3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
Сабақ өту барысында химияны оқытуда қашықтықтан білім беруді қолдануда қазақстандық және шетелдік авторлардың әдістемелік нұсқаулары бойынша мультимедиалық зертханаларды пайдалана отырып, зертханалық жұмыстар жүргізілді. Химиялық экспериментті орындау кезінде әр оқушыға бақылау жүргізілді [31]. Оқушылардың үлгеру деңгейін өлшеу нәтижелері 1, 2 суреттерде көрсетілген.
1-суреттегі диаграммадан оқушылардың жартысынан аз бөлігі жоғары үлгерімділік көрсетті. Нәтижесінде, оқушылардың жартысынан көбі (56%) өздігінен ақпаратты анықтай және қорытындылай алмағаны, тәжірибені жоспарлау және орындау арқылы мәселені шеше алмағаны анықталды. Оқушылардың осы пайызы сабақ өту кезеңінде тек мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беріп, қорытынды шығарды, яғни жұмысты репродуктивті деңгейде орындады.
Нәтижесінде сабақтың барлық кезеңдерін ескере отырып, тапсырмаларды орындаудың есептелген жалпы игеру коэффициентті – 0,5425 құрады.
Игеру коэфффициентті анықтау формуласы:
мұндағы n - тиісті тапсырмаларға дұрыс жауаптар саны;
N –тапсырмалардың саны.
Оқушылар мультимедиалық зертханалармен эксперимент жүргізу кезінде үлкен қиындықтарға тап болды.
Сурет 1- Ізденіс кезеңінде зертханалық жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың үлгеру деңгейін өлшеу нәтижелері
Сурет 2- Ізденіс кезеңінде тапсырмаларды орындау кезінде игеру деңгейін өлшеу нәтижелері (өз бетінше орындалған тапсырмалардың үлесі бойынша)
Зертханалық жұмыстарды жүргізгеннен кейін, оқушылардың онлайн зертханалық жұмыстарды, практикалық көрсетілімді барысында олардың қашықтықтан білім беруге көзқарасы анықталды, саулнамалардың көмегімен қызығушылықтың қалыптасу деңгейі бағаланды. Саулнама нәтижелері оқушылардың 60% нақты қызығушылық бар екенін көрсетті, олар үшін мультимедиалық зертханаларды қолдану, қашықтықтан білім беру қызықты екенін мойындайды; және оқушылардың 15% химия сабақтарында қашықтықтан білім беруді қолдану қызықты емес, дәстүрлі білім беру тиімді деп ойладйы. Тек 25% ғана аралас оқуытуды жақтады. Біраз оқушылар компьютермен жұмыс жасаудан гөрі химиялық эксперимент жүргізу қызықты екенін байқады. Біздің бақылауларымыз шетелдік дереккөздерде айтылған деректерді растады [32,33].
Келесі сауалнама оқушыларға тест тапсырмалар немесе жаттығулар орындаудың (В.П. Беспалько бойынша), нәтижелер зерттеудің диагностикалық бағаланды [34,35].
Зерттеу нәтижелері экспериментке қатысатын барлық оқушылар еске түсіру тапсырмаларды орындағанын көрсетті. Оқушылардың білім деңгейін өлшеу нәтижелері 3-суретте көрсетілген.
Оқушылар еске түсіру тапсырмаларын жақсы орындағаны – 56%. Орташа орындағаны 28%, төмен баллға орындаған оқушылар 16% орындады. Сондықтан оқушылар білімді негізінен репродуктивті деңгейде және қашықтықтан білім беруді қолдана алады.
Сурет 3- Ізденіс кезеңінде оқушылардың білім деңгейін өлшеу нәтижелері
Педагогикалық бақылаулар жүргізудің нәтижесі бойынша келесі мәселелерді анықтауға болады:
Оқушылардың назары зерттелетін құбылыстан гөрі өлшеу құралдарына ауысу мүмкіндігі бар;
Оқу мақсаттары ауыстырылуы мүмкін: зерттеу жүргізудің орнына –мәліметтерді тіркеу;
Оқушының өзіндік жұмысының тиімділігі төмен болу мүмкіндігі бар;
Оқушы жұмыс істеу принципті білмейді және сәйкесінше, байқалатын құбылыс пен экрандағы графиктер арасында байланысты орната алмау қаупі бар;
Сабақтарда мультимедиалық зертханаларды жүйелі қолдану «жаңалық әсерінің» жойылуына, яғни мультимедиалық зертханалармен жұмыс істеуге бастапқы жоғары танымдық қызығушылықтың біртіндеп төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Мұғалімдермен әңгімелесу және сауалнама жүргізу негізінде химия сабақтарында мультимедиалық зертханаларды пайдалануды шектейтін себептер, мультимедиалық зертаханаларды қолдану проблемалары анықталды. Мультимедиалық зертханалар маңызды, сонымен бірге іс жүзінде талап етілмеген, дидактикалық әлеуеті мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігі, олардың химия туралы білімдерін түсіну арасында қайшылық бар екені анық. Зерттеу эксперименті түрінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін химия сабақтарында мультимедиалық зертханалар тиімді пайдалану шарттарын іздеу өзекті болып табылады.
9 сыныпта «Электролиттік диссоциация» тақырыбын зерделеу кезінде индикаторларды пайдалана отырып, дәстүрлі түрде химиялық эксперимент жүргізеді, сонымен бірге рН-ты датчиктерінің көмегімен ерітінділердің қышқылдығын анықтау үшін мультимедиалық зертхананы пайдаланған жөн. 9 сыныпта сандық мәндердің физикалық мағынасын егжей-тегжейлі айтпастан, сутектік көрсеткіш туралы түсінікті тек сапалы деңгейде қалыптастыру жеткілікті.
«Қышқылдар, сілті ерітінділерінің рН анықтау» зертханалық жұмысын орындағаннан кейін оқушылардың білім деңгейін өлшеу нәтижелері 4-6 суреттерде көрсетілген.
Репродуктивті деңгейде білімді қолдана білуді қажет ететін еске түсіру кезінде сұрақтарға мектеп оқушыларының жауаптарын талдау эксперименттік және бақылау топтары арасында айтарлықтай сәйкессіздіктер көрсеткен жоқ.
Эксперименттік топтың оқушылары таныс жағдайдағы іс-әрекеттерді қарастыратын тапсырмаларды бақылау тобына қарағанда жақсы орындады (тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған оқушылардың үлесі 31%-ға өсті). Оқушылардың 18% бейтаныс жағдайдағы іс-әрекеттерді жоғары деңгейде шеше алды, төмен «қанағаттанарлықсыз» деңгейде орындаған оқушылардың үлесі айтарлықтай төмендеді (4, 5 суреттер).
Егер барлық зерттеудің орындалуын талдайтын болсақ, онда эксперименттік топта тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған оқушылардың үлесі («өте жақсы») 31%-ға өсті, ал төмен «қанағаттанарлық» деңгейде тапсырмаларды орындаған оқушылардың үлесі 19%-ға төмендеді (6-сурет).
Сурет 4- «Қышқылдар, сілтілер ерітінділерінің рН анықтау» зертханалық жұмысын орындағаннан кейін БТ оқушыларының білім деңгейін өлшеу нәтижелері
Сурет 5- «Қышқылдар, сілтілер ерітінділерінің рН анықтау» зертханалық жұмысын орындағаннан кейін ЭТ оқушыларының білім деңгейін өлшеу нәтижелері
Сурет 6- «Қышқылдар, сілтір ерітінділерінің рН анықтау» зертханалық жұмысын орындағаннан кейін барлық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың білім деңгейін өлшеу нәтижелері
Қорытындылай келе, зертханалық жұмысты орындау кезінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру белсенділік пен танымдық дербестіктің жоғары деңгейіне, білімді тек репродуктивті ғана емес, қашықтықтан білі беру деңгейде пайдалану мүмкіндігіне мүмкіндік беретіні эксперименталды түрде анықталды. Мультимедиялық зертханамен жұмыс жасаған оқушылардың танымдық қызығушылығы жоғары болды. Химияны оқытудың бастапқы кезеңінде мультимедиялық зертханаларды қолдану оқушыларға танымдық тапсырманы қоюда, мақсатты тұжырымдауда, эксперименттік гипотезаларды ұсынуда және негіздеуде, сонымен қатар экспериментті жоспарлауда қиындықтар туғызатыны анықталды. Жалпы білім беретін мектепте химия сабақтарында қашықтықтан білім беруді пайдалану проблемалық жағдаяттардың болуына мүмкіндік береді, оқушылардан сандық эксперименттердің нәтижелерін теориялық тұрғыдан түсінуді талап етеді, бұл олардың ақыл-ой қабілеттерін белсендіреді және фактілерді салыстыру сияқты ақыл-ой операцияларын қолдану қажеттілігіне әкеледі. талдау, қорытынды жасауды тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |