Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі



бет6/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Сергіту сәті:
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасаң, болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметінің қызықты өткенін және ұнағандығын сұрап білу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «Т» дыбысынан басталатын сөздер айту, сөздерді буынға бөлу. көрнекі – құралдар: жұмыс дәптері,түрлі –түсті қаламдар.
Билингвальды компонент:дыбыс-звук,ұзын сөз-длинное слово ,қысқа сөз-короткое слово..
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, түсіндірме.
Д/О: «Күн мен түн»
5+ Алматы кітап

2

Бізді қоршаған әлем

Сөздер мен дыбыстар пысыктау

Өтілген тақырып сөздер мен дыбыстарды қайталау,«т»дыбысы жайлы білетіндерін сұ рау,ойлау қабілетін дамыту,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1

Ұйымдастыру кезеңі
Педагог бір адамның қатты жүріп келе жатқан дыбысына назар аудартады.
– Не естідіңдер?
Негізгі кезең
Дыбыстарды сендер естисіңдер, бірақ дыбыстар қалай естіледі?
– Балалар, жалпы дыбыстар дауыссыз, дауысты болып екіге бөлінеді. Дауыссыз дыбыстарды көк түспен, дауысты дыбыстарды қызыл түспен белгілейміз.

Өткен тақырыпта қандай дыбыспен таныстыңдар?


– «Т» дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па?
– Кәне, бірге қайталайықшы.

Педагог «Т» дыбысының айтылу артикуляциясын балалардан сұрайды.


Педагог балаларға «Т» дыбысынан басталатын көркем суреттер көрсетеді.
– Балалар, сендер айтқан сөздердің бәрі де дыбыстан құралады. Сөзде дыбыс аз болса, ол қысқа сөзді құрайды. Мысалы: Ту, тас, тал.

Егер сөзде дыбыс көп болса, ұзақ сөзді болады. Мысалы: тоқылдақ, түймедақ.


Сергіту сәті:
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз,
Гүл, гүл жайнап жанамыз,
Жақсы серігіп қаламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет