаптар

    • Риторикалық фигураларды қолдану ерекшеліктері

    • Сөйлеудің лексикалық және синтаксистік экспрессивтілшігі

    • Аудиторияны модельдеу заңы. Ұйымдастыру кезеңі

    • Аудиториядағы шешен мен тыңдаушылардың орналасуы

    • Шешеннің сыртқы кейпі мен мәнері және қимылы, тұрысы

    • Шешеннің дауысы, интонациясы,дикциясы

    • Қысылыс, толғаныстарды жою амалдары

    • Қарыми-қатынас мәдениетьі туралы ұғым

    • Іскерлік сөйлеу мәдениеті

    • Қазіргі этикет. Сөйлеу этикеті.

    • Іскерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері

    • Пікіралмасу жүргізу мәдениеті


    Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

    Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделеді:шынайлылық, әділділік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

    Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

    Қорытынды бағалау мен рейтингтік бақылау.

    Семестрдің 7/8/ аптасында /1-7 апта нәтижесі бойынша/ және 15 аптада / 8-15 апта нәтижесі бойынша/ оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

    Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:

    =⌠/ Р1+Р2/2⌡-0,6+Е-0,4

    Р1-бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.

    Р2-екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті.

    Е- емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті.



    Яғни 30%(1 рейтинг)+30%(2 рейтинг)+40%(емтихан).



    Бағалау критериясы

    Жұмыс түрлерін бағалау

    апта

    %жұм. үшін

    % барл.

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    Дәріс

    1

    15

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    Сабаққа қатысуы

    1

    15

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    Жеке тапсырма /реферат,баяндама/

    5

    10



















    +



















    +




    ОЖСӨЖ

    2

    20

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +

    +


    емтихан





    40











































    +

    Қорытынды





    100













































    Семестр барысында екі аралық бақылау 7-ші және 15-ші аптада өткізіледі. Аралық бақылау бойынша студенттің ең үлкен үлгерім көрсеткіші 60% құрайды.

    Семестр соңында емтихан болады.

    Емтихан бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулардың ең үлкен көрсеткіші (max 60%) мен емтихан (max 40%) көрсеткішінің қосындысынан құралады, яғни 100 %құрайды.

    Қорытынды емтихан пәнің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде болады. Студенттің білім, білік дағдылары төмендегідей бағаланады:

    Б а ғ а


    Әріптілік жүйеде

    ұпай

    % -дық

    Дәстүрлі жүйеде

    А

    4,0

    95-100

    Өте жақсы

    А-

    3,67

    90-94

    В+

    3,33

    85-89


    Жақсы

    В

    3,0

    80-84

    В-

    2,67

    75-79

    С+

    2,33

    70-74



    Қанағаттанарлық

    С

    2,0

    65-69

    С-

    1,67

    60-64

    Д+

    1,33

    55-59

    Д

    1,0

    50-54

    Ғ

    0

    0-49

    Қанағаттанарлықсыз













    Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

    Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті.


    12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай).

    Бұл тарау жоспарланбаған


    13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

    Бұл тарау жоспарланбаған, кесте бойынша кез келген аудиторияға лайық.





    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет