Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет3/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Дидактикалық ойын:
«Дауысынан таны»
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгінгі сабақта не ұнады? Қай тапсырма ең қызықты болды?
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: әліпбидегі әріптерді қайталату.
көрнекі – құралдар:үнтаспа жіне жұмыс дәптері:
Билингвальды компонент:таяқша-укаска, әріп-буквы, әліпби-алфавит.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,ойын.
Д/О: «Даусынан таны»
5+Алматы кітап

3

Менің сүйікті ойыншықтарым

Сөз.Сөз туралы түсінік қалыптастыру. «А» дыбысы және әрпі.

Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру,сөздердің ұзынды қысқалығынқолмен өлшепайыра білуге үйрету.«А»дыбысымен және әрпімен таныстыру,танып білуге де- ген қызығушылықтарын дамыту, ұқыпты- лыққа тәрбиелеу.

1

Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларға ыммен «отырыңдар», «сөйлемеңдер», «тынышталыңдар», – деп белгі береді.
Ыммен – сөйлемей ишарамен түсіндіру.
Негізгі кезең
– Міне, балалар, көрдіңдер ме, сөзсіз өмір сүру қандай қиын, ал біз бәріміз өз ойымызды сөз арқылы айта аламыз.
– Балалар, қазір мен бір сөз айтамын. Мысалы: «сиыр», енді сендер бір сөзден айтыңдар. Ал шатасып кетпес үшін мына стақанға әр сөз айтылған соң бір қарындаштан салып отырайық. Мен «сиыр» сөзін айттым, бір қарындаш салайын. Тағы да кім сөз айтады?
Ең соңында қарындаштарды санап, педагог қорытынды жасайды.
Сергіту сәті:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
(Ө.Тұрманжанов)
– Балалар, біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала?
Астана қаласының көрікті жерлерінің көркем суреттерін көрсетеді.
– Астана қаласы «А» дыбысынан басталады. «А» дыбысын аузымызды кеңірек ашып қайталаймыз.
«А» дыбысы дауысты дыбыс, оны әндетіп айтуға болады. Ауыз қуысынан кедергісіз шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет