Сабақтың ортасы
|
Педагог балаларды алдын ала дайындаған орманға әкеледі.
Балалар сендер білесіңдер ме, орманға,тауға,жалпы табиғат аясында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
-Тағы да қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Педагог балаларды екі орталыққа бөліп,бірінші орталықтағы балаларға табиғатқа серуенге барғандағы қауіпті деп санайтын өсімдіктермен жәндіктердің суретін жапсыруды, екінші орталықтағы балаларға «Табиғаттағы мінез-құлық ережесі» тақырыбында табиғатқа серуенге барғанда нені істеуге болмайды деп санайды, соған байланысты суреттерді жапсыруды ұсынады.
Бірінші орталықтағы балаларға өздерінің таңдауы бойынша алдын ала қиылып берілген суреттердің ішінен қауіпті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суреттерін жапсыруды тапсырады.
Екінші орталықтағы балаларға табиғат аясында істеуге болмайтын қылықтарға байланысты берілген суреттерді жапсыруды тапсырады.
Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта.
Топтың арасынан жол іздеу. Бұл тұста 3 ережені есте сақтау керек.
– Көпшілікке қарсы жүрмеу. Әрқашан адамдар жаппай қозғалып бара жатқан бағытпен жүруіміз керек. Артта жақындарыңыз қалса да көпшілікке қарсы жүруге болмайды – таптап кетуі мүмкін. Туыстарыңыз да осы ережені есте сақтаса, сыртқа шыққан соң кездесуге болады.
– Бұрыштар, тіреулер мен бағандар секілді кез келген кедергілерді айналып өту керек. Ол үшін алдымызда не бар екенін мүмкіндігінше алыстау бағамдау керек. Екі қолымызды алдымызға айқастырып, екі алақанмен екі иықты ұстап, шынтақты алға бағыттап жүру керек. Сонда құлап қалған жағдайда да тыныстауға мүмкіндік болады.
– Кенет құлап қалсаңыз, бірден тұруға әрекет етіңіз. Мұндай жағдайда басыңызды қорғап, бүк түсіп жату деген ережені ұмытыңыз! Қасыңыздан өтіп бара жатқан адам немесе кез келген заттан ұстап, жылдам тұрып кету керек. Аяғынан ұстаған адамыңыз сізге қарсылық көрсетуі мүмкін, сол үшін тез арада тұрып кетуге тырысыңыз. Бұл – төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды ереженің бірі
ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.
|
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
|