Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»


Дәріс № 12. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру



бет11/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс

Дәріс № 12. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру
Қарастырылатын мәселелер:
1. Құзіреттілік және оның түрлері
2.Бастауыш сынып оқушыларының құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесінің зерттелу жайы
Дәрістің қысқаша мазмұны
«Құзыреттілік» ұғымын екі жақты қарастыруға болады: бірінші,тұлғалық сапа ретінде, екінші, білім, дағды және қабілеттің өзара байланысы тұлғаның білімділік деңгейін білдіреді. Құзыреттіліктің негізі білім, білік, дағды болып табылып, практикалық іс-әрекет нәтижесінде тұлғалық сапа қалыптасады.
«Құзыреттілік» алға қойған міндеттерді нәтижелі шешуде меңгерген білімі, дағдылары негізінде сауатты ой, баға беру мен өзіндік пікір айтудағы тұлғалық қасиет ретінде түсіндіріледі. Ал құзыреттілік құзырлылықтың одан әрі дамуы мен қалыптасуындағы негізгі сапа ретінде қарастырылады (Г.Е.Поторочина).
Құзыреттілік ұғымының даму тарихы:
Құзыреттілік терминнің пайда болуы 50-70 жылдар
Ғылыми аппаратқа ендірілуі 70-90 жылдар
Мазмұнмен толықтырылуы 90-2000 жылдар
Құзыреттілік тұғырының қалыптасуы 2000-2005 жылдар
Құзыреттіліктің категория ретінде дамуы 2005 жылдардан бері.
«Құзыреттілік», «құзырет» ұғымдары қызметтің әртүрлі салаларында ертеден қолданылуда.Айта кетер жайдың бірі құзыреттілікке бағытталған білім берудің өзіндік тарихы бар.Оның негізгі кезеңдерін И.А.Зимняя анықтап көрсетті.
Білім берудегі «құзыреттілік» ұғымы өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та тілдер теориясына,трансформациялық грамматикаға қатысты қалыптасты. Осы жаңалықтың авторы Н.Хомский өз тілі туралы білім мен сөйлеуші,тыңдаушы және қолданушы арасындағы құзыреттілікті анық айыра білуді ұсынады, яғни нақты жағдаятта тілді нақты қолдану. «Қолдану» бұл тілді меңгеру аймағындағы құзыреттіліктің көрінуі. Тілді жеке тәжірибесіне байланысты қолдану, білік пен дағдысының қалыптасуы. Р.Уайттың еңбегінде құзыреттілік категориясының мазмұнын жеке тұлғалық құрамдар құрайтыны, оның ішінде түрткілік екенін И.А.Зимняя да атап көрсетеді.
Осылайша ХХ ғасырдың 70 жылдарының өзінде «құзыреттілік» пен «құзырет» ұғымдарының негізі қаланды. Құзыреттілік пен құзырет ұғымдарының мәселесі бойыншаталдау жұмыстарына сүйене отырып (Н.Хомский, Р.Уайт, Дж.Равен, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Н.Куницина, А.В.Хуторской, Н.А.Гришанова т.б.) И.Я.Зимняя білім берудегі құзыреттілік тұрғының қалыптасуының үш кезеңін бөліп көрсетеді.
Білім беру жүйесінде басты назарға алынған құзыреттіліктердің қатарына мыналар жатады:
- бағдарлы құзыреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
- мәдениеттанымдылық құзыреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
- оқу-танымдық құзыреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
- коммуникативтік құзыреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
- ақпараттық-технологиялық құзыреттілік (ақпараттық технологиялар- мен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
- әлеуметтік-еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
- тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет